Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Химия / Статьи / Баяндама "Дарынды балаларды даярлау - заман талабы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Химия

Баяндама "Дарынды балаларды даярлау - заман талабы"

библиотека
материалов



Дарынды балаларды даярлау - заман талабы

Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын,тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті.

Н.Ә.Назарбаев

Дарындылық дегеніміз - үш байланыс үйлесімі:жоғары интеллект: 1-көзқарас: кез келген бала дарынды болады(креативтілік);2-көзқарас:дарынды бала өте сирек кездеседі(ынталылық).Сабақта балалардың дарындылығының түрлері көрініс тапқанын көрсету үшін олардың есте сақтауы мен біліміне, өз білімін жетілдіруіне, ойлау қабілетінің жылдамдығына, мәселені шешу ерекшеліктеріне, шешім қабылдау икемділіктеріне, тапсырма қиындығына деген көзқарасына, назары мен күш-жігерінің шоғырлануына, ерте символдық белсенділігі сияқты сенімді өлшемдерге баса назар аудару қажет (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық,73-б).

Дарынды балаларды даярлау - заман талабы.Иә, бұл біздің Елбасымыз, тірегіміз, қолдаушымыз, бәсекеге қабілетті мемлекетімізді құрушы президентіміздің бізге, мұғалімдерге қойып отырған талабы. Шынымен де бәсекеге қабілетті мемлекет қалыптастыру үшін біз ең алдымен келешегіміз, болашағымызды жасайтын, құратын білімді, ұшқыр ойлайтын, шешім қабылдай алатын, кез-келген қиындықтан шыға алатын, яғни танымдық қабілеті , зейіні мен жады түрлері, сөйлеуі мен тұлғаның өзін-өзі тануы , яғни метасанасы дамыған,экстернат оқушыларды даярлауымыз керек, ал олар болашақта біздің мемлекетімізді тек биіктен көрсететініне кәміл сенемін,мұғалім ретінде дарынды, кез-келген жерде өзін тек биіктерден көрсете алатын, өмір теңізінде қорықпай жүзетін, тетігін тауып әйтеуір бір қаланатын ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет.Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше сыйды, қабілетті, дарындылықты тани білу, оны әрі қарай дамыту қиын іс, қабілетін біліп, сол жолда жұмыс жасау- ұстаз ретінде менің парызым .Әрбір оқушының жеке қабілеттерін анықтап, мемлекетіміздің қажеттілігіне қарай тәрбиелеу, барлық жаңа өзгерістерді бала бойына сіңіру оларды жан-жақты етіп тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы болып отыр десем болады. Бірінші кезекте оларды тәрбиелеу керек,бақылау керек,анықтау керек,шығармашылық қасиеттерін ашып, әрі қарай нәтижелі жұмыс жасау керек деп ойлаймын.Жалпы дарындылық, дарынды дегеніміз кім деген сұрақтарымызға жауап іздеп көрсек: «Дарындылық» термині «Дарын» сөзінен шыққан - дамудың ерекше қолайлы, ішкі алғы шарттары дегенді білдіреді. Әйтседе, қолда бар ресурстарға қарамастан, әлі күнге дейін дарындылықтың тура анықтамасы жоқ.Әзірге,ол туралы-достарына қарағанда оқуға деген жоғары зеректігі,құлшынысы, уәжі бар, жақсы байқалатын ерекше шығармашылық қабілеті бар бала «дарынды бала» болып қабылданады. Педагогикалық энциклопедияда мынадай анықтама берілген: «Дарындылық – іс-әрекеттің белгілі бір саласында ерекше жетістікке жетуге жағдай жасайтын, адам қабілеті дамуының жоғарғы дәрежесі» делінген. «Дарындылық» ұғымы «Қабілеттілік» ұғымына өте жақын. Философиялық энциклопедиялық сөздіктерде «қабілеттілік – тұлғаның жеке ерекшелігі, іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай іске асырудың субьективті шарты болып табылады»,- деп көрсетілген. Қабілеттілік жеке тұлғаның білімі мен шеберлігімен, дағдысымен ғана шектелмейді, ол бәрінен бұрын кейбір іс-әрекет тәсілдері мен әдістерін жылдам, терең, әрі берік қабылдаудан байқалады.

Балалар өз дарынын іс-әрекеттің алуан түрлерінде немесе біреуінде ғана көрсете алады. Кез келген дарындылық түрінің байқалмау себептері мынадай болуы мүмкін: қажетті білімнің, шеберліктің, дағдының жетіспеушілігі, бала дамуындағы кейбір қиындықтар, мысалы тұтығу, жоғары әсерленгіштік, тіл табысу өзгешелігі, маман педагогтардың жоқтығы т.б айтуға болады. Дарынды балаларды айрықша оқшауландыратын ерекшеліктер – ақыл-ой еңбегіне бейімділік, жоғары зерттеушілік қабілеті мен танымдық мотивация, білімді, жаңа хабарды әрдайым қабылдауға ұмтылыс яғни танымдық қажеттілік. Бақылаулар көрсеткендей, жоғары танымдық қажеттілік баланың өз талпынысымен болады. Дарынды балалар қиын тапсырмаларды құштарлықпен оңай орындайды. Дайын жауаптарды ұнатпайды. Дарындылық белгілерінің ең белгілісі – оқу бағдарламасын табысты меңгеру және шығармашылық қабілет. Дарынды балаларға табандылық және үлкен еңбексүйгіштікпен бірге жүретін сурет салу, музыка, техника және т.б. арнаулы сабақтармен ерте әуестену тән. Жас дарынның дамып келе жатқан ерекше қасиетін жетілдіру мен қалыптастыру ұстазға, оның эрудициясына, бала дарындылығының мәні туралы біліміне, оқушылармен оң демократиялық қарым-қатынасына байланысты. Дамып келе жатқан білім беру ортасын қалыптастырумен қатар дарынды балалар үшін арнайы бағдарламалар жасау қажет. Дарынды балалар үшін жасалынатын мұндай бағдарламалар жылдамдыққа, жеделдікке негізделуі шарт.

Жұмыс жасау барысында күтілетін нәтиже:өз ойын дәлелдей алатын, жан – жақты білімді, білімін жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер, ақылды, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелейміз, қалыптастырамыз. Фриманның айтуы бойынша дарынды және талантты балалар есте сақтау қабілеттері жоғары,ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алатын-есте сақтау және білім,оқыту үдерінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы білетін, өздерінің оқуын реттей алатын-өз білімін жетілдіру,олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ оның жүзеге асуына тез жететін-ойлау қабілетінің жылдамдығы, олар ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәніне тезірек жететін-мәселені шешу,басқаларға қарағанда олардың ойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған, дегенмен олар оқуда және проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады-икемділік,қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады-күрделілікке деген сүйенпеншілік, ерте жастан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырлау қабілеттері бар-шоғырлану, олар ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды-ерте символдық белсенділік(Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 74бет).

Мен өз сабақтарымда дарынды балалармен қалай жұмыс жасап жатырмын дегенге келсек,алдымен балалардың қабілеттерін анықтап алуымыз керек,мысалы алғашқы сабақтарымда(күкірт тақырыбында болатын)күкірттен алған білімдеріңді жинақтап,оны бір суретпен бейнелесеңдер деген тапсырма бердім,бұл жеке жұмыс болатын. Барлық оқушылар білгендерін түрлі суреттермен бейнелеп, түсіндіріп жатты, барлық оқушылардың ішінен Бердібек есімді оқушым бір қарағанда күкірттің таңбасын салған секілді, бір қарағанда жыланның бейнесін көргендей болдым да, суретті түсіндіріп беруін сұрадым,ол былай түсіндірді:күкірттің химиялық таңбасын ирелеңдеп жатқан жылан секілді бейнеледім, оның өн бойында,яғни денесінде қандай элементтермен қосылыс түзетінін, химиялық қасиеттерін жаздым,жыланның тілі улы,оны көрсеткен себебім күкірт кейде улы қасиеттерін көрсетеді, аузын ашық етіп, одан сұйықтықтың шығып тұрғанын бейнелегенім, бұл күкірт сынаппен реакцияласқанда улы қосылыс түзетінін көрсеткім келді, деп түсіндірді.Күкірт тақырыбынан білген, түсінгенін,қайда қолданылатынын суретте шеберлікпен көрсете білген оқушымның бойынан дарындылық қасиетін таптым деп ойлаймын, себебі оқушының қысқа мерзімді жадысы ұзақ мерзімді жадыға ауысқан,рәсімдік жадысы бар, зейіні, сөйлеу қабілеттері,танымы дамыған, ертерек алған білімі жаңа мәліметтермен толыққан,өзінің оқуын реттей алған, мәселені шеше алатын оқушы дарынды оқушы деген сөз, демек келесі сабақтарда ол оқушымен тереңірек жұмыс жасау қажет екен деп шештім. Күкірттің (ІҮ)оксидіне презентация қорғау кезінде Болат есімді оқушым былай деді:Домалақ етіп бейне жасадым, ол жер шары, оның ішінен тағы бір домалақ салдым, ол жер бетін айналып жүрген күкірт қосылыстары, яғни ол барлық жерлерде кездеседі, жер шарының ішін үшке бөліп, оның ортасына физикалық, химиялық қасиеттерін, таралуын бейнеледім, бір жағынан ол мерседес автокөлігінің таңбасы және онда да күкірт қосылысы-күкірт қышқылы кездеседі,деп түсіндірді, йод элементін жинақтап,сипатта дегенде оқушым йодты адаммен теңестіріп алып, оған мінездеме берді, яки оның химиялық, физикалық қасиеттерін жазған, ол кейде ашулы, жайлы деген сөздерді қолданған,оның туыстары деп йод қосылыстарын алған және ол адам қасыңда жүрмесе қалқанша безінің ауруына ұшырайтынын айтқан.Сонымен қатар сабақтарымда барлық оқушыларға үш түрлі тапсырма(сәйкестендіру тесті, терминдер бар, анықтамасын жазу,термині де анықтамасы жоқ), жұмыс дәптері,Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар, иә, жоқ тестісі, аяқталмаған тезис, әртүрлі сыни тұрғыда ойланатын тапсырмалар,деңгейлік,эвристикалық тапсырмалар, тест тапсырмалар,әр топқа біреуіне 5 жолды өлең, ребус құрастыру, ертегі жазу, кубизм әдісі, мақал-мәтел шығаруды дарынды оқушыларымның шығармашылық қабілетін анықтау мақсатында бердім.Осы жұмыстар нәтижесінде оқушылар ойын еркін айтып отырды, кітаппен қана жұмыс жасамай, өзге жерлерден тың материалдар ізденді, ойланды. Әртүрлі тапсырмаларды жұппен, топпен, жеке орындағанда, дәлелдермен сөйлеуге, өз ойларын кібіртіктемей айтуға, нақтылап жеткізуге тырысты, үйренді. Дәстүрлі сабақтарда бұндай құштарлықпен жұмыс жасамаған оқушылар, сындарлы оқыту теориясының жаңа тәсілдері арқылы пәнге деген қызығушылықтары артып, олар өздерін жаңа қырларынан таныта түсті, егер мұғалім қажет жерде қажет әдісті орынды ойластыра білсе, одан үлкен нәтиже шығаруға болады екеніне әбден көзім жетті.

Жалпы айтқандарымды қорыта келе, шығармашылық-өзгелерден ерекшеленетін қасиеттері бар, адам бойында қабілет пен білімнің болуы. Талант-қабілеттің жоғары деңгейі. Данышпандық-шығармашылықтың жоғарғы деңгейі. Ал қабілет-қандай да бір істе ең жақсы нәтижеге жетуге апаратын адамның қасиеті, ондай адамдар бәрін тез аңғарады, әр нәрсеге сынмен қарайды, көп ойланады, әр істі қолына алғанда икемділігі жоғары болатын жандар. Педагогикалық энциклопедияда шығармашылық қабілет-бұл бүкіл тіршіліктің көзі делінген. Адамдардың сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінге дейін жеткен жетістіктері –осы шығармашылықтың нәтижесі.Қандай да болсын бір нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін екен.Алдағы уақытта:

  1. Оқушылардың жас ерекшеліктерін, зейінін, жадының түрлерін, қабылдауын, сөйлеуін, танымдық қабілеттерін, дағдыларын анықтап алу керек

  2. Олармен жұмыс жасау жүйесін жасап алу

  3. Дарындыларға берілетін тапсырмаларды іздеп жүру, оған қоса өзім де құрастыру

  4. Ол балалармен бөлекше, көбірек жұмыс жасау

  5. Шығармашылық жұмыстарға оқушыларды тарту

  6. Жаңаны танып, жаңаны жасауға дағдыландыру

  7. Оқушылардың жасаған жұмыстарын желіде, әртүрлі басылымдарда жариялау

  8. Әрқашан бақылауда ұстау

  9. Өздерімен, ата-аналарымен сауалнама жүргізіп, оларда қандай өзгерулер болып жатқанын үнемі зерттеп отыру

  10. Өздері ізденіп, жаңа идеяларды жарыққа шығаруға көмектесу

  11. Әрбір іс-әрекетке рефлексия жасап отыру

Оқушылардың дарындылық  қабілетін арттыру үшін:

  • Топтық жұмыс;

  • Деңгейлік тапсырмалар беру;

  • Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

  • Сабақты түрлендіріп өткізу;

  • Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер,слайдтар, схемаларды пайдалану;

  • Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

Дарынды балалармен жұмыс жасау кезінде өзге оқушыларды ұмытып кетпеуім қажет, ерекше қабілетті балаларды сатылап таланттыға дейін өсіруіміз керек деген пікірдемін. Барлық айтылғандарды қорыта келе: «Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет»,әр бала – болашақ данышпан,әр бала – зерттелмеген құпия,сондықтан таланттыларды анықтауда аянбай еңбек етейік.



















Автор
Дата добавления 12.05.2016
Раздел Химия
Подраздел Статьи
Просмотров108
Номер материала ДБ-078198
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх