Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Доп. образование / Статьи / Баяндама "Дарынды балаларды анықтау және оқыту"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Доп. образование

Баяндама "Дарынды балаларды анықтау және оқыту"

библиотека
материалов

«Дарынды балаларды анықтау,оқыту»

«Біз әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беруге қол жеткізуіміз керек»

Н.Ә.Назарбаев

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында «Қазақстан қазіргі кезде экономикалық дамудың индустриялық кезеңіне аяқ басты... Білім берудегі бүгінгі жаңа бағыт, әрбір жастың даралық сипаты,нақты мүмкіндіктерін және өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеру арқылы жүзеге асырылуы тиіс»,-дегені мәлім.

Демек, білім беруді түбегейлі жаңарту- қазіргі Қазақстанның басты мақсаты. Өйткені , біз-өркениетті дамыған 50 елдің қатарынан орын алуды межелеп отырған елміз. Ол, ең алдымен, дарынды балалар мен жастарды әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан қолдау мен дамытуға тікелей байланысты. Бұл проблема кез келген өркениетті елдің ,сонын ішінде біздің еліміздің де білім берудегі мемлекеттік саясатының бүгінгі таңдағы басымдылық бағыты болып табылады. Сондықтан білім беру ісінде дарынды балаларды тәрбиелеуді «ұлттық қауіпсіздігіміздің құрамдас бір бөлігі» деп айтсақ та болады.

Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты мақсаты- білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Ал дарындылар тәлім-тәрбиенәң алдыңғы шетінде жүрген оқытушылар еңбегіне тікелей қатысты. Осы бағытта химия, биология сабағында оқушылардың инновациялық технологиялар арқылы оқыту олардың шығармашылық белсенділігін көтеріп, пәнге қызығуларын арттырады.Қазіргі күні оқушылар үшін ақпарат көзі көп. Олар теледидар, бейнефильмдер,компьтерлік ойындар,интерактивті тақта, баспасөз материалдары және т.б. Осылардың ішінен баланың санасына, түйсігіне мектеп бағдарламасындағы белгіленген білім ақпаратын енгізу,мұғалімге үлкен міндет жүктейді. Әрине бұл оңай жұмыс емес.Қазіргі кезде жаңа технология үрдісінде оқыту түрлері оқу тиімділігін арттырып келеді. Бұл жерде дамыта оқытудың және модулді оқытудың да өз тиімділіктері бар.

Мен өз тәжірибемде қазіргі әлмдік оқу үрдісінің өзегі болған жаңа технологиялардың элементтерін қолдануға ұмтылымын. Атап айтканда, М.М. Жанпейісованың «модульдік технология бойынша оқыту», В.Ф.Шаталовтың оқыту материалын тірек-сызбалар, тірек-конспектісі арқылы қарқынды оқыту әдістері».

Жаңа технология әдістерін пайдалану оқушының бос отыруына, зерігуіне мүмкіндік бермейді. Соның арқасында оқушылар өз бетімен білім алуға дағдыланады және пәнге қызығушылығы артады.

Мұғалімге қойылатын басты талап- оқушыларға терең де тиянақты білім берудің жаңа технология әдістерән қолдана отырып, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей алатын болашақтың іскер де жігерлі ұрпағын даярлау. Әрине, білім берудің тиімді жолдарын таңдап алу мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.

Мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде дарынды бала санын арттыру үшін,ең алдымен, балалардың қабілетін зерттеп, сол қабілеттерді дамыту керек.

Дарынды балаларды анықтау және олармен жұмыс жасаудағы менің мақсатым;

  • оқушының қабілетін анықтау;

  • сол бағытқа байланысты тереңдетілген түрде тапсырмалар беру арқылы балалардың деңгейін, ой-өрісін одан әрі дамыту;

  • білім алудағы негізгі талаптарды жүзеге асыру;

  • халықтық тәлім-тәрбие беру;

Міндеттері:

  • бұл оқушылармен үнемі қосымша жұмыс жүргізу;

  • күрделі тапсырмалар,зерттеулер беру;

  • логикалық тапсырмаларды жиі ұсыну;

  • әр сабақта олардың ой-өрістерінің өсуіне жағдай жасау;

  • оқуға деген белсенділіктерін дамыту, арттыру;

  • адамгершілікке, жақсы қасиеттерді бойларына сіңіріп өсулеріне ықпал ету;

Осы міндеттерді орындау барысында балалардың өзіндік жұмысына көп көңіл бөлемін. Өйткені ,оқушы өзі ізденіп тапқан білім ғана оның есінде ұзақ сақталады.Сондықтан сабағыма тақырыпқа сай жұмыс тапсырмаларын жасаймын. Олар: техникалық диктанттар, сәйкестік кестелері, ашық,жабық тестілер,өзіндік жұмыстар, шығармашылық жұмыстар жасату,топтық, жұптық тапсырмалар беру,т.б

Мұғалім шығармашылық жұмыспен айналысуы керек. Дарынды, шығармашыл оқушыны дарынды, шығармашыл мұғалім ғана тәрбиелей алады.

Е.Эдиссонның «Даналық-бір пайыз шабыт, тоқсан тоғыз пайыз тер» дегенін еске алсақ, оқушының шығармашылық белсенділігін қалыптастыру үлкен еңбекті қажет етеді. Сондықтан мұғалімнің өзі де шығармашылыққа ден қойып,ынталы және дарынды баланы дайындау бағдарламасын жасағаны дұрыс болар еді деп ойлаймын. Әрбір мұғалімнің міндеті- оқушының өз пәніне деген қызығушылығын ояту, терең де мазмұнды білім беру, ой-өрісн, шығармашылық ізденісін дамытып, қазіргі нарық заманы бәсекесіне төтеп бере алатындай білікті, тәрбиелі шәкірт, құзыретті тұлға тәрбиелеу болып табылады.

Қазақстанның болашағы-жастар. Еліміздің болашағына сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында үздіксіз ізденісте болғанымыз абзал. «Үстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға» деп ұлы Абай айтқандай,еңбек түбі-береке екенін ешуақытта да ұмытпайық.







































Баяндама

«Дарынды балаларды анықтау, оқыту»







Ағылшын тілі пәні мұғалімі :Тлеуова.А.Р.

19 орта мектеп







2015/2016 оқу жылы


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 12.05.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Статьи
Просмотров214
Номер материала ДБ-077099
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх