Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / Баяндама " Дарынды оқушылармен жұмысты ұйымдастыру жолдары."
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Директору, завучу

Баяндама " Дарынды оқушылармен жұмысты ұйымдастыру жолдары."

библиотека
материалов


Дарынды оқушылармен жұмысты ұйымдастыру жолдары.


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді. Мектеп – білім берудегі бар мүмкіншілікті қамтамасыз ететін білім ошағы. Өз ұлтын, тілін сүйіп, қастерлейтін адам ғана, сонау әлімсақтан мирас болып келе жатқан ата-ананы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, мейірбандық, инабаттылық көрсету сияқты ізгі қасиеттердің иесі бола алады. Қазақ жастары осындай ұлтжандылығымен, өздеріне тән ұлттық болмысымен және рухани тазалығымен ерекшеленуі тиіс. Ар-намысын жоғары ұстаған ел ғана басқа ел алдында әрдайым абыройлы, сыйлы болмақ. Міне осы тұрғыда мектеп мұғалімдерінің алдындағы басты назар аударатын міндеттердің бірі білімді де тәрбиелі тұлға тәрбиелеуге бар күштерін жұмылдыру. 

Дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты-олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Бұлақ көрсен, көзін аш” демекші қазіргі заңдағы өзекті мәселе, ол оқушылардың дарындылық қабілетін танып білу, оны зерделеу. Барлық адамның өзіне тән көркемдік қабілеті болады. Ол психологтардың зерттеуі бойынша “туа біткен” және “жүре пайда болған” қабілет болып екіге бөлінеді. Дарындылықты данышпандылыққа айналдыру үшін қажымай-талмай еңбектену керек. Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуде ұйымдастырудағы басты міндет – балалардың  қабілеттері мен таланттарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтың ерекешеліктерін (түрі, деңгейі және т.б.) анықтау мен айқындау болып табылады.

Дарынды баламен жұмыс негізінде біріншіден: өзін-өзі тануға, өзін-өзі тәрбиелеуге, жаңашыл, төзімі берік, үнемі өзін дамытуға, ізденетін, экспериментшіл, принципке берік, ешкімді қайталамайтын, энтузиазист, бойына дарындылықты қалыптастыра білетін тұлғаны күтеміз. Екіншіден: дарынды балалар келешектегі кәсіби мамандық таңдауда өздері шешім қабылдайды. Және олар мектептегі жасалынған жұмыс негізінде болашақ мамандықтарын қателеспей таңдай алады және болашақта жақсы маман иелері болып шығады. Үшіншіден: дарынды баламен жұмыс барысында мектеппен ғана шектелмей, жоғары оқу орындарымен байланыс жасалынады; Бүгінгі білім берудегі тәжірибе оқушылардың әртүрлілігін көрсетіп отыр. Білім берушінің алдындағы басты назар аударатын негізгі міндеттердің бірі – дарынды балаларды анықтап, оларға адамгершілік қасиеттерді дарыту, шығармашылыққа үйрете отырып, терең біліммен қаруландыру.

Оқушының дарындылығын анықтап, дамыту мақсатында әр пән мұғалімінің алдында төмендегідей мақсаттар мен міндеттер болуы орынды:

1. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
2.Жан-жақты ақпараттандыру;
3.Коммуникативті бейімдеу;
4. Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;

Балалардың дарындылық қасиеттерінің барлығы бірдей бірден жарқырап көріне бермей де қалуы мүмкін. Оған сол адамның  темпераменті, мінезі, т.б. себеп болуы мүмкін. Өз табиғатында дарындылық қабілеті бар баланы да, тәрбиенің нәтижесінде жетістікке жеткен баланы да тәрбиелеу керек, сол балалардың бойындағы қабілетті танып, тауып, қабілетін ұштау-міндетіміз. Дарынды  бала болашағымыз үшін, қоғам үшін өте маңызды. Әрбір талантты адам шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етіп қоғамға зор пайда келтіреді. Қоғамның болашағы тек қана саяси лидерлерге ғана байланысты емес, оның болашағы, үрдіс сол қоғамда қанша дарынды, талантты балалар  өсіп келеді, соған да байланысты. Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері немесе «дарындылық белгілері» психологтер арасындағы пікірталастардың негізі болып келеді. Дарынды балалардың мінез-құлық ерекшеліктерін қарастыра отырып олардың арасындағы жекелеген айырмашылықтарға көңіл аударуымыз қажет. Бұл айырмашылықтар балалардың қай бағытқа қызығатынына, ақыл-ойының даму қарқынына, яғни дарындылық қасиеттерінің дамуына байланысты. 

«Дарынды ұстаздан – дарынды шәкірт шығады» демекші, дарынды оқушылардың көп болуы дарынды, шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздарға байланысты.

Осы уақытқа деін елімізде небір дарынды да талантты адамдар шықты.  Дарынды адамдар өзінің қандай да әрекет сферасында қабілеттіліктің жоғары деңгейін көрсетіп, қоғамға қаншама жаңалықтар енгізіп отырғаны белгілі.

Қорытындылай келе, дарынды баланың бойынан табылатын асыл қасиеттердің, өмірге құштарлықтың, биік ізгіліктің бірінші кілті – мыңды жығатын білімде бола отырып, оны дамытуды ұстаздардың дұрыс үйлестіре білуі басты мәселелердің бірі ретінде алға шығады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «бәсекеге қабілетті қоғам орнатудың негізі - білімде» - деп айқындап көрсетті. Ал, біз, ұстаздар қауымы, осы қоғамдық-әлеуметтік сұранымға сай білімді де білікті, әлемдік бәсекеге қабілетті ұрпақты оқытып, тәрбиелеуіміз керек. Қорыта айтқанда, оқушының мектеп қабырғасында алған білімі оған қызмет жасайтындай дәрежеге жеткізуге ұмтылуымыз керек.

 



Автор
Дата добавления 09.01.2016
Раздел Директору, завучу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров783
Номер материала ДВ-320600
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх