Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Баяндама Білім беру мен білім алудағы әдіс-тәсілдер.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Баяндама Білім беру мен білім алудағы әдіс-тәсілдер.

библиотека
материалов

Білім мен ғылымды өз

дәрежесіне меңгерген

елдер ғана дамудың

алдында болады.

Н.Ә.Назарбаев


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. [1]

Егеменді еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар иесі - бүгінгі жас ұрпақ. Егеменді еліміздің еңсесі енді көтеріліп , тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім.

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман талабына сай болуы үшін - әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты, білікті болуды талап етеді.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уарт жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады деген екен. Ал XXI ғ. нағыз ұстазы қандай болмақ, кәзіргі заманда Егеменді еліміз тәуелсіз жеріміздің болашағы жас өсіп келе жатқан ұрпақ қолында. Сол ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар сан түрлі әдіс тәсілдер қолдануда. Кәзір таңда мұғалімдер алдында білім жүйесін, заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап білімге бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда.

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр

түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің,

оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы,типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады.

Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын,


[1]-Қазақстан халқына Жолдауы. «Атырау» газеті 2013ж. 2 бет.

объективтiк қатынастарды қалыптастырады.Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз.

Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.

Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.

Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.

Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.

Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.

Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.

Жаңа педагогикалық технологиялардың ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту, инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы – тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

Білім саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін,мектеп ұжымында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзрерістерді сабақтарда енгізіп отырады.Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес.

Білім беру жүйесін жаңғырту барысында педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор.Мектептер мен жобалар оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет.

Әр өңірде педагогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс.”Қазақстан Республикасының Президенті – ЕлбасыН.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткендей, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттер көзделді. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс. [2]

Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге жол ашады. Сондықтан сабақ барысын жаңаша ұйымдастыру қажет.

Оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру керек деп есептеймін. Әр сабаққа дайындық – мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. Сабақты ыңғайына қарай түрлендіре түссе, әр сабақта жаңа әдіс – тәсілдерді қолданса, сабақтың мазмұны ашылады. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек», - деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі, сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді деп есептеймін. Қазақтың болашағын тәрбиелеу мен білім беру ісінде әлемдік стандартқа сәйкес білім беруді темір қазық қылып ұстансақ қателеспеспіз деп ойлаймын.

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің педагогтарын Кембридж университетінің білім берудегі тәсілдерін үш деңгейлі курсарқылы жаппай оқыту қолға алынған.

Білім берудің кешенді міндеттерін және мұғалімнің әртүрлі жағдайларда жұмыс істейтіндігін ескерсек, тиімділік деген сөзге аса мән беріп сол курста негізге алынған жеті модуль туралы қысқаша тоқталайын.

«Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» өз бетімен білім ала алатын және алған білімін өмірдің түрлі жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңарған технологияларына көшу талабын қойып отыр. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасынан күтілетін нәтижелер оқушылырдың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел уәждерін нанымдарын жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір – көзқарастары жүйелі дамыған, оқушы ретінде қалыптастыру. Оқушыларға білім беруде жаңашыл технологияларын қолдану инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Үш айлық үшінші (базалық) деңгейлі педагог қызметкерлердің біліктіліктілігін арттыру курсын 2012 жылы сәуір айынан бастап шілде айы аралағында өз дәрежесінде оқып аяқтадық.

І ай – бірінші «Бетпе-бет» кезеңі.
ІІ ай – мұғалім өз мектебінде тәжірибелік жұмыс жүргізу.
ІІІ ай – екінші «Бетпе-бет» кезеңдерінен тұрады.



[2]-Қазақстан халқына Жолдауы. «Атырау» газеті 2014ж. 17 қаңтар 1бет.

Бағдарламаның мақсаты:

Педагог қызметкерлердің қосымша білім мен білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін білім берудегі инновациялық үдерістерге қолдау көрсету.• Оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез - келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету..
Бағдарламаның міндеттері:

1. Жеті модуль мәнмәтінінде Бағдарламаның теориялық негіздерінің тұжырымдамалық түсінігін қалыптастыру.

2. Теориялық тұжырымдаманың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

3. Мұғалімдерді кәсіби-қоғамдастық аясында белсенді жұмыс істеуге дайындау.

4 Педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу.

Бағдарламадан күтілетін нәтижелер:

Бағдарламаның негізін құрайтын жеті модуль мәнмәтінінде мұғалімде тұжырымдамалық түсіну негіздерінің және тәжірибелік дағдылардың қалыптасуы;

мұғалімде өз тәжірибесі туралы сыни тұрғыдан ойлану (рефлексия) дағдыларының, өзін-өзі жетілдіру қабілетінің болуы;• мұғалімнің оқушыларды білім алуға тарту үдерісін жандандыру әдістемесін меңгеруі;

мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығы аясында белсенді жұмыс істеуге дайын болуы. Осы мәселелерді шешу мақсатында оқытудың әр түрлі әдістерін қарастыруға болады. Соның ішінде Кембридж университетінің ұстаздары ұсынған оқытудың жеті модулін айтуға болады.

Бұл модульге жататындар:

1) Білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдері.

2) Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3) Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

4) АКТ - ны қолдану.

5) Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс.

6) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты білім беру және оқыту.

7) Білім берудеі көшбасшылық және басқару.

1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

Оның бірі – диалог. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтың шәкірттердің өзіндік ой - пікірін жүйелі дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді. «Қалай оқу керектігін үйрену» оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.

2. Сыни тұрғыдан ойлау.

Бұл оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін табуды қажет ететін негізгі ерекшеліктер: ұтқырлық ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу, сұрақтар қою, дәлелдерді талап ету, белсенді. Сыни тұрғыдан ойлаудың көптеген құралдары бар. «Алты қалпақ», «Миға шабуыл», «Кубизм», «Екі түрлі күнделік», «БҮБ» тб стратегиялық әдіс - тәсілдер арқылы жүзеге асыруға болады. Егер де мұғалім өзі сыни ойлай алса, оның шәкіртіде сыни тұрғыдан ойлай алады.

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Оқудың тиімді бағасын және оқыту үшін тиімді бағаны түсіну оқыту мен оқудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер үшін де осы түсініктің мәнін білу қажет, өйткені ол оқуда алға қадам басуға және оған қолдау көрсету үшін керек. Бағалаудың екі түрі бар. Ол формативті яғни қалыптастырушы, суматифті ол қорытынды баға болып табылады. Оқушыларды мадақтап, үнемі ынталандырып отыру керек. Бағалау техникасының түрлері «Өзін - өзі бағалау», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Жұптық бағалау»

4. Оқыту мен оқуда АКТ – ны пайдалану.

АКТ - ол мұғалімнің көмекші құралы. Оқушыларда сандық технологияларда құзырлық таныта білулері қажет. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту аса маңызды. Қазіргі таңда білім беру саласында жоғары жетістіктерді анықтайтын және ынталандыратын бірқатар өңірлік, ұлттық, халықаралық сайыстар мен бағдарламалар жүргізіледі. Талант ол туа біткен қасиет, ал дарын барлық балаларда бірдей бола бермейді. Талантты және дарынды балаларға кеңейтілген тапсырмалар және деңгейлік тапсырмалар беріліп отырады. Қазіргі таңда инклюзивті мектептер ашылып тәжірибе жасалып жатыр. Оқуда сау балалар мен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларда бірге оқылады.

6. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту.

Танымдық даму – баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Танымдық даму оқуға деген қабілеттілік, сондай – ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу, және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты. Аталған зияткерлік қабілеттер ойлау үдерістерінің сипаты және жасына қарай олардың өзгеру ықтималдығы туралы маңызды ақпараты бар танымдық даму теориясы негізінде сипатталады.

7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға мұғалім. Мұғалімнің ұстанымының көзқарастарын қалыптастыру барысына зор ықпал етеді, ол көзқарасы белгілі бір шешімдердің қабылдануы мен сыныптағы іс - әрекеттерді түсіндіру көзі болып табылады. Сондықтан кез келген мұғалімнің оқыту құралдар оның өз болжамдарының, білімі мен ұстанымының, көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс. Құзырлы мұғалімнің алдында оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Осылайша оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты бола алады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбінесе сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Мұғалімнің үш көмекші құралы бар. Ол бас, қол, жүрек.Бас - тұғырлы теориялық білімге негізделген және оқыту мен оқушылар туралы жеткілікті білім болуын талап етеді.Қол - жұмыс жүргізу, түзету мен оқытуды бағалау сияқты тәсілдер арқылы идеяларды түсіндіре білудің техникалық, тәжірибелік дағдыларымен тәсілдерін білуді талап етеді.Жүрек - ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұстанады, шыншыл, батыл, төзімді, оқушыларға аяушылық мейірім және құрмет көрсете білетін әділ адамдар.Мұғалім сұрақ қоюдың өзін жете білу керек. «бастама – жауап - кейінгі әрекет» мұндай жағдайда сыныптағы оқушылардың білім алуына ықпал ететін диалогтік сұхбат құруға мүмкіндік берілмейді. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрті болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты түрлі техникаларын пайдалануға болады.Түрткі болу; түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет.Сынақтан өткізу анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдірген, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей құрылуы қажет. «Сіз мысал келтіре аласыз ба?»

Қайта бағыттау сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау « Көмектесе алатындар бар ма?» Диалогтік тәсіл арқылы оқушылар сындарлы сөйлеуге, оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды, білімге құштарлықты дамытады, зерттеуге ынталандырады, оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі.

Англияда осы бағдарламаменжұмысжасайды.Бала тәрбиесін бірінші орынға қояды.Оқушының тәртібі,денсаулығы,т.б. Мәселелер ата-анамен келісім шарт негізінде орындалады.Бастауыш сынып оқушыларына бағыт береді,видеолар көрсетіледі,сұрақтар қойылады. Ал, жоғарғы сыныптарға тапсырма беріледі, жаңа сабаққа оқушылар өздері дайындалады.Мектеп бітіргеннен кейін, бір-екі жыл жұмыс жасайды екен. Кейін өзіне ұнаған мамандығы бойынша оқуға түсіп, білім алады.Сыныптарда тақырып бір болғанмен, әдіс-тәсілдер әр түрлі болады. Себебі сыныптың ахуалы мен ерекшелігіне негізделіп сабақ жоспары жасалады.

Астана қаласында физика-математика бағытындағы алғашқы Зияткерлік мектеп 2009 жылы Елбасының қатысуымен ашылған болатын

Астана қаласында Халықаралық мектеп 2013 жылы бірінші қыркүйекте 1-ші сыныптары үшін есігін айқара ашты.

Бұл мектептерді ашудағы басты мақсат — үш тілді еркін меңгерген ғылыми көшбасшы бола алатын түлектерді даярлау және Қазақстанның әлемдік ғылым мен техника кеңістігіндегі бәсекеге қабілетті ұлттық элитасын қалыптастыру.

Мектеп Қазақстан Астанасында жоғары, сапалы, халықаралық білім алуға мүмкіндік береді.Бұл ХХІ ғасырдағы табысқа жететін негізі болып табылады, Дүниежүзіндегі бастауыш мектептерге арналған «Жылдам дамитын» бағдарламамен жұмыс жасайды. Бұл бағдарламамен әлемнің 85 елі жұмыс жасауда. Бағдарлама мазмұны мемлекеттің ұлттық стандартпен үлесімен ықпалдастырылған.

Бағдарламаның ерекшеліктері:

* Оқушыларға алған білімдерін оқудағы және өмірдегі мәселені шешуде пайдалануды үйретуге бағдарлау.

* Тілдерді деңгейлік үйретуді ұйымдастыру.*

*Пәндердікіріктіру. *Жаңа пәндерді енгізу

Зиялы азаматты – сана әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан және жаңашыл ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды тәрбиелеуге ұмтылатын білім беру бағдарламасында тәрбие мен оқыту ажырамас байланыста болады.

Орта білімнің маңызын белгілейтін құндылықтар:

*Құрмет

*Әріптестік

*азаматтық жауапкершілік

*ашықтық

*өмір бойы білім алу.

    Белгіленген құндылықтар аясындағы Зияткерлік мектептердің мақсаты – жоғары білімді, шығармашыл адамның үйлесімді тұлғаланып, дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін жасау. Зияткерлік мектеп түлегі кең ауқымды дағдыларға ие болады. 

Нақтырақ айтқанда:

Сын тұрғысынан ойлау

*білімін шығармашылықпен пайдалана білу

*зерттеушілік дағдылары

*АКТ дағдылары

*топта және жеке жұмыс істей білуі коммуникативтік дағдылары (тілдік дағдыларын қоса алғанда)

қойылған міндеттер мен күрделі мәселелерді шеше білу дағдылары қалыптасады

Зияткерлік мектептер білім беру процесін орта білімнің үш деңгейіне сәйкес жүзеге асырады:


ДЕҢГЕЙЛЕР

ЖАСЫ

СЫНЫПТАР

Мектепке дейінгі білім

3-5 жас

Балабақша (кіші, орта және ересектер тобы)

Бастауыш мектеп

6-11 жас

1-5 сыныптар, бастауыш сыныптар

Мектепке дейінгі білімнің негізгі міндеті – жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, әрқайсысына жеке ықпал ету арқылы балалардың қабілеттері мен дарынын дамыту, бастауыш мектептің білім беру бағдарламасын игеруге дайындау. Білім беру процесі ойын және оқыту іс-әрекеті арқылы қамтамасыз етіледі.

Бастауыш сыныптар (1-5 сыныптар)

Бастауыш сыныптардың негізгі міндеті – алғашқы оқу дағдыларын дамыту және пропедевтикалық білімді қалыптастыру. Бұл сыныптарда адам, табиғат, қоғам туралы білімдерді игеру және баланың қоршаған ортаны алдағы уақытта кеңіректануына, әлемдегі өз орнын табуына, тұлға ретінде ашылуына, санасының дамуына негіз болатын, оқуға қажетті білімдер мен дағдыларды қалыптастыру үшін барлық жағдайлар жасалған.

Бастауыш сыныптарда жаратылыс тану ғылымдарының (физика, биология, химия) алғашқы баспалдағы болып табылатын «Біріншітіл мен әдебиет»; «Ғылымға кіріспе», гуманитарлық ғылымдардың (тарих, география, қоғамтану) негізі болып табылатын «Әлемтану»; Бейнелеу өнері, музыка мен еңбекке баулуды біріктірген «Өнер»; АКТ бастапқы дағдыларын қалыптастыратын «АКТ» кіріктірілген пәндері енгізілуде.

Бастауыш сыныптардың бір ерекшелігі бастауыш сыныптың мақсаттары мен міндеттерін кеңейту; жаңа пәндерді ендіру; оқу процесінің қарқынын ұлғайту; балалардың психологиялық жас ерекшеліктері секілді факторларға негізделген оқу ұзақтығының артуы болып табылады.

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Екі шыбын»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға «Екі шыбын» өлеңінің мазмұнын меңгерту, мән-мағынасын ашу. Өздегінен жұмыс істеу арқылы ой-өрісін дамыту, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Еңбексүйгіштікке, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.

Психологиялық сәт

-Көңіл - күйлеріңіз қалай?

-Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?

-Ынталарыңыз ше?

hello_html_12ee7491.png

  1. Бірін-бірі тыңдау

  2. Ойын ашық айту.

  3. Сабаққа түгел қатысу.

  4. Ұйымшыл болу.06122013648.jpg

5. Уақытқа бағыну.

Үй тапсырмасын тексеру.

Сапарғали Бегалин

«Қырдың жас түлегі»

Топпен жұмыс

1- топ

Шоқанның өмірі.

2 -топ

Анатолийға мінездеме бер.

3- топ

Шоқанға мінездеме бер.

Үй тапсырмасын пысықтау.

1.Анатолийдің қылығы дұрыс па?

2. Сенің сыныбыңда осындай балалар бар ма?

Жаңа сабақ:

«Адамға тіл, құлақ қандай керек болса... білім де сондай керек.»

Ахмет Байтұрсынұлы

XXI ғасыр- білім мен ғылымның ғасыры.

Біліммен мықты қаруланған адам ғана кез-келген қиындықтарды жеңіп шығады.

Білімдінің алды жарық,

Білімсіздің күні ғаріп,- деген сөз осыдан шықса керек.

Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы дүниеге келіп, 1938 жылы дүниеден өткен. А.Байтұрсынов –көрнекті ғалым, дарынды ақын, қоғам қайраткері. Ол Қостанай облысы Сартүбек деген жерде туған. Ол арап әрпі негізінде тұңғыш рет қазақтың әліппесін жазды. «Қазақ» деген атпен газет шығарды. Ахмет Байтұрсыновтың еңбектері «Маса», «Қырық мысал», «Тіл тағылымы» атты кітапқа жинақталып , басылып шыққан. А.Байтұрсынов ұлтшыл деген жаламен тұтқынға алынған. Ол жазықсыз жалаға ұшырады.

Аудармалары

Пушкин «Ат», «Алтын», «Балықшы мен балық», «Данышпан Аликтің ажалы»

Вальтер «Алтын әтеш»

Крылов «Аққу шортан һәм шаян», «Егіннің бастары», «Өгіз бен бақа»

Ой шақыру

Ызыңдап ән салады,

Жұп-жұқа қанаты. F:\Нұргүл апай\Эля\06122013654.jpg

Тәттіге тамсанып,

Қоқысқа қонады.

Оқулықпен жұмыс

- Өлеңді мәнерлеп оқу.

- Іштей оқу.

- Тізбектей оқу.

- Жеке мәнерлеп, тұтас оқу.

Сөздік жұмысы

Шылауында – біреудің ырқында, жетегінде

Топпен жұмыс

1. Өгіз қайдан келе жатты?

2. Шыбынға кім кездесті?

3. Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары оның қай кітабына енгізілген?

4. Оның қандай мысалын оқыдық?

5. Мысалдан қандай әсер алдыңдар?

6. Мысалды қалай өмірмен байланыстыруға болады?

Кестемен жұмыс

1-ші шыбын қандай?

2-ші шыбын қандай?

06122013653.jpg

Сабақты бекіту

-Ақынның негізгі ойы жазылған өлең жолдарын тап.

-Өлеңді рөлге бөліп оқыңдар.

- Мысалды сахналап көріңдер.

06122013652.jpg

«... Көп күлкіден болар, көзілдірігін қолына алып, жасаураған көзін орамалымен сүртіп тұрып Ахмет балалардан:

  • Мұның бәрін қайдан жаттап жүрсіңдер?» деп сұрады.

  • Өзіңіз жазған оқулықтардан...

  • «Әліпбиден»

  • «Тіл құралдан»...

(Әмірхан Абдуллин)



C:\Users\User\Desktop\imgpreview (5).jpg









Үйге тапсырма беру .

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Екі шыбын туралы эссе жазу.

Бағалау

F:\Нұргүл апай\Эля\06122013651.jpg

(Топ басшылары бағалайды, жалпы сыныпта кім ұнады?)


Топтық жұмыста оқушылар бір-бірімен сыйластықта болып, жауапкершіліктері артады, топта барлық мүшелерінің бір-бірін тыңдау, күту шыдамдылығы, сөйлеу дағдылары қалыптасады, мұғалімнің , оқушылардың топ ішінде сөйлеуін бақылау және қажет кезде кірісіп сөйлеп кету еркіндігі тең дәрежеде болады, терең түсінік пен ойлаудың дамуы арқылы оқушының сөйлеу дағдылары дамиды, жұмыс жасау кезінде топ мүшелерінің қабілетіне, олардың бір-біріне дұрыс көзқараспен қарап, ойларын құрметтеуге машықтанады, бір-біріне көмектесіп, ойларын ортаға салып, өздерінің білім алуын көтермелейді

Жеті модуль кіріктірілген сабақтың тиімділігі 1. Барлық оқушылар сабаққа өте белсенді қатысады.

2. Олар сабақта бір орында отыра бермейді.

3.Барлық оқушылар өздерін еркін сезінеді.

4. Олар бір нәрсені қате айтамыз деген қорқыныштан арылады,

5. Оқушылардың ойлау қабілеттері ізденіске кіреседі.

6. Жауапты бірлесіп іздейді,жолдастық көмек, бір-біріне деген жауапкершілік сезімі пайда болады.

7.Сабақ қызықты өтеді.

8. Ең бастысы олар бір-біріне әсер етеді, бір-бірінен үйренеді.


hello_html_72742654.png


hello_html_m7a915bd4.png


Бір сөзбен айтқанда, «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» сапалы білім бағытымен болашаққа қанат қақтыратын білімпаздарды даярлауға толық мүмкіндігі қалыптасқан. Ендеше, индустриялық дамудың жаңа сатысына араласатын бүгінгі мектеп қабырғасындағы бүлдіршіндерге де келешектің үлкен үміті жүктеледі.













Пайдаланылған әдебиеттер

[1]-Қазақстан халқына Жолдауы. «Атырау» газеті 2013ж. 2 бет.

[2]-Қазақстан халқына Жолдауы. «Атырау» газеті 2014ж. 17 қаңтар 1бет.

  1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы.

  2. Мемлекеттік білім бағдарламасы.

  3. Б.Тұрғанбаев «Шығармашылық қабілеттерді дамыту» 1999ж.

  4. Б.Мұханов «Мұғалімнің оқушылармен өзара қарым қатынасы»

  5. Курт Мередит, Джинни Стил, Чарльз Темпл, Скот. Уелтер. « Сыни тұрғысынын ойлауды дамыту. Әдістемелікт құрал. » 2007.

  6. «Ұстаз» ғылыми әдістемелік – журналы 2007ж .

  7. «Дауыс пен көрініс» журналы, 2006-2007 ж.
















15


Автор
Дата добавления 03.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров625
Номер материала ДВ-412859
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх