Инфоурок Другое Другие методич. материалыБаяндама "ҰБТ-ға дайындау үрдісінде күрделі тақырыптарды оқытуда интербелсенді стратегияларды қолдану"

Баяндама "ҰБТ-ға дайындау үрдісінде күрделі тақырыптарды оқытуда интербелсенді стратегияларды қолдану"

Скачать материал

 

Айкенова Айжан Сериккановна 

«Көкжайық орта мектебі» КММ

Көкпекті ауданы, Көкжайық ауылы

 

ҰБТ-ға дайындау үрдісінде күрделі тақырыптарды оқытуда интербелсенді стратегияларды қолдану

      

     Қолда бар ресурстарды тиімді пайдалана білу, тіпті кейде жоқ нәрседен бар қылу шынайы мамандар шеберлігіне байланысты болады. Ұлағатты ұстаз А.Байтұрсыновтың «Мұғалім қандай болса, мектепте сондай» деген сөзінде терең мағына жатыр. Сол үшін де қазіргі ұстаз – ертеңгі болашақ кепілі. Қазіргі заманның ұстазға қояр басты талабы – ақпараттандырылған, жан-жақты, дүниетанымы кең, тәрбиелі әрі саналы шәкірт сомдауы.Сапалы білімге жету жолында ұстаздың аянбай еңбек етуі керек. Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін, қазіргі заманауи инновациялық технологияларды меңгеруі шарт.

     Кез келген сабағын қызықты өткізу үшін ізденіс, жаңаға ұмтылу жұмысын жүргізу әрбір ұстаз үшін бұлжымас қағида. «Оқытып жүріп, өзімізде үйренеміз қағидасын» ұстанған ұстаз үшін өзінің әрбір сабағы бірінші өзіне жаңалық болуы тиіс. Ұстаздың өзі – ізденуші. Сонда ған өзі қызыққан ұстаз сабағын басқаларға да қызықты жеткізе алады деп ойлаймын.

     Мен үшін әрбір сабаққа жаңалық еңгізудің қажеттілігінен гөрі әрбір сабаққа жаңалықтарды пайдалану, озық тәжірибелерді қолданудың өзі үлкен жетістіктерге жеткізеді. Өзіміздің дәстүрлі, дәстүрлі емес оқытудың әдістерін де пайдалануды ұмытпағанымыз жөн. Себебі жаңа-жаңа деп жүріп кейде біз қарапайым әдістерді меңгермей, өз жұмысымызды күрделендіріп жібереміз. Өзімнің әрбір сабағымда осы озық технологияларды пайдалануым жақсы нәтижелерді беріп келеді. Кез-келген сабағымда тақырып бойынша «қандай жаңалықтар шығуда, қандай жұмыстар атқарылуда» арқылы бастау дәстүрге айналды. Қызығушылықты арттыру арқылы сабақты бастау сол сабақтың аяғына дейін қызықты өтуінің кепілі.

       «Әдіс» термині табиғат құбылыстарын зерттеу үрдісін, олардың шынайы болмысын анықтау үшін болып жатқан құбылыстарды игеру жолдарын жоспарлау деген мағынаны білдіретін грек сөзінен («methodos» - «зерттеу») шыққан. Педагогика ғылымында «оқыту әдісі» оқу үрдісінің ең маңызды бөлігі болып табылады. Сәйкес келмейтін әдіс-тәсілдермен оқу үрдісіндегі білім міндеттері мен мақсаттарын іске асыру, оқушылардың оқу материалдарының белгілі-бір ауқымын меңгеруіне қол жеткізу мүмкін емес.
       Интерактивті әдіс. Интерактивті («Inter» - өзара, «act» - әрекет ету) - өзара әрекет ету, сұхбаттасу режимінде болу, біреумен әңгімелесу дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда, белсенді әдістерден айырмашылығы сол, интербелсенді әдіс оқушының оқытушымен ғана емес, бір-бірімен де өзара кеңірек қарым-қатынасқа түсуіне бағытталған және оқушының оқу үрдісіндегі белсенділігін арттыруға негізделген. Интерактивті оқытуда оқытушының орны оқушының іс-әрекетін сабақтың мақсатына жетуге бағыттауға арналады. Оқытушы сонымен қатар сабақтың жоспарын жасайды. Бұдан шығатын қорытынды, интерактивті сабақтың құрамдас бөлігі оқушы орындайтын интерактивті жаттығулар мен тапсырмалар болып табылады. Интерактивті жаттығулар мен тапсырмалардың әдеттегі тапсырмалардан маңызды ерекшелігі сол, оқушы оны орындай отырып оқыған материалды бекіткеннен гөрі жаңа материалды көбірек игереді. Сондай-ақ оқыту әдістері соған сәйкес оқыту әдістерімен үйлесетін: ақпараттық-жинақтаушы және орындаушы, түсіндіруші және репродуктивті, құралдық-практикалық, өнімді-практикалық, түсіндірмелі-қозғаушы, бөлшектік-ізденушілік, қозғауыштық және ізденістік жіктеулер ұсынылады

1)Интерактивті әдіс:

                                               оқушы

 


Мұғалім                                оқушы

 


                                                оқушы                

 

     Интерактивті оқыту – білім беру үрдісіне қатысушылардың өзара диалогтық формасына негізделген таным тәсілі; нәтижесінде білім алушыларда өзара әрекет ету қалыптасатын, қарым-қатынасқа толы оқыту. Бұл – «барлығы біреуін, біреуі барлығын оқытатын» әдіс (В.С. Дьяченко бойынша ). Интерактивті оқыту әдістеріне жатады:

-Проблемалық мазмұндамалар;

-Презентациялар;

-Пікірталастар;

-Кейс-стадилер;

-Топпен жұмыс;

-Ой түркі (миға шабуыл);

-Сыни тұрғыда ойлау;

-Викториналар;

-Шағын зерттеулер;

-Іскерлік ойындар;

-Рөлдік ойындар;

-Insert әдісі;

-Шұғыл сауал;

-Сауалнамалар.

     Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық үрдісінде күрделі тақырыптарды оқытуда интербелсенді стратегияларды орынды қолдана білген дұрыс. Менің тестілеуге дайындық сабақтарым қосарланған сабақ түрінде өтеді. Бұл сабақтың артықшылығы сол мұнда теориямен практика бір-бірімен тығыз ұштасады. Қосарланған сабақты өткізу барысында интербелсенді стратегиялар кіріктіріліп қолданылады. Мысалы: 9-сынып бағдарламасы бойынша құрылған «Организімдердің жеке дамуы» деген тақырыпты алып қарастырсақ.

Сабақ барысыда жүргізілетін жұмыстың жоспары:

1-сағат

1. Тест тапсырмаларын алу «Миға шабуыл» (7-10 минут)

2. Тест тапсырмаларын өзара тексеру (5-7 минут)

3. Дәріс №1 (20 минут)

4. №2 бекіту (10 минут)

5. №3 Қорытындылау (7-10 минут)

2-сағат

6. Өзіндік жұмыс (15 минут)

7. Практикалық бөлім тапсырмаларымен жұмыс (7-10 минут)

8. Кері байланыс (15-20 минут)

9. Қорытынды бағалау (5 минут)

         Ен алдымен оқушылардан өткен сабақ бойынша «Миға шабуыл» әдісін қолданып 15 сұрақтан тұратын тест тапсырмасы алынады. Тестке 7 минут уақыт кетеді. «Миға шабуыл» әдісінде өткенді еске түсіріеді. Есте сақтау қабілеттері дамиды. Тест тапсырмасы алынғаннан кейін өзара тест кілттері бойынша тексеріледі. Бірінші 45 минут бойы өткізілетін сабағымыз теорияға негізделеді. Тест тексеріліп болғаннан кейін, организімнің жеке дамуы деген тақырыпта тірек-сызбаларды, презентацияларды, видеокөрсетілімдерді қолдану арқылы 20 минут бойы тек түсіндіру жұмыстары атқарылады. №1 дәріс аяқталғаннан кейін, нақты нені түсінгендерін анықтау үшін жұптық жұмыс, яғни оқушылардың бір-біріне түсіндіру жұмыстары жүреді. Оқушылар бір-бірін оқытады, бір-бірін толықтырады. Диалогтық оқытуда өз ойларын жарыса айтып, қызу пікірталас тудыра алды және өз ойларын дәлелдеуге тырысты. Сөйлеу мәдениеті қалыптасып, ойын жеткізуге дағдыланды. Тілдік қорын толықтыра отырып, көркем әдебиет оқу қажеттігін түсінді.      Дәстүрлі сабақ барысында томаға тұйық отырған бірқатар балалар ашылып сөйлеп өзіндік пікірлерін білдіргені қуантарлық жағдай болды. Қорыта айтқанда диалогтық оқытудың маңыздылығы оқушы «Көре, көре көсем, сөйлей, сөйлей шешен» болады деген тұжырым жасауға негіз бар.

Көпшіліктің түйген ойы:

•  оқығаннан есте сақталатыны - 10%

•  естігені бойынша - 20%

•  көргені бойынша - 30%

•  әрі көріп, әрі естігені бойынша - 50%

• басқа адамдармен талқылағаны бойынша - 70%

•  шынайы өмірде пайдаланып, жүзеге асырса - 80%

•  басқа біреуді оқытса, үйретсе - 95%

Осы тақырыпты қорытындылау үшін лездемелік сұрақтар немесе жекелей сұрақтар қойылады. Дәріс оқылып болғаннан кейін немесе сабақ қорытындыланғаннан кейін өзіндік жұмыс беріледі.  Бұл жұмысты алғашқы сабақта немесе екінші сабақтада беруге болады. Кітаппен жұмыс, түсінбеген жерлерін түртіп алу, жаңа термин сөздерді жазу. Қайталап оқу, өткенді еске түсіру жұмыстарын оқушылар өздері орындайды (15 минут). Өздік жұмыста көбінесе инсерт әдісі қолданылады. Екінші сабақ практикалық бөлім тапсырмалар топтамасынан тұрады. Мұнда оқушылар тест тапсырмаларын, сәйкестендіру, суретпен жұмыстарды орындайды, рөлдік ойындар, пікірталас түрінде де әр-түрлі интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолданып өткізуге болады. Сабақ соңында кері байланыс жасалады.

Кері байланыс

1.Маған бұл жерде жетпеді

2.Мен үйрендім

3.Маған бұл ұнамады

4.Бұл тақырып бойынша нақты мәліметтер бар

5. Бұл тақырып бойынша әліде ізденіс керек

Қорытынды бағалауда оқушылардың теориялық бөлім тапсырмаларын нақты түсінгендеріне, практикалық тапсырмаларды орындағандарына, тест тапсырмасын орындауына негізделіп нақты баға қойылады.

     ҰБТ-ға дайындық үрдісінде интербелсенді стратегияларды қолданып сын тұрғысынан ойлауға үйрету модульдері стратегиялары арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты, оқушылармен кері байланыс орнатылды. Топтық жұмыстар негізінде барлық оқушы жұмыспен қамтылып, көптеген оқушылардың қабілеттері ашыла түсті. Сұрақтар қоюды, соның ішінде ашық және жабық сұрақтарды ажырата білуді үйренді. Постер қорғай отырып, дарынды оқушылармен бір топтағы оқушылар белсенділік танытып, ашыла түсті. Сабақты өздері түсіндіріп, өз қолдарымен жасағанда есте жақсы қалатынын мойындады. Ең бастысы өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып білу кезеңінде өз түсінігін өзгерте білді және білімді саналы түрде меңгеруге бейімделді. «Дебат» әдісінде оқушылардың өзіндік пікірлері қалыптасады. Өмірде қолданады.«Өз позицияңды ұстан» әдісінде дәлелді сөйлеуге, сөзге берік болуға талпынады. «Жобалау» технологиясында Ақпараттық технологияны кең көлемде қолданады, ізденеді, дәлелді сөйлеуге машықтанып, жан – жақтан ақпарат жинайды. Көзбен көрсетіп, өздері түсіндіреді. Жауапкершіліктері дамиды.

         Интербелсенді зерттеу әдістеріне мұқият тоқталамыз.

     XX ғасырдың 40-жылдары Алекс Осборн құрастырған, кейін кең тарап кеткен атақты ой түрткі (миға шабуыл) (ол дегеніміз – мимен шабуылдау, ол дегеніміз – брэинсторминг) идея іздеудің бірінші тарихи әдісі болды. Дұрыс ұйымдастырылған ой түрткі міндетті үш кезеңнен тұрады: 1. Мәселенің қойылуы. Бастапқы кезең. 2. Басты идеялар. 3. Шешім қабылдау.                           

     Кейс-стади. Бұл әдістің «отаны» Америка Құрама Штаттары, Гарвард университетінің бизнес мектебі болып табылады. Алғаш рет ол 1924 жылы қолданылған. Кейс-әдістің пайда болуы мен дамуының мәдени негізі «түрткіден» немесе «оқыстан» болған. Ол «оқып жатқан пәнге оқушының қызығуына мүмкіндік береді, әр түрлі жағдайларды сипаттайтын ақпараттарды жинау, өңдеу және талдау» дағдылары мен білімдерді белсенді игеруге мүмкіндік береді

     Рөлдік ойындар. Ойын түрінде оқытудың қызметтері. Ойындар үйренушілерге шығармашылықпен ойлануға, шешімдер қабылдап, олардың орындалуын ұйымдастыруға, тапсырмаларды орындауға, ұжымды басқаруға, өз бетінше жұмыс істей алу дағдыларын дамытуға және бекітуге мүмкіндік береді.

2)Пассивті әдіс:

                                             оқушы

 

Мұғалім                              оқушы

 

                                              оқушы

 -монолог-дәріс

-бақылау

-баяндау

-түсіндіру

-сұхбат

-көрсету (демонстрация)

-оқулықпен жұмыс.

 

 

 

3) Белсенді әдіс:

                                             оқушы

 

Мұғалім                              оқушы

 


                                              оқушы

 

-материалдық нысандарды, препараттарды, муляждарды, құралдарды, макеттерді зерттеу, зертханалық жұмыстарды орындау

-клиникалық тапсырмаларды шешу, қанды тоқтату, жасанды тыныс алғызу және т.б.

оқу-рөлдік, иммитациялық, оталық әрекеттер;

-іскерлік ойындар;

-ой түрткі (миға шабуыл);

-оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы.

     Оқытудың интербелсенді әдістемесінің басты мақсаты – жалпы орта мектеп мұғалімдеріне интербелсенді оқытудың негізгі идеялары мен ерекшеліктерін түсіндіре отырып, интербелсенді әдіс-тәсілдермен сабақ өтуді үйретеді.
       Ұстаз өтілетін тақырыпқа шәкіртінің қызығушылығын тудырып, олармен бірге ізденеді, жұмыс жасайды, өзіндік білім құрастырады. Мұғалім берілген сұрақтарға дайын жауап беруге ұмтылмай, оларға шәкірттердің жауап беруіне оңтайлы жағдай жасайды. Ұстаз мұнда «білім көзі» емес, ол – білімге апаратын жолды нұсқаушы, ол тек қажет кезде ғана шәкіртіне жәрдемдеседі, сұрақ қояды, тапсырма береді, ақпарат ұсынады.

      Дәстүрлі оқыту мен интербелсенді оқудың айырмашылықтары:
-Дәстүрлі білім беру - білімді жинақтауға негізделеді. Оқыту, үйрету, білім беру.
-Интербелсенді оқу – білімді өздігімен игеруге негізделеді. Оқу, үйрену, білім алу.

     Нәтижеге бағытталу оқу процесінде шәкіртті бірінші орынға шығаруды талап етеді. Ал бұл ұстаным әрбір ұстазға шәкірттерді белсенділендіретін оқу оқыту әдістемелерін қолдануды міндеттейді, өйткені бүгінгі күні оқу процесі бұрынғыдай «үйрету», «оқыту», «беру» сынды етістіктерден құралмай, «ұйымдастыру», «жағдай жасау», «бағыт-бағдар беру» сияқты ұғымдардан тұрады. «Үйрену мен үйрету тек өзара белсенді әрекеттерге негізделген қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады» және «Тек әрекеттесу арқылы ғана үйренуге, үйретуге болады». Міне, осы себептерге байланысты оқу процесінің негізін интербелсенді (интерактивті) әдістемелер құрауы керек., әрбір педагог интербелсенді құралдар мен тәсілдерді өзінің әдістемесінің төрінен көруі қажет. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2007 жылдың 1-қыркүйегінде Білім күнін интербелсенді сабақ түрінде өткізуі Елбасының интербелсенді әдістемесінің тұлғаны дамыту мен маман қалыптастырудағы ерекше маңызын баса көрсеткендігі деп түсіну керек.

       Интербелсенді әдістемесінің басты мақсаты - ұстаздар мен шәкірттердің назарын интербелсенді оқу-оқытудың ерекшеліктеріне аударып, осы әдістеменің негізгі идеялары мен әдіс-тәсілдері ауқымында құрастырылған сабақ жоспарларымен таныстыру. «Интербелсенді оқу-оқыту» ұғымы жан-жақты, кең мағыналы болғандықтан, оның философиясы мен әдістемесін көптеген оқу-оқыту жүйелерінен көруге болады. Олардың қатарына біздің еліміздің педагогикалық жұртшылығы арасында кеңнен танымал, педагогикалық қолданыста жан-жақты көрініп жүрген «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» халықаралық жобасын, М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясын» және де басқа жобалар мен бағдарламаларды жатқызуға болады. Интербелсенді оқу-оқыту бірінші мезетте диалогқа негізделген.

НЕЛІКТЕН ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚУ/ОҚЫТУ СТРАТЕГИЯСЫ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕМЕГЕ АЙНАЛҒАН?
Алдымен қазіргі күннің негізгі ерекшеліктері мен проблемаларын айтар болсақ:
1. Динамика – қазіргі әлем дамуының негізгі ерекшелігі.

-Бүгінгі күні әлемдік экономика және саясат тұрақты (статистикалық тұрғыда) әрі болжауға тұрарлықтай дамыған.

-Бүгінгі күннің негізгі ерекшелігі - динамика, яғни өзгерістер, тұрақсыздық, белгісіздік және болжаусыздық.

2. Ақпараттың мейлінше өсуі.

-Бүгінде ақпараттың жетіспеушілігі емес, керісінше, оның адам миының мүмкіншіліктерінен шамадан тыс көптігі проблема болып табылады.
-Әр салада ақпарат әрбір 4 жылда ескіріп, екі есе ұлғайып отырады.
-Дамудың мұндай қарқыны сақталатын болса, онда, ғалымдардың пікірі бойынша, жақын болашақта ақпарат әрбір 76 күнде екі еселенетін болады.
3. Ақпараттық коммуникациялардың жаңа формалары.

-Коммуникациялық жылдам құралдардың дамуы (Интернет, ұялы байланыс және т.б.).

-Интернет арқылы сауда жасау және оқу.

-Жоғарғы технологиялар

4. Постиндустриалды заман экономикасының ерекшеліктері.

-Экономикалық шекаралар жойылған әлем (жаһандану).

-Әлем деңгейінде еңбек бөлу процесінің дамуы.

-Кәсіптер әр 4 жылда 25% -ке өзгеріп отырады.

5. Әлеуметтік ерекшеліктер.

-Адам қоғамының қызмет көрсету қоғамына айналу.

-Адамдардың бос уақытының ұлғаюы және демалу мәдениетінің дамуы.

-Гендерлік саясат (әйелдер рөлінің өсуі).

-Қоғамдағы тұлға рөлінің өсуі.

6. Интеллектуалдық өзгерістер.

-Адам миының мүмкіншіліктерін бұрынғыдан тиімді пайдалану.
-«Өзің жасап ал!» идеясының кең етек алуы.

7. Білім жүйесіндегі өзгерістер.

-Репродуктивтік оқытудан конструктивтік оқуға көшуі.
Адам енді өндірістің элементі емес, оның басты құндылығы мен артықшылығына айналуда. Экономика бүгін экономика үшін емес, адам үшін дамуда.

-ақпараттың ішінен өзіне қажеттісін таңдап, оны пайдалану;
-проблемаларды шешу және шешім қабылдау;

-өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру, оларды дәлелдей және қорғай білу;

Бұл мәселені тағы да нақтылай түсетін болсақ, білім алушылар оқуды аяқтағанда мынандай құзырлылықтарды меңгеруі керек:

-Проблемаларды шешуге дайын болуы.

-Өзіндік тұрғыдан танымдық әрекеттерге дайын болуы.

-Тұлға аралық қарым-қатынасқа дайындық (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде).

Негізгі мақсат - оқушылар арасында еркін, ашық шығармашылық қарым-қатынас орнату, оқушыларға білімді өз бетімен ізденуге бағыт-бағдар сілтеу, оқушыларға қажетті білік-дағдыларды қалыптастыру, белсенділікті дамыту;

Аталған мақсатты жүзеге асыруда алдыма қойған міндеттерім:
• Зерттеу жүргізу және жоспарлау, сабақта интербелсенді оқыту технологиясынің әдіс-тәсілдерін қолдану;

• Оқушыларды өз бетімен білімді игеруге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, сыни тұрғыдан ойланып, проблемаларды шешуге дағдыландыру;

Қазіргі заманғы жаңа техникаларды қолдана білу білімдерімен және дағдыларымен қаруландыру, оқу үрдісінде кеңінен қолдану;

Күтілетін нәтиже: еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, белсенді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптасады.

Таным әрекеттерін ұйымдастырудың арнаулы әдістемесі ретінде интербелсенді оқыту білім игеру процесіне қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен келген «interactive» сөзі де осы ұғымды білдіреді. «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, «act» - «әрекет жасау» дегенді білдіреді, яғни интербелсенді әдістер – үйренуші мен үйретушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер.

        Қазіргі таңда дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі оқыту» стилі арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды. Төмендегі кестеден дәстүрлі сабақпен интербелсенді оқыту әдістерінің айырмашылықтарын көруге болады

Дәстүрлі сабақ

1.Мұғалім уақыттың көп бөлігінде сөйлейді,белсенді

2.Оқушылар тыныш отырып, мұғалімді тыңдайды.

3.Оқытудың басым түрі-түсіндіру

4.Сабақтың негізгі бөлігі- жеке-жеке бағалау

5.Сабақ кезеңдері ұзақ мерзімде өтеді

Интербелсенді әдіс

1.Оқушылар көп уақыт бойы белсенді,тапсырманы талқылайды

2.Мұғалім-бағыттаушы. Пікірталас кезінде көмектеседі,сұрақтар қояды

3.Оқушының өзі сұраққа жауап іздейді

4.Бағалаудың жаңа түрлерінен пайдаланылады

5.Жұппен және топпен жұмыс

       Бүгінгі күні интербелсенді (интерактивті) оқу/оқыту барлық дерлік дамыған елдердің білім беру жүйелерінің басты әдістемесі ретінде танылып отыр. Бұл әдістеменің басты ерекшелігі үйренушіні белсенділендіру.  «Интербелсенді» дегеніміз біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. («әңгіме», «сұхбат», «бірлескен әрекеттер»).

       Интербелсенді оқу/оқыту білім игеру процесін келесідей ұйымдастыруға ынталы:
1) барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік жасау;

2) әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талққылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау.
Интербелсенді оқу/оқыту диалогтық қатынасқа негізделеді, ал диалог өз кезегінде өзара түсіністікке, бірлескен әрекеттерге, таным процесінде туындаған мәселелер мен проблемаларды бірлесе шешуге алып келеді. Интербелсенді оқуда/үйренуде білім алушылар келесідей білім, білік, дағды, құзырлық, машықтарға үйренеді:

-терең ойлануға;

-ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алуға;

-ақпаратты жан-жақты талдауға;

-өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыруға;

-пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеуге;

-жауапкершілікке (өз білімен, өміріне);

-басқалармен тиімді қарым-қатынас құруға.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1. Биолог анықтамалығы [№2, 2014 ж. 3-б]

2.«Жаңаша оқыту – заман талабы» Ғ.Сұлтанова, З.Сатқаева, Алматы, [2011 ж. 7-17б.]
2. «Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер» «Қазақстан мектебі» журналы [№3, 2012 ж. 18-б.]
3. Педагогика жаршысы [№4 2008 ж.]

4. Интернет желісі

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "ҰБТ-ға дайындау үрдісінде күрделі тақырыптарды оқытуда интербелсенді стратегияларды қолдану""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Животновод

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 617 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.12.2015 1218
    • DOCX 913.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айкенова Айжан Сериккановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Айкенова Айжан Сериккановна
    Айкенова Айжан Сериккановна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14165
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 473 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 846 человек

Мини-курс

Инклюзивное образование: нормативное регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы программирования и мультимедиа: от структуры ПО до создания проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Стратегия продаж и продуктовая линейка: успех в современном бизнесе

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе