Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Физкультура / Конспекты / Баяндама «Денсаулық сақтау технологияларын пайдалана отырып, жеке тұлғаны дамыта оқыту»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Физкультура

Баяндама «Денсаулық сақтау технологияларын пайдалана отырып, жеке тұлғаны дамыта оқыту»

библиотека
материалов

hello_html_m725c7858.jpg



Батыс Қазақстан облысы

Казталов ауданы

Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясы



«Денсаулық сақтау технологияларын пайдалана отырып, жеке тұлғаны дамыта оқыту»




Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп- гимназиясының

дене шынықтыру пәні мұғалімі Мырзағалиев Мұрадым Тұяқұлы











2015 - 2016 оқу жылы


«Біздің еліміздің азаматтарының дендері сау болу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек, сонда ғана дұрыс қоғам құрамыз»

Н.Ә Назарбаев

hello_html_m35c931e5.jpgҚазіргі кездегі білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі оқушыға терең білім мен тәрбие беруде оның денсаулығын сақтай отырып, дені сау, қабілетті тұлға қалыптастыру болып отыр.

Мектепте оқушы өзінің 11 жылын өткізеді. Ал мектепке келген оқушының денсаулығы жақсы, дене бітімінің мықты болуы шарт. Өйткені мектептегі жетістіктері дене дамуының, денсаулығының мықтылығына тікелей байланысты болып келеді.

Ендеше баланың денсаулығын сақтай отырып, жұмысқа деген ынтасын арттыруда, денсаулық сақтау технологиясының алатын орны ерекше.

Денсаулық сақтау технологиясы формалардың, құралдардың және әдістердің жиынтығын көрсетеді, олар адамның дене, психикалық, адамгершілік және әлеуметтік жетістігін қолдаудағы оптималды нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған.

Денсаулық сақтай отырып білім беру принципі – оқушының дене және психологиялық денсаулығын дамытып, нығайтуға жағдай жасайды.

hello_html_m368146dc.gifhello_html_7bc84825.gif


1-суретте апта ішіндегі оқушының жұмыс қабілеті көрсетілген.

hello_html_f00c80b.gif

Баланың күнделікті сабақ оқуға жұмыс қабілетін төмендегідей сипаттауға болады:

- 1 сабақта - қалыптасады;

- 2,3 сабақта - ынтасы жоғары болады

- 4,5 сабақта - баланың ынтасы төмендейді.

Сондықтан мұғалім сабақ кестесін құрғанда осыған баса назар аудару керек.

Дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлері оқушының өз бетінше ұйымдастырылған жұмыстарымен толықтырылған жағдайда нәтижелі болады.

Баланың денсаулығын сақтай отырып, білімді меңгертуде оқытудың келесі технологияларын сабақта күнделікті пайдаланамын:

  • тұлғаға бағытталған оқыту;

  • даралап оқыту;

  • проблемалық оқыту;

  • күштемей, ерікті оқыту;

  • диалогты оқыту.

Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі. Қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге деген белсенділігі мен ізгілікті қатынастарын дамытуға бағытталған.

Дене тәрбиесі-өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады. Жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.

Сонымен бірге сабақтың негізгі бөлімінде «Допты бастан асырып беру», «Өз орныңды тап», «Кім шапшаң?», «Нысанаға дәл тигіз», «Әркім өз жалаушасына» деген сияқты ойын түрлерін бір сабақ көлемінде жүргізуге де болады.

. Дене шынықтырумен және спортпен айналысу баланы адал, ар-намысы жоғары, ішкі де сыртқы дүниесі бай болуына әсер етеді. Тек қана спорт алаңдарында емес, өмірде де өз күштерінің жемістерін көретін болады. Мұндай қасиеттер қазіргі егемен еліміздің жас ұрпақтарына өте қажет.

Осы тұрғыда оқушыларға жүктелетін міндеттер:

  • Дене тәрбиесі сабақтарына оқу кестесі бойынша тұрақты түрде қатысу.

  • Шынығу және жүйелі дайындығын анықтау үшін белгіленген даму денгейінің көрсеткіштерін орындау.

  • Ұсынылған қозғалыс тәртібін ескере отырып, таңертенгілік бой жазу жаттығуларымен, спортпен, туризммен, тұрақты түрде өз бетінше шұғылдану.

  • Күн тәртібіндегі оқу, демалыс пен тамақтанудың тиімді ережесін сақтау.

  • Мектепішілік, аудандық жарыстарға, іс-шараларына белсенді қатысу.

Қорытынды

Ғылым мен техниканың күн санап қарыштап дамуы, экологиялық зардаптардың белең алуы, ой еңбегі мен дене еңбегінің ара қатынасының алшақтауы, әр-түрлі зиянды әдеттердің (шылым шегу, алкоголь ішімдігі, есірткі пайдалану т.б) пайда болуы секілді құбылыстарға қарсы, салауатты өмір салтын қалыптастыратын тегеурінді күш иесі-спорт. Спортпен шұғылданған баланың денсаулығы мықты, төзімді, икемді, әрі нәтижелі болады. Еліміздің келешегін жалғастыратын жігерлі, білімді азамат болып шығады.

Назарларыңызға рахмет!!!





5




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 12.09.2015
Раздел Физкультура
Подраздел Конспекты
Просмотров335
Номер материала ДA-039638
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх