Инфоурок Всеобщая история СтатьиБаяндама, БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ

Баяндама, БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ

Скачать материал

БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ

 

Бекенова Айгүл

139 орта мектебі

Қызылорда облысы

Сырдария ауданы

 

«Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу»

А.Байтұрсынов

 

ХХІ ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар және экономикалық өзгерістермен ерекшеленеді. Кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары, халықаралық деңгейге сәйкес бәсекеге қабілетті білімді жеке тұлғаны тәрбиелеу - мемлекеттің ең маңызды стратегиясы.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «…педагог қызметкерлердің тиісті білім беру деңгейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары сақталған кезде педагогтік қызметті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға құқы бар» деп атап көрсеткеніндей, әлемдік бәсекеге қабілетті білім беру үшін мұғалім инновациялық педагогикалық технологияны оқу тәрбие үрдісіне енгізіп, өзінің инновациялық даярлық деңгейлерін арттыруы тиіс. [1.63 б.]

Бүгінгі қоғамдағы түрлі өзгерістерге байланысты республикамызда жалпы білім жүйесін қайта құру, ұлттық мектептерде білім және тәрбие беру саласын жаңарту мәселесі қолға алынып отыр. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде.

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.

Білім беру жүйесіндегі өзгерістер «белсенділік», «инновация», «әдіс», «тәсіл», «интерактивті оқыту әдісі», «педагогикалық технология» ұғымдарының мәнін жете түсінуді талап етеді.

«Инновация» деген латын сөзінен аударғанда (жаңа, жаңару, өзгеру, жаңа нәрсені ендіру, жаңашылдық) деген ұғымдарды білдіреді. Педагогикалық әдебиеттерде: инновация-«жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «жаңашыл әдістеме» деген мағынада пайдаланылады.

А.М.Саранов «Инновациялық білім беру жүйесін дамытудың теориялық негіздері» атты еңбегінде «инновациялық процесс - жананы құру, тарату және қолдануға бағытталған процесс, оның құрылымы жаңаны пайдалану идеяларынан туындайды» - деп атап көрсетеді.

Инновация жаңаны ендірудің соңғы нәтижесі немесе практикалық іс-әрекетке пайдаланылатын технологиялық процесті жетілдіру ретінде қарастырылады.

Педагогикалық еңбектерде инновациялық процестің мынадай кезеңдері анықталған:

1. Жаңа ұғымды ашу, бұл жаңа идея немесе жаңалықтың тұжырымдамасының (концепциясының) пайда болу кезеңі, ғылыми іргелі немесе қолданбалы зерттеулердің нәтижесі;

2. Жаңаны ендіру, жасап шығу, яғни нақты материалдық немесе рухани құнды үлгіні ұсыну;

3. Жаңаны тәжірибеде қолдану кезеңінде жаңа ұсынысты алып, өңдеп, толықтырып, тұрақты, нақты тиімділігі анықталғанша сынақтан өткізу;

4. Жаңаны тарату кезеңі;

5. Жаңаны нақты бір аумақта сынақтан өткізу кезеңі, осы кезде жаңа күнделікті әрекет ретінде қолданылады. Осы кезеңде бұдан да тиімді балама, тың жаңалықтың пайда болуына деген қажеттілік аяқталады;

6. Жаңа сипаттағы өзгерісті талдап, ендіруге байланысты, бұрынғы қалыптасқан процесті пайдалану аясы біртіндеп азая түседі. [2.25 б.]

 Ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына негіз болатын - отандық технологиялар. Әр елдің білім беру саласы төл әдістемесі арқылы ерекшеленіп, дами түседі. Соның бірі Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы. «Модуль дегеніз - қандай да бір жүйенің біршама дербес бір бөлігі» (С.И. Ожегов).

Оқу модулі дегеніміз - ғалымдардың айтуынша, оқу мазмұны мен оны игеруге негізделген технологияның бір мақсаттағы түйіні.

Ал, «технология» гректің «шеберлік» деген сөзі.

М.М.Жанпейісованың технологиясында модуль 3 құрамды бөліктен тұрады:

1. Кіріспе

2. Сөйлесу

3. Қорытынды

Әр оқу модулінде сағат саны әртүрлі. Бұл оқу бағдарламасы бойынша тақырыпқа, тақырыптар тобына, тарауға бөлінген сағат санына байланысты. [3.4 б.] 

Технологияның өзектілігі - оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдылық қабілеттерін және танымдық процестерді: яғни, жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл және т.б.) ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін дамытуға бағытталған, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы және дарынды балалармен тұрақты, жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі. Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және қабілет деңгейлерін дамытуға М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясының» маңызы ерекше екені мәлім. Себебі аталмыш технология әдістері оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді, өзін-өзі өзгені де бағалай білуге үйретеді.

   Оқушының оқу және танымдық әрекеттерінің  белсенділігін арттыру – ең негізгі әдістемелік мәселе. Модуль арқылы оқыту технологиясының өзіндік ерекшеліктері қағидалары, белгілері бар.

Тиімді белгілерінің бірі – оқушының оқу белсенділігі. Бұл технологияның бір ерекшелігі сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық  жұмысты ұсынуға болады.

Оқулықпен жұмыс кезінде оқушының шығармашылығы, мүмкіндігіне қарай сөзжұмбақ, ребус немесе сканворд құрастыру мүмкіндігін тудыру болса, жаңа материалмен жұмыс істеген кезде өз ойын сызба немесе сурет, тірек конспектілері арқылы жеткізуіне, жаңа тақырыпты бекіту кезеңінде өз пікірін шағын шығарма, өлең, жұмбақ, қағида немесе ереже құрап жазу арқылы беруге болады.

Оқушының белсенділігін оның ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін, жадысы мен зейінін дамытып, қызығушылығын арттырады. Сабақ формаларының өзгеріп отыруы, әсіресе топтық формалар оқушылар арасында қарым-қатынастың нығаюына ықпалын тигізеді. Оқушының тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдап алуға еріктілігі, оның өз күшін, шама-шарқын бағалай білуге, өзін қауіпсіз сезінуіне, қиындыққа дайын болуға және оны жеңуге тырысуына жетелейді.

Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу», - деген өткен ғасырда айтылған сөздері ойға оралады. Бір сабақтың әр кезеңдері түрлі әдістері орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады.

Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және қабілет деңгейлерін дамыту. М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясының» маңызы ерекше екені мәлім.

Себебі аталмыш технология әдістері оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді, өзін-өзі өзгені де бағалай білуге үйретеді.

Модульдік оқыту технологиясының негізі – модуль. Осы технологияны басшылыққа ала отырып, бағдарламада берілген тақырыптарды логикалық бір жүйеге келтіріп, модульдерге бөлдім.

Мысалы: М.М.Жанпейісованың технологиясы бойынша 10 сынып (жаратылыстану-математика бағытына арналған Қазақстан тарихы пәнінің модулін назарларынызға ұсынып отырмын.

ІҮ модуль.

ҮІІІ тарау. Көшпелілердің рухани мәдениеті

Қазақ даласының даналары

Құрылымы

Сабақ реті

         Сабақтың мазмұны және түрі

    Уақыты

Кіріспе сатысы

1 сабақ 

1. Модульдің мақсатымен міндетін түсіндіру.

2. Тірек сызбалармен тақырыпты түсіндіру

3. Оқулықпен дәптермен жұмыс.

4.Қорыту, үйге тапсырма.

5-минут

 

15-минут

20-минут

5-минут.

 

Сөйлесу сатысы

2 сабақ

Оқу материалын меңгерту

«Қарлы кесек» ойыны.

Қорытынды. Үйге тапсырма.

40-минут

5-минут

3 сабақ

Оқу матералын меңгерту.

«Қарлы кесек» ойыны.

Қорытынды. Үйге тапсырма

40-минут

5-минут

4 сабақ

«Алгоритм» ойыны

Картамен жұмыс.

Қорытынды. Үйге тапсырма.

25 минут

15 минут

5 минут

5 сабақ

Білім, іскерлік дағдыларын пысықтау.

«Тұлғаны танып білу» (пысықтау)

«Сиқырлы сандықша» (пысықтау)

Қорытынды. Үйге тапсырма.

20 минут

20 минут

5 минут

6 сабақ

Білім, іскерлік дағдыларын қорыту, бекіту.

«Бас қатырғылар базары»

(Қорыту-бекіту)

Қорытынды. Үйге тапсырма

40 минут

5 минут

 

Модульдің кіріспе бөлімінде оқушыларды жалпы модульдің мақсат, міндеттерімен таныстырып, түрлі кестелер, тірек сызбалар, суреттер, карта т.б. тақырыпқа сай көрнекі құралдар қолданып сабақ түсіндірдім.

Өз тәжірибемде байқағаным модульдің кіріспе бөлімін интерактивті  тақтаны қолданбай сабақ өту мүмкін емес.

Сөйлесу бөлімін педагогика  және психология ғалымдарының жетістіктерін басшылыққа ала отырып, оқушылардың қабылдау деңгейлері мен қабілеттеріне қарай ұйымдастырдым. М.Жанпейісованың сөйлесу бөлімін құру қағидаларына сүйене отырып, жеке тұлғаны дамытатын кез-келген әрекет емес орындау әрекеті екенін ескере отырып, оқушының танымдық қызметпен айналысуына, ақыл-ой жұмысына қанағаттануына жағдай жасадым.

Сөйлесу бөлімі бес сабақтан тұрды. Сабақ барысында:  «Қарлы кесек», «Алгоритм», «Тұлғаны танып білу»,  «Сиқырлы сандықша» және «Бас қатырғылар базары» ойындары ойнатылып, картамен жұмыс жасалынды. Сабақ тиімділігін арттыруда ойын элементтерін қолдану оқушы белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді. Ойын элементтерін сабақта екі түрлі мақсатта пайдаландым. Біріншісі - сабаққа қызығушылығын арттыру, тарихи білімін дамыту, екіншісі - оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу.

Сөйлесу сабағы үстінде тапсырманың жеңілден күрделіге қарай бірнеше іс-әрекет формалары ауысып берілді. Мысалы: сабақтың басында тірек сызбалармен, терминдермен жұмыс жүргізгенде жұптық немесе бекіту кезінде топтық форманы немесе жеке топтық жұмысты қолдандым. Топтарды ұйымдастыру кезінде оқушылардың өзара қарым-қатынасын ескеріп, олардың бір-бірімен білім алмасуға, жеке тұлғасын дамытуға ықпал жасауына көңіл бөлдім. Бұл жұмыс оқушының талдау, сараптау, ойлау, және қорытындылау қабілеттерін жетілдірді.

Оқу модулінің қорытынды бөлімінде тест және релелік сынақ өткіздім.

Мен екі немесе одан да көп бақылау түрлерін қолдану қажет деп есептеймін, өйткені оқу материалын игеру дәрежесін бір ғана тестлеу арқылы анықтау мүмкін емес.

Білім деңгейін тексеру және бақылау тәсіл ретінде тестілеу оқыту нәтижесінің мөлшерлік көрсеткіші болып табылады, бұл аса маңызды. Сонымен қатар тестлеу тұлғаның психологиялық қорғауын қамтамасыз етеді, ішкі кедергілерін жояды, өйткені бақылаушымен қатынас жанама түрде жүреді. Бұл осындай бақылау түрінің жағымды жағы. Алайда мұнда дұрыс жауаптың кездейсоқ берілуі мүмкіндігі бар.

Қорыта айтқанда тест сынағы бақылаудың қажетті түрі, бірақ ол бақылаудың басқа түрін қайталап қолдануды керек етеді деп есептеймін. Оның мақсаты:

а) білім деңгейін әділ бағалау;

б) бағасын жақсартуға мүмкіндік беру;

Қалай айтқанмен егер бақылаудың бір түрінен баға нашар алынса, бақылаудың басқа түрі оны жөндеуге мүмкіндік береді.

Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталып келсе, енді қорытынды бөлімінде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тест тапсырмалары, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма немесе диктант оқу пән ерекшілігіне орай қолданып, оқу модулінің осы бөлімінде беріледі.

Қорыта келгенде, жаңа педагогикалық технологияларды тарих сабағында өтілген тақырыптарға сәйкестендіре, сабақтастыра отырып, жақсы нәтижелерге жеттім.
Оған дәлел - біріншіден, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты.

Екіншіден, әр оқушы өзіне тән қарқынмен, өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізе отырып, сабақта қойылған мақсатқа жету үшін қажетті қабілеттерін, білім-білік дағдыларын қалыптастырды.

Сондай-ақ, оқушылар өз шығармашылық қабілеттерін ұштаумен бірге, өткен жылдарға қарағанда олимпиада жетістіктерін де жоғары дәрежеде көрсете білді.

Модульдік технологияны тек қана пәндерді оқытуда ғана қолданып қоймай сонымен қатар тәрбие жоспарын құруға, оқушыларды ҰБТ-ге дайындау барысында қолданған тиімді. Мысалы: 11 сынып оқушылары Қазақстан тарихынан ҰБТ-ге  дайындалу үшін 5-11 оқулықтары бойынша дайындалу керек, бірақ бір оқу жылының ішінде жүйелі барлық сынып оқулықтарын қалдырмай оқып шығу жеткіліксіз. Міне осы кезде оларға М.М.Жанпейісованың Модульдік оқыту технологиясы «көмекке келеді». 5-11 сынып оқулықтардағы тақырыптарды топтап модульдерге бөлдім. Кіріспе бөлімде бүтін бір тарауды түсіндіріп өтемін. Оқытудың техникалық құралдары арқылы электронды оқулықтар слайдтар т.б. көрсетіледі. Сөйлесу бөлімінде оқушылар шағын топтарға бөлініп: тренингтер, глоссарийлер, кесте, сөзжұмбақ, сканворд, ассосациялар құрады.

Қорытынды бөлімде  тест сынағын аламын мүмкіндігінше тест әдісінің барлық түрін қолдануға тырысамын. Әсіресе жабық тест өйткені ҰБТ тапсыратын оқушы кезкелген сұраққа даяр болуы қажет.

Бұл технологияны қолдану аудандық және облыстық олимпиада жүлдегерлері мен Қазақстан Республикасының Кіші Ғылым академиясы ұйымдастырған конкурстардың, шығармашылық жұмыстардың жеңімпаздары болған оқушылар санын арттыруға мүмкіндік береді. Әсіресе тарихты, географияны, биологияны, химияны, азаматтану, дүниетану курсын орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілдің және басқа бірқатар пәндерді оқытуда модульдік технологияны қолдану неғұрлым нәтижелі болады.

Модульді сабақтар мұғалімдерге барлық оқушыларды назарынан тыс шығармауға, олардың білімдеріндегі олқылықтарын дәл мерзімінде анықтауға мүмкіндік берсе, оқушылар сабақ кезінде мұғалімдермен тең дәрежеде еркін сөйлесуге, жолдастарымен бірлесе жұмыс жасауға мүмкіндік алады, сабақ олар үшін көңілсіз күңгірттіктен айрылып, көңілді, қызықты іс-әрекетке айналады, үй тапсырмасын орындауға жіберетін уақыттарын өздері қызығатын істерге арнайды. Жоғары сыныптарда модульді оқытуды дәрістік әдіспен ұштастырған өте тиімді. Модульге оқушылардың оқу-таным әрекетін ұштастырудың барлық әдістері мен түрлерін пайдалануға болады.

Модульдік технология мұғалімнің алдында тұрған көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі:

-          жалпы білім сапасын жоғарылату;

-          сабақтың тиімділігін арттыру;

-          дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін жасау;

-          оқушыларды мақсатқа жету жолындағы жетістіктерін есепке алу жүйесін жасау;

-          жеке тұлғаны қалыптастыру;

-          өзін-өзі тәрбиелеуі;

-          өзін-өзі дамытуы;

Модульдік технология алға қойған мақсатқа оқушылармен бірлесе отырып проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.

Сөз соңында бүгінгі күн талабына сай нақты, терең білім беруде жаңа технологиялар бірден-бір ұстаз сүйенер тұтқа дегім келеді.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АННОТАЦИЯ

 

Мақалада жаңа инновациялық технологиялардың бірі модульдік оқыту технологиясының тиімділігі жөнінде жазылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 

1. Бұзаубақова К. Мұғалімнің инновациялық іс-әркетке даярлық көрсеткіштерін анықтау және талдау. №2.2010. Қазақстан мектебі [1.63 б.]

2. Әбдіғұлова Б. Тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін қолдану жолдары Қазақстан тарихы әдістемелік журнал. №6.2009 [2.25 б.]

 3. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде \Аударған Қайшыбекова Д.А.\ Алматы, 2006. – [3.4 б.] 

4. Жолдасбаев С. Қазақстан тарихи: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10- сыныбына арналған оқулық. Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006. 192 бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама, БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 976 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.04.2016 1309
    • DOCX 83.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бекенова Айгул Жанатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бекенова Айгул Жанатовна
    Бекенова Айгул Жанатовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22957
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Достижение эффективности в преподавании истории на основе осуществления положений историко-культурного стандарта

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 638 человек

Курс повышения квалификации

Электронные образовательные ресурсы в работе учителя истории в контексте реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 128 человек

Курс повышения квалификации

Федеральный государственный образовательный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 153 человека из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 278 человек

Мини-курс

Вероятность и статистика: формирование общеучебных умений и навыков

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное взаимодействие с детьми: стратегии общения и воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 661 человек из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 554 человека

Мини-курс

Переходные моменты в карьере

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе