1042166
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 1.410 руб.;
- курсы повышения квалификации от 430 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 90%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до конца апреля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

ИнфоурокФизическая культураКонспектыБаяндама «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»

Баяндама «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

«Білу ғана аз, сол білгеніңді

істе қолдана білуің керек»

И. Гете.

Баяндаманың тақырыбы:

«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»



Қазақстан  Республикасындағы  білім беруді дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасы «Қазіргі заманғы білім беру жүйесін құру, оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына және кәсіптік құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда»  және  педагогтердің кәсіби құзіреттілігін дамыту «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл» жоспарының мақсатын жүзеге асыруға да бағытталады. Ол мақсат оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Сонымен қатар, ол орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып табылады.

Бұл өзгерістерге дайын  болу  үшін  білім беру жүйесінде  қарқынды  жұмыстар жүргізілуде. Ал, бұл өзгерісті жүзеге асыратын педагогтер. Педагогтерді  өзгерістерге  дайындау, олардың кәсіби құзіреттілігін дамыту  біліктілікті арттыру жүйесінің еншісі.

Дене шынықтыру пәні мұғалімінің ерекшелігіне байланысты оқытылатын пәннің теориялық мазмұнын жетік біліп,  оны оқушыларға жеткізе алатын кәсіби құзыреттілігі болмаса, ондай мұғалімнің еңбегі нәтижелі бола алмайды.

Құзыреттілік латынның «competentis» — бейім сөзінен пайда болған, қандай да бір оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті жеке тұлғаның орындай алу қабілеттілігі, яғни бұл адамға берілген немесе жүктеген істі нәтижелі түрде орындауын бағалау мінездемесі. Бұл адамның бойында өзіндік, жауапкершілік, жаңалықты жоғары қабылдайтын, мәселені шеше алатын, адамгершілігі мол, білімі жоғары, жаңа технологияларды меңгерген, ұжымда жұмыс жүргізе алатын, белсенділік қасиет - қабілеттерінің   болуы.Ал, кәсіби құзіреттілік – жеке тұлғаның кәсіби іс – әрекетті арттыруға бағытталған тоериялық және тәжірибелік әзірлігі мен қабілеттілігінің бірігуі.

Кәсіби құзіреттілік деп оқытушының жеке бас сапалары мен оның психологиялық – педагогикалық және теориялық білімнің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады. Мұғалім өз ісінің шебері болу үшін мамандығына қажетті қабілеттерді және жалпы әлемдік спортты, өз елінің спорт мәдениетін меңгеріп әлемдік білім кеңістігінің өрісінен шыға алуға талпынуы керек. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін дамытуда еңбек өтілі мен тәжірибесі үлкен рөл атқарады.

Білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңарулар мұғалімнен кәсіби біліктілігін үнемі көтеруді қажетсінеді. Сондықтан да кәсіби біліктілігі, шығармашылық ойлауы жоғары мұғалімге деген сұраныс көп.

Осымен байланысты мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту үшін төмендегідей жұмыстарды жолға қойған дұрыс болар еді:

· Спорттық ойындардың техникасын және дағдыларын жандандыру;

· Педагогикалық-психологиялық инновацияларды меңгеру;

· Әр түрлі формада жаңа технологияны меңгеруге көмек көрсету;

· Оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыру;

· Өзара іс-тәжірибелермен алмасу, т.б.

Бұл жұмыстардың барлығы да дене шынықтыру пәні мұғалімінің өзінің жеке басының қызығушылығы болғанда ғана жүзеге асатынын ұмытпаған жөн. Сондықтан пән мұғалімі өз кәсібін терең меңгерумен қатар жақсы көру және оны үнемі жетілдіріп, кәсіби деңгейіңді көтеріп отыру қажет деп санаймын. Өзінің кәсіби деңгейін көтеріп отыру – мұғалімнің қоғам және оқушы алдындағы басты міндеті.

Дене тәрбиесі пәні мектебімізде барлық оқу - тәрбие түзілімімен тығыз байланыста жүргізіліп, оқушылардың өмірінде маңызды орын алады.Тек сабақты сауатты ұйымдастырып, оны жоғары деңгейде өткізу арқылы ғана мектеп оқушыларының дене дайындығы мен дене бітімінің дұрыс дамуына тиісті дәрежеде қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан сыныптан тыс жұмыстарды да қосымша жүргізу қажет. Біздің мектепте сыныптан тыс жұмыстарға көп көңіл бөлінеді. Арнайы дене шынықтыру айлығы жоспарланып, пәндік үйірмелерге оқушыларды көптеп тартып, спортқа деген қызығушылықтарын ояту арқылы сабақтарын жақсы оқуға, тәртібін түзеуге көмектеседі. Атап айтқанда біз жыл сайын дәстүрлі түрде бастауыш, негізгі, жоғары сынып оқушылары арасында мектепішілік спартакиада, жарыстарды көптеп өткіземіз. Бағдарламасына баскетбол, волейбол, футбол, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, элементтері кіреді. Біз мектепте өтетін әр жарысқа оқушылардың көптеп қатысуына мән береміз. Себебі, спорттың баршаға бірдей болуы – мектепте өткізілетін дене шынықтыру мен сауықтыру шараларының басты мақсаты. Сондықтан әр оқушы осындай шараларға қатысу арқылы өзін танып, өзінің ортақ іске қатысы барлығын сезінуі керек.  

Енді өзім 10 жылдай жүргізген волейбол үйірмесінің жұмысына толығырақ тоқталайын. Үйірме - бұл сыныптан тыс жұмыстың ең белсенді әрі тиімді формаларының бірі, мұндағы тарау-тақырыптар кеңейіп, тереңдей оқытып, үйретіледі.

Үйірме кезінде оқушынының кәсіби мүмкіндігі мен қызығушылығын есептей отырып, еңбекке деген ынта-ықыласын нығайту және мамандықты саналы түрде таңдай білуге даярлау. Оқушыларды волейбол ойынын ойнап қана қоймай, болашақта кәсіби спортшы болуға, денсаулықтарын нығайтуға әсерін тигізеді. Командалық ойын барысында оқушылардың адамгершілік сезімдерін дамытып, жеке басының шеберлігін арттыруға , олардың жеңіске деген жігерлерін күшейтіп, патриоттық сезімдерін оятады.

Оқушылар таңдау үшін әр оқу жылының басында оқушылар арасында жарыс өткіземін. Осы сайыстан соң қатысатын оқушыларды іріктеп аламын.
Жаңа оқу жылының басында осы оқушылар медициналық байқаудан өтеді. Медициналық байқаудың қорытындысы бойынша дене тәрбиесі пәніне қатысуға рұқсат алған оқушылар бірден жаттығуға кіріседі. Жыл бойы тек мектеп ішінде ғана емес басқа аудандық, облыстық, қалалық мектептерге жолдастық кездесулерге іссапарға жиі шығамыз. Оқушылар өзара тәжірибе алмасу арқылы бір-бірімен жете танысып, спорт саласындағы жаңалықтардан құлағдар болып, дүниетанымдары кеңейеді. Тек оқушыларды қатыстырып, талап етіп қана қоймай мектепте жасағалы бері өзім де волейболдан аудандық, қалалық, облыстық, республикалық жарыстарға жиі қатынасамын. Бұл да өзіңнің кәсіби білігіңді шыңдаудың бір түрі. Кәсіби білігіңді үнемі жетілдіру және жас ерекшелігіңе қарамастан қимыл белсенділігіңді арттыру арқылы оқушыларды пәнге деген қызығушылықтарының өсетіні сөзсіз. Сондықтан әдістемелік тақырыбымды да

«Дене шынықтыру сабағында оқушылардың қимыл белсенділігін арттыру» деп алған болатынмын. Алға қойған мақсатым – оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, дене шынықтырумен, спорт түрлерімен айналысуға дағдыландыру.

Осы бағытта өзім және шәкірттерім де әр түрлі аудан, облыс көлеміндегі жарыстарға қатысып және жүлделі орындарға да ие болды. Мұндай жақсы жетістіктерге жету үшін көп дене жаттығулары мен үнемі қажырлы талмай еңбектену қажет. Демек, педагогикалық ізденістердің және кәсіби білігіңнің дамуы нәтижесінде оқушылардың бойында нәтижелі дене жаттығулары дағдылары қалыптасады.


Общая информация

Номер материала: ДВ-419124

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Физическая культура и спорт: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Основы управления проектами в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС технических направлений подготовки»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности по подбору и оценке персонала (рекрутинг)»
Курс повышения квалификации «Разработка бизнес-плана и анализ инвестиционных проектов»
Курс профессиональной переподготовки «Организация менеджмента в туризме»
Курс профессиональной переподготовки «Организация тренерской деятельности по физической культуре и спорту»
Курс повышения квалификации «Дополнительное образование в системе спортивного менеджмента по ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация тренерской деятельности по адаптивной физической культуре и спорту»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и методическое обеспечение процессов физкультурной и спортивной деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Спортивный менеджмент: управление в области физической культуры и спорта»
Курс профессиональной переподготовки «Метрология, стандартизация и сертификация»
Курс профессиональной переподготовки «Гостиничный менеджмент: организация управления текущей деятельностью»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и методическое обеспечение процессов физкультурной и спортивной деятельности в отношении лиц с ограниченными возможностями здоровья»
Курс профессиональной переподготовки «Технический контроль и техническая подготовка сварочного процесса»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.