Инфоурок Дошкольное образование КонспектыБаяндама: Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұны.

Баяндама: Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұны.

Скачать материал

 

БІЛІМ БӨЛІМІ

 МҚКК « № 3 Сәбилер бақшасы »

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАЯНДАМА

 

«ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ОҚЫТУ МАЗМҰНЫ»

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Алибекова Г.С.

                                                                                  № 3 сәбилер бақшасының  

                                                                                  қазақ тілі пәнінің мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар қ.

Осы өмірдің есігін ашып, ең алғаш рет жер басып, жүре бастағаннан бала өмір сүруге үйренеді. Үш- төрт жасқа дейін ол қоршаған ортаны тани бастайды, қайырымдылық, сүйіспеншілікті - анасынан, күштілікті әкесінен, ақылдылық қасиетін – ата-әжесінен үйренеді. Ал 5-6 жасқа жеткен кезде біз балабақшада қосымша білім береміз. Осы алған білімдері көп жылдар өтсе де, өмірден өз орнын тауып, жақсы адам, кәсіби маман болуына себеб болады. Ұлы Абай айтқандай өмірге кірпіш болып қаланады.

   Қарапайым сөзбен айтсақ осы кірпіштің сапасы балабақша мамандарына да байланысты, себебі балабақшаның тәрбие жұмысының негізгі мақсаты: қазіргі өмір талабына сай, дені сау, ақыл, ой- өрісі кең, адамгершілік қасиеттері мол жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін, әрі тәрбиелейтін өзінің негізгі іс- әрекеті- ойын.

  « Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма?! » дейді біздің қазақ халқымыз. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С. Макаренко былай деп жазады: «Бала ойында қалай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады».

Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды, оның іздемпаздық, тапқырлық қабілеті оянады. Ойын бала үшін нағыз өмір.Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай

                                                       сюжетті – рөлдік,

                                                       драматизациялық,

                                                       дидактикалық құрылыс ойындары,

                                                       қимылды ойындар,

                                                       ұлттық ойындар,

                                                       дидактикалық ойындар

болып бөлінеді.

Сюжетті- рольді ойындардың ерекшелігі – оны балалардың өздері жасайды. Баланың өнерпаздық және шығармашылық қабілеті дамиды. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы «Дүкен», «Аурухана», «Шаштараз», «Отбасы», т.б.

Драматизациялық ойындар бір әдеби шығарманың, ертегінің, т.б. сюжеті мен мазмұнына шарттас болады.

Дидактикалық құрылыс ойыны – балалар әрекетінің бір түрі. Оның мазмұны қоршаған өмірді бейнелеу. Бір жағынан сюжетті- рольдік ойынға ұқсас және соның бір түрі деп қаралады.

Қимыл ойындары – балаға дене тәрбиесін беру құралы. Балалардың жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, қағып алу қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға мүмкіндік береді.

Ұлттық ойындар – «Соқыр теке», « Арқан тарту», «Төс қағыспақ», «Көкпар», «Асық», «Бәйге», «Тақия тастамақ», т.б. балаларды ептілікке, шапшандыққа баулиды. Ертеңгіліктерде, ойын- сауықтарда, серуенде балалар қызығып ойнайды.

Баланың байқағыштық, зерттеп салыстыру, сезім қабілетін дамытуға, баланың заттарды белгілері бойынша тану, түйсіну қабілетін ұштап қана қоймай, сонымен қатар сөздік қорын молайтуда дидактикалық ойындардың орны ерекше болып табылады.

  Басқа ұлт өкілдеріне, әсіресе жазбайтын, оқымайтын балаларға тіл үйретудің өте қиын екендігі белгілі. Дегенмен 4-7 жас арасындағы балалардың сөзді қабылдау, есте сақтау қабілеті өте жоғары. Жұмысымызда осы ерекшеліктеріне біз мән береміз.

 Қазақ тіліне оқытуда дидактикалық ойын маңызды құрал болып есептеледі.

  Мен ойын арқылы білімді меңгеріп және оны бекіту үшін дағды мен әдепті қалыптастырамын.

Балабақшада жиі қолданатын дидактикалық ойын түрлерін өткіземін:

1.     Ойыншықпен және түрлі ойын материалдарымен ойналатын ойындар.

2.     Үстел үстінде ойналатын ойындар «Лото», «Домино», т.б.

3.     Сөздік ойындар.

Дидактикалық ойынның мазмұны бірнеше элементтен құрылады:

                                 - дидактикалық тапсырмалар

                                 - мазмұны

                                             - ережесі және ойынның

                                      - орындалуы.

    Мұнда басты элемент – дидактикалық тапсырмалар, қалған элементтер осы тапсырмаға және оның орындалуына көмектеседі.

Тапсырмалар әр- түрлі болады ( жоспар тақырыптарына сай).

  Ойын ережелерге сүйенеді. Ережелер әр баланың ойында не істеу керектігін, қалай істеу керектігін, мақсатқа жету жолдарын көрсетеді және ақыл- ой қабілеттерін дамытады, әсіресе, кішкентай топтағы балалардың өзін- өзі ұстауға, өздерінің мінез- құлықтарын қадағалауға үйретеді. Сонымен бірге, психологиялық жағдайларын жақсартады:көңіл аударғыштығын, байқағыштығын және мейірімділікке, кішіпейілділікке үйретеді.

  Балалар алған білімдерін ойын барысында көрсете білуге, бір- бірімен қарым- қатынас жасауға, әділ болуға, қиындық кезінде көмектесуге, өз ойларын жеткізе білуге, қиялының дамуына, қиындықты ақылмен жене білуіне көмектеседі. Осының бәрі баланы мектепке даярлайды.

Дидактикалық ойындар жоспар бойынша сабақта немесе сабақтан тыс уақытта өткізіледі.

   Көптеген дидактикалық ойындар балалардың жеке дара ойнауына арналған, олар баланың дербестігін, аңғарғыштығын, өздігінен еңбек етуін жетілдіреді (әр- түрлі дифференциалды карточкалармен ойын, криптограммалар, модульдар, мнемотаблицалар, т.б.). Кейбір ойындар ұжыммен өткізіледі ( «Лото», « Домино», т.б.).

Ойынның мақсатын сақтап, балалармен бірге ойнаймын, ойынның ережесін қатан сақтауға үйретемін.

  Дидактикалық ойынды қолдану үшін үлкен педагогикалық шеберлік қажет:

-         ойынды дұрыс таңдап алу,

-         сабақтың мазмұнына сәйкесті болу,

-         балаларға түсінікті болу,

-         жас ерекшеліктеріне сай болу.

Мысалы: табу, көрсету, белгілеу естиярлар топқа лайықты, ал ересек балаларда салыстыру басым болады, сөйлемнің диалог- монолог формасы күрделеніп дамиды.

   Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытуға, ойлауын, қабылдауын, есте сақтауын,зейінін, салыстыру,жіктеуге, өзін- өзі бақылауға үйретеді.

Сабақты қызықты, тартымды өткізу үшін дидактикалық ойындарды дұрыс ұйымдастыру керек. Ойынға керекті құралдар әр балаға жеткілікті болу керек, сонда ғана балаларға түсінікті болады. Дидактикалық ойындардың құралдары ұзақ уақыт сақталуы үшін эстетикалық, гигиеналық талаптарға сай, әдемі қораптарда, қалталарда тұру керек.

  Осымен, балаларды қазақ тіліне сөйлей білуге үйретуде келесі талаптардды қоямын және орындауға тырысамын:

1.     әр сөзді тұрақты түрде есте сақтау;

2.     сөз таныс заттарға байланысты болуы;

3.     әрбір сөзді үнемі пайдаланып, қайталап отыруы;

4.     сөздік қорын молайту;

5.     қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру арқылы дұрыс сөйлеуге үйрету.

Еліміздің өркениетті елдер қатарына кемелденуі, оның әдебиеті мен мәдениеті, экономикасы мен өндірісінің дамуы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне байланысты, олардың достық пен ынтымақтастықты сезініп өсуіне, өмір сүріп отырған елінің мемлекеттік тілін жете меңгеріп, тілдің қадір- қасиетін, беделін көтеру, оны күнделікті өмір қажетін, өтерлік қарым- қатынас құралын дәрежесіне жеткізу ата- аналар мен біз, ұстаздардың үлесіне тиетін жауапты міндет.

  Елбасы Н.Назарбаев деген: «Қазіргі жас буын, бүлдіршіндер – мемлекетіміздің – мығым тірегі».

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама: Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұны."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Товаровед-эксперт

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.01.2016 1518
    • DOCX 20.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алибекова Гульмира Сулейменовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8096
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Музыкальное развитие детей в соответствии с ФГОС ДО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 133 человека из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 400 человек

Курс повышения квалификации

Воспитательная система образовательной организации в современных условиях

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 862 человека

Курс повышения квалификации

Влияние цифровых технологий на психическое развитие ребенка дошкольного возраста

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продажи и управление клиентским опытом: стратегии и аналитика

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Волонтерство: история, типы и роль в образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Литературные пути: от биографий к жанрам

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе