Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Статьи / Баяндама "Білім көзі -ізденісте"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Баяндама "Білім көзі -ізденісте"

библиотека
материалов




Баяндама «БІЛІМ КӨЗІ- ІЗДЕНІСТЕ»


А.И.Кожанбаева Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Бірлік жалпы орта білім беру мектебінің «Балдәурен» шағын орталығының тәрбиешісі

«Біз өзіміздің болашағымызды, жеке балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді осыны айқындап алатын уақыт жетті».

Н.Ә.Назарбаев

Қазіргі уақытта баланы мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. Мектепке дейінгілердің өз-өзіне қызмет ету дағдыларын меңгеруі - өнегелі, жігерлі, дербестік, және табандылық сияқты қасиеттерін тәрбиелеудің тиімді жолы.Бұл міндеттерді шешу үшін балабақша ұжымдарының, әр тәрбиешінің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде педагогтардың инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі — маңызды мәселелердің бірі. Осы мәселелерді шешу бағытында қазіргі таңда мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны ендіруге көптеп күш жұмсалады.Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау,жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу,жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Мектепке дейінгі білім беру орындарында, педагогикалық технологиялар мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге асыруға бағытталған. Педагогикалық технологияда ең маңызды жағы білім беру мен тәрбие жүйесінде ересектер мен балалардың қарым-қатынасы болып табылады. Қазіргі кезеңде Республиканың білім беру жүйесінің ең басты міндеті қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату.
Бала - болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта – ықыласын дұрыс бақыттауды, қабілет - қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс - тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан - жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.

Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар:
1.ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы
2.Тәй-тәй технологиясы
3.Монтессори технологиясы
4.Зайцев технологиясы
5. Дамыта оқыту технологиясы

6. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

7.Денсаулықты сақтау технологиясы.

8. Ойын технологиясы

9. Модульдік технология. 

10. «Алты ойшыл қалпақ» әдіс технологиясы

1) ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясын өткен ғасырдың 70 жылдары Г. С. Альтшулер ойлап тапқан.Мектепке дейінгі балаларға бейімделген ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттіліктерді дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып шығармашылыққа баулиды.
2)Тәй-тәй технологиясы.Негізін қалаған: Джорж Сорос
Мақсаты: Балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.

3)Монтессори технологиясы. Негізін қалаған: М. Монтессори.
Мақсаты: Балалардың қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру. Сауалдар қою және оларға жауап іздеп табу.
4)Зайцев технологиясы. Негізін қалаған: Н. А. Зайцев
Мақсаты:отырып, балалардың дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Баланың білімді барлық сезім мүшелерімен қабылдауын қамтамасыз ету.
5) Дамыта оқыту технологиясы. Негізін салушылармен зерттеушілер: В. Давыдов, В.Занков, В. Эльконин, П. Эрдниев
Мақсаты: Баланың жалпы жан дүниесін, және оның сезіміне әсер етіп логикалық ойлауын дамыту. Сөздік қоры мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті оқу материалдарын балаға дайын күйінде емес, баламен бірлесіп, жалпы іс - әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.

6) Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бұл технологияны жарыққа шығарған американдық педагогтар Дж.Стил, К.Мередит, Ч.Темпл, С.Уолтер.

Мақсаты:Сапалы білім беруде жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, балалардың танымдық белсенділігін,қызығушылығын арттыру, шығармашылық іс-әрекетінде қабілетті,еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.

7) Денсаулықты сақтау технологиясы. Баланың денсаулығын нығайтуға,білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары,баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасыуна үлкен үлес қосады.Қазіргі таңда адамдардың даму жағдайында оның денсаулығын қалыптастыруда реттік жүйесіз мүмкін емес. 

8)Ойын технологиясы. Балалардың психологиялық ерекшеліктерін негізге ала отырып, олардың ой-танымын, қиялын, тілін, ой-өрісін дамыту мақсат етілген.Халқымыздың «Баланы ойын өсіреді» деген нақыл сөзінің мағынасын ашу көзделеді.

9)Модульдік технологиясы.  Авторы М.М.Жанпейісова. Модульдік оқыту технологиясының ерекшелігі-оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді яғни, жадының алуан түрлерін есту,көру, қимыл және т.б. дамытады.

Модульдік оқыту технологиясының құрылымы:

-оқытудың жалпы мақсатын қою;

-жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;

-оқу әрекетінің жиынтығы;

-нәтижені бағалау.

10) «Алты ойшыл қалпақ» әдіс технологиясы.
Авторы американдық профессор Эдвард де Боно. Балалардың ойлау қабілетін дамытуда алты ойшыл қалпақ әдісін кең пайдаланады. Осы әдісті пайдалану кезінде мына жайттар болуы

тиіс.

* Әркім ойланукерек және ойларына айтады;

* Ойлау дағдысының дамуының бірі;

* Тым күрделі жағдайларды қарапайым жағдайлармен алмастыру керек;

* Жоспарлы және сатылы әрекет болу керек;

* Затты зерттеу қажет және сөз таластырмау керек;

* Менің пікірім әрқашандұрыс демей, керісінше пайдалы ұсыныстар жасау керек. Басты міндет оны көре білу;

* Біз көрмей тұрған, бірақ көруге міндетті ететін шешімдер мен идеялар болуы керек.


Сөз соңында бүгінгі күн талабына сай нақты, терең білім беруде жаңа технологиялар бірден-бір ұстаз сүйенер тұтқа дегім келеді.

Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек.

Міне, балалар осымен « Жомарт күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын,әр отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін.










Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 20.04.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Статьи
Просмотров317
Номер материала ДБ-044502
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх