Инфоурок Информатика СтатьиБаяндама «БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР»

Баяндама «БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР»

Скачать материал

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«БІЛІМ БЕРУДЕГІ  АҚПАРАТТЫҚ  ЖҮЙЕЛЕР»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информатика пәні оқытушысы: М.С. Кабдушева

 

 

 

 

 

 

 

Орал 2016ж

Еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістеріне сай білім беруді жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі – білім беруді ақпараттандыру және ақпараттық технология құралдарын жаңа жағдайда қолдану арқылы жеке тұлғаның танымын зияткерлік әлеуетін дамыту негізінде әлемдік білім деңгейіне қол жеткізу. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтықтан оқыту, ақпараттық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану» – деп, ақпараттық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамыту және оның мүмкіндіктерін әлемдік ақпараттық ортаға ену мақсатында қолдану ұсынылып отыр.

Қазіргі ақпараттандыру дәуірі оқу үдерісінде ақпараттық технология мүмкіндіктерін кең көлемде қолдануды қажет етеді. «Білім беру жүйесін ақпараттандыру – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған үдеріс, еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде қазіргі технологияларды тиімді ақпараттық технологияларға алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту, нақты жүзеге асыру шаралары» болып табылады. Әлемдік ғылым мен практикада ақпараттық технологияны оқыту үдерісіне енгізу келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын психологиялық, педагогикалық жағдай жасау үшін тигізер пайдасы зор.

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың ғылыми негізделген әлеуметтік-философиялық тұжырымдамасы мен компьютермен оқытудың бағыттарына арналғаніргелі және қолданбалы сипаттағы мәселелер, ақпараттық технологиялардың мәні, мазмұны мен құрылымы алдыңғы қатарлы ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Олар аталған ұғымға «компьютерлік технология», «ақпараттық технология», «ақпараттық-коммуникациялық технология» ретінде түрлі деңгейде анықтама берген:

–ақпаратты өңдеу, түрлендіру, тасымалдау, тарату технологиясы, есептеуіш техниканы, желіні және жүйені (жасанды интеллекті қоса алғанда), программалық құралдарды және т.б. жасау технологиясы (В.В.Персианов, Н.А.Шайденко);

–ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау және ұсынудағы адамдардың білімін кеңейтетін және олардың техникалық және әлеуметтік үдерістерді басқару мүмкіндігін дамытатын әдістер мен техникалық құралдардың жиынтығы (М.И.Жалдак);

–оқытуда компьютерді қолдану (Н.В.Апатова);

нысан, үдеріс немесе құбылыстың жағдайы туралы жаңа сапалы ақпаратты алу мақсатында алғашқы ақпаратты өңдеу мен тарату, жинақтау әдістері мен құралдарының жиынтығын қамтитын үдеріс (И.В.Роберт);

–ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдаумен сипатталатын әртүрлі әдіс, тәсілдерді жалпылайтын ұғым (Е.Ы.Бидайбеков);

негізгі ақпараттық үдерістерді автоматтандыруға арналған және программалық өнімдерді пайдаланып, дамытуға байланысты компьютерді қолдануға негізделген технология (Ш.Х.Құрманалина).

Жоғарыдағы аталған ғалымдардың көзқарасынан ақпараттық технология компьютер арқылы оқытудың жүйелі әдісі, техникалық ойлау және танымдық әрекетіне бағыттап оқытуда түрлі техникалық, электрондық және компьютерлік құралдарды қолдану.

Қазіргі уақытта білім беру жүйесін басқару мен оқытуда ақпараттық- технологияны қолданудың бірнеше негізгі бағыттарын ерекшелеп көрсетуге болады:

 ақпараттық технологияны оқу материалын баяндаудағы көрнекілікті арттыру, әртүрлі нысан мен үдерістерді үлгілеу, оқу материалын жүйеге келтіру мен логикалық реттеу, жаттықтыру, меңгерілген білімді бақылау үшін көрнекілік құрал ретінде пайдалану;

 оқытудың әртүрлі формасын жүзеге асыру: дербес, ұжымдық, өзіндік, қашықтықтан оқыту. Оқыту үдерісін автоматтандырылған оқыту жүйелерін қолдану арқылы автоматтандыру;

 әртүрлі пәндер бойынша компьютерлік оқу курстары мен программалық әдістемелік кешендерін жасақтау;

 ғылыми негізделген компьютерлік оқу программаларының сценарийін жасау, педагогикалық программалық құралдардың сапасын сараптау мен оны бағалау;

 білім беру жүйесінде компьютерлік телекоммуникацияны қолдану;

 білім беруді басқаруда ақпараттық технология құралдарын кәсіби қолдануға баулу (басқарудың автоматтандырылған жүйелері, автоматтандырылған жұмыс орындары);

 психологиялық-педагогикалық зерттеулерде ақпараттық технология құралдарын қолдану.

Жылдан-жылға дамып келе жатқан материалдық-техникалық мүмкіндіктер мұғалімдерге, оқушыларға жоғарыда аталған бағыттардың әртүрлі аспектісін меңгеруге мүмкіндік береді. Мұндай бағыттарды жүзеге асыруда оқыту үдерісінде қолданылатын ақпараттық технология құралдарының алатын орны ерекше.

И.В.Роберт ақпараттық технология құралдарын микропроцессорлық техника құралдары негізінде басқарылатын программалық, программалық-аппараттық және техникалық құралдар мен құрылғыларды, сондай-ақ ақпаратты тасымалдаудың қазіргі құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинау, қорландыру, өңдеу, сақтау, тарату, пайдалану операцияларын қамтамасыз ететін ақпараттық алмасу, компьютерлік желілердегі ақпараттық ресурсқа кіру мүмкіндігі деп түсіндірген.

В.В.Гриншкун программалық қамтамасыз етілу тұрғысынан қарастырып, білім беру саласында қолданылатын ақпараттық технология құралдарының негізін перифериялық құрылғылармен жабдықталған дербес компьютердің құрайтындығын және оның мүмкіндіктері программалық қамтамасыз етілумен анықталатындығын көрсеткен. Ол программалық құралдардың негізгі көрсеткіштеріне жүйелік, қолданбалы және құрал-cаймандық программаларды негіздеген. Жүйелік программалар ретінде компьютер мен жабдықтардың, адамның арасындағы өзара әрекетті қамтамасыз ететін операциялық жүйелерді, сонымен қатар қызметтік, сервистік программаларды қарастырған. Қолданбалы программаларға ақпараттық технологияның құралдары болып табылатын программалық қамтамасыз етуді – мәтінмен, графикамен, кестелік мәліметтермен жұмыс жасау технологиясын жатқызса, үшінші түріне программалық қамтамасыз етуді өңдеуге арналған программаларды арнаған.

Оқытудың техникалық құралдары, соның ішінде ақпараттық технология құралдары ақпараттың көздері туралы оқушының пән бойынша түсінігін нақтыландырады, аудиовизуалды құралдар арқылы оқу ақпаратына әуестігін, эмоционалды жағымды көзқарасын оятып, оқуға қызығушылығын күшейтеді.

Аталған құралдар білім беру жүйесінде, қазіргі қоғамның бүтіндей дамуында маңызды орын алып, сабақты жаңаша өткізуге, жекеше алғанда оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған оқыту технологияларын, әртүрлі әдістерді, құралдарды қолдануға мүмкіндік береді және білім беру сапасын жаңа деңгейге жеткізеді. 

Дәстүрлі оқыту барысында оқушы тек мұғалім мен құрбыларымен қарым-қатынаста болады, ақпараттық технология құралдары қолданылған сабақтарда оқушы компьютермен қарым-қатынас жасау арқылы танымдық, ақпараттық қажеттілігін дамытуға мүмкіндік береді.

Ақпараттық технология құралдары ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу және бейнелеуді қамтамасыз ететін бірыңғай технологиялық жүйеге біріктірілген әдістер, өндірістік үдерістер және программалық техникалық құралдар жиынтығы ретінде ақпараттық ресурстарды пайдалану үдерісін оңтайландыратын және оның сенімділігі мен жылдамдығын арттыратын болғандықтан, оған келесідей анықтама береміз: ақпараттық технология құралдары компьютерлік техника мен желілерді қолдану негізінде ақпараттық үдерістерді жүзеге асыруға бағытталған аппараттық және программалық құралдар. Осы анықтаманың негізінде білім беру жүйесіндегі аппараттық және программалық құралдарды ұсынуды жөн көрдік (1-кесте).

 

1-кесте – Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технология құралдары

 

Аппараттық құралдар:

Педагогикалық мүмкіндігі

Компьютер

Кез келген ақпаратты өңдеуге арналған әмбебап құрал

Интерактивтік тақта

Оқу сабақтарын ұйымдастыруға және семинарлар мен пікірталастар өткізуге ыңғайлы құрал

Принтер

Мұғалім мен оқушылардың дайындаған ақпаратын қағазға шығаруға арналған құрылғы

Проектор

Сабақтың көрнекілік деңгейін арттыруға және оқушылардың өз жұмыстарының нәтижесін көрсетуге арналған құрал

Телекоммуника-циялық блок

Отандық немесе әлемдік ақпараттық ресурстарға кіруге мүмкіндік беретін қашықтықтан оқытуға, басқа мектептермен хат алысуға көмектесетін құрал

Пернетақта және тышқан

Мәтіндік ақпаратты енгізуге және экрандағы нысандарды басқаруға арналған құралдар

Сыныптағы және мектептегі желі

Ақпараттық желіге кіруге мүмкіндік беретін ақпараттық, техникалық және уақыттық ресурстарды тиімді қолдануға көмектеседі.

Дыбыс-бейне құралдары

Сканер, фотоаппарат, видеокамера, магнитофон қоршаған әлемнің ақпараттық бейнесін оқыту үдерісіне енгізуге мүмкіндік береді

Программалық құралдар:

Педагогикалық мүмкіндігі

Ақпараттың өзегі -  интернет

Ұйымдастырылған ақпараттық массивтер – компьютердегі энциклопедиялар, ақпараттық сайттар және Интернет жүйесі

Виртуалды конструкторлар

Көрнекілік, математикалық және физикалық нақтылықтың символдық үлгілерін құрастыруға, осы үлгілерге эксперимент жүргізуге мүмкіндік береді

Жаттықтырғыш-тар

Ақпараттық нысандармен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыруға – мәтінді енгізу, экрандағы графикалық нысандармен жұмыс, жазбаша және ауызша жұмыстар жүргізуге бағытталады

Компьютерлік тест программалары

Оқушылар автоматты түрде компьютер арқылы тапсырманы орындайды және нәтижесін алады. Компьютер оқушыны бағалайды

Оқытушы кешендік жиынтық (электрондық басылым)

Жоғарыда аталған программалық құралдардың сәйкестігіне қарай  дәстүрлі түрде оқыту үдерісін автоматтандырады, мұғалім мен оқушы іс-әрекетін дербестендіреді

Басқарудың ақпараттық жүйелері

Білім беру үдерісінің барлық қатысушыларымен- оқушылар, мұғалімдер, басшылық, ата-аналар, қоғам мүшелерінің арасындағы ақпараттық ағындардың жүруін қамтамасыз етеді

 

Қорыта келе, ақпараттық технология құралдары білім беру үдерісінде қолдану – өзінің тәсілдері мен мақсаттары бар, белгілі бір теориялық базаны, ерекше әдістерді қамтитын біртұтас үдеріс болып табылады. Сондықтан, олар арқылы орындалатын оқу әрекеттері қарым-қатынастың жоғарғы деңгейіне көшеді, дәстүрлі оқыту кезінде оқушыға қалыптастыруға келмейтін арнайы іскерліктерді қалыптастырады.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Қазақстан Республикасындағы білім туралы заңнама. Заң актілерінің жиынтығы. - Алматы: Юрист, 2008. - 240 б.

2.Роберт И.В. О понятийном аппарате информатизации образования // Информатика и образование. - 2003. №1. - С. 2-6.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама «БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер по платежным услугам

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 168 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.04.2016 3074
    • DOCX 58.5 кбайт
    • 18 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кабдушева Мейрамгуль Сериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 52674
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс повышения квалификации

Организация преподавания информационных систем и технологий в профессиональном образовании

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 74 человека

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Информатика")

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Музыкальная журналистика: история, этика и авторское право

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Социальные и правовые аспекты эпохи Просвещения: влияние на образование сегодня

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе