Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Баяндама" Дарынды және талантты балалардың көшбасшылығын анықтау және бағалау"

Баяндама" Дарынды және талантты балалардың көшбасшылығын анықтау және бағалау"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Дарынды және талантты балалардың көшбасшылығын

анықтау және бағалау


Дарынды және талантты балалар

күрделі қабілеттердің иелері,

әрі олар адам қызметінің

кез келген құнды саласында

өз қабілеттерін көрсетуге бейім


Ренцулли мен Райс

Қазіргі мектеп мұғалімдері алдындағы басты міндеттердің бірі – білім беру жүйесін жаңарту болып саналады. Білім беруде оқытудың жаңа тәсілдерін әр маман жетік меңгермейінше сауатты, жан-жақты дамыған оқушыны қалыптастыру мүмкін емес. Қоғамның дамуы келешек ұрпаққа білім беруші мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты. Қай заманда, қай қоғамда болмасын жеке тұлғаның дұрыс қалыптасуы мектептегі ұстаздан басталары анық. Қазіргі кездегі білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздардан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім ала алатын, жан-жақты ізденетін, талпынатын, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға етіп жас ұрпақты тәрбиелеп жетілдіруге ұстаздар жауапты.. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз

үшін дарынды ұрпақтың орны мүлде бөлек»,-дейді. Демек, ұстаздар қауымының оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ғылымды насихаттау бағытында интелектуалды дамуына жол ашу, ғылыми-танымдық қызығушылығын қолдау мақсатында дарынды оқушылармен жұмыс жасауына тура келеді.

Талантты және дарынды балаларды оқыту қазіргі білім талабына сай ерекше назарда қаралады. Олардың өздері де сабаққа ынталы, белсенді, зейінді келеді. Оқушылардың әрқайсысының өзіндік ерекше қасиеттері арқылы дараланып отырады және ол іс-әрекет кезінде анық байқалады. Бірі ойын ашық түрде жеткізе алса, екіншілері өлең арқылы, суреттер салу, кестелер арқылы білдіріп отырады. Басқаларға қарағанда олардың ойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған, қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен қиын тапсырмаларға ұмтылады. Олар жұмысты жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспардың жүзеге асуына тез жетеді. Сондықтан талантты және дарынды оқушылардың белсенді қызметін жоғалтпау мақсатында анағұрлым күрделенген, тереңдетілген, кеңейтілген, шығармашылықты талап ететін тапсырмаларды молымен әр сабаққа дайындаған абзал. Нәтижесінде кеңейтілген тапсырмалардың басты ерекшеліктері оқушыларға:

Білім немесе дағдылардың жалпы өзегін қолдануға;

Тақырыптардың түпнұсқалы зерттеулерін қолдауға;

«Нағыз» құзыреттілікті қалыптастыруға;

Бастапқы және соңғы нүктелер қатарымен өзара әрекеттесуге;

Шешімдері алдын ала анықталмаған тапсырмаларды зерттеуге;

Қабілеттілігіне қарамастан кеңейтілген тапсырмаларға тең қол жеткізуге;

Қолдау ахуалы тұрақты қалыптасқан сыныптың ең жоғары ойлау деңгейіне негізделген оқу үрдісіне қатысуға;

Сыни ойлау дағдыларын дамытуға;

Мәселелерді шешу үшін шығармашылық тәсілдерді қолдануға;

Таңдау элементтерінің көмегі арқылы өзіндік реттеуді қолдануға;

Аса құштар және ынталы болуға;

Олардың жетістікке жету қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді.

Оқу жылының басында дарынды оқушылармен жұмыс жоспарын жасадым. Бұл жұмыс жоспарымның мақсаты-          дарынды, қабілетті, ынталы оқушылардың арасында сын тұрғысынан ойлау дәрежесін арттыра түсу, теориялық білімді тереңдету, өз бетінші шығармашылық ізденісін қалыптастыру;

Жұмыс жоспары мынадай жүйелеу кезеңдеріне бөлінеді :

Ерекше қабілетті оқушыларды анықтау

Оқушы қабілеттілігінің бағытын анықтау

Ой өрісін дамыта түсу үшін жұмыс жүйесін құру

Дарынды оқушылармен жекелеген жұмыстар жүргізу

Осыған орай дарынды балалардың қабілетін дамытудың келесі жолдарын іріктеп алдым. Олар:

1. Сабақтар,

2. Пәндік үйірмелер;

3. Тіл мерекесі;

4. Абай оқулары;

5. Олимпиадалар;

6. Интеллектуалдық ойындар, дебат (пікір сайыс) клубы;

7. Ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздық жұмыс, зерттеу жұмысы, рефераттар қорғау, жоба қорғау);

8. Оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық шығармалар, жобалар байқауларына қатысу.

Осы модульді сабақтарда қолдану, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін барынша ашып, қызығушылығын арттырып, өздігінен қазақ тілін меңгеруге деген құштарлығын туғызу, заманауи талаптарына сәйкес көптілділік мүмкіндіктерін дамыту, шағын кітапшалар оқуға, өзара араласу барысында тіл меңгеру қажеттіліктерін өтеуге деген парасатты пейілдерін қалыптастыруға ықпал ету болады. Мен оқушыларға әрдайым топта жұмыс жасауды ұсынып отырамын. ·      Топта позитивті, достық қарым-қатынас орнатылады. Мадақтау және қолпаштау ескеріледі. Сонымен қатар оқушылардың топта жұмыс істеу ережелері бекітіліп, оны қатаң қадағалау мақсатында әр оқушыға топтағы жұмыста жауапкершілік беріліп отырады. Сондықтан топтағы тәртіпті оқушылардың өздері реттеуге жағдай жасалады. Олардың топ ішіндегі серіктестік қарым-қатынасы артып, бір шешімге келе білу, басқаның пікірін сыйлай білу, өз ойын ашық айта білуіне жол ашылады. Өздеріне деген сенімділігі, шынайы алған білімдерін бағалай білуі, көзбояушылыққа жол бермеу, объективтілік артады. Мұны олар өздерінің рефлексия парақтарын толтыруда көрсетті. Оқушылар «Топтағы жұмыста не ұнады?» деген сұраққа топтағы талқылаулар, әркімнің өз пікірімен бөлісетіндігі, бірлесе қызмет атқаратыны, тақырыптардың тез ұғылатыны, сабақтың тез әрі қызықты өтетіні  ұнайтынын атап көрсетті. ·           Оқушылардың бір-бірін және өзін бағалауы, бағалау критерийлерінің нақтылануы жүзеге асырылады.  Оқушылармен рефлексия парақтарын толтыру, пікірлесулер болып тұрады. Топтағы қабілеті жоғары оқушылар тапсырманы тез орындап, басқаларына көмек берді. Осы жерден Выготскийдің ЖАДА теориясының тиімділігін көруге болады және де талантты және дарынды балаларды оқыту модулі оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модулімен ықпалдасқанын көруге болады. Сыныптағы дарынды оқушылар сабақ үстінде озық тапсырмаларды орындайды, консультант жұмысын атқарады, топ басшы қызметін атқарады. Сабаққа презентация жасап, шағын жобалар жасауға қатысады.

Менің конкурс, сайыстарға дайындаған оқушыларым аудан, облыс көлемінде жоғары деңгейден көрініп жүр. Былтырғы оқу жылында 4 сынып оқушысы Леванова У, 5 сынып оқущысы Степунина К өзге ұлттар арасында қазақ тілі білімі бойынша «Тіл шамшырақтары» атты аудандық конкурсқа қатысып І және ІІІ орындарға ие болды. Сондай-ақ Степунина Ксения қазақ тілі пәні бойынша қашықтық олимпиадаға қатысып, 35 ұпай жинап, ІІ орынға ие болды.


Заман талабына сай қазіргі білім беру үрдісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны белгілі.

Әр мұғалімнің басты міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған, дарынды, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.

Яғни баланы оқыту мен тәрбиелеуде түрлі ізденіс жұмыстары арқылы дарындылықты анықтап олардың дұрыс қалыптасуына жағдай жасау керек. Дарынды, қабілетті балалар- өзінің бойындағы ерекше қабілеттері арқылы ең жоғарғы нәтиже жеткен балалар.

Оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқытып, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыруымыз керек. Ендеше бізге ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі ұрпақ керек екенін естен шығармауымыз керек.Бұл-ұстаздарға, барлық жұртшылыққа жүктелетін ауыр да абыройлы іс. Уақыт талабы, кезеңі де осыны талап етеді.

Республикамыздың білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастап келеді. Ұстаздар біліктілік пен шеберлікті ұштастырып, жас ұрпақты сапалы білімімен, саналы тәртібімен әлемді мойындататын рухани биікке көтеруді көздейді. «Танымның үш жолы бар: ең оңайы – еліктеу, ең ащысы – тәжірибе, ең мәртебелісі – ойлау» - деген екен Конфуций. Осы орайда оқыту мен оқуда оқушы қызметін белсендіре отырып, алдымыздағы шәкірттерден мынадай нәтиже күтеміз:

қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу;

ақыл мен парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;

алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;

өз ісін талдау, өзін - өзі бағалай білуді меңгеру;

басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу,

осы заманға сай технологияларды күнделікті пайдалана білу (интернет, электронды пошта);

қоршаған ортада өз орнын, жеке рөлін таба білу;

Қорыта келгенде, Әл-Фарабидің “Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты”- дегеніндей, оқушылардың сабақтағы шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыру жолында мұғалімге үнемі ізденуді, тынымсыз еңбек етуді міндеттейді.































Автор
Дата добавления 01.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров135
Номер материала ДБ-001836
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх