Инфоурок Другое Другие методич. материалыБаяндама "Басты мақсат - «Мәңгілік Елдің» ертеңгі болашағын олайтын азаматтарды тәрбиелеу"

Баяндама "Басты мақсат - «Мәңгілік Елдің» ертеңгі болашағын олайтын азаматтарды тәрбиелеу"

Скачать материал

 

                                                         Гүлмира  Бименова Ергалиевна

                                                   №34Лингвистикалықмектеп-гимназиясының

                                                   І санатты орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі

             

Басты мақсат - «Мәңгілік Елдің» ертеңгі болашағын олайтын азаматтарды тәрбиелеу

 

    Еліміздің егемендік алуына байланысты өз ұлтымыздың бала тәрбиелеу мен оқыту мәселесінде ғасырлар бойы жинақталған, асыл мұра ретінде осы күнге дейін жеткен озық ой-санамызды қорытып бір жүйеге келтіру, оны жалпы халыққа тарату, жастарымыздың бойында ең алдымен ұлттық дәстүрлер негізінде қайта тәрбиелеу-бүгінгі таңда кезек күттірмейтін мәселе.  Біздің ұлтымыздың мәдениетінде, тарихында, әдебиетінде, этнографиясында, халықтың білімінде, өмір тәжірибесінде педагогикалық озық идеялар молынан кездеседі. Ұлт даналарының  ұрпағына даналық сөздерін  ұрпақтан-ұрпаққа үлкен бір қамқорлықпен іріктеп , асыл ойларын  төкпей-шашпай жеткізуі халқымыздың даралық тұлғасы деп білеміз. Бұл ойларды біз ең алдымен халқымыздың ауыз әдебиетінен, ұлттық мәдениетінен, ұлттық тілінен, тарихынан өткен дәуіріміздің ұлы ағартушы педагогтарымыздың озық ой-пікірлерінен, ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымыздан білеміз.     

    Әлемнің негізгі тұрақтысы-адам. Адамның ақыл-ой парасаты ойдағыдай дамып жетілсе, дұрыс өсіп өркендей алады. Бақытты болу, қоғамдық тіршілікті жақсарту  барлығы да білімге байланысты. Қазіргі мақсатымыз «Мәңгілік Елдің» ертеңгі болашағын олайтын азаматтарды тәрбиелеу болса, оларды әлеуметтік өмірін үйлесімді тіршілік етуге даярлау мектептен, мұғалімдерден талап етіледі. Андри Барбюс: «Мектеп-жеткіншек ұрпақтың ойын қалыптастыратын шеберхана. Ал болашақты қолдан шығарғың келмесе оны қолда берік ұстау керек» деп айтқан болатын.  Түркі тілдес халықтардың аса көрнекті ақыны Жүсіп Баласағұнидың  “Құтты білік” дастанында адамгершілік нұсқаларын, қоғамдық саяси ережелері мен заңдарды, әдет-ғұрыптар нормасын қамтыған.  Дастанда көтерілген тәлімдік маңызы зор келесі бір мәселе -адамның мінез-құлқы, оның қоғамдағы орны туралы.  Адам-бұл дүниеге қонақ, оның өмірі өткінші, сондықтан ол артынан ылғида жақсы сөзбен жақсы ісін қалдырып отыруы қажет. Бүл үшін ол әркез жаман қылықтан сақтанып, адалдықпен жүріп-тұруы тиіс. Екі жүзді болмай, сөзбен істі бір жерден шығару қажет. Ол ақылдылықты адамның адам болуының, адамгершілік жағынан жетілуінің бірден бір өлшемі деп ақылдың көмегінсіз бұл дүниеде ешбір нәрсе шешілмейді деп түйіндейді. “Адамға оның ақылы ғана дос” “Парасат қараңғыдағы шырақ” “Ақылсыз адамның жануардан айырмасы жоқ” “Біліктілік пен ақылдыдық төбеңді көкке жеткізеді”. 
 Адам әр кез  ақылдылықпен  әрекет етсе ғана көздеген мақсатына жете алады  деп тоқтам айтады. Ақылды адам жұрт алдында құрметке бөленеді. Тіл адамды  көкке көтереді. Адам екі нәрседе қартаймайды: бірі оның-игі ісі, екіншісі-ізгі сөзі.
«Құтты білік» шығармасынан «Тіл  кісінің абыройын  арттырады, бақыт әпереді», «Сөзіңді күзет, басың  кетпесін, Тіліңді күзет, тісің сынбасын», «Тауып сөйлеген  сөз білгенге   саналады».«Көп сөйлеме, аз сөйле бірер ғана, Мың сөздің түйінін бір сөзбен  шеш»  немесе, Абайдың:

          « Ақылмен ойлап білген сөз

            Бойыңа жұқпай сырғанар  .

            Ынталы жүрек сезген сөз

             Бар тамырды қуалар» 

нақылдары мен  Д.И.Писаревтің «Ойдағы қателік сөздегі қателікті тудырады, сөздегі қателік істегі  қателікті тудырады» сөзінде , Платонның:  «Шешендік-сөзбен жүзеге асыратын әрі сөзбен барша жетістіктерге жеткізетін өнердің саласы , барлығының тізгінін өз қолына алған, барша өнердің қасиет-күшін жинақтаған деуге болады»деген  даналығында қанша көргендік, шындық жатыр десеңізші.  Оған бір мысал келтіріп өтейін. Жобамен айтқанда, ХVІІ ғасырдың 80-жылдарында Әз Тәуке хан Тайкелтір биге 14-45 жастағы Қаздауысты Қазыбекті тапсырып, жауды алмас қылышпен  ойсыратып жеңуге болады, мылтықпен дәлдеп атып жер жастандыруға болады, сегіз қырлы семсер сөзбен тереңнен толғап ,елжіретіп жеңуге болады деп, қалмақ қолынан   мал-мүлікті қаз қалпында қайтарып әкеліңдер деп тапсырма берген екен. Бір топ қазақ елшілеріне Қоңтәжі хан  арнайы киіз үй тігіп, қүтіп, қабылдау алдында бәйбішесі Қарабас ханымға :

     -Қазақта менімен тең  дәрежеде сөйлесіп, тізелескен дауда теңдік алатын ұл әлі туған жоқ,бәрін қырып салып, жылқыларын өзіме қосып алайын ба –деп бөсіпті.

  -Ең алдымен  келген  кісілерді көріп, сұхбаттасу керек.Оларды көрмей қырып тастау-хан басыңа лайық қылық емес-деп, басу айтады ханымы .

  Қазақ елшілерін Қалдан Бошақту шақырып  түсін суытып:

     -Ия, қазақтар, неменеге келдіңдер, айтатындарыңды айтыңдар да елдеріңе қайтыңдар-депті.Тайкелтір бидің жасқанып,бұғып сөйлегенін байқап қалған ханның мәртебесі аса түседі.Сол кезде босаға жақта отырған Қазыбек құстай ұшып, хан ға жетіп барады да:

         Ерден ердің несі артық,                                                                                      

         Ептестірген сөзі артық.                                                                                                                          

         Малдан малдың несі артық,

         Бір-ақ асым еті артық.

         Жерден-жердің несі артық,

         Міндетіне алған сөзден шегінген

         Аштан өлген аюдың өзі артық-

деп, шоқтай буырқанған көзімен тесіле қарап:                                                                      

    -Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтығыспай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды  ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз...Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.Сен- қалмақ, біз-қазақ, қарпысқалы келгенбіз. Қазақ, қалмақ баласы, табысқалы келгенбіз. ...Танысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз.Сен –қабылан болсаң, мен-арыстан, алысқалы келгенбіз. Жаңа үреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз...Берсең жөндеп бітіміңді  айт, не тұрысатын жеріңді айт-деп, келбеті келген сұңқар саңқылдаған даусымен түйдекті, жалынды сөздері меруерттей тізіп, бұршақтай жаудыртыпты.

     Ойлау қабілетінің аса жоғарылығы, жаратылыс дарытқан судай төгілген қасиетті тілінің оралымдылығы, сөйлеу мәдениетінің кемелдігі арқылы дұшпанын бордай егілткен. Ұлтымыздың ұлылық сипат белгілерін, мемлекеттік  мән-мағынасы өзгеше келелі, кесек істерін отты , сыршыл сезіммен, өрісі кең өнегелі лебіз-ғибратымен, біресе құйылта құйқылжытқан, тамылжыта толқытқан,  өрлете ойын өлеңмен өрнектеп мірдің оғындай екпінді сөздерімен Жоңғар ханның тіл-аузын аштыртпаған.

       Мұхамедсәлім Кәшімов 1907 жылғы «Үгіт»кітабында «Әр сөздің ең әуелі жақсы ойлап, тиісті болса ғана сөйлеу керек.Сөз сөйлеу мылтық ату сияқты, бір адам мылтықты сығаламай, тураламай атып жіберсе, ол оқ не кісіге я малға тисе, ол адам не болады ? Сөз де сол сияқты ,айтып жібергенше сақтау керек. Бір айтып қойған соң  қайтарып алып болмайды. Өзді бір тілмен сөйлесек те, сөздің орны тілде емес, сөздің орны көңілде.Соған қарап айтатын сөзді айтпас бұрын, көңілмен пайдасын,зиянын ойлау керек »-деген сөзі еске оралады. 

Уыздай жас Қаздауысты  Қазыбектің тапқырлығы мен алғырлығы, зерделігі мен саналығы, батырлығы мен батылдығы арқасында қазақ елшілерінің жорытқанда жолы болуы қазақ баласының дүниетанымдығының кеңдігінен, даналығы мен шапшаңдығынан, әрі аса тегеуірінді ойлау мүмкіндігінен туғандығын байқауға болады.                                   

Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар  ұлы, ержүрек қолбасшы, жазушы, Қазақстанның Халық Қаһарманы батыр Бауыржан Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиет сөздерінің  алатын орны ерекше.Мысал келтіретін болсақ: «Ерлік-елдің қасиеті, жүректілік-жігіттің қасиеті», «Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та, мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады», «Батырлық тәуекел мен ақылдың есебінен шығуға тиіс,Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал ақылсыз тәуекелді ештеңе де ақтап ала алмайды» ,

Ұлтжандылық – бұл ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықтан көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа, ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салт - дәстурімізді жатқызсақ, тіл - қазақ болуымыз үшін, дін - адам болуымыз үшін, салт – дәстүр - ұлт болуымыз үшін қажет. Ол елінің өткен тарихын мақтаныш тұту, жерінің байлығына, әсем көркіне сүйсіну, атадан балаға жалғасып, жақсы үрдісін тапқан ұлттық тілді құрметтеу.                                          

Егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде әр тәрбиешінің, әр ұстаздың ең басты мақсаты - дені сау, ұлттық сана - сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениеті, парасаты, ар -ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу. Қорыта айтқанда, оқушының көкейіне патриотизм туралы ой сала білсек, үлгі көрсетсек, онда заманға сай, қоғамға керекті азамат, отансүйгіш, елсүйгіш азамат, елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз. 
     

                     Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Жастарды патриотизмге тәрбиелеу - мұғалімнің басты міндеті // Қазақстан орта мектебі .2005 , №9 , 7 - 9 бет. 
2. Патриоттық тәрбие және Б.Момышұлы // Қазақстан мектебі – 2005 ,№8 ,72 - 73 бет.                                                                                                                                       3. С.Негимов  Шешендік өнер//1997 ,54-55 бет

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Басты мақсат - «Мәңгілік Елдің» ертеңгі болашағын олайтын азаматтарды тәрбиелеу""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Бизнер-тренер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 624 860 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.01.2016 1171
    • DOCX 19.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бименова Гульмира Ергалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бименова Гульмира Ергалиевна
    Бименова Гульмира Ергалиевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16473
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой