Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Статьи / Баяндама: "Білім беруді жүйелі жаңарту жағдайындағы білім сапасын көтерудің басты міндеттері"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Баяндама: "Білім беруді жүйелі жаңарту жағдайындағы білім сапасын көтерудің басты міндеттері"

библиотека
материалов

Білім беруді жүйелі жаңарту жағдайындағы білім сапасын көтерудің жаңа тәсілдері

Жаңа заманның жаңа

адамын тәрбиелейтін ұстаздар, сіздер,

ізденіс пен ілгерілеуден жалықпаңыздар.

Олар заман талабына сай білім алып

тәрбиеленуі тиіс”

Н.Ә.Назарбаев

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі орта білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды - машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады» - деп, атап көрсетілгендей, бүгінгі мектептің білім беру жүйесінде оқу үдерісін ұйымдастыруда жаңаша педагогикалық, инновациялық технологиялар пайдалану жаңа талаптарға сай болуы қажет.

Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Кембридж университетінің білім факультеті арасындағы бірлесіп жасаған үш айлық бағдарламаның маңызы зор. Бұл бағдарламадан біз оқушылардың өз бетінше оқып, үйреніп, нәтижесінде өз пікірін еркін жеткізе алатын, дамыған, ынталы, білімге құштарлы, мақсат қоя білетін тұлғаның қалыптасқанын күтеміз. ҚР-ның педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған үш айлық  курс бағдарламалары, білім беру жүйесінде педагогтар алдына жаңа міндеттер қойып, оларға  үн тастады  десек те болады. 

Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты.











  • Білім берудің мекемесінде  әдістемелік істің басты ұраны:

  • 1.Бірігіп еңбектену  педагогикасы.

  • 2.Оқыту арқылы тәрбиелеу.

  • Білім мекемесінің басты  мақсаты:

  • педагогтардың кәсіби шеберлігін, құзырлығын дамытып,

  • ұжымды шығармашылықпен жұмыс істеуге  баулу.

  • Ал міндеттері:

  • 1.Сапалы білім берудің әдіс-тәсілдерін жинақтау.

  • 2. Оқып үйрену және қолдану.

  • 3.Оқу-тәрбие үрдісін бақылау, сараптау.

  • 4.Шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерді анықтау, іс-тәжірибесін жинақтап, тарату.

Атқарылып жатқан әдістемелік жұмыс барысында мұғалімдердің кәсіби деңгейін дамыту үшін келесі  талаптарды қолдану қажет:

-         педагогикалық және психологиялық деңгейін көтеру;

-         оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын, әдіс-тәсілдерді зерттеп, меңгеру және оны өзінің кәсіптік жұмысында қолдана білу;

-         мұғалімнің педагогикалық-кәсіптік оң көзқарастары мен құндылықтарының қалыптасуы, әрі оның тұрақтылығына жету;

-         өз білімін көтеруге, шығармашылық жұмыс атқаруға ынталандыру, қажетті жағдайлар туғызу, педагогтарды ақпараттық жағынан қамтамасыз ету;

-         авторлық бағдарламалар, курстар, құралдар, мақалалық ізденістер жасауға ұмтылдыру, жан-жақты қолдау көрсету;

Педагог мамандардың кәсіби деңгейін ұдайы көтеріп отыру, олардың теориялық білімі мен әдістемелік білігін үздіксіз жетілдіру, оқытудың озық әдіс-тәсілдерімен қаруландыра отырып, шығармашылық жұмыстарына жол көрсету, яғни мұғалім мамандығын жетілдіру – нәтижеге бағытталған әдістемелік жұмыстың негізгі міндеті болып табылады. Ы.Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім-мектептің жүрегі»-деп айтып кетті. Мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеру мектептің әдістемелік жұмысының негізгі саласы. Мектеп алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің, сонымен бірге бірлестік жетекшісінің  алғы шартының бірі.  Әдістемелік жұмыс  – ол педагогикалық кадрлардың ғылыми-теориялық, жалпы мәдени, психологиялық-педагогикалық дайындығын көтеруге бағытталған жүйелі істің бірі.

Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру жүйесі өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:

білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;

ақпараттық дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон және радиобайланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;

•   баланың   жеке   басын   тәрбиелеуде,   оның   жандүниесінің    рухани    баюына,    азамат,    тұлға    ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;

мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда;

қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына және ғылымның рөліне мән берілуде.

Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық, педагогикалық бағыттағы негізгі ой-тұжырымдары төмендегідей сипатталады:

есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;

оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту.

Соңғы   кезде   оқытудың  әр   түрлі   педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізілуде. Олар мыналар:    Лысенкованың алдын ала оқыту, Хазанкиннің   есептер   шығару,   Палтышевтің   физикадан есептер  шығару,   Шаталовтың  интенсивті  оқыту  (тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің ірі блоктан оқыту, мәселелік оқыту, оқытудың белсенді әдісі, т.т. Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясы мен В.М.Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ, профессор Ж.Қараевтың оқытуды дербестендіру мен дифференциалау және білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр.

 Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін төмендегідей ұстанымдар жүзеге асуы тиіс:

 1. Оқушылардың өзіндік іздену іс-әркетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни жаңа жағдайдағы "оқыту әдістемесі" деп отырғанымыз: "оқушы - мұғалім" ұстанымының өзара тығыз байланыстылығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.

2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат - оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронтальды түрі көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.

 3. Жаңа технологияның мақсаты бойынша "оқытуды ізгілендіру" қажет. Бұл үшін оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек.



1-11 сынып аралығында жүргізілетін педагогикалық технология мен әдістемелерді (мұғалімнің қалауы бойынша)

төмендегідей етіп жоспарлауды ұсынуға болады.

  • 1.     Бастауыш мектеп:  

  • дамыта отырып оқыту,  дидактикалық бірліктердің ірілендірілуі, түсініктерді қабылдау, нәтижелі әдістемелеу және оны қабылдау,  іс-әрекетті     бағалау,   оқулықсыз оқыту,  ойын әдістемесі және оны қабылдау.

  • 2.     Орта буын: 

  • проблемалық оқыту,  іздену-зерттеу әдістері, топпен оқыту тәсілі,  ұжымдық оқыту,  нәтижелі технологиялар,  өзіндік жұмыс әдістері,  бағдарлы оқыту,  оқытудың коммуникативті әдісі,  дискуссиялық әдіс, дидактикалық ойындар

  • 3.     Жоғары сыныптар: 

  • өзіндік жұмыстың әдістемесі,  іздену-зерттеу әдістері,  нәтижелі технология, жобалау әдісі,  даралап оқыту,  оқушының іс-әрекеті бойынша ұйымдастырылған ойындар, "өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы" адістемесі,   бағдарламалы оқыту,  профильді   және  кәсіптік   бағдар   бере   отырып оқыту,  тірек конспектісін қолдану,  диалогтік әдістеме, дискуссияның негізінде оқыту,  модульдік технология,  семинар-сынақ түрлері,  өз бетімен білім алу.

  • Еліміздің болашағы, көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проблема - әлеуметтік     педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау. Мұғалімдерді даярлау қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына кіретіні белгілі жәйт. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік – экономикалық  міндеттері заманына сай өзгерістерге ұшырап, өскелең ұрпақты соған лайықтап өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.  Бұл жерде ұстанымдар кәсіби педагог кадрларын даярлау жүйесіндегі көзқарастардан айкыңдалары даусыз

  • Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік дағдылы жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.  Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.  

  • Заман көшіне ілесе отырып, жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу – барша ұстаз алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Осы міндеттерді жүзеге асыруда  мектептің әдістемелік жұмысының алатын орны ерекше. Мектеп мұғалімдері арасында өтілетін түрлі әдістемелік отырыстар жаңаша түрде ұйымдастырып өткізуді дәстүрге айналдыру керек




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 11.11.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Статьи
Просмотров131
Номер материала ДБ-341869
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх