Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / Баяндама Дарынды бала География

Баяндама Дарынды бала География


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

«Еңсесін енді көтеріп келе жатқан
біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың

орны мүлде бөлек»

Н.Ә.Назарбаев.


Баяндама тақырыбы:

«Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту»

ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ғасыр талабына сай зерделі, ой-өрісі жоғары азаматты қалыптастыру - мемлекетіміздің стратегиясы болып отыр. Дарындылықты дамыту білім саласына қатысты заңнамаларда жақсы көрініс тапқан. Мысалы, 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған «Бала құқықтары туралы» конвенцияның 29, 31 баптарында қатысушы мемлекеттер баланың «… жеке тұлға ретінде дамуына, баланың бойындағы дарынын және ақыл-есін, дене бітімдік қабілеттерін барынша толық дамытуға, …келіседі», «…Білім алу тұлғалық, дарындық, саналық және шымырлық қабілеттің барынша дамуына бағытталуы керек» делінген.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 17 шілдедегі қабылданған «Білім туралы» заңында «жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» білім беру жүйесінің міндеттері деп көрсетілген. 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді. 

Дарындылық мәселесі- Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын да толғандырған мәселе. Мысалы, Әл-Фараби «Бақытқа жету трактаты» еңбегінде этикалық мәселелермен қатар, адам қабілеттілігіне білім беруде түрлі озық әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарына көңіл бөледі. Абай «жетінші қара сөзінде» баланың ақыл-ойы, қабілеттілігі туралы мынадай пікір айтады: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі- ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар- тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ, үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, таппайды. Біреуі білсем екен деп, не көрсе соған талпынып, жалт-жұлт еткен болса, оған қызығып, аузына салып дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да тұра жүгіріп, «ол немене?» «бұл не?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп, көз көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені». Баланың білсем екен, үйренсем деген талабын ұштайтын, жеке ерекшелік қасиет, қабілеттерін ескере отырып оларды біліммен, іскерлік, дағдымен қаруландыратын, танымдық ой-өрісін және шығармашылық әлеуетін дамытатын мұғалім-ұстаздың ерекше мақсатты қызметінің қажеттілігі жоғары. Шәкәрім Құдайбердиев те «Насихат» атты өлеңінде өмірдің тұтқасы өнер мен білімде, өнерлі озады, білімді ғаламды билейді, ғылым таусылмас кен, оны жас күніңде үйрен деп насихаттайды. Сондықтан қай уақытта да дарынды тұлғаны дамыту өзекті мәселе болып келеді. 

Дарынды балаларды анықтау - өте күрделі, жан-жақты мәселе. Ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы өкі кезқарас бар. Бірі "...кез келген бала дарынды, тек уакытында нақты қабілетін анықтап, дамыту керек" десе, ал қарсы көзқарастағылар "... дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән, сондықтан дарынды балаларды іздеу алтын түйінді іздеумен бірдей" дейді. Ал, шындығында адами ойлау - ізденімпаздықтың, табиғаттың адамға берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары сөзсіз. Дегенмен, табиғат оны бәріне бірдей етіп бермегені де анық.

Дарындылық—адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Жоғары қабілетті, шығармашылық мүмкіндіктері бар оқушы – дарынды, яғни шығармашылыққа қабілетті оқушы – дарынды деп есептеледі. Дарындылықты анықтаудың бірнеше жақтары қарастырылды. Олар: интеллектуалдық дарындылық, шығармашылық дарындылық, әртістік дарындылық, музыкалық дарындылық, техникалык дарындылық және спорттық дарындылық. Баланың жанына жақын дарындылықты дәл тауып, соны жандандыруға жұмыс жасалынғанда дарынды баламен жұмыс өз нәтижесін табады.

Гимназия ұстаздарына дарынды оқушыны анықтау қиынға соқпайды. Себебі, гимназияға дарынды бала ғана ерекше таңдалып алынатын болғандықтан, ата-ана баласын дүниені тануға, білім алуға тәрбиелесе, ал, мұғалім сол баланың бойындағы рухани байлықты, ерекшеліктерін байқап, анықтап бағыт-бағдар береді. Қазіргі қоғамда мынадай қате пікір бар: « Әрине, гимназия барлық жақсы оқитын оқушыларды жинап алғасын, сондай нәтиже береді немесе беруге тиісті». Ия, біздің гимназияға шын дарындар іріктеліп алынады. Ал, сол ерекше дарындылықты әрі қарай дамытып, шыңдамаса, ол сол күйі қалып қояр еді. Ж. Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен, қабілеттерімен келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын – оқыту мен тәрбие. «Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді оған жақын жасы үлкендер дұрыс, жеткілікті бағаламаса, оның «өзгелер сияқты» болып қалып қоюы мүмкін» дейді американдық ғалымдар. Қабілетті дарын иесі арнайы білімге мұқтаж болуы табиғи нәрсе. Сондықтан өзім психологпен тығыз байланыс жасай отырып, сауалнама арқылы оқушының дарындылық сферасын анықтаймын. Оқушының дарындылығы анықталған кезде, дарынды оқушының жетекшісі, психолог, ата-анасымен әңгімелесіп, оның жеке құжаттарын, мінездемесін, сынып журналын зерттеймін, баланың сабақтағы, сабақтан тыс кездегі іс-әрекетіне үнемі бақылау жасап, әр түрлі формада білім тексеру жұмыстарын ұйымдастырып, білім деңгейін анықтаймын, психо-педагогикалық диагностика жүргіземін. «Дәрігер медициналық диагнозды дұрыс қойғанда ғана ауру толық емделіп шығатыны сияқты, мұғалім дұрыс педагогикалық диагноз қойғанда ғана бала қабілеті толық ашылады».




Дарынды балаларды даралау-бұл дарынды баланың бойындағы даралығы. Оны қабілетіне және ерекшеліктерін ескере отырып, нағыз дарындыны үшке бөлуге болады.

  1. Шығармашылық дарындылық.

  2. Интеллектуалды, табиғи дарындылық.

  3. Лидерлік дарындылық

Шығармашылық - өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін, өнім алуға мүмкіндік жасайтын жеке тұлғаның бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктің, түрткінің болуы. "Шығармашылық" деген сөздің төркіні, этимологиясы "шығару", "ойлап табу" дегенге саяды.
Дарынды оқушылардың өзіндік ерекшеліктері жетерлік. Кейбіреуі дарындылықтан қашады, еңбектеніп, оны жетілдіруге күш салмайды, ешнәрсеге қызығушылық танытпайды. Өздерін дарынсыз деп есептейтіндер де жетерлік. Алған бетінен қайтпай еңбектеніп, шығармашылыққа ерінбей ізденіп, нәтиже шығаруға талпынып тұратын дарынды балалармен жұмыс жасау бір ғанибет. Айтылған зерттеулер негізінде баланың өзіндік ерекшілігі анықталып, мұғалімдер олардың бойындағы қабілетті шыңдау жұмыстарымен айналысады. 


Дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыс түрлері:


1. Баланың қызығушылығына әрі табиғатына қарай ғылыми жұмысқа, мини жобалар жасауға баулу;

Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысын және жобаларды ұйымдастыруы мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек. Сондықтан да ғылыми жоба технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда. Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу. Егер оқушы ғылыми жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса - ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт – бағдар бере алады.
2. Пәндік олимпиадалық жұмыстарға дайындау;

Пәндік олимпиадалардың негізгі мақсаттары мен міндеттері педагогтардың ғылыми-әдістемелік деңгейлерін анықтау, кәсіби және ақпараттық құзыреттілік деңгейлерін арттыру мен қатар, дарынды оқушының өзін қызықтыратын пәнде шығармашылық белсенділігін ынталандыру және қызығушылығын дамыту, ғылыми білімді насихаттау болып табылады. . 

3. Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттарға, пікір – сайыс яғни интеллектуальды ойындарға дайындау;

Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттардың, пікір – сайыс яғни интеллектуальды ойындардың мақсаты -Қазақстандық қоғамдағы өзекті мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, ашық пікірталас алаңында талқыға салу арқылы оқушылардың шығармашылық және қоғамдық белсенділігін арттыру; жастардың ғылымға қызығушылығын туғызып, мемлекетшілдік сананы дамыту болып табылады.

Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамытудың келесі жолдарын іріктеп алуға болады:
1.Сабақтар, ғылыми жобалар жұмысы;
2. Пәндік үйірмелер;
3. Олимпиадалар;
4. Ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздық жұмыс, зерттеу жұмысы, рефераттар қорғау, жоба қорғау);
5. Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру (мұражайға бару, белгілі адамдармен кездесу);
6. Оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық шығармалар, жобалар байқауларына қатысуы. 

Дарынды қушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында:


- сабақта игерген шығармашылық іс-әрекет дағдылары бойынша
өз бетінше шығармашылық тапсырмалар орындау;

- шығармашылық жұмыстардың мәні мен мазмұнын түсіне отырып.
шағын шығармашылық жұмыстар жасау арқылы нақтылы ғылыми-ізденіс
жұмыстарын жүргізуге және логикалық ойлау операцияларының жүйесінде орындауға бағыттау. 

Оқушылардың ғылыми-шығармашылық жұмыспен шұғылдануын ұйымдастыруда: 
- өз бетінше материалдарды іздеу, кітапханада әдебиеттермен жұмыс орындау;
- ғылыми зерттеу жұмыстарының құрылымы мен әдіс-тәсілдерін игеру;
- өз бетінше ғылыми-ізденіс жасауға баулуда логикалык заңдылықтарды қолдануды меңгерту үшін шығармашылық топтарда «шығармашылыққа баулу» сабақтарын жүргізу қажет.

Оқушыларды шығармашылық қабілетінің дамуы үшін психологиялық дайындықтан өткізу аса тиімді. Психологиялық дайындық, яғни педагогтің псикологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін оқушыға ұстаздың бөрер психологиялық әсері мынадай болмақ керек деп ойлаймын:
- "сенің қолыңнан бәрі келеді", "сен қабілеттісің", "ізден", " еңбектен' деп, баланың еркін билеп, сенім білдіру;
- оқушының кішкентай жетістігі болса да, жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу,
- шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту;

-ақын-жазушылардың, өнер адамдарының, тіптен жетістікке жеткен гимназия оқушыларының шығармашылық дәстүрінен қызғылықты оқиғаларды әңгіме ету;

-оқушылар үшін педагог өзін қарапайым жан есебінде таныта білу,

-оқушының қойған сұрақтарына пейілмен дурыс жауап беру, олардың
психологиялық еркіндігін қамтамасыз ету сияқты әрекеттерді педагог білуі тиіс.

Баланың бойында күш қуаты жеткілікті, шын дарынды екеніне сендіру – ұстаз бойындағы құдіретті күш, өйткені сенім үлкен жеңіске жетелейді. Дарынды баланың одан әрі жетіле түсуіне ұстаз тарапынан мейірім мен кішіпейілділік, бала жанын жазбай танушылық қасиет қазіргі қоғамда қажет-ақ.

Оқушы дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көп жағдайда мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен шеберлігіне, оның тұлғалық қасиеттеріне тікелей байланысты.

Шебер мұғалім шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін мынандай жұмыс түрлерін қолданады:
1. Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты икемді және ұтқыр оқу жоспарын құрады;
2. Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз, уақытпен санаспай қозғалыс жасайды;
Мұғалім оқушының мынадай шығармашылық қабілеттіктерін

дамытуы керек: 
- тәуекелдікке бару; 
- ойлау мен іс-әрекеттің жылдамдығы; 
- тез ойлау; 
- жаңа нәрсе ойлап таба алу; 
- бай фантазия; 
- күрделі заттарды қабылдай алу; 
- эстетикалық құндылықтар; 
- дамыған интуиция. 

Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар:

  • Дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығуы, нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай ізденуі;

  • Дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;

  • Дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге ұмтылуы;

Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:
- өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;
- бірыңғай педагогикалық үрдісті білуі;
- оқушы дарындылығын моделін білуі;
- жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілін білуі;
- дарынды оқушыны анықтаудың психодиагностикалық әдіс-тәсілін білуі;
- қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білуі;
- дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей, оның басқа көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлуі;
-Шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар бере білуі.

Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:
- дарынды оқушыны анықтауға, дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы; 
- - оқушылармен қарым-қатынасын сауатты жүзеге асыра алуы;
- дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай алуы;
-дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;
-дарынды оқушыны олимпиада мен сайыстарға дайындауда нәтижеге жете алатындай деңгейде жұмыс жасай алуы;
- дарынды оқушының ата-анасына әртүрлі психологиялық-педагогикалық кеңестер бере алуы;
- дарынды оқушының (жеке және топпен) оқытуға тереңдетілген бағдарлама құрастырып тұрақты жұмыс жасай алуы.

Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдай еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. 
Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – жаңа жүйеге байланысты білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с




























ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Н.Назарбаев. Туған елім – тірегім, (Құрастырғандар: М.Қасымбеков. Қ.Әлімқұлов). – Алматы: Рауан, 2001. - 128 б.

  2. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. – Алматы: Санат, 1995. – - 481 б. 

  3. Ушинский К. Д. Собр. Соч. Т 6. – М., 1949- 319 с. 

  4. Ы. Алтынсарин Шығармалары – А: Жазушы, 1986 – 560 б. 

  5. А. Құнанбаев Шығармаларының екі томдық толық жинағы А: Жазушы 1995 – 355 б

  6. Дулатов М. Шығармалары Алматы – Жазушы 1991. – 381 б.) 

  7. Ж. Аймауытов Комплексті оқыту жолдары. – Қызылорда, 1929 – 110 б.

  8. Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш//Бес томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Алаш, 2003. – 1 т. – 188-226 бб.

  9. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы 

  10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Жалпыға Міндетті Білім Беру стандарты.

  11. Пралиев С.Ж. «Ұлттық тәрбие және жаһандану», Егемен Қазақстан, 25 желтоқсан 2009 .

  12. Р.К.Төлеубекова «Ұлттық тәрбие және оның философиясы»\\Педагогика және Психология журналы №1, 2009. 

  13. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдар беттері. – Алматы: Білім, 1995. – - 288 б.

  14. Қ.Бөлеев, А.Б.Мұратова, Қазақ ағартушы-педагогтарының шығармашылықтарындағы халықтық идея. Оқу құралы. – Алматы: Нұрлы Әлем, 2009. -136 б.

  15. Педагогикалық энциклопедия М: 1964 Т. 1 с 384.

  16. Елеупаева Қазіргі мектептерде оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытудың педагогикалық шарттары.

  17. Сейсенбаева Ж.А, Орманбекова Л.Ж ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС Оқу-әдістемелік құралы Алматы, 2011ж













Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясы


DSC00004


Баяндама









Тақырыбы:

«Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту»

(Тамыз педагогикалық кеңесіне арналған баяндама)



Дайындаған: биология-география пәнінің мұғалімі Бердибекова.Ж.Ж








2015-2016 оқу жылы


57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 12.02.2016
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров125
Номер материала ДВ-447909
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх