Инфоурок Другое Другие методич. материалыБаяндама "Білім саласына не үшін өзгеріс қажет?"

Баяндама "Білім саласына не үшін өзгеріс қажет?"

Скачать материал

 

Өзгеріс не үшін керек ?

         Жаһандану әлеміндегі қарқынды да толассыз өзгерістер білім беру жүйесін өзгертуге өз ықпалын тигізіп отыр. Қоғамның дамуында білімнің рөлі маңызды орын алатынын ескерген әрбір дамыған мемлекет өзінің білім беру жүйесіне өзгеріс ендіреді. Себебі келешек ұрпақтың сапалы білім алуы – мемлекеттің басты мүддесі.  Америка ғалымы Майкл Фуллан: «Білім жүйесінде шешім қабылдау үшін тек болашақты ойлау жеткіліксіз, ол үшін тұжырымдамаларды нақты жағдайға сай әзірлеп, қолданыстағы жүйені тиімді тәсілдермен өзгерту қажет» дейді. Қазақстанның білім беру жүйесін жетілдірудің басты мақсаты – еліміздегі білім сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып отыр. Ол үшін мемлекетіміздегі әрбір мектеп пен әрбір педагог кадрдың оқыту мен оқу үдерісіне өзгерту енгізу қажет деп санаймын. Мектептің жұмысы мен оқушының жетістіктерін өрістетуші негізгі тұлға – мұғалім болғандықтан, менің де өз мектебімің өзгеруіне үлес қосуым керек деп білемін. Сондықтан еліміздің білім жүйесіндегі өзгерістерді айтудан алдын әлемнің дамыған мемлекеттерінің білім жүйесінің реформаларына назар аударып көруді жөн санадым. Әлемдегі білім жүйесі дамыған мемлекеттердің бірі  Жапонияда «Мектептегі білім беру туралы заңға» сәйкес 6 жасқа толған бала бастауыш мектепке оқуға барады. Жапония университеттерінде мұғалімдерді даярлау бағдарламалары болашақ мұғалімдердің практикалық дағдысын қалыптастырып, педагогика, психология және басқа да пәндер саласы бойынша қажетті білім беруге бағытталған. 1989 жылы Жапонияда мектепте іс-тәжірибесін алғаш бастайтын мұғалімдерге арналған қарқынды даярлаудың міндетті бағдарламасы енгізілді. /www.group.org/ 1. Бұл бағдарлама сабақ берудің практикалық дағдыларын меңгеруді қарастырады. Жас мамандар толық жүктеме жұмыс істейді, бірақ бірінші жылы оларға жеке тәлімгер бекітіледі. Тәлімгерлер өз тәлім алушысына кәсіби  көмек көрсетеді,  бірақ олардың  жұмысына баға бермейді. 2. Мұғалімдерге қолдау көрсету үшін мектептегі тәлімгерлікті ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Мұнда мұғалімдерге жаңа-тәсілдер үйрету үшін арнайы дайындалған сарапшы мұғалімдер сабаққа қатысады, бақылайды және мұғаліммен ой бөліседі. 3.Тәлімгерлерді іріктеп алу және дамыту.  Осы бағдарламалар арқылы оқыту мен оқу үдерісін бақылау, зерттеу жұмыстары жүйелі түрде өтеді деп есептеймін. Біздің мектептерде де әдістемелік бірлестіктер, оның жетекшілері жұмыстар атқарады, бірақ  атқарылып жатқан жұмыстарда айтарлықтай нәтиже жоқ деп ойлаймын. Оның себебі біздің мемлекеттік білім беру саласында  мұндай жүйелі бағдарламалардың жоқтығы деп білемін. Сондай-ақ Жапонияда мектепте оқыту мәдениеті «сабақты оқып білу» қағидаты негізінде құрылады. Осы қағидаттың негізінде мұғалімдер бірге жұмыс істеу үшін шағын топтар ұйымдастырып, топта бір сабақты өткізу әдістерін талдайды, талқылайды,  жоспарлайды. Мектепте мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдерді үйрену үшін бір-бірінің сабақтарына қатысады және өзара іс-тәжірибе алмасуға үлкен мән береді. Бұл тәсіл Жапонияның білім сапасын артырудағы және академиялық жоғары жетістіктерге қол жеткізудегі  ең тиімді тәсілі болды деп ойлаймын.  Олар тәжірибені жақсарту мақсатында 1970 жылдан бері сыныпты зерттеу нысандарының бірі болып табылатын осы тәсілді  Lesson Study тәсілі деп атады. Lesson Study тәсілі – оқыту мен оқудағы мұғалімдердің іс-тәжірибесін дамытудағы  ынтымақтастық тәсіл. Бұл тәсіл тәжірибені дамытудың демократиялық жолы болып есептеледі. Зерттеу жүргізу үшін топ құрылып, топқа 3-4 мұғалім мүше болады және олардың білімдері мен тәжірибелері бір-біріне жайлы әсер ету керектігі басты назарға алынады. Топ мүшелері бір мектептің мұғалімдерінен құралады немесе тәжірибенің сапалылығын арттыру үшін басқа мектептің мұғалімдері де қатыстырылады. Топ өз зерттеулері барысында  жинақтаған білімін мектептің педагог қауымына таныстырады және мектептің оқыту мен оқу үдерісіне әсер етеді. Зерттеу барысында барлық топ мүшелері толық көлемде және бірдей дәрежеде үдеріске тартылады. Тек бір мұғалім сабақ беретініне қарамастан, зерттеу үшін бүкіл топ өзіне жауапкершілік алады және оқыту мен сабаққа берілген кез келген баға жеке мұғалімге емес, тұтастай барлық топтың жұмысына қатысты беріледі. (МАН 47-бет) Бұл зерттеудің сапасы мен нәтижесінің жоғары болуына ықталын тигізеді. Біз де осы тәсілді өз мектебімізді тиімді пайдалана алсақ біраз жетістіктерге қол жетеміз деп ойлаймын.

 АҚШ-та басты назар баланың дайын білім алуына емес, білімді ізденуіне, оны зерттеп, талдап, сыни көзқарас танытып, қолдануына аударылады екен.  (Инт. АҚШ-тың білім беру реформасы). Бала өзі іздену арқылы білім алса, оны зерттеп, талдап, сыни ойлана алса ғана санасында танымдық қабілет, метасана қалыптасып алған білімін келешекте өмірдің әр-түрлі жағдайында қолдана алады деп ойлаймын.  Бұл мемлекетте балалар бастауыш сыныпқа 6 жастан 13 жасқа дейін қамтылады екен. Бастауыш сыныпта жалпы сауат ашу және кәсіпке үйрету жұмыстары атқарылады. Бұл арқылы баланы жастайынан оқу арқылы өмір сүруге бейімдеуге басты назар аударатындықтарын байқаймыз. Бастауыш білім беру бағдарламасы АҚШ-тың әр штатында әр түрлі бекітілген. Олар өз қажеттіліктеріне қарай оқу бағдарламасын өздері жасайды. Бұдан мен бағдарламаның мақсатының білім беруге емес оқушының қажеттілігіне бағытталатынын   байқадым. Олар орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал әдістеме – сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсілді қолданады. Сындарлы оқыту арқылы оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамытуға, алған білімдерін сыныптан тыс жерде тиімді пайдалана білуге қол жеткізуді көздейтінін аңғардым. Оқушы сыни көзқараспен қарай отырып, әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өз түсінігін тереңдетуге, кеңейтуге ұмтылатынын біле отырып қана біз білім сапасының көтерілуіне қол жеткіземіз деп ойлаймын. АҚШ-тың білім жүйесін зерттей отырып мен олардың және бір ерекшелігі туралы айтқым келеді. 1960 жылдан бастап білім беру мен оқытуда саралау үдерісін жасаған. (Инт. АҚШ-тың білім беру реформасы) Саралау нәтижесінде олар оқушының қажеттілігі мен бейімін басты назарға алып, жоғары сыныптағы әрбір оқушыға жеке мұғалім тағайындаған. Ол мұғалім оқушының жеке қабілетін, дарындылығын, қызығушылығын терең зерттеу арқылы, сол оқушыға арнап жеке іс-жоспарын түзіп, оның оқуына бағыт-бағдар беріп отырған. Бұдан мен АҚШ-тағы білім берудегі басты мақсат «білімді беруге» емес, оқушының қажеттілігіне бағытталғанын байқадым. /www.group.org/  Осы мәліметтер арқылы мен олардың әрбір балаға жеке-жеке көңіл бөліп, оған жеке тұлға ретінде, қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қарап, сол баланың оқу арқылы өз келешегін бағдарлап, кәсібін таңдап, өмірде өз орнын тауып кетуіне ықпал етуді өздеріне ұстаным еткенін білдім. АҚШ-тың білім беру жүйесінде дамыта оқыту да кеңінен орын алған. Дамыта оқыту арқылы баланың ойлану дағдысын дамыту жолында Блум таксономиясынан тиімді пайдаланады. Блум таксаномиясы білімді деңгейлеп беріп, қарапайымнан күрделіге жетуге негізделген тәсіл. Деңгейлік сатыдан өткен оқушы ең жоғарғы деңгей «бағалау деңгейінде» берілген білімді  , өз іс-әрекеті мен ойлау әрекетінің арқасында білімді игереді. Бұл әдіс оқушының ізденімпаздық, зерттеушілік, пікір алмасу, үйрену және өзін-өзі бақылау мен бағалау қабілетін шыңдайды. Әрине осы қасиеттерді бойына сіңірген оқушы бәсекеге қабілетті жеке тұлға болып қалыптасады деп ойлаймын.

Ал енді Финляндияның білім беру жүйесіне тоқталатын болсақ педагог кадрлардың сапалылығына көп көңіл бөліп, оларды мектепте жүрген кезден бастап  түлектердің үлгеріміне қарай таңдайды екен. Олардың оқуын мұқият бағалап, жоғары еңбек ақы төлейді. Менің ойымша осындай іріктеудің арқасында жоғары білікті педагог карларын дайындау білім беру жүйесінің жұмысын алаға ілгерілетіп, нәтижелі етеді. Сонымен қатар мектептегі тәлімгерлік жұмысы мен іс-тәжірибесі мол ұжымның қолдау көрсетуі жас маманға өз ісіне деген жауапкершілік пен құрметін арттырады.

Ал оқушылардың адами құндылығын бірінші орынға қойып, бір оқушының кемшілігін екінші оқушының алдында айтпай, оның ішкі ой-сезімімен санаса отырып оқытуы маған үлкен ой салды. Бұл арқылы  әрбір оқушының болында «Менін» қалыптастырып, сенімділік пен өз ісіне деген жауапкершілікті қалыптастыруға мән беру керектігін білдім. Бұған қоса Финляндияда жеке оқушыларға қолдау көрсету мақсатында мектепте түзетуші шаралардың тиімділігіне басты назар аударады екен. Әрбір мектепте бірнеше арнайы мұғалімдік штаты бар. Орташа алғанда мектептегі 7 мұғалімге осндай бір мұғалімнен келеді. Олар – жеке немесе топтық сабақ шегінде қосымша бір жылдық дайындықтан өткен арнайы мұғалімдер. Олардың негізгі міндеті – сабақ үлгерімі нашарлап, артта қалушы оқушылармен жұмыс істеп, оларға жекелей көмек беру. Мұндағы мақсат – оқушылардың сабақ үлгеріміне жедел араласу арқылы сәтсіздіктер мен одан туындайтын келеңсіз жағдайлардың алдын алу. Бұл әдіс біздің мектептерге де өте тиімді болар еді. Өйткені пән мұғалімдері оқушы санының көптігінен әрбір балаға жеке-жеке көңіл бөлуге үлгермейді, содан үлгерімі төмен оқушылар назардан тыс қалады. Осындай әдіс арқылы мектептерде тең мүмкіндіктер қағидатына сәйкес оқыту нәтижесінің тұрақтылығы артады деп ойлаймын.

 Неліктен Қазақстанның білім жүйесіне өзгеріс ендіру керек?

 

ҚР 12 жылдық білім беру үрдісіне көшу қажеттігін айқындап отыр. Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді. 2008 оқу жылынан бастап 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшуі басталды. 12 жылдық мектептің басты ерекшелігі – баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық, мәдени, саяси, өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр. (www.bilimdiler.kz)

Жоғарыда келтірілген мемлекеттердің білім саласындағы  реформаларын зерттей келе мен  Қазақстанның білім беру жүйесіне осы мемлекеттердің сұрыпталған, зерттелген, әлем деңгейінде кеңінен қолданылып келе жатқан әдіс-тәсілдері ендірілсе деймін. Жаңа-әдіс тәсілдерді ендіруде ұлттық құндылықтарымыз ешқашан да назардан тыс қалмауы керек. Себебі ғасырлар бойы қалыптасып, қазақ елінің өсіп-өркендеуіне ұлттық құндылықтың маңызы өте жоғары деп білемін.

Мектептің тірегі де, жүрегі де мұғалім болғандықтан білім саласына өзгеріс ендіруді мен ең бірінші педагог кадрлардың кәсіби білімі мен шеберлігін, құзіреттілігін арттырудан бастаған жөн деп санаймын.

Қазақстанда педагог кадрларды даярлау бағдарламасына Жапония университеттерінің  мектепте жұмысын алғаш бастайтын мұғалімдерге арналған қарқынды даярлаудың міндетті бағдарламасын енгізу тиімді болады деп ойлаймын. Бұл арқылы біз біріншіден, мектепте жұмысын алғаш бастайтын мұғалімдерге сабақ берудің практикалық дағдыларын меңгертуді қолға алсақ, екіншіден мектептегі тәлімгерлік жұмыстың ұйымдастырылуына қол жеткізетін едік. Өйткені қазіргі кезде біздің мектептерде тәлімгерлік жұмыстар атқарылмайды, атқарылса да жауапкершілік жоқ. Жас мамандар мен тәжірибелі мұғалімдер арасында кәсіби тәжірибе алмасу қарым-қатынасты дамыту үшін осындай бағдарламалардың тиімділігінен пайдалану керек деп есептеймін. Сондай-ақ Жапонияның Lesson Study тәсілі Қазақстанның оқу мен оқытуды жақсарту мақсатында зерттеу жүргізу үшін тиімді әдіс-тәсілдің бірі екеніні белгілі. Оқыту мен оқудағы мұғалімдердің іс-тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілді пайдалану арқылы біз мектептің даму жоспарына өзгеріс ендіре аламыз. Өйткені Lesson Study тәсілінде зерттеу барысында барлық топ мүшелері толық көлемде және бірдей дәрежеде үдріске тартылады. Бұл арқылы біз мұғалімдердің өз кәсіби білімінің дамуына және зерттеу жұмысына жауапкершілігін арттырып, оқушылардың білім сапасын көтеруге қол жеткіземіз деп ойлаймын.

          Қазақстанның оқыту мен оқу жүйесіне «сындарлы оқыту теориясын» енгізу арқылы оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етеміз деп ойлаймын. Сындарлы оқытудың басты мақсаты да осы болып табылады. Қазір біз мектепте дәстүрлі сабақ беру барысында оқушылардың білімді тек механикалық есте сақтау арқылы игеріп отырғанын, сондай-ақ алған білімі жаттанды болғандықтан мән-мағынасы терең меңгерілмей, келешекте тиімді пайдалана алмайтынын мойындауымыз керек. Сондықтан да оқытудың қай түрін алсақ та оның оқушының қажеттілігіне негізделуіне басты назар аударуымыз керек деп санаймын.  Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. (МАН 11-бет) Сындарлы оқытудың тағы бір ерекшелігі -  оқушылардың  өз құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасауы арқылы белсенді түрде ізденіп білім жинақтауы.

 

            Менің мектебіме не үшін өзгеріс керек?

Мен жоғарыда айтылған  Жапония және Финляндия,  АҚШ-тың білім беру саласындағы жетістіктерін саралап таныса келе, өз мектебімде осы салада қандай мәселелерге басымдық беру қажеттігін анықтадым. Осы  елдердің білім беру саласындағы жетістіктері мен тәжірибелерін менің мектебіме қалай енгізуіме болады деген тақырыпта ой толғаныс жасағым келеді. Бұл елдердің  білім беру жүйесінде оқушының адами құндылығын жоғары қою,  бейіміне қарай оқыту, оқушылардың мүмкіншіліктеріне қарай ағымдарға бөлу, оқыту мен оқудағы жаңашыл әдістер, бірнеше тілдерде оқыту, ұлттық және отансүйгіштік білім беру бағдарламасының аясында рухани құндылықтарды оқыту, күшті қаржыландыру бағдарламасы, өмір бойы білім алу қажеттілігіне мән беру және алған білімін өмірде қаншалықты пайдалана алатындығы қарастырылған. Сонымен қатар мектепте тәлімгерлік жұмыстардың арқарылуы, Lesson Study тәсілін қолданылуы мектептің оқыту мен оқу үдерісіне өте тиімді болады деп ойлаймын. Өйткені мұғалімдердің ынтымақтастық пен кәсіби зерттеулерінің арқасында мектептегі барлық проблемалар дер кезінде анықталып, оларды дұрыс шешу жолы  анықталады. Бұл үрдістердің барлығын мен өз мектебіме еңгізуіме мүмкіншілігім бар, себебі мектепте тәжірибелі мұғалімдер көп. Мен мектепте Бірінші деңгей бағдарламасы бойынша коучинг пен тәлімгерлік жұмыстарды ұйымдастырып, оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа әдіс-тәсілдер енгізу мақсатында аянбай еңбек етемін деп ойлаймын.  ХХІ ғасыр – жаңа  идеялар мен жаңа технологиялардың қарқынды дамыған заманында бәсекеге қабілетті тұлға дайындау қажет. Ал ондай тұлғаны тәрбиелеуде әлемнің әлемдік озат тәжірибелерін оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін, сын тұрғысынан ойлау, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, диалогтік оқыту, тәлімгерлік жұмыстарды жандандыру, коучинг пен кәсіби қауымдастық үдерісін мектебіме ендіру менің алдағы жұмысымның өзекті мәселесі болып тұр.

  Мемлекетіміздің білім беру жүйесін реформалауды қолға алып, мектептегі оқыту мен оқу үдерісіне өзгеріс ендіріп, оны ең алдымен бізден, яғни мұғалім қауымынан бастағаны маған үлкен ой салды, қуантты және өзгеріске бет бұруыма ықпал етті. Ал менің мектептегі іс-тәжірибемдегі басты қолжетімді мақсатым – мектептегі  әріптестерімнің білімі мен дағдыларының ауқымын кеңейтудегі қажеттіліктерін анықтап, қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында олардың үздіксіз дамуына, өзгеруіне ықпал ету. Оқыту мен оқу тәжірибесіне диалогтік оқытуды оқушылар арасындағы қарым – қатынасты қалыптастыруда тиімді пайдаланып, оқушылардың белсенділігін арттыру деп ойлаймын. Курс барысында алған теориялық білімімді мектептегі тәжірибеде тиімді пайдаланып, әріптестерімнің оқыту тәжірибелеріне өзгеріс енгізу арқылы мектептің даму бағдарламасын іске асырамын деп сенемін.

 

 

 

                      Пайдаланылған әдебиеттер :

1.                                        А. Құсайынов «Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы». Алматы, 2013 жыл

2.                                         Интернет «Жапония мемлекетіндегі оқу реформалары»

 Интернеттен «АҚТ-тың білім беру жүйелері»

3.                                         Интернеттен «Әлем елдерінің білім беру жүйелері»

4.                                         Мұғалімге арналған нұсқаулық ( бірінші деңгей)

5.                                        ( www.group.org ) – доклады – GGlobalкоммуникационная платформа

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Білім саласына не үшін өзгеріс қажет?""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Ректор

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 271 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.11.2015 2932
    • DOCX 29.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абилова Гаухар Сапараликызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абилова Гаухар Сапараликызы
    Абилова Гаухар Сапараликызы
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 40902
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Мини-курс

Адаптация и расстройства: понимание, преодоление, развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 18 регионов

Мини-курс

Психология расстройств пищевого поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 162 человека из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: нормативно-правовые основы, компетенции и педагогические аспекты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе