Инфоурок Другое СтатьиБаяндама "Бірыңғай талап – жан-жақты тұлға қалыптастырудың кепілі"

Баяндама "Бірыңғай талап – жан-жақты тұлға қалыптастырудың кепілі"

Скачать материал

 

 

 

 

Бірыңғай талап – жан-жақты тұлға қалыптастырудың кепілі

 

Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі

Жусупова Шолпан Саламатовна

 

 

Қоғамның дамуы өркениетті өмір сүруге жағдай жасайды. Біздің өмір сүріп отырған қоғамымыз демократиялық бағытта екендігі анық.  Демек, адамдардың еркін өмір сүрулеріне толық мүмкіндік берілуде. Еркін өмір сүру дегенді  әркімнің ойына не келсе соны жасауы деп емес, белгілі бір адамгершілік, имандылық  ұстанымдарды жүзеге асыру деп түсінген абзал. Сондықтан әр  адам өз қоғамына сай өмір сүріп, болашағын да болжағаны жөн.

Қазақстан Респуликасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың  2011 жылғы өз халқына Жолдауында да  білім және ғылымды дамыту мәселелерін көтеруі, білім берудің ең негізгі өзекті мәселесі- адамды жан-жақты етіп тұлғаландыру екендігін баса айтуы тегін емес. Сондықтан,бүгінгі білім берудің мақсаты мен мазмұны  қазіргі заман  талабына сай,адам туралы концепция тұрғысынан анықталуы керек.

Адамдарға өмірді алланың бұйрығымен ата-анасы сыйлайды. Демек, ата-ананың балаларының алдында борышы, міндеті бар екендігі сөзсіз. Бұл борыш ұрпақтың  тек табиғи қажеттіліктерін орындаудан ғана емес, дұрыс өмір сүруге бағыт-бағдар беруден де тұрады. Балаға табиғи қажеттілікпен қатар рухани қажеттіліктердің де құндылығы ерекше екендігіне кейбір отбасылары мән бере бермейтінін мойындауымыз керек-ақ.

Қай  заман, қай  қоғамда  болсын, адамзат  баласы  жас  ұрпақ  тәрбиесіне  зор мән  беріп  келген.   Өркениет  жолында  алға  ұмтылған  ұлт  ең  алдымен, жастарға  оқу-білім  беру  ісін  дұрыс  жолға  қоюы  тиіс.

«Балаға  есек  мініп, есек  жегуді  үйретумен  шектелсең, арбасын  салдырлатып  ауыл  іргесінен  ұзай  алмайды. Ал, аспанға  ұшудың  қыр - сырына    баулысаң,  уақыт  пен кеңістік  жайындағы  іліммен  сусындатсаң, ғарыш  шарлап  басқа  планеталарға   самғап  кетері  сөзсіз» деген екен сұңғыла бабаларымыз.

Шәкәрім  атамыздың  «Адамның  жақсы  өмір  сүруіне  үш  сапа  негіз  бола  алады, олар  барлығынан  үстем  болатын  адал  еңбек, мінсіз  ақыл, таза  жүрек. Бұл  сапалар  адамды  дүниеге  келген  күнінен  бастап  тәрбиелейді»  дегеніндей, құнды  қасиеттерге  ие  рухани   адамды  қалыптастыру - шынында да оның  туған  кезінен  басталса  керек. Ал, адамның  адам  болып қалыптасуында  ата-анамен  қатар  тәрбиеші  мен  мұғалімнің   де  рөлі  бар.

Яғни,  ата-анамен қатар білім  жүйесінің   қызметкерлеріне де болашақ  ұрпақты  тәрбиелеуде  үлкен  жауапкершілік  жүктелген. Сондықтан, келешегі кемел біздің өскелең  ұрпағымыз  түзу  жолмен  жүріп, дұрыс  қалыптассын десек, тәрбие тәлімімен сусындатып,   жан-жақты жағдай  жасалуы  керек.

Рас, адамгершілік  тәрбиесінің  маңызы  оқу орындарының күн  тәртібінен  ешқашан түскен  емес. Адамгершілік құндылықтар бала бойына,  үлкен мен кішінің  арасына шынайы қарым-қатынас кезінде дариды.

    Балаға  жүрек жылуы қашан да қажет және ол ешқашан артық болмайды. Ата-анасынан көрмеген сүйіспеншілікті кей уақытта  мұғалімінен  көрген бала менің ата-анам да осындай болса, деп армандауы мүмкін. Мұғалімін тек жақсы қырынан таныған оқушы үшін оның айтқаны  анық, дегені  дәл  болып  көрінеді.

Баласын қалай жақсы көретінін дұрыс білдіру кез келген ата-ананың қолынан келе бермейді. Біреу жақсы киіндіріп қояды, біреу  тамағы тоқ  болса болды деп, қалтасына ақшасын салып бергеніне мәз. Біреулері өте қатал, айтқанын орындатады. Бала  қорыққаннан уақытша тыңдайды, бірақ  ата-анасының уысынан шыққан соң өзін - өзі ұстай алмайтын жағдайға жетеді. Ендеше мұғалім ата-ана ескере бермейтін тәрбиенің сәттерін пайдалануға  тырысу қажет.  Мұғалім оқушыға материалдық жағдай жасамағанмен, оның өміріне азық болар ең қымбат асыл қасиеттер: адамзаттық құндылықтармен, біліммен қамтамасыз етіп, қаруландырады.

Дүниеге келген бала алдымен жақсы, жаман қасиеттердің барлығын ата- анасынан үйренеді. Олар үшін ата – ана – идеал. Алғашқы  кезде тіпті ата – анасының көшірмесі болуға тырысады. Кейіндеп қоғамдық ортаның әсерімен олардың көптеген ой – пікірлері өзгереді. Білім алу арқылы дүниеге көзқарасы қалыптасып, өзіндік санасы дамиды. Дегенмен де, өзіміз көріп отырғандай алғашқы сабақты  отбасынан алады.

Мектептің есігін ашқан жас ұрпаққа адам бойындағы адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір талабына сай құндылықтарды  түсіндіріп, үйрету  мұғалімдердің міндеті болса, сол берген тәрбиені жалғастырып, мектеппен қоян-қолтық байланыс жасап отыру ата-ананың жауапкершілігін керек етеді.

Жүрегі таза, ниеті ақ, пейілі кең, пәк періште күйінде мектеп табалдырығынан жаңа аттаған жас бүлдіршін азамат қатарына қосылып кетіп жатыр ма? Міне, осындай сұрақтар кімді болса да мазалайтыны даусыз.

Қарапайым мысалға жүгінсек,мектепке келген кезінде сондай сүйкімді, тілалғыш, жүрегі таза, сезімі пәк жас бүлдіршін орта немесе жоғары буынға келгенде неге өзгеріп сала береді?

 Сондықтан мына бала қандай еді, қалай өзгеріп кетті?  Мынадай жаман әдеттерді қайдан үйреніп ала қойды?  Неге озбырлық жасуға бейім болып алды? - деген сияқты сауалдар  ұстаздар тәжірибесінде   күнделікті кесе-көлденеңдейтін сұрақ.

Әрине, оның  себептерін жан-жақтан іздеуге болады. Ата-анасын,  жүрген ортасын қосқанда оның тәрбиесіне мұғалімнен басқа бірнеше ортаның қатысы бар. Олардың барлығы бір мақсатта болғанымен, бір ойдан шығуы мүмкін емес қой деген пікірдің де туындалуы  ғажап емес. Бірақ, баланың қалыптасуына ықпал етіп, дамуына үлес қосатын мұғалімнің есте ұстар жағдайлары жетерлік.

Балаға тәрбие беретін әрбір ұстаз салт – дәстүр мен әдет – ғұрыптарды жан – жақты терең білумен қатар, өзінің жаны таза болуы шарт. Балаға ұстаздың бойындағы жақсы қасиеттер арқылы беріледі. Әрбір мұғалім бала жүрегініңс жылуын, өзіне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ата – анамен үнемі байланыста болған жағдайда ғана бала бойына адамгершілік атты асыл қасиетті қалыптастыратыны сөзсіз.  

            Ата-бабаларымыздан халқымызға мұра болып қалған меймандостық, тазалық, адалдық және Отанды сүю сияқты қасиеттерді жастардың санасына тәлім-тәрбие барысында сіңіру, олардың болмасын халқымыздың керемет маржандарымен байыту және ұлттық құндылықтарды терең пайдалануға көңілді баса бөлуді жүзеге асыру мектепте мұғалімдердің, ал отбасында ата-аналардың азаматтық борышы екендігін  ұмытпауымыз керек.

     Сондықтан да маңызды мәселелерді зерттеп қана қоймай, олардың тәрбие үрдісінің тиімділігіндегі өзара байланысы мен өзара тәуелділігіне жіті назар аударуымыз керек.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Бірыңғай талап – жан-жақты тұлға қалыптастырудың кепілі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по корпоративной культуре

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 033 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.04.2016 563
    • DOCX 39.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жусупова Шолпан Саламатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жусупова Шолпан Саламатовна
    Жусупова Шолпан Саламатовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7329
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Сенсорные системы и развитие нервной системы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 43 человека

Мини-курс

Эффективные стратегии текстовых коммуникаций в бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы работы в After Effects

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе