Инфоурок Начальные классы КонспектыБаяндама "Бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа технологиясы "

Баяндама "Бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа технологиясы "

Скачать материал

               «Бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа технологиясын

сабақта тиімді қолдану

Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанды дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында, терезесін тең ететін – білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі оқушылардың дамуына да жаңа технология элементтерін пайдалану өз әсерін тигізуде. Бастауыш мектеп- оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең.Сондықтан бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы, қиын да жауапты іс. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс- тәжірибесі зерттеліп,мектеп өміріне енуде. Қазіргі заманның талабына сай болу және жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған  проблемаларды шешу негізгі мақсат болып табылады, олар:

·        баланы оқи білуге үйрету

·        баланы ойлауға үйрету

 баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.

Осыған орай мектеп білімі түбегейлі жаңартылып, мұғалімнің қызметінің мақсаттары кеңейіп, үлкен өзгерістер үстінде. Әр педагогтың міндеті-оқушының шығармашылық ойына бағыт беру, шығармашылық ізденісті қолдау, жағдаяттар туғызып, оның шешімін табуға бағыттау, жаңаны іздеуге, жүйелі зерттеулерге талдау жасауға талпыныс беру.

Бұл технология несімен өзіне баурап алғандығын бірнеше сұрақ- жауап ретінде бергім келіп отыр. 
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы немен қызықтырады? 
• Кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен. 
• Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдістерінің /стратегияларының/ көптігімен. 
• Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігімен. 

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының өзге технологиялардан қандай ерекшеліктері бар? 
• Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының құрылымы /қызығышылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс/ . 
• Негізгі үш кезенінің маңыздылығы. 
• Стратегиялардың психологиялық астары мен ерекшеліктері. 
Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлануға үйретеді. Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс- әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді. 
Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға , жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылуы,ізденуі. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Өз тәжірибемде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда Сын тұрғысынан ойлау жобасының көптеген әдіс- тәсілдерін қолданамын: 
• Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау,арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру /ой қозғау, «инсерт» кестесі/ 
• Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс / эссе,шығарма, сауаттылықты ашатын хаттар т.б стратегиялар/ 
• әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу, 
мәтіндегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға /Вендиаграммасы, аялдамамен оқу стратегиясы/ 
• Қиялдау арқылы сурет салғызу /сурет салу стратегиясы/ 
• Кейіпкерге мінездеме беру өз ойын жазғызу /авторға, кейіпкерге хат жазу стратегиясы 
• Шығармада екі кейіпкердің қарама – қарсы элементтерін сипаттау /қарама-қайшы элементтер стратегиясы/ 
• Өлең шұмақтарын құрастыру / 5 жолды өлең/ 
«Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» қолданып жүрмін.
«Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының модулдерін ұтымды пайдалану оқушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды.
Бұл бағдарламаның мақсаты – барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, ең керекті пікір, ұйғарым таңдауға, шешім қабылдауға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға жетелеу.
Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған, бірін – бірі толықтырған ойлау. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай – қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор.
Жаңа білімді қабылдау, бекіту, іскерлік пен дағдыны тәрбиелеу барысында жұмыс жүйесін, оқушылардың дербес белсенді әрекетін дамытуда, өздік жұмысының тиімділігін арттыруда «Сын тұрғысынан ойлау» барысындағы әдіс-тәсілдер білімді меңгертудің әр түрлі кезеңінде қолдануға болатынын тәжірибе көрсетті.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы ұстаз бен оқушыны ізденуге жетелейтін, шығармашылық шабыт беретін, болашаққа деген үмітті арттыратын бағыт.
Әр оқушыда өзін – өзі дамыта, жетілдіре бақылай алатын дағды қалыптастыру, соған сәйкес өз бетінше білім алуға үйрету, дамудың ең биік шыңына жету болып табылады. Яғни, ең алдымен, шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді. Оқушы ойын осылайша шыңдауға мүмкіндік туады.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды білу қажет:
1.Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.
2.Оқушыларға ойланып, толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
3.Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
4.Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс – әрекетін қолдану.
5. Кейбір оқушылардан жауабының, сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.
6.Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Сын тұрғысынан ойлау технологияларын пайдалану нәтижесінде қазіргі оқушының:
- Сабаққа қызығушылығы артады;
- Нақты өз деңгейінде бағаланады;
- Жеке қабілеті айқындалады;
- Өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;
- Даму мониторингі айқын көрінеді;
Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет. Тек сонда ғана олар:
- Мен осы мәселе туралы не ойлаймын?
- Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес пе?
- Маған бұл жаңа ойлар қаншалықты әсер етті, -деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.
Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғы шарттары:
- Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау;
- Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағалау;
- Қиялын дамыту үшін «Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру;
- Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, жаманын сынамау;
- Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауабын соңына дейін тыңдау;
- Жауап беруге тілек білдірмеген баланың өз еркінсіз, қинап сұрамау;
- Жеке тұлға ретінде «Мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.
Өз іс-тәжірибемде сыни тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырып, шығармашылыққа баулуға көп көңіл бөлемін.

Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологиялардың бірі – сын тұрғысынан ойлауды дамыту қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер. Осындай әдістеме негізінде жасөспірімдерге терең де тиянақты білім беруді өз тәжірибемде жиі қолданамын. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының басты ерекшеліктерін сабақтарымда қолданылу жолдарына тоқталмақмын.

Балалардың қызығушылықтарын ояту мақсатында сөзжұмбақ шешіліп, бүгінгі күннің тақырыбын оқушылар өздері анықтады.
1. «Болжау» стратегиясы
2. «Екі жақты күнделік» стратегиясы
3. «Топтастыру» стратегиясы
4. «Әдебиет үйірмесі»
5. «Бес жолды өлең» стратегиясы

1-ші «Болжау» стратегиясы.
Оқушылардың алдына әңгімеден үзінді беру. Яғни, оны оқушылар ары қарай жалғастырып оқиғаны немен аяқталғанын өз ойларымен жеткізеді.
2-ші «Екі жақты күнделік» стратегиясы.
1. Мәтіннен өздеріне әсер етіп ойында қалған үзіндіні жаз.
2. Қысқы мезгілдегі табиғаттағы тіршілік

3.Жылқышының еңбегі
3-ші «Топтастыру» стратегиясы.
«Қыс мезгілі» сөзін оқушылар қағаз бетіне түсіреді.
4-ші «Әдебиет үйірмесі» 
• Шағын әңгіме «Қыс мезгіліндегі тіршілік»
• «Қызықты қыс еліне» суретті аяқта
5-ші «Бес жолды өлең» стратегиясы
1.Зат есім (1 сөз)
2. Сын есім (2 сөз)
3. Етістік ( 3 сөз )
4. Қорытынды ой (4 сөз )
5. Зат есімге жуық мәндес сөз (1 сөз)

Ал сабақтың нәтижелігін көрсететін кезеңнің бірі -бағалау. Балаларды ынталандыру мақсатында формативті бағалаудың орны ерекше .Өйткені, әр топ қорғаған сәтте оқушылардың бір- бірін қошеметтеп, күш жігер беріп отыратындарын көргенде көз қуантты. Топ басшылары өз топтарындағы балаларды бағалайды.

Қорыта келгенде. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады

Мұнда басты назар аударатын нәрсе – оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерінің өзара ұштастырыла отырып және соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету. Соның негізінде ғана біздіңше, тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз.
Оқушыларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу –тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.

Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшағаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл-күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі.
Оқушылардың шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізд

Оқушыларым қазіргі таңда топпен, жұппен жұмыс атқара біледі. Өз ойларын ашық ,нақты және сыни тұрғыдан ойлай біледі. Оқушыларымның сабаққа деген қызығушылықтары артып, сыныптың білім сапасы көтерілді.Егер де жаңа технология элементтерің сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді деп ойлаймын. 

Баяндамамды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзімен аяқтағым келеді: «Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»

 

 

 

 

                                Ақмола облысы

                              Ерейментау ауданы

                            Ақмырза орта мектебі

 

 

 

 

 

                          БАЯНДАМА

   «Бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа технологиясын   сабақта тиімді қолдану.»

 

 

 

 

 

 

                 

                          Дайындаған : Бастауыш сынып мұғалімі

                                              Атыгаева Самал Амирхановна

 

                           

 

                                            2016-2017 о.ж

СЫНЫПТАН ТЫС ШАРА: «Бастауыш Біліктісі».

Мақсаты: Оқушылардың әр пән бойынша алған білімдерін тексере отырып,білім – білік дағдыларын байқау, ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту.Ана тілін сүюге, аталы сөзді түсінуге үйрету. Елін, жерін  қастерлеп, қорғауға тәрбиелеу.

Түрі: интеллектуалдық сайыс

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өз ойларын жеткізу, қорғау, көрнекілік

Көрнекілігі: слайдтар

Барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің сөзі:

- Бармысыздар,
Болашақтың бастауы,
Балғын шақты балалар!
Қазір сіздер осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсететін «Бастауыш Біліктісі» атты интеллектуалды ойынымызды тамашалайсыздар.
Ал, келіңдер, келіңдер,
Біріңе – бірің еріңдер,
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер!
(Ойынға қатысушы оқушыларды ортаға шақырамыз).

Осы аралықта алған білім дәрежемізді өлең – жыр, жұмбақ, мақал – мәтелмен өрнектеп барымызды ортаға салайық. Біліміміздің артып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
«Бастауыш біліктісі» атты интеллектуалды ойынымыз
5 бөлімнен тұрады.
1. «Бәйге»
2. «Тіл өнер»
3. «Ғажайып төрттік»
4. «Тапқырлық»
5. «Жорға
»
Сайысқа қатысатын оқушыларға сәттілік!
1 – бөлім: «Бәйге». Бұл бөлімде 20 сұрақ қойылады. Сол сұраққа ең бірінші қол көтерген оқушы жауап береді. Дұрыс жауапқа 10 балл.
1. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? (42 әріп бар)
2. Ең кіші бір таңбалы сан? (1)
3. Сұйық зат? (Су)
4. “Қ” қандай дауыссыз дыбыс? (Қатаң дауыссыз)
5. Ешкінің төлі қалай аталады? (Лақ)
6. Бір сағатта неше минут бар? (60 минут)
7. Тудың түсі? (Көгілдір)
8. Қар қай мезгілде түседі? (Қыста)
9. Қазақстан Республикасының президенті? (Н. Назарбаев)
10. Сиырдың төлі? (Бұзау)
11. Жер бетінің өсімдік өсетін қабаты? (Топырақ)
12. Қой маңырайды, сиыр. (Мөңірейді)
13. Балалар сөзіне қандай сұрақ қойылады? (Кімдер?)
14. Жемістер қай мезгілде піседі? (Күзде)
15. Қазақстан Республикасының астанасы? (Астана)
16. Екі өркешті жануар? (Түйе)
17. Алфавиттің ең бірінші әрпі? (А)
18. Жаяу жүргінші бағдаршамның қай түсі жанғанда жүреді? (Жасыл)
19. Бүгін аптаның қай күні? (Жұма)
20. “О” дыбыбы қандай дыбыс? (Дауысты, жуан)
Ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.
2 – бөлім: «Тіл өнер»

Бұл турда оқушыларға 14 сұрақ қойылып, дұрыс жауапты екі тiлде яғни, қазақ, орыс тілдерінде айтады. Дұрыс жауапқа 10 ұпайдан қосылады.
1. Қолымды 4 алма,
Табақта 4 алма,
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? Жауабы: бес – пять 
2. Әкеңнің анасы саған кім болады? Жауабы: әже – бабушка 
3. Сылдыр сұйық, су емес,
Iшсең шөлiң қанады.
Ақ болса да, қар емес.
Шешуiн кiм табады ? Жауабы: сүт – молоко 
4. Аң патшасы? Жауабы: арыстан – лев 
5.
Жылы киім тон
“Т” алып тастап
Не деп айтқан жөн? Жауабы: он – десять 
6. Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. Жауабы: кiтап – книга 
7. Білімнен мол сый – асы,
Балғындардың ұясы. Жауабы: мектеп – школа 
8.Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады. Қар-снег

9.Аппақ қардай тоны, күдірейген жоны,

Көзі қызыл моншақ, білесің бе оны? Қоян-заяц
10. Тіл ұшында уы бар
Ол не екенін біліп ал. Жауабы: жылан – змея 
11. Тәтті жеміс? Жауабы: алма – яблоко
12. Он асықтың үшеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы, сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? Жауабы: жеті – семь 
13. Бұл кім?
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған? Жауабы: ана – мама
14.Жазудан бір жалықпаған, жаза-жазаарықтаған. Мел-бор
Ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.
3 – бөлім: «Ғажайып төрттік»
Бұл тур бойынша ұпай санын (30, 40, 50) таңдау арқылы әр пәннен сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа таңдаған ұпай саны берiледi.
Қазақ тілі

30. Б, в, г, ғ, д, ж, з дауыссыз дыбыстарды қай түріне жатады?
Жауаптары: А) қатаң Б) ұяң В) үнді
40. Тасымалданбайтын сөзді тап:
Жауаптары: А) асық Б) шағала В) жылқы
50. «Асқар қаладан келді.»-қандай сөйлем?
Жауаптары: А) хабарлы, Б) сұраулы В) лепті
Әдебиеттік оқу.
30. “Ғылым таппай мақтанба” өлеңінің авторы кім?
Жауаптары: А) А. Байтұрсынұлы Б) Ы. Алтынсарин В) А. Құнанбайұлы
40. Адамның өз-өзімен ішкі ойын айтуы әдеби тілде не деп аталады?
Жауаптары:А) Эссе Б) диалог В) монолог
50. Шапшаң айтылатын бір шумақ өлең қалай аталады?
Жауаптары:А)Жұмбақ Б)Жаңылтпаш В)Мақал
Математика.
30. 1 дециметрде (дм) неше сантиметр (см) бар?
Жауаптары: А) 10 см Б) 1 см В) 100 см
40. 8 - х = 6 қандай өрнек?
Жауаптары: А) әріпті өрнек Б) санды өрнек В) теңдеу
50. 1сағатта неше минут бар?

А) 30 б)60 в)90

Дүниетану.
30. Көкжиектің негізгі неше тұсы бар?
Жауаптары: А) 3 Б) 5 В) 4
40. Өсімдіктің топырақ астындағы бөлігі қалай аталады?
Жауаптары:А) тамыр Б) сабақ В) жапырақ
50. Жергілікті жерде көкжиек тұстарын анықтайтын құрал?
Жауаптары: А) Сағат Б) Құбылнама В) План
Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады.

4 – бөлім: «Тапқырлық»
Бұл турда оқушыларға бір сөз беріледі сол сөзден бірнеше сөз құрастыру қажет.(16 сөз)
Уақыты 1 минут.

Қ А З А Қ С Т А Н
Қаз, ақ, қазақ, ас, ат, ана, зат, нақ, сақ, сақа, тана, сана, қас, қан, тас, Астана.
Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады.
5 – бөлім: «Жорға»
Бұл турда ұпайы көп қалған екi оқушыға жеке-жеке 1 минутта 10 сұрақ қойылып, дұрыс жауапқа 10 баллдан ұпай жинайды.
1 – оқушы
1. 35 саныңда неше ондық бар? (3 ондық)
2. Қарға сөзінде неше буын бар? (2 буын, қар – ға)
3. 10 + 8 өрнегінің мәні нешеге тең? (18)
4. Суда еритін заттар? (Қант пен тұз)
5. Тау сөзіндегі у дыбысы қандай дыбысқа жатады? (Дауыссыз)
6. 5 ондық, 9 бірлік нешеге тең? (59)
7. Қазақстан Ресубликасының мемлекеттік тілі? (Қазақ тілі)
8. Мұз бен қар судың қандай күйіне жатады? (Қатты күйі)
9. Қа...бақ көп нүктенің орнында қандай әріп қойылады? (ң)
10. Бұл қандай бұрыш? (Тік бұрыш)
2 – оқушы:
1. 45 саныңда неше ондық бар? (4)
2. Домбыра сөзінде неше буын бар? (3 буын, дом – бы – ра)
3. 30 + 8 өрнегінің мәні нешеге тең? (38)
4. Суда ерімейтін заттар? (Құм мен саз)
5. Ту сөзіндегі у дыбысы қандай дыбысқа жатады? (Дауыссыз)
6. 7 ондық, 8 бірлік нешеге тең? (78)
7. Топырақтың ең басты қасиеті? (Құнарлылығы)
8. Кіта.. . көп нүктенің орнында қандай әріп қойылады? (п)
9. Қазақтың тұңғыш ғарышкері? (Тоқтар Әубәкіров)
10. Бұл қандай бұрыш? (Сүйір бұрыш)

Мұғалім: «Бастауыш біліктісі» марапаттау.
Бастауышта оқиды,
Ойға білім тоқиды
Бұлар бізден жалындар
Ертеңгі ірі ғалымдар
Алдыңда ұзақ жолың бар,
Оқумен өсіп толыңдар
Қиындыққа мойымай
Аман – есен болыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Тақырыбы: «Ойыншықтар әлемінде»

Білім беру саласы : «Қатынас»
Бөлімі: тіл дамыту
Мақсаты:
Білімділік: ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын, жекеше, көпше атауларын.
Дамытушылық: Балаларды сөзді анық айтып, дұрыс сөйлей білуге баулу, сөздік қорларын дамыту
Тәрбиелік: олармен қалай ойнау керектігін түсіндіріп, ұқыптылыққа, эстетикалық талғамдарын кеңейту. талдау. әдемілікке тәрбиелеу
Билингвальдық құрауыш: Ойыншықтар әлемінде, доп, қуыршақ, жұмсақ ойыншықтар, матадан жасалған ойыншықтар.
Керекті материалдар: ойыншықтар:
Мотивациялық түрткі болатын Шаттық шеңбері
Армысың жарқыраған күн,
Армысың жер ана!
Армысың көгілдір аспан.
Армысың апайлар,
Армысың сен және мен.
- Балалар қараңдаршы біздің тобымызда ойыншықтар өте көп, олар қандай әсем, әдемі ойыншықтар. Балалар мынау қандай ойыншық?
- Доптың пішіні қандай?
- Түсі қандай?
- Доптың қимылы қандай?
- Қане бәріміз допша секірейікші?
Кім доп туралы тақпақ біледі?
Доп.
Добым менің домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Үстел үстін бүлдірдің.
Тарелканы сындырдың.
Тентек болып кеттің деп,
Тұрмыз сені тепкілеп.
- Қыз балалар көбіне қандай ойыншықпен ойнайды?
- Дұрыс айтасыңдар. Қуыршақпен
Ал мына қуыршақ бізбен амандасқысы келіп тұр. Балалар қуыршақтың әдемі шашы, әдемі көйлегі бар екен.
Қуыршақтың көйлегінің түсі қандай? Қуыршақ қалай жүреді?
- Кім қуыршақты қалай ұйықтататынын көрсетеді?
- Ал, ұлдар көбінесе қандай ойыншықпен ойнайды?
Машинамен ойнайды.
- Ал машинаның түсі қандай?
Кім машина туралы тақпақ біледі?
Машина.
Үлкенмін ғой міне мен,
Ойыншықтарды жинаймын.
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын. Сендердің үйлеріңде қандай ойыншықтарың бар? (Балалардың жауабы).
- Ойыншықтар жасалуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді.
Жұмсақ, қатты, резиналы. Көрмеге темірден, ағаштан, пластмассадан және матадан жасалған ойыншықтар қойылады. Бір ойыншықты біз ойыншық дейміз. Ал, көп ойыншықты қалай атаймыз? (Балалардың жауабы).
Балалар біз бұл ойыншықтарды қолымызбен ұстап, сипау арқылы оларды қандай екенін білеміз. Балалар қане есімізге түсірейікші, ойыншықтар қандай заттардан жасалады.
Тосын сәт:
Ән әуенмен күлдірген топқа кіріп балалармен амандасады. Балалар мен сендердің ойыншықтар туралы айтып жатқандарыңды естіп келдім. Менің сендерге тапсырмаларым бар, егер де сендер сол тапсырмаларды орындасаңдар, мен сиқырлы таяғыммен сендердің тілектеріңді орындаймын. Ал ендеше тапсырмамды орындауға дайынсыңдар ма?
Балалар сендердің алдарында үш арал жатыр. Мына ойыншықтарды сол аралдарға орналастырамыз. Бүл аралдар жәй аралдар емес, сиқырлы аралдар. Осы аралдан басқа ортада көп ойыншықтар бар, олар өз аралдарын таба алмай жүр екен, сендер осы ойыншықтарды сапалары бойынша әр аралға орналастырасыңдар
1 - Матадан жасалған
2 - пластмассадан
3 - Резинадан жасалған ойыншықтар. Сипаттама беру.
Өте жақсы балалар сендердің көмектеріңмен барлық ойыншықтар өз аралдарын тапты.
Күлдірген: Балалар қандай керемет сендер барлық ойыншықтарды өз аралдарына орналастырдыңдар.
Балалар сендер тапқыр, білімді екенсіңдер, мен сендермен ойын алып келдім,

Ойын: «Ғажайып қоржын» атты ойын ойнаймыз. Ойынның шарты бойынша көздеріңді жұмып қоржыннан кез - келген ойыншықты аласыңдар. Алған ойыншықтарыңның атын, неден жасалғанын, түсін, қатты, жұмсақ екенін айтып, жақсы мейірімді тілек білдіресіңдер. Мысалы, мен ойыншықты сындырмай таза ұстаймын. Ол менің сүйікті ойыншығым болады.

Жел уледі: у - у - у
Құйын келіп биледі зу - зу - зу
Қатты, қатты жел соқты гу - гу.
Жапырақтар қол соқты ду - ду.
Шыдай алмай жапырақтар ах - ах.
Билеп кетті қалтырап пах - пах.

Ұйымдық - іздену Балалар мен сендерге сиқыр көрсетейін бе? Беті жабулы ойыншықтарды сиқырлы таяғымен түртіп, ойыншықтардың бетін ашып жібереді. Балалар бұл ойыншықтарға мен тіл бітірдім, олар енді сөйлейтін болды.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Ойыншықтардың атауларын.
Түсінуге тиіс: Ойыншықтарды, оларды топтастыруды
Істей білуі керек: Ойыншықтар туралы ойынды ойнауды

 

                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Бастауыш мектеп оқушыларының математикадан логикалық ойлау тәсілдерін дамыту

Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау, кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге, ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді.

Ұстаз қауымы оқушыларға мейілінше терең білім беруге тырысады. Алайда «көп білген кемеңгер емес, білімін пайдалана білген кемеңгер» демекші, білім тез ескіреді, маңыздылығы жойылады, оқыту тиімділігі төмендейді. Оның үстіне мектепте оқытылатын пәндердің мазмұны заман талабына сай күрделеніп келе жатыр. Оқушы қысқа мерзімде жалпыланған білім көлемін меңгеру қажет. Сондықтан оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бойында логикалық ойлау операцияларын қалыптастыру және тиімді жолдарын іздестіру мәселесі қазіргі таңда ұстаз алдында тұрған міндеттің бірі.

Бастауыш мектеп оқушыларды оқуға үйретіп, олардың танымдык мұқтаждығын сақтап және дамытып, ғылым негіздерін игеруі үшін кажетті танымдық құралдармен қамтамасыз етуі тиіс. Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалім танымдық іс-әрекеттің, табиғаттың шығу тегін, неден тұратындығын, оны оқушыларда қалыптастыру кандай ретпен жүзеге асатындығын білуі керек.

Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекеттің бір түрі -логикалық ойлау тәсілдерін қалыптастыру.

Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту жөнінде оқу бағдарламаларына берілген түсініктеме хаттарда айтылып, мұғалімдерге арналған әдістемелік әдебиеттерде жазылған. Бірак нақты пәнді оқыту барысында қалыптасуы тиіс, логикалық ойлау тәсілдерінің нақты бағдарламасы жоқ. Содан барып оқушылардың логикалық ойлауын дамыту жөніндегі жұмыс қажетті тәсілдер жүйесін, олардың мазмұнын және қалыптасу ретін білмей журіиілсді. Логикалық ойлаудың дамуы едәуіртақпақ (стихиялық) түрде өтеді. Сондықтан оқушылардың көпшілігі бастауыш ойлау тәсілдерін жоғары сыныптарда ғана емес, тіпті жоғары оқу орындарында да меңгермейді. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту мәселесін шешу ұстазға ауыр жүк арттыратыны сөзсп Оқушылардын ойлауындағы қателікті байқап, сол қатенің мән-мағынасын түсіндіріп, ойлау жүйесіндегі тізбектілікті, ойлау операцияларын дұрыс қалыптастыра білу ушін ұстазға логика саласынан кажетті теориялық білім ксрек. Сол себептсп оқыту практикасында бұл бір бөлек дидактикалық мәселені кұрайды. Әлемдік педагогикалық практикада бұл мәселені шешудің кейбір тенденциялары пайда болуда. Олардың бірі - оқыту үрдісінде формальды аспектіге назар аудару. Білім беру жүйесі осы бағытта дамып келе жаткан елдер (Жапония, Оңтұстік Корея, Сингапур, т.б) өздерінің дамуында елеулі жетістіктерге жетіп, соңгы 10 жыл ішінде әлемдік прогрестің алғырлар қатарына косылды.

Педагог ғалымдар, атап айтқанда, Н.Н.Поспелов, Ю.А.Петров, А.Н.Леонтьев, И.А.Гибш «Логикалық ойлау» ұғымына нақты аныктама берген. Олардың пікірлерін жүйелесек, «логикалық ойлау» дегеніміз - логика заңдылықтарын пайдала отырып ұғымдарды, ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.

Логикалық ойлауды дамыту дегеніміз:

  • барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру,
    жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрдс қальштастыру;
  • ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту;
  • трансформация әрекетін, яғни объектіні өзгерте білу қабілеттерін
    жетілдіру.

Осы аныктамалар негізінде логикалық ойлауды дамыту жүйесітөмендегідей құрамдас бөліктерден түрады.

1. Логикалық ойлау операцияларын қалыптастыру.

- талдау

- жинақтау

  • салыстыру
  • жалпылау
  • саралау.

2. Ойлау белсенділігін өзбеттілігін дамыту:

  • әртүрлі болжам, пікір айта білу;
  • мәселені шешудің бірнеше әдістерін ұсыну;

3. Трансформация әрекетін жетілдіру:

  • заттарды бөліктері арқылы құрастыру;
  • объектілер топтарының арасындағы қатынастарды анықтай білу.
    Ойлаудың логикалық формаларын игерудің өзі ойлаудың жетілген

бейнелі формалары ретінде игерілмейінше, толық кұнсыз күйде қалып отырады. Дамыған көрнекі схемалық ойлау баланы логика табалдырығына жеткізеді. Логикалық ойлауды игеріп болғаннан кейін, бейнелік ойлау өзінің мәнін ешбір жоғалтпайды.

Бастауыш сынып оқушыларының ойлауын дамытуда екі негізгі саты байқалады. Бірінші сатыда (ол шамамен І-ІІ сыныптағы оқушыларға тура келеді) олардың ойлау әрекеті көбіне мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді. Оқу материалдарын талдау бұл жерде көрнекі әсер ету жоспарындабасым болады. Мұнда балалар нақты заттарға немесе оның дәлбаламаларын бейнелеуге сүйенеді (мұндай талдауды кейде тәжірибелік немесе сезімдік деп атайды).

Ойлауды дамытудың екінші кезеңі осы өзгерістермен байланысты І-ІІ сыныпта-ақ мұғалім балаларға игерілетін мәліметтердің жекелеген элементтері арасындағы болатын байланысты көрсету үшін ерекше қам жасайды. Жыл өткен сайын осындай байланыстар немесе ұғымдар арасындағы қатынасты көрсету талап ететін тапсырмалар көлемі ұлғаябереді.

Оқу материалдарын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауға тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы үйретуге болады.

Оқушыларға өз бетінше жасаған ой операцияларының дұрыс- бұрыстығын тексерткізу, оларды бір мәселенің өзін түрлі жолдармен шешуге үнемі бағыттап отыру (тапқырлық пен зеректік), логикалық ойлауды кажет ететін мысалдар құрастырту, есептер шығарту, шығармалар жаздырту баланың логикалық ойлауын тәрбиелеудің тиімді жолы. Баланың ой операциясын дамытып талдау, жинақтау, топтау және классификациялауға арналған мынадай жаттығулар жүргізуге болады. Балаға бірнеше заттың зейнесі көрсетіледі. Бала сол суреттерге қарап талдап, топтап, жүйелеп, логикалық ой қорытындысын шығара білуі керек. Мысалы: 4-5 түрлі бас иімнің ішінде 1 етіктің суретін көрсетіп, мына суретте не артық деп сұрасақ, п артық заттың атын айтады. Мына жерде етік артық, өйткені басқалары |ас киімдер немесе мынаның бәрі аңдар, ал сауыскан артық, себебі, ол кұс деген сияқты.

Балаға бірнеше геометриялық фигураларды көрсетіп, осыфигуралардан бір зат құрастыр (құс, жануар, балық, т.б.). Құрастырған фигураларды боя десең, әр бала өзінше ойланып, тек сол фигуралардан құралған бейнені бояйды. Мысалы, балапан кұралған денені боя десең, әр бала өзінің ойлау деңгейіне қарай бояп береді.



hello_html_4c591408.jpg


hello_html_m2b1ec7e8.jpg


hello_html_m66a9e860.jpg




 




 

 

Мына шеңберлердің ішіне 1-ден 19-ға дейінгі сандарды орналастыр. Түзу сызықтың бойындағы 3 сан жиынтығы 30-ды құрайтын болсын. Ортада оған бір сан барлығына ортақ болады

hello_html_7621a7d3.jpg




 

Мына шеңберлердің ішіне 1-ден 19-ға дейінгі сандарды орналастыр. Түзу сызықтың бойындағы 3 сан жиынтығы 30-ды құрайтын болсын. Ортада оған бір сан барлығына ортақ болады

Сағыз сатып алу үшін Ерланға 1 теңге жетпеді. Ал Темірланға 2 теңге. онда Ерлан Темірланға екеуміз қосып бір сағыз алайык десе, бәрібір олардың бір теңгесі жетпей тұр. Бұлардың әрқайсысында неше теңгеден болды. Сағыз қанша тұрады? Жауабы: сағыз 2 теңге Ерланда 1т Темірланда От.

Мына сандардан сөз құрастыр.

 

 

 

 

300

 

6

 

 

 

(алтын, үш жүз, алты ай, жетіл). Осындай ой толғауларын әр сабақта тиімді қолдану мұғалім шеберлігіне байланысты. Сабақтың сапалы ұйымдастырылуының өзі - табыс кілті. Сабақ сапасына, сабақ үстінде оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға көбірек көңіл бөлген абзал.

Оқушылардың ой-белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту,жетілдіру - мұғалімнің міндеті. Бастауыш сынып оқушылары әр нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді, сөйтіп барлық зейіні соған аударылады. Шаршамай, талмай, ыждараттылықпен жүйелі жүргізетін жұмыстарға оның мазмұны мен түрлеріне байланысты.

Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытудаІатематика сабағының алатын орны ерекше, өйткені математика сабағының әрбір жұмысы ой-белсенділігін кажет етеді. Оқушылардың жас ерекшеліктерін, қабілстін, ой-өрісін есксрс отырьш, сабақ барысында оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіретін жаттығу жұмыстары жүргізіледі. шар әртүрлі ойын есептер, сөзжұмбақтар, математикалық ребустар, схемалар, математикалық диктант, т.б. Кейде мұғалімдер оқушылардың ой-өрісін дамытамын, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландырамын деп, қиын, әзірліксіз сұрақты бірінен соң бірін қойып, қабылдау, ойлау үрдісін күрделендіріп алады. Сондықтан сұрақтардың сыныпта орташа оқитын оқушылардың білім деңгейіне сәйкестендіріліп койылуы дұрыс (ойлауға жеңілдеу, қарапайым).

Қарапайым пайымдау арқылы оқушылар ои алғырлығын, ойлау қабілетін дамытып, тез шешімге келеді. Оқушылардың ойлау белсенділігін дамытатын жұмыстардың тағы бір бірі - ойын. Ойын - балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп-өркендей алмайды. Бұл өмірдің зандылығы. Еңбек үстінде адамның көптеген ерекшеліктері дамиды, өмір |ру барысында ол түрлі жолдармен жарыққа шыгады. Мысалы, үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, ал мектепоқушылары сабақ үстінде, ойын үстінде көрсетеді. Ойын - оқушыларды сергітіп, ойлангыштық, іздемиаздық қаоілепн арттырады. Ойын балалар үшін күрделі әрекет. Балалар білімді ойын арқылы да ала алады және үлкендерден үйренеді. Сондықтан сабақтағы ойын арқылы білімін шыңдап, ій-өрісін кеңейте алады. Ал ойынның өз мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні, іажетті заттары, ерекшеліктері болады. Сол ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. аланың жас ерекшелігіне, зейініне сай, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар зланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерінқалыптастырады және де сабаққа қызығушылыгын арттырады.

Аса ірі психолопардың айтуы боиынша, иала оиын үстінде кандай шса, өскенде еңбек үстінде сондай болады, - дейді. Сондықтан ойын адамның өмір танымының алғашқы кадамы. Баланың өмірі қоршаған ортаны танып білуі, еңбекке қатынасы,;шсихологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады. Ойын үстінде өмірдің өзіндегідей қуанып, ренжиді. Сондықтан мұғалім баланы сабақта талабын шаттандыратындай, ойын оятатындай, іскерлігін дамытатындай болу ксрск. Оқушылардың белсенділігін саналы ойлана білуін, ой-өрісінің дамуын, қиындыкты жеңу, төзімділікке баулуды үйрету мұғалімнің негізгі міндеті.

Логикалық ойын - ребус, сөзжұмбақ, үндемес ойыны т.б.жатады. Мысалы: 1. Сөзжұмбақ «Бөлу»

I 3*5-?

II Бір таңбалы сан

 III.            Бес ондық

IV.             

 

 

0

Н

Б

Е

с

 

 

 

 

т

Ө

Р

т

 

 

 

 

Е

Л

У

 

к

ө

Б

Е

Й

т

У

Бөлуге кері амал

2. 100 добыңның 14-ін досың сұрап алады. Айтшы сонда нешеуіөз қолыңда қалады?

3.     Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастасаң, нешебұрыш
қалады? (Бесбұрыш).

4.     Екі стаканға бірдей су құйдың. Оның біреуін тарелкағатөңкердің.
Қайсы стаканда су көп? (бірдей).

5.     Сонымен қатар, санамақ ойынның орны ерекше. Атау ұйқасы арқылы
бала сан үйренеді, екінші санға ұйқас заттарды танып біледі.

6.     Үлттық ойындар оқушылардың өз салт – дәстүріне, әдет - ғұрпына
сүйіспеншілігі артады.

Бастауыш сынып оқушылары сабақта ойын элементтерін көп керек етеді, және бұл жастағы балалар өздерінің істеген жұмыстарының қорытындысын тез білгісі келіп тұрады. Міне, дәл осы кезеңді тиімді пайдаланған жөн. Сондықтан қай сабақты болмасын талапқа сай дайындалған көрнелікпен, жұмбақ, ребус т.б. араластыра отырып, ойын элементерін кеңінен пайдаланған дұрыс. Бұл оқушылардың сабақкақызығушылығын арттырады. Орынды ұйымдастырылған ойын үстінде балалар сергіп, тапсырманы тез нақты орындайды. Егер біз оқушылардың сабакқа деген кызығушылығын арттыра алсак, олардың сапалы білім алуына, жан-жақты дамуына ықпал жасағандығымыз.

Бүгінгі бөбек - ертеңгі қоғам иесі. Оның қазіргі өмірі - ертеңгі өмірінің күнтізбесі. Жас бүлдіршіннің өз заманындағы дүниенің жақсы бір кірпіші боп қалануы ұстазының (ата-анасы) қолында.

Баланы бала деп қарау, оның сауалына нақты жауап бермеу, оның ойлау шеңберін бөліспеу - қате пікір. Керісінше оқушыныңөзімімін құрбы досымыз ретінде, бір сәтке өзімізбен қатар койып, ақыл-кеңес берсек, баланың ақыл-есінің толуына, ой-қиялының ұшқыр болуына, сөздік қорының молаюына көп септігін тигізеді.

Енді осы баланың өмірге деген көзқарасы қандай, қоршаған ортамен қарым-қатынасы қандай екені бірінші мұғалімге белгілі және оны әрі карай калғастырушы тағы да мұғалімге жүктелетін жұмыс. Оқушыны талдырмайтындай сұрақ-сауалдар беріп, бір сарынды сабақ жүйесін болдырмайтындай етіп, үй тапсырмасы бір ғана жолдың жетегінде болмай, бала көңілінде қиын да кызғылықты сауаллар туғызып оның сана-сезімінің оянуына, ой-өрісінің ұшқыр болуына көмегін тигізетіндей жұмыстар түрінжүргізіп отырса, бүгін болмаса да ертеңгі күні сол жасалынғанжұмыстарының нәтижесі арқылы өз абыройының жемісін де сезе алады.

Баланың ой-қиялын дамытуда логикалық сұрақ-тапсырмалардың, логикалық есептердің орны бөлек. Мысалы:

1.     1 жанүядағы ағайынды 2 жігіттің әрқайсысның 1 апасы, 1
қарындасы бар. Ол жанұяда қанша бала бар? (4).

2.     Сенің қарындасың немесе әпкең сенін мамаңа кызынан баласынан
басқа кім болады?

1.     Сенің әке-шешең сенің көршіңе кім болады?

2.     Сенің мамаңның мамасының кызы саған кім болатьінынбілесін бе?

5.     Сатып алған қарбызыңның 1 тілігін кесіп алып, дәмін көрдік,
қарбызда не жоқ?

6.     Күні мен түн немен аяқталады?

7.     1 қарындашты тең етіп 2-ге бөлгенде, неше қарындашшығады?

8. Автобус оң жаққа бұрылғанда, ішіндегі жолаушы қайдабұрылады?

 

Міне, осындай есептеулерді шешу арқылы оқушылардың пәнге деген қызыгушылығы артады.Дүниетанымы кеңейеді, білімі, сауаттылығыкүшейеді.

Оқушылардың ойлау әрекетін дамыту оқу материалын мазмұны арқылы, оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру құралы мен тәсілдері арқылы жүзеге асырылады.

Мектеп практикасында математикалық есептермен жұмыс істеуүрдісіндс негізінен оны шешу көзделеді, шешуді іздесгіруоқушылардың тиісті есеп шығару іскерліктерін қалыптастырумәселесіне жеткіліксіз көңіл бөліиеді. Есептің шығару жолдпрып жаи-жақты талдау оны басқа есептерді шығаруга қолданужактары да аз карастырылады. Сондықтан белгілі бір есепті қарастыру мақсаты аяғына дейін жеткізілмейді. Яғни оқушы белгілі бір есепті шығару нәтижесінде алынған жаңа фактілер пайдалануда шығарылғаи есеп оқушылардың білімдері меніскерліктерінің арасындагы байланысты жеткілікті мөлшерде анықтай алмайды. Мұндай жағдайда есеп шығару үрдісіндс оқушылардың ойлay әрекегін арттыру жөнінде айту қиынырақболады.

Бұл мақсатты мазмұнды есептер шығару кезінде жүзеге асырумүмкіндігі бар.

1-4 сынып оқушыларының ойлау әрекетін дамытуда мазмұндыесептермен жұмыс істеудің жалпы тәсілдерін үйрету негізгі орын алады.

Мектеп практикасында мазмұнды ссептерді практикалық, графиктік, арифметикалық және алгебралық тәсілдермен шығарады. Негізінен кеңінен қолданылатын-арифметикалықжәне алгебралық тәсілдерге көп назар аударылады.

Мазмұнды есептерді шығарулын арифметикалық жоие алгебралық тәсілдері өзара байланысты, өйткені мазмұнды есептерді алгебралық тәсілмен шығару арифметикалық тәсілге негізделген. Бұл мазмұнды есеппен жұмыс істеудің жалпы тәсілдерін қалынтастыру есепті шығарудың арифметикалық тәсіліне алгебралық тәсіліне көшу арқылы жүргізіледі дегенсөз..

Мазмұнды есептерді шығара білу оқушылардың іс-әрекет дағдылар жүйесін меңгеруден тұрады және бірнеше кезеңненқалыптасады.

І. Мазмұнды есеппен таныстыру , жай мазмұнды есептердіарифметикалық тәсілмен шығару іскерліктерін қалыптастыру.

2.     Құрама мазмұнды есептермен таныстыру және құрамамазмұнды
есептерді арифметикалық тәсілмен шығару іскерліктерін қалыптастыру.

3.     Жай мазмұнды есетерді алгебралық тәсілмен шығаруіскерліктерін
қалыптасгыру.

4. Құрама мазмұнды есептерді алгебралық тәсілмен шығару
іскерліктерін қалыптастыру.

Әрбір келесі кезең басталғанда алдыңғы кезең аяқталмайды, өйткені есептердің жаңа түрі пайда болады. Есептегі құраушылардың арасындағы байланыстар ұлғая түседі, ол байланыстардыи сипаты күрделене түседі, мазмұнды есепті шешудің сандық аясы кеңиді. Есеппен жұмыс істеу үшінқалыптастырылған тәсілдер өздерінің мазмұнын жаңартады,жаңа жағдайда қолданылады, жаңа тәсілдер тудыра отырып, бірімен-бірі сабақтасады.

Математикалық мазмұнды есептер шығару кезінде оқушылардың ойлау әрекетін дамыту мақсатында есептерді талдаудың жалпы тәсілдерін қалыптастыру жұмыстарын жүргізу орынды. Ол үшін мынадай кезеңдерімен таныстырған жөн:

1. Есептің мәтінін оқып талдау. Бү:л кезеңнің мақсаты-есепте
баяндалған жағдайлармен танысу және оны терең ұғыну оныңнысанды жақтары мен объектілер арасындағы байланыстардыанықтау.

2.     Есептің мәтінін математикалық тілге көшіру. Бұл кезеңдеесептің
объектілері үшін шартты белгілер алынып олардыңарасындағы
байланыстарға математикалық, графиктік интерпретацияберу-
шешу моделін құру.

3.     Модельмен жұмыс істеу.

Егер есеп жай болса, құрылған модельмен есептеп шығаруға болады, онда үшінші кезеңнің қажетгілігі болмайды. Құрама есептерді шығарғанда оны ары қарай талдау керек болады. Талдау барысында құрылған модель талданады және жетпейтіннемесе артық элементтер аныкталады, модель жетілдіредінемесе қайта ісұрылады да осылардын нәтижесінде есептішығару жоспары жасалады.

1-4 сынып оқушылары мазмұнды есепті талдау іскерлігін жеткілікті меңгеруі үшін мынадай жалпы тәсілдерді ұсынуға болады:

1.     Есептегі нақты мысалдарды (заттарды) омың моделімен ауыстыру.

2.     Есептің объектілерішң арасындағы байлаиыстарды таңбалар арқылы
бейнелеу.

3.     Дайын графиктік модель бойынша есеп объектілерінің арасындағы
байланыстарды түсіндіру.

4.     Графиктіқ модель бойынша есепті кұру.

Бастауыш сынып оқуміыларынын мазмұнпы есепті тягпяй Піпу іскерліктерін меңгеруі олар келесі сыныптарда бұл іскерліктерді мазмұнды есептерді алгебралық тәсілмен шешкенде пайдалануға мүмкіндік береді.

Бастауыш сыныптарда математика есептерін шығару кезінде оқушылардың есептерді талдай білу іскерліктерін қалыптастыру оқушылардың ойлау әрекетін дамытуға ықпал етеді.

Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту-комплекстіжұмыс. Ол оқу-тәрбие процесінің барлық бағыттарымда іске асырылады. Әсіресе, огам пән сабақтарында мүмкіндік мол.Солардың ішіыде математика пәнінің алатын орны ерекше. Сондықтан да математика сабағында да есеп шығарупроцесінде әр түрлі амал-тәсілдер бір-бірімен салыстырылып,фактілердің байланысы мен ұқсастығын ажырята білуге басаназар аударылады. Мәселе есептерді шығаруда әр алуанә,амалдарды қолдана білу— оқушы ой-өрісінің тереңдігінебайланысты. Мұнда оқыту ісі оқушының ақыл-ойын дамыту процесімен қатар жүргізіледі.

Оқушылардың ақыл-ойының дамуын айқын көрсететінфакторлардың бірі ойлау жүйесінің анализдік (талдағыштық) және синтездік біріктіргіштік сипаты. Бұл қағида акадсмик И.П.Павловтың жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы іліміндегылыми тұрғыдан дәлелденген. Талдау дегеніміз — білуге тиістізаттар меи құбылыстардың елеулі мәні мен басты қасиеттерінайырып корсету Біріктіру дегеніміз нәрсе мен құбылыстардыңжіктеліп кврсетілген елеулі белгілері мен тұрақты қасиеттерін өзара ұштастырып, ой арқылы біріктіру. 'Галдау мен біріктіру немесе анализ бен синтез өзара байланысты ой-әрекеті болыптабылады. Ойлаудың бұл тәсілі есептерді шешу логикалық негізіне алынады. Адам ойының анализдік және синтездік әрекеті салыстыру, дерексіздендіру (абстракциялау), нақгылау, жікгеп-саралау, жүйелеу жәие жалпылау сияқгы тәсілдермен тығыз байланысты. Оқыту процесіне салыстыру тәсілінің алатың ортны ерекше. Мысалы, оқушылар математмка сабғында нәрселердің суреттерін көріп, олардың сан мөлшерін салыстырады. Көптік, аздық, тепе-теңдік ұғымдарын меңгереді.Салыстыру арқылы езіне түсініксіз нәрсені, кұбылысты танып,білсді. Сондықтан бала акыл-ойын дамытуда осы салыстыру тәеілін қолданудың маңызы зор.

Ойлауды эмпирикалық (тәжірибелік) ж:әне теориялық деп екіге бөлу қабылданған. Ойлаудың эмпирикалық гүрі заттардыңсыртқы ұксастыгы мен айырмашылығына сүйенеді. Мұнда жекеден жалпыға көшу негізі бар. Мысалы, сабақты бслғілі біререже түсіндірілгеннем соң, осы ережені пайдаланып ессп шығару тапсырылады. Есептердің мазмұны өзгергенімен мәнібірдей болып қала береді. Осындай есепетің оншақтысыншығарғанда ғана балаларда «Осы есептерде ұқсастық бар-ау» деген ой тууы мүмкін. Бұдан баланың эмпирикалық түрде, сырқы және мазмұн ұқсастықтары бойынша жұмыс жасайтындықтарын байқаймыз. Теориялық ойлау барлық варианттар мен айырмашылықтар қандай байланыскасаятынына, оның ішкі байланысы мен шығу тегін анықтауга негізделеді. Теориялық ойлау жекеден жалпыға ауыспайды. Құбылыстың жалпы принциптерін бөліп алған соң, осы біріңғайпринциптен оның мүмкін варианттарына ауысады. Яғни ойжалпыдан дарага қалай ауысады. Бірак бұл жердегі жалпылықөзара ұқсастық емес. Оқушы есепті қалай шығарғанын түсімсе, ол - есепті теориялық әдіспен шығара алатыны. Егер есепті қалай шығарғанын түсінбесе, онда ол - есепті эмпирикалық әдіспен шығарғаны.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА САБАҚТА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ

Бастауыш сыныптарда  сабақта  ойын технологиясын пайдалану

Ойын – әрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды.Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану.Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес, Қазақстан Республикасының дамыған елдерімен иық  тіресіп  тұру  үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерде-лі, өз бетімен іс – әрекет ете алатын, қоғам-нан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті.  Мектептегі оқушы өмірінің көп бөлігі 45 минуттық сабақ кезінде өтеді. Міне, осы кезде оқушы тек білім алып қана қоймай шығармашылықпен зерттей білуге үйренуі керек. Білімді алуда іс – әрекетке үйренген баланың бойында алған білімі ұзақ уақыт сақталады және ол жұмыс істеуге, ізде-нуге, таңдауға, т. б. үйренеді.Біркелкі сабақ оқушыны зерігу мен жайбарақаттылыққа алып келеді. Мен сол себепті «Ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш мектептің қазақ ті-лі сабақтарында ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту» деп өзімнің проблемалық тақырыбыма сүйенемін.Әрбір ұстаздың мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқу-шының қызығушылығын арттыру. Сондай – ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңар-тылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. «Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ» десек, білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілетін сомдауға үлкен үлес қосады. Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның ролі педагогикада бұрын да, қазір де қарастырылып келеді.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тә-сілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана  қой-майды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Тиімді қолданылған ойын мұғалім-нің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауың-қырап тұрады. Қызықты ойын  түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады.
Қазақ тілі пәнінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларын оқытқанда тақы-рыпқа орай әртүрлі әдіс – тәсілдермен, шеберлікпен грамматикалық ойындарды енгізуге болады.
Фонетика саласы бойынша «Кім жылдам?» ойынын ойнатуға болады.
1. Қ әрпінен басталатын қалалардың атын жаз. Мысалы: Қарағанды, Қызылорда, Қостанай.
2.Тек қана е, ы, і дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы: ы -ыдыс , Ыдырыс, ыстық , і – ілгіш, ірімшік, тіршілік , е – береке, текемет, ертең.
3. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жаз. Мысалы: нан, қазақ,қырық
«Дыбыс таңдау ойыны» Ойынның шарты бойынша таңдаған дыбыстан ғана басталатын сөйлем жазу. Мысалы: Қойдан қалып қойған қозыны Қанат қораға қамап қойды.
«Адасқан әріптер»ойыны дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жаса.
1.р,о,б.-бор     2.а,ш,а,ғ.-шаға
Лексика бойынша «жалғасын тап» ойыны. Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сөз жазылады. Оларды қалған оқушылар тауып, қосып айтулары тиіс.
1.Ұяда….                         2.Көп…
Ұшқанда                          Терең…
«Кім білгір»ойыны. Тақтаға заттардың, жан – жануарлардың суреті ілінеді. Суретке байла-нысты мақал – мәтелдерді кім біледі?«Жылдам жауап»ойыны. Оқушыларға әзіл аралас сұрақтар беріледі. Сұраққа толық тұрақты сөз тіркестерімен және мақал – мәтелдермен дұрыс әрі жылдам жауап берілуі керек.
Морфология  саласы бойынша.«Ойлан тап»ойыны. 1.Біріккен сөздің бірінші түбірі тағам сөзімен  синонимдес, екінші түбірі – тағам ыдыстың аты. Ол қай сөз? (Асқазан)
2. Бір сөз сын есім мен зат есімнен бірігіп келіп, бір аңның атын білдіреді? (Ақбөкен)
3. Республикамыздағы қандай қала, өзен аттары біріккен сөз түрінде айтылады? (Жетісу, Талдықорған)
«Ойна да ойлан !»ойыны.1. Адамның туыстық атауларын білдіретін зат есімдерді жаз.                  2. қолмен ұстауға, көзбен көруге болатын зат есімдерді жаз.
«Ұйқасын тап ойыны» Өзінше ноян, Қорқақ кім?.. (қоян).”Бата алмас түлкі, Үсті тікен.. (кірпі)  «Жалғасын тап ойыны» атаңның баласы болма, (адамның баласы бол).                         «Сөз қуаласпақ ойыны » Ойынның шарты: 1 – қатардағы оқушыларға «бастауыш»,                       2 – қатарға «баяндауыш»деп ат қойылады. «Бастауыштар»сөйлемде бастауыш болатын сөздерді айтады, «Баяндауыштар» оған қимылды  білдіретін сөздерді қосып, сөйлем құрай-ды.Әр ойынды ойнар кезде сол ойынға сәйкес өлең оқу арқылы қызығушылығын арттыруға болады. Сабаққа ынтасын, ықыласын бірден аудару мақсатында өлең есепте қолданудың маңызы зор. мысалы:
Бізде қызық ойын бар                                                                                                                           Ал, ықылас қойыңдар.                                                                                                                            Қане, тәртіп сақтайық,
Баспалдақтан аттайық,                                                                                                                  Есептеуден қашпайық,
Жүлделі болып қайтайық. – Балалар зейіндерін аударып, тақтаға екі жағынан жарыстыра сатылап, мысалдарды шығарту. Балалар төменгі сатыдан жоғарғы сатыға шығып мәредегі ойыншықты алады. Бұл ойынды «қоянға көмектесейік» немесе «балапанды құтқарайық» деп атауға болады.
Әр сабақта ойын түрлерін орынды қолданып, оны қызықты  етіп өткізу арқылы  бүлдір-шіндердің оқуға деген ынта – ықыласын, пәнге қызығушылығын арттыруға болады. Ойын баласы сабақта зерігіп, шаршаған кезде қолданылатын ойынның бір түрі «сергіту сәті» Сабақта сергіту сәтін оқушының шаршағанын басу үшін ғана емес, оның тәрбиелік мәніне де назар аудару қажет. Мысалы: « Ұзын құлақ, сұр қоян». Немесе, дене қимылдарына қатысты сергіту ойындары:«Әй,шымыжық, шымыжық»
Бастауыш сынып оқушыларын ойната отырып, ойландырып, балаға тәрбиелік мәні зор ойындар арқылы дамытуға болады. Бұл кезде жақсы оқушы дамып, нашар оқушы қалып қой-майды. Жақсы оқушы мүмкіндігіне дейін дамып, нашар оқитын оқушы өз мүмкіндігінше іс – шараларға араласып, өз үлесін қосып отырады.
Қорыта айтқанда, кез – келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді. Сөйтіп оқушы ой – өрісін ойын арқылы дамытады.
№57 Е.Көшербаев  атындағы  орта мектебінің

бастауыш      сынып  мұғалімі  Төлебаева Светлана

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бастауыш сынып оқушыларының тілдік қорын дамыту

 

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат – саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ ұрпақ қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерінижан – жақты жетілген, ақыл парасаты мол мәдени – ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Оқушының ой - өрісінің, сана – сезімінің жан – жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш сыныпта оқушылардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көзқарасын қалыптастырса, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады. Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді. Біздің жарқын болшағымыз - өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты. Жас ұрпақ - өркениетті тәрбие шуағына шомылса ғана, білім нәрімен сусындаса ғана мемлекетіміздің көсегесі көгереді, егеменді ел баянды болады. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ екені ақиқат.

Қазақстан Республикасың президенті Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты жолдауының он жетінші бағытында: бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз үшін оқытудың әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек», -деп көрсетті.

Қазақстан Республикасы Заңының 4 – тарауы бойынша 16 – баб қарастырылған .

Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдармалары баланың жеке қабілеттерін оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын; негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кеңінен меңгерту үшін оқудың,

жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан

өзін - өзі көрсетудің, мінез – құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.

1.Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың теориялық негізі.

1.1 Сөз,сөйлеу және сөздік қор ... ... ... ... дұрыс сөйлеуді қалыптастырудың педагогикалық

мәселелері.

2. Тарау. .

2.1 Бастауыш сынып оқулықтарының балалардың сөздік қорын байытудағы орны .

 

Әрбір ұлттың жас ұрпағы ана тілін терең оқып, жете білуге, өз елін, жерін сүюге тәрбиеленуге тиіс. Егер бала кішкентай күнінен өз халқының ұлттық психология- сында тәрбиеленсе, ана тілінің қасиетін ана сүтімен бойына сіңірмесе, өз халқының тарихын, өнерін, мәдениетін біліп өспесе, толыққанды өз халқының өкілі бола алмайды.

Баланы тәрбиелей отырып оқыту, халықтық педагогикаға көңіл қою қазіргі өмір талабы. Қазақ халқы қашанда имандылықты, бауырмалдықты, сезімталдықты қастерлеген.Отбасындағы туған-туысқа мейірімділік, қамқорлық халқымыздың ежелгі салты.

Осындай әдет-ғұрып, салт-санамызды балаға сіңіруде ана тілінің, оқу сабақтарының орны ерекше.

Мектеп жасындағы балаларға ана тілін оқытудағы   негізгі мәселе-сөздік қорларын арттыру, сөйлеу тілін дамыту. Тіл дамыту пәнін оқытудағы басты мақсат-оқушылардың сөздердің мағынасын дұрыс түсінігі, шапшаң оқуын жетілдіру.Оқушы өз ана тілінде өте таза, көркем сөйлеуге, автордың көзқарасын түсінуге жетелеу, тәрбиелеу.

Мектеп жасындағы балалардың тілін дамыту мақсатынды жасалатын жұмыс түрлері көп-ақ. Оқушыларға эссе жаздыру, өлең құрастыру, белгілі бір тақырып аясында шығарма жазу. Оқушыларға өз ойынан ертегі құрастыру, әңгіме жаздырудың  да маңызы ерекше.

Қазіргі заман талабына сай сабақ түрлері өзгертіліп саяхат сабақ, аукцион сабақ, панорамалық сабақ болып түрленіп өтіліп жүр. Бұл сабақтардың бала тілін дамытуда маңызы ерекше.

Қазақ халқы ауыз-әдебиеті үлгілеріне өте бай . Онда ананың нәрестеге, әженің немереге аманат етіп қалдырған мол мұрасы бар. Сол ауыз әдебиеті үлгілерін оқи отырып, бала тілі ұштала түсері хақ.

Баланың жеке басының дамуына оның сөйлеу тілінің дамуы ерекше роль атқарады. Тіл байыған сайын баланың ой-өрісі шарықтап, қиялы, ақыл-ойы дамиды.

Баланы ұшқыр ойға, тапқырлыққа жетелейтін жұмбақтар, мақал-мәтелдерді әр сабақ сайын жүйелі пайдалана білсек, бала тілін дамытудағы орны ерекше.

Тіл-сонымен қатар ауызекі сөйлеуде байи түседі. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру кезінде төмендегі әдістерді жүйелі қолданудың пайдасы бар екендігін айтуға болады.

Сұрақ-жауап әдісі: Бұл әдіс әсіресе мәтінмен жұмыс жасау кезінде өтілген тақырыптарды бекіту мақсатында қолданылады.

Ситуация арқылы сөйлеу әдісі:

Сөз, сөз тіркестерін, сөйлем құрау естіген оқиға туралы ойын жеткізу.

Өз ойын айту әдісі:

Оқушыларды ойлану арқылы ойын ауызша жеткізуге дағдыландыру.

Әңгімелесу әдісі:

Оқушылардың білімдерін бақылай отырып, жеке оқушымен де, топтағы оқушылармен де әңгімелесу арқылы қорытынды жасау.

Ойын әдісі:

Оқушының тілін дамытып, еркін сөйлеу қабілетін жетілдіреді.Оқушылардың сабақта алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін сабақта ойын элементтерін кірістіріп отырудың маңызы зор.

Мысалы: Ойынның шарты бойынша әр оқушы бір сөзден қосып, толықтырып отыруы тиіс.Бірақ сөйлемнің мағынасы өзгермеуі керек.Сөйлемге сөз қосып толықтыра алмаған оқушы жеңіледі.

Мен отырмын.

Мен сыныпта отырмын.

Мен жарық сыныпта отырмын.

Мен жарық, кең сыныпта отырмын.

Мен жарық, кең , жылы сыныпта отырмын.

 

Оқушылардың тілін дамытуда осындай әдістерді пайдалана отырып, өз ойларын еркін жеткізіп, байланыстырып сөйлеуіне қол жеткіземіз.

 

И.Левитовтың пікірінше, оқушыларды, шығармашылық қабілеттері деп біз іс-әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені үйренулері және олардың даралық бейімділіктерінің, қабілеттерінің көрінуі болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай қабілеті, олардың белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілінің аууы, яғни оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі.

Сондықтан да әрбір педагог балалық кезде ерекше көзге  түсетін бейім-

оқушылардың бейімділіктерін дер кезінде көре біліп, оларды соған сәйкес келетін қабілеттерді дамыту біздің міндетті борышымыз екенін ұмытпауы-

мыз керек.

2.Әр жеке адамның шығармашылық кезеңі жаңалық ашуға деген ынтамен серіктес екенін есте сақтау қажет. Әсіресе, бала бойындағы шығармашылық қабілеттерін бағыттап, тәрбиелеу-қазіргі таңдағы ата-ана мен мұғалімнің ең басты міндеті.

«Өз біліміңмен балаларды шектеме, олардың туылған уақыты бөлек емес пе»?-деп айтылған пікірге зер салып қарасақ. Қазіргі таңдағы баланың көзқарасы, уақыты қандай, олар неге дайын болу керек?

 

Оқушыны неге дайындаймыз?

 

О      *  Қоғамның белсенді азаматы болуға;

қ       *  Қалаған іске жауапкершілікпен қарауға;

у       *  Өз ойын, көзқарасын құра білуге;

ш      *  Сұрақтар қойып, оны жан-жақты талқылай білуге;

ы      *   Ойын еркін жеткізіп, шығармашыл ізденісті қалыптастыруға;

 

Қорыта келгенде ХХІ ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз.Демек, біз қадам басқан ХХІ ғасыр жақсы , білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақты талап етуі оңды құбылыс.Білім саласындағы бет-бұрыстың негізгі мақсаты-оқу-тәрбие үрдісін түбегейлі өміршеңдету, жаңашылдандыру. Қазіргі таңда білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты-ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүние танымы жоғары, бәсекеге қабілетті жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу –біздің міндетіміз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАЯНДАМА

Бастауыш сынып оқушыларының оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру .

Мектептегі оқыту процесі сауат ашудан басталатыны белгілі.Сондықтан оның балаға ана тілін оқытып үйретуде алатын орны да ерекше. Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті – балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету.Сонымен қатар , сауат ашу барысында оқушылардың тілі мен ой –өрісін жетілдіруге де баса назар аударылады.Соның нәтижесінде жас ұрпаққа тиісінше жалпы білім негіздерін меңгертіп, адамгершілік, патриоттық тәрбие беруге негіз қаланады

.Демек, сауат ашу білім мен тәрбие алудың кілті іспеттес. Сауат ашудың негізгі мақсаты-болашақ ұрпаққа терең білім мен өнегелі тәрбие беру, сол арқылы оларды өмірге , өз Отанын , ел – жұртын шексіз сүйе білуге тәрбиелеу, білім берудің негізгі бағыттарына қойылатын негізгі талаптардың ішіндегі аса күрделісі – алты жастағы балаларды сауаттандыру мәселесі.Өйткені мектеп есігін алғаш ашқан баланы оқытудың өзіндік қиындықтары бар. Ол қиындықтар балалардың физиологиялық – психологиялық өзгешеліктеріне байланысты .Себебі сауат ашу жұмысы оқушылардың оқуға , ой еңбегіне қажет белгілі бір қабілет бейімділікті талап етеді.

Жалпы сауат ашудың нәтижелі болуы даярлық кезеңінде жүргізілетін жұмыстардың мейілінше сапалы болуына байланысты.Демек, сауат ашуға даярлық жұмыстарын дұрыс ұйымдастырып, ұқыпты жүргізуге баса назар аударылады.

Сауатты жазуға үйрену жұмысы граматикаға сүйенеді.Олай болса белгілі бір жазу ережесіне негіз болатын граматикалық құбылыстар сапалы түрде ұғындырылып, содан кейін қорытынды шығарылуы қажет.

Дұрыс , сауатты жазуға үйрену үшін сөздерді дыбыс құрамына , буын жігіне ажырату жұмысы әріп қалдырып кетпеуге , әріп алмастырып алмауға бір сыпыра көмектеседі.Сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін, теріс жазылуынан мағына бұзылатынын балаларға ережені түсіндіргенде де , жаттығулар жүргізгенде де , олардың жазуларынағы қателерді түзеткенде де көрсетіп, түсіндіріп отырудың пайдасы көп.

Сауат ашу кезінде оқу мен жазу жұмыстары өзара тығыз байланыста болады.Жақсы оқи алатын бала таза да сауатты жаза біледі, ал , жазуды жақсы меңгерген оқушы оқуды жеңіл меңгереді.Бір сабақтың өзінде оқу қызметі мен жазу жұмысы бірін-бірі алмастырып және бірін меңгеруге екіншісінің көмегі тиіп отырады.

Жазу, таза жазу, дұрыс жазу, сауатты жазу – қай тілдің болмасын басты ұстанымы. Сауатты жазудың алғышарты бастауышта қаланады. Мектеп табалдырығын аттаған балаға бірінші сыныптан бастап дұрыс сөйлету үшін сөздердің дыбыстық жағы, дұрыс айтылуы қадағаланады.

 Оқушының орфографиялық нормаға сай дұрыс жазуы – бастауыш сынып мұғалімінің маңдай терінің жемісі. Бастауыш сыныпта бағдарламаға сәйкес жоғарыда көрсетілген білім-білік дағдылары қалыптасқан оқушылар сауатты  жазуға  дағдылану  барысында  графикалық  түрде  қарым-қатынас  жасау  мүмкіндігіне  ие  болады. Осы арқылы жазуын ғана емес, сөйлеуін  және  таным  мүмкіндіктерін  жетілдіре алады. Таза жазу  дағдысының  алғашқы бастамасы  әріптің  әрбір  бөлігін   дұрыс сызып көруі  арқылы  қалыптасады. Әдетте, мұғалім тарапынан оқушыға әдемі, сауатты жаздыру ғана емес, оқушының бүкшимей, басын тым төмен салбыратпай, денесін тік ұстап, өзін дұрыс игеруіне қатты көңіл бөлінеді. Оқушылар  жазу ережесін  сақтап  отырғанда  ғана  дұрыс  жазуға  үйрене  алады. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларына жазуға төмендегі  талаптар  қойылады, және бұл  талаптар  бастауыш  мектептің  барлық  сыныптарында  жазу  жұмысының  барысында  орындалып  отыруға  тиіс:

·        әріпті  дұрыс  жазу, дәптердің  көлденең  сызығынан  ауытқымау;

·        әріптердің  элементтерін  жазғанда  ұзынды-қысқалы қылмай, тегіс, бірдей  жазу;

·        әріптердің  бірін  оңға, бірін  солға  қисайтпай,  барлық  әріпті бірдей, оңға  қарай  сәл  көлбете  жазу;

·        әріптердің, сөздердің  арасындағы  қашықтықты  бір  қалыпты  сақтап  отыру,  бірте-бірте жазу  қарқынын  тездете  түсу.

·        түрлі диктанттар жаздыру, әсіресе, сөздік диктантының маңызы зор.

·        сөздікпен жұмыс істету.

·        тақырыпқа байланысты орындау шарты әртүрлі болып келген жаттығуларды орындату;

·        сөзді, сөйлемді тақтадан, кітаптан дұрыс көшіріп жазуға мән беру

Ғалымдар зерттеуі іскерлік ойындардың оқушылардың оқу үлгеріміне жақсы әсер ететін дәлелдеп отыр.Мен өз сабақтарымда іскерлік ойындарды оқытудың тиімді, үнемді, негізгі әдістерінің бірі ретінде қолданамын. Олар оқушыны қысым жасамай оқытуға мүмкіндік береді, оқушының оқиғаны терең толғаныстармен түсінуіне себепші болатынын байқадым.

Алуан түрлі ребустар, сөзжұмбақтар, құпияхаттар, сөзтуымдар, логикалық есептер білім береді және оқушыларды ынталандырады. Математикада "Кім жылдам", "Ең үздік есепші", "Хоккей" ойындары тез санауға үйретеді. "Бағдаршам", "Дым білмес"ойындары арқылы жол жүру ережелері қайталанады. Ал "ғарышкерлер" ойыны ғылым жетістіктерімен, "Футбол", "Хоккей" ойындары еліміздің спорт шеберлерінің жетістіктерімен таныстырады. "Ағашты кім тез отырғызады" ойыны табиғатты күтіп ұстауға тәрбиелейді. Іскерлік ойындар ойнағанда бала нақты оқиғалардың куәгері болып еңбек етуге отбасылық өмірге, қоғамдық қатынастарға әзірленеді.
Идеялар банкі. Бұл әдіс ой майданы деп аталады. Топтық алдына бір міндет қойылады, осы міндетті шешу үшін топ мүмкіндігінше жаңа, тың ұсыныстар айту керек. Барлық ұсыныстарды топ жинап алып, оларға баға береді. Бұл әдіс арқылы проблемалық жағдаят жасалып, оны шешу туралы ұсыныстар айтылып, ол ұсыныстар тексеріліп, бағаланады және ең жақсы ұсыныстар таңдалып алынады.

Мұғалімнің алдында тұрған ең басты міндеті- оқушыларды сабаққа ынталандыра білу, сол арқылы тақырыпты білу, жете меңгеру.ана тілі , дүниетану сабақтарын қызықты, тартымды өткізу үшін сабақтың әртүрлі әдіс- тәсілдерін орынды қолдануға тырысамын. Жаңа технологияларды пайдалана отырып сабақта қолданылатын ойындарды мына төмендегі түрде қолданамын:
1) Оқыта үйрету ойындары. 
Бұл ойындарды сабақта да, сабақтын тыс шараларда да пайдалануға болады.
2) Тілдік ойындар: Ауызша сөйлеу және жазу машықтарын дамытуға арналған.
3) Драмалық, рөльдік ойындар. Қарым-қатынастарын жақсарту, ауызша сөйлеу, оқушы білімдерін әртүрлі жағдайларда қолдану машықтарын дамыту.
4) Психологиялық ойындар.
5) Грамматикалық ойындар т.б
Сонымен бірге ұлттық ойын түрлерін де кезектестіре, сабақ тақырыбына байланысты пайдаланамын. Жаңа материалдарды түсіндіру кезінде «Бәйге», «Көкпар», «Асық» секілді ойындарды ойнатамын.

Қорыта келе айтарым баланың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізілген жұмыстар осындай жұмыстар

§  Оқушылардың сауаттылығын қамтамасыз етуге, олардың сауаттылық деңгейін тексере отырып,білімдегі кемшіліктерді жоюға;

§  Оқушының тіл байлығын арттыра отырып , ойлау қабілетін, байқампаздығын дамытуға.

Тіл дамыту сабағында оқушының шығармашылық даму кезігдегі қалыптасатын дағдылары

§  Өз ойын-пікірін жеткізе білуге;

§  Ізденгіштікке ұмтылуға;

§  Құбылыстарды шынайы бағалай білуге;

§  Толық фантазиялық еркіндікке;

§  Орфографиялық сауаттылықты нығайту оң әсерін тигізіп, жақсы нәтиже береді

деп есптеймін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойын - балалардың шынайы ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік «Менің»қалыптастыруға және шығармашылыққа, белсенділікке, өзін - өзі дамытуға мүмкіндік береді.
Ойын - әрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды.

Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану.
Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес, Қазақстан Республикасының дамыған елдерімен иық тіресіп тұру үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс - әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті.
Мектептегі оқушы өмірінің көп бөлігі 45 минуттық сабақ кезінде өтеді. Міне, осы кезде оқушы тек білім алып қана қоймай шығармашылықпен зерттей білуге үйренуі керек. Білімді алуда іс - әрекетке үйренген баланың бойында алған білімі ұзақ уақыт сақталады және ол жұмыс істеуге, ізденуге, таңдауға, т. б. үйренеді. Сол үшін ескі дәстүрлі сабақтан қашып, ең озық, тәжірибеден өткен технологиялардың бірінің тиімділігін сәйкес таңдау қажеттілігі туады. Біркелкі сабақ оқушыны зерігу мен жайбарақаттылыққа алып келеді. Ал зерігу болған жерде шығармашылыққа жол жоқ. Мен сол себепті «Ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш мектептің қазақ тілі сабақтарында ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту» деп өзімнің проблемалық тақырыбыма сүйенемін.

Әрбір ұстаздың мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай - ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологияның бір түрі - «Ойын арқылы оқыту» технологиясы..«Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ» десек, білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілетін сомдауға үлкен үлес қосады. Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның ролі педагогикада бұрын да, қазір де қарастырылып келеді.
Алдыңғы қатарлы педагогтардың бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды іс - әрекет деп түсінеді.

Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А. С. Мокаренко: «Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады,»- деп балалар ойынын жоғары бағалаған.
Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады.
Сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын ойындарды төмендегідей топтастыруға болады. Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор.
Ойын
Ұлттық Дидактикалық Логикалық
«Ақсүйек»
«Көкпар»
«Қанталапай»
«Арқан тартым»
«Көксерек - мөксерек» «Мың бір мақал»
«Ғажайып алаң»
«Сергіту сәті»
«Сөз құрау»
«Жұмбақ есеп»
«Әріпті кубиктер»
Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
- Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.

Ұлттық ойын ойнау баланың салт - дәстүріне, әдет - ғұрпына деген сүйіспеншілігін арттырады және адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады. Мәселен, ұнамды әдеттер - өзара қарым - қатынастар, адамгершілік сезімдері дамиды. Еңбек ету барысында ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздық сезімдер сияқты қасиеттер қалыптасады.
Оқушының бәрі жақсы оқығысы келеді. Бірақ олардың ақыл - ой қабілеті бағдарламадағы берілген материалды ұғуға бірдей емес. Оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез ұғады, кейбіреулері керісінше. Сондықтан барлық оқушыны білімге бірдей жетелеу үшін өз мүмкіндігіне сәйкес сабақты меңгерту, тілін, ой ұшқырлығын дамыту, өзіндік пікір айтуға жағдай жасау еркін шығармашылыққа жетелейтін, пәнге қызығушылығын арттыратын әдістің бірі - грамматикалық ойынның түрлері.

Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әртүрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды. Мен өз сабағымда грамматикалық ойын түрлерін жиі пайдаланамын. Сабақта оқушылардың алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, олардың ізденімпаздығын арттыру, ой - өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын көздеймін.
Қазақ тілі пәнінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларын оқытқанда тақырыпқа орай әртүрлі әдіс - тәсілдермен, шеберлікпен грамматикалық ойындарды енгізуге болады.

Фонетика саласы бойынша «Кім жылдам?» ойынын ойнатуға болады.
1. Қ әрпінен басталатын қалалардың атын жаз. Мысалы: Қарағанды, Қызылорда, Қостанай.
2. Тек қана е, ы, і дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы: ы - ыдыс, Ыдырыс, ыстық
І - ілгіш, ірімшік, тіршілік. е - береке, текемет, ертең.
3. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жаз. Мысалы: нан, қазақ, қырық
«Дыбыс таңдау ойыны»Ойынның шарты бойынша таңдаған дыбыстан ғана басталатын сөйлем жазу. Мысалы: Қойдан қалып қойған қозыны Қанат қораға қамап қойды.
«Адасқан әріптер»ойыны дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жаса.
1. р, о, б.- бор
2. а, ш, а, ғ.- шаға
Лексика бойынша
«жалғасын тап» ойыны. Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сөз жазылады. Оларды қалған оқушылар тауып, қосып айтулары тиіс.
1. Ұяда....
Ұшқанда
2. Көп...
Терең...
«Кім білгір»ойыны. Тақтаға заттардың, жан - жануарлардың суреті ілінеді. Суретке байланысты мақал - мәтелдерді кім біледі?
«Жылдам жауап»ойыны. Оқушыларға әзіл аралас сұрақтар беріледі. Сұраққа толық тұрақты сөз тіркестерімен және мақал - мәтелдермен дұрыс әрі жылдам жауап берілуі керек.

Морфология саласы бойынша.
«Ойлан тап»ойыны.
1. Біріккен сөздің бірінші түбірі тағам сөзімен синонимдес, екінші түбірі – тағам ыдыстың аты. Ол қай сөз? Асқазан
2. Бір сөз сын есім мен зат есімнен бірігіп келіп, бір аңның атын білдіреді? Ақбөкен
3. Республикамыздағы қандай қала, өзен аттары біріккен сөз түрінде айтылады? Жетісу, Талдықорған
«Ойна да ойлан»ойыны.
1. адамның туыстық атауларын білдіретін зат есімдерді жаз.
2. қолмен ұстауға, көзбен көруге болатын зат есімдерді жаз.
«Кім тез тауып, оқи алады?» ойыны.
Мына сөйлемдерде сөздердің орын тәртібі ауысып жазылған. Оны тиісті тәртібіне келтіріп, кім тез тауып оқи алады?
Абай жайында баяндама біз өмірбаяны тыңдадық.
«Ұйқасын тап ойыны» Өзінше ноян, Қорқақ кім?.. қоян."Бата алмас түлкі, Үсті тікен.. кірпі
«жалғасын тап ойыны»
Атаңның баласы болма,
/адамның баласы бол/

«Сөз қуаласпақ ойыны»
Ойынның шарты: 1 - қатардағы оқушыларға «бастауыш», 2 - қатарға «баяндауыш»деп ат қойылады. «Бастауыштар»сөйлемде бастауыш болатын сөздерді айтады, «Баяндауыштар» оған қимылды білдіретін сөздерді қосып, сөйлем құрайды.
Әр ойынды ойнар кезде сол ойынға сәйкес өлең оқу арқылы қызығушылығын арттыруға болады. Сабаққа ынтасын, ықыласын бірден аудару мақсатында өлең есепте қолданудың маңызы зор. мысалы:
Бізде қызық ойын бар
Ал, ықылас қойыңдар.
Қане, тәртіп сақтайық,
Баспалдақтан аттайық,
Есептеуден қашпайық,
Жүлделі болып қайтайық.- балалар зейіндерін аударып, тақтаға екі жағынан жарыстыра сатылап, мысалдарды шығарту. Балалар төменгі сатыдан жоғарғы сатыға шығып мәредегі ойыншықты алады. Бұл ойынды «қоянға көмектесейік» немесе «балапанды құтқарайық» деп атауға болады.
Әр сабақта ойын түрлерін орынды қолданып, оны қызықты етіп өткізу арқылы бүлдіршіндердің оқуға деген ынта - ықыласын, пәнге қызығушылығын арттыруға болады. Ойын баласы сабақта зерігіп, шаршаған кезде қолданылатын ойынның бір түрі «сергіту сәті» Сабақта сергіту сәтін оқушының шаршағанын басу үшін ғана емес, оның тәрбиелік мәніне де назар аудару қажет. Мысалы: « Ұзын құлақ, сұр қоян». Немесе, дене қимылдарына қатысты сергіту ойындары: «Әй, шымыжық, шымыжық»

Сондай - ақ, меңгерілген тақырыпты иә болмаса, жаңа сөзді бекіту мақсатында әуенмен ауаға жазу арқылы да байланыстыра аламыз. Түрлі би қимылдары арқылы да сергіту сәтін жандандыруға болады. Мысалы:«Шөжелерім», «Әйгөлөк». «Қаражорға»
Бастауыш сынып оқушыларын ойната отырып, ойландырып, балаға тәрбиелік мәні зор ойындар арқылы дамытуға болады. Бұл кезде жақсы оқушы дамып, нашар оқушы қалып қоймайды. Жақсы оқушы мүмкіндігіне дейін дамып, нашар оқитын оқушы өз мүмкіндігінше іс - шараларға араласып, өз үлесін қосып отырады.
Қорыта айтқанда, кез - келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді. Сөйтіп оқушы ой - өрісін ойын арқылы дамытады.
Соңғы нәтижеде ойнай отырып, білім көрсеткішіне өз үлесін қосады. Артта қалған, жасық мектептен қорқатын, оқуға енжер, күшпен оқитын оқушы болмайды. Керісінше, баланың өмірі, қоршаған ортаны танып білу, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады.

Ойындар - оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін ұштайды.
В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімін, өзін қоршаған дүние туралы ұштастырады. Білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»,- деген екен. Ендеше, сыныпта және сыныптан тыс уақытта ойын технологиясын пайдаланудың нәтижесі қандай?
Олай болса жас бүлдіршіндерді оқытуда
Оқы да біл,
Ойын - еңбек.
Ойна да күл,
Ойын - оқу,- деп сөзімді аяқтағым келеді.

 

 

 

 

 

 

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Барлығымызға мәлім болғандай, адам барлық нәрсені алдағы қажеттілігіне жарату үшін үйренеді. Сол сияқты игерген икемділігі мен дағдысын өзінің шығармашылықпен қолдануына жаттығады. Сондықтан оқытудың негізгі шарттарының бірі - игертілген білім, икемділік пен дағдыларды, яғни тілді өз тәжірибесіне пайдалану. Ал тілді тәжірибеде пайдалану - сөйлеу, яғни қарым-қатынас жасау. Ауызша сөйлеу әрекеті жазумен байланысты игертіледі, сондықтан оқушылар ауызша, жазбаша тілдің ерекшеліктерімен, стилімен, жанрларымен таныстырылады. Сабақтарда оқушылардың сөздік қоры толықтырылып, жаңа сөздерді, сөз тіркестерін игеру арқылы белсеңді сөздіктері дамиды - мәтінді түсініп оқу және оның мазмұнын шығармашылықпен айтуға дағдыландыру арқылы тіл мәдениеті қалыптастырылады. Еліміздің «Білім туралы заңы» тіл мәселесіне ерекше көңіл бөліп, 5 баптың 2-ші тармағында: «Меншік нысандарына қарамастан, барлық оқу орындары әрбір білім деңгейі үшін мемлекеттік жалпы стандартқа сәйкес мемлекетгік тіл ретінде қазақ тілін білу мен дамытуды» міндеттейді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Егер орта мерзімді кезеңге арналған міндеттер жөнінде айтатын болсақ, ол бірінші кезекте қазақстандықтардың білім беру және кәсіптік деңгейін сапалық тұрғыдан көтеруді қамтамасыз етуде жатыр» - деп, білім сапасын арттырудың маңызын көрсетеді.[1] Сондай-ақ Елбасы мемлекеттік тілдің біріктіруші факторға айналуы жөнінде нақты талаптар қояды: «Өсіп келе жатқан ұрпаққа әлемдік стандартқа сай келетін сапалы білім беруіміз керек, сонымен қатар қазіргі мамандардың біліктілік деңгейін көтеруді де ұмытпауға тиіспіз», - деген міндеттер қояды. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алуына байланысты ауызша сөйлеу өзінің қызметін өрістете түсуге мүмкіндік алды. Қазақ тілі тұрмыс аясында ғана емес, басқару орындарында, өндіріс ошақтарында, ғылыми мекемелер мен білім беру, оқу-тәрбие жүйесінде кеңінен қызмет ете бастады. Бұқаралық электронды ақпарат құралдарының қазақ тілінде беретін хабарларының уақыты бұрынғыдан әлдеқайда артты. Бірақ адамдардың арасындағы қарым-қатынастар мен электронды ақпарат хабарларында ауызша сөйлеудің орфоэпиялық нормаларының сақталына бермейтіні байқалады. Оны орфоэпиялық сөздікте: «Алайда қазіргі кезде ауызша қолданылу мәдениеті аса жоғары деуге болмайды», - деп көрсетілген. Сондықтан теле, радио хабарларының шығармашылық қызметкерлері мен дикторлар, жоғары оқу орны аудиторияларындағы лекторлар, сахнадағы актерлер, өндірістік қызметтегі мамандар, оқытушылар, мұғалімдер, студенттер мен оқушылар сөзді дұрыс ырғақпен, үйлесіммен, үндесіммен дыбыстай алмай жататын жайттар жиі кездесіп жүр. Әсіресе, бұл жай танымы мен ойы, тілі мен білімі даму үстіндегі мектеп оқушыларының қатысым әрекетінде жиі байқалса, олардың тұлға ретінде қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Өйткені әрбір айтылған ой, баяндалған білім, берілген ақпаратты дұрыс қабылдау тыңдап түсінуге байланысты. Егер жеке сөз мағынасы, сөз тіркесі мен сөйлемдегі пікір мен ой, мәтіндегі мазмұн тиісті орфоэпиялық немесе орфографиялық нормада айтылып не жазылып қолданылмаса, тілдік қарым-қатынас өз дәрежесіңде жүрмей, қатысым әрекеті нәтижесіз аяқталады. Сондықтан оқушылардың дұрыс сөйлеуіне бағыт-бағдар көрсететін әдістемелік зерттеулер мен құралдар қажет. Ауызша қатысым адамдардың бір-бірімен тікелей қарым-қатынас арқылы тілдік тұлғалардың сөзге, сөйлемге айналып, дыбысталуы нәтижесінде жүзеге асады. Сонымен бірге ауызша қатысымда тілдік қатынастың әртүрлі қызметін (эмоциялық, экспрессивтік, байланыстырушылық т.б.) іске асырылады. Бұл дауыс ырғағына, күшіне, тембріне, интонациясына т.б. байланысты. Сондықтан оқушыларды ауызша қарым-қатынасқа үйретуде сөйлеу әрекетіне жаттықтырылады. «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында» «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты былайша анықталған: «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты - ана тілінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін меңгерген, қарым-қатынастық біліктілігі дамыған, сөз мәдениетінің талаптарына сай іскерлікті меңгерген дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу», - деп есептелген. Ал оқытудың басты міндеттері екі бағыт бойынша анықталады, біріншісі, танымдық бағыт бойынша «оқушының тілін дамыту, тілдік, шығармашылық қабілеттерін жетілдірумен» бірге «оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастыру» деп белгілесе, екіншісі тәжірибелік бағыт бойынша, «оқушыларға әдеби тіл нормаларын меңгерту мен тілдік жағдаяттарға лайық дұрыс қарым-қатынас жасаудың амал-тәсілдерін үйрету» деп есептелген. Зерттеу жұмысының пәні: Оқушылардың ауызша сөйлеу әрекеті. Зерттеу жұмысының объектісі: Оқушылардың оқу үрдісі. Дипломдық жұмыстың мақсаты: Сөйлеу әрекетінің түрлерін талдай отырып, оқушылардың ауызша сөйлеу қабілетін дамытудың жолдарын ашып көрсету. Зерттеу міндеттері: Сөйлеу әрекетінің түрлерін талдау. Ауызша сөйлеу әрекетінің психологиялық негіздерін ашып көрсету. Оқушылардың ауызша сөйлеу қабілетін қалыптастыруда және дамытуда мұғалімнің ролін көрсету. Зерттеу жұмысының маңыздылығы: Диплом жұмысын орындау барысында жинақталған теориялық материалдар, оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін терең түсіну мақсатында білім беру жүйесінде қолдануға ықпал етеді. Зерттеу әдістері: теориялық-ғылыми әдістемелік әдебиеттер мен жаңашыл педагогтардың тәжірибелері және жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, тест әдісін қолдану, өзіндік жұмыстардың түрлерін ұсынып, нәтижесін көрсету. Теориялық әдістер және эмпирикалық әдістер – бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін дамыту туралы ғылыми еңбектерге теориялық талдау жасалынды және бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін дамытуда қолданылатын шығармашылық тапсырмалар таңдап алынды. Зерттеу жұмысының базасы: Астана қаласы №57 мектеп гимназия. Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, тіл мәртебесі көрсетілген. Бірінші бөлімде сөйлеу әрекетінің түрлері, ауызша сөйлеу әрекетінің психологиялық негіздері қарастырылған. Екінші бөлімде бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысына әсер ететін факторлар және оқушылардың сөздік қорын, тілін дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер сипатталған. Қорытындыда тілдің қоғам мен жеке адамның өмірінде ерекше орын алатындығы көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар. 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: оқушыларға жаңа сөздерді меңгертіп, оларды дұрыс айтуға жаттықтыру. 
Дамытушылық: логикалық ой-өрістерін кеңейтіп, сабақта оқушылардың сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру. 
Тәрбиелік: оқушыларды қазақтың салт-дәстүрлерін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: «Қыз қуу» ойыны бейнеленген сурет, ұлттық ойындар туралы слайд-суреттер, үлестірмелі карточкалар. 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 
1. Өткен сабақты пысықтау үшін сұрақтар: 
- Төрт түлік малға нелер жатады? 
- Бұл үй жануарларын неліктен «төрт түлік» деп атаған? 
- Төрт түлік туралы қандай тақпақтар білеміз? 
- Төрт түліктің төлдерін қалай атайды? 
2. Қайталау үшін тест сұрақтарын тарату. 
ІІІ. Жаңа сабақ. 
1) Ұлттық ойындар туралы түсінік. 
- Ұлттық ойындар адамды жылдамдыққа, ептілікке, ойлау қабілетін арттыруға, өнерлі болуға, күштілікке үйретеді. Ұлттық ойынның түрлері: «Тоғызқұмалақ», «Ақ сүйек», «Көкпар», «Аударыспақ», «Қыз қуу» т.б. (интерактивті тақтадан мәтіндерді оқушыларға оқытып, таныстыру). 
1. «Тоғызқұмалақ» ойыны – шахмат сынды ежелгі ойын түрі. Ойынға екі адам қатысады. Ағаш тақтаға арнайы ұя жасап, олжа салып ойнайды. Бұл ойынның бекітілген өз ережесі бар. Ол – үлкен шеберлікті, ойлануды, айла-тәсілді қажет ететін, математикалық есепке құрылған күрделі ойын.
2. «Ақ сүйек» ойыны. Тойға жиналған жастар жаздың айлы түнінде «Ақ сүйек» ойнаған. Оның басты шарты: лақтырылған ақ сүйекті жабыла іздеп, тауып әкелу. Осы ақ сүйекті іздеу үстінде бозбала мен бойжеткен өзара сырласып, көңіл құпияларын ашатын болған. 
3. «Көкпар» ойыны. Үлкен тойда, аста көкпар берілетін болған. «Көкпар тартылады» дегеннен-ақ көкпаршы жігіттер алдын-ала аттарын баптаған. Той немесе ас иесі бір серкені ойынға арнап шығарған. Көкпаршылар екі топқа бөлініп, әлгі серкені тартысады. Бұл – өте күрделі, ерекше қайрат-күш пен амал-тәсілді талап ететін, аса қызғылықты ойын. 
4. «Қыз қуу» ойыны кезінде ұлттық киім киіп, жүйрік атқа мінген қыз бен жігіт бірін-бірі қуған. Қыз қашып, жігіт қуып жетсе, қыздың орамалын алады, не болмаса, бетінен сүйеді. Егер жігіт жете алмаса, қыз оны қамшының астына алады. 
2) Оқулықпен жұмыс: 
а) мұғалім оқиды; 
ә) оқушылар оқиды; 
б) сөздікті пайдаланып, аудару; 
в) жаңа сөздерден сөйлем құрау; 
г) сұраққа жауап беру. 
3) Оқушыларға үлестірмелі карточкалар арқылы тапсырмалар беру. 
4) «Қыз қуу» ойынын ойнату (бір қыз бен бір бала кезекпен мұғалім дайындаған сұрақтарды суырып, жауап береді. Кім сұраққа көп жауап берсе, соның аты алда келіп, жеңімпаз болады). 
1. Әнұранның авторлары кім? 
2. Қазақ тілінде неше жалғау бар? 
3. Иелік форма қалай жасалады? 
4. Зат есім дегеніміз не? 
5. Төрт түлік малды ата. 
6. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? 
7. Өзің туралы айт. 
8. Сөз құрамы неден тұрады? 
9. Досың туралы айт. 
10. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? 
11. Көптік жалғауларын ата. 
12. «Кітап» сөзін септе. 
13. «Отан» сөзін тәуелде. 
14. Абай Құнанбаев кім? 
15. Есімдік дегеніміз не, түрлерін ата. 
IV. Сергіту сәті:
«Тоғызқұмалақ» сөзіндегі әріптерді пайдалана отырып, жаңа сөздер табу. Мысалы, тоғыз, құмалақ, мал, т.б...
V. Сабақты қорытындылау: 
а) орысша, қазақша балалардың «Ұлттық ойындар» туралы не түсінгенін пысықтау; 
ә) мұғалім дайындаған тест сұрақтарынан ауызша жауап алу. 
VI. Бағалау. 
VII. Үй тапсырмасы: Ұлттық ойын түрлерін біліп келу. 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа технологиясы ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Мастер зеленого хозяйства

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 356 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.10.2016 9465
    • DOCX 142.2 кбайт
    • 91 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Атыгаева Самал Амирхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Атыгаева Самал Амирхановна
    Атыгаева Самал Амирхановна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23089
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Каллиграфия. Искусство красивого почерка

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1479 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 771 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по литературному чтению у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 222 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 059 человек

Мини-курс

Основы творческой фотографии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 223 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Мини-курс

Управление проектами: от планирования до реализации

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 22 регионов

Мини-курс

Развитие коммуникативных и здоровьесберегающих навыков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе