Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Баяндама Дидактикалық ойындардың ролі (бастауыш сынып)

Баяндама Дидактикалық ойындардың ролі (бастауыш сынып)


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруда дидактикалық ойындардың ролі.

Темиралина Майса Аманжоловна

Бастауыш сынып мұғалімі. Шақат ОЖББМ

Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін , әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашалақ ізденісін, оқушылардың белсенділігін мен қызуғышылығын арттыруды талап етеді.

Константин Дмитриевич Ушинский оқушыларды сабаққа тарта білу, олардың оқуға қызыгушылығын арттырып, білімге құмарту керектігіне баса көңіл бөлді.оның пайымдауынша, қызығушылық – сапалы оқудың негізгі жолы, ешбір қызығусыз тек қана зорлық күшімен жүргізілген оқу оқушы бойындағы білім алуға деген құштарлықты жояды.

Неміс педагогы Иоганнмм Фридрих Гербарт өзінің оқыту теориясының негізіне әр саладағы қызығушылықты алған. Адамдағы қызығушылықтар қоршаған дүниені танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады. Сондықтан мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екенің айтқан.

Жас бала не нәрсені болса білу құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді. Оқушылардық қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты.сондықтан әр-бір сабақта бұрыннан белгілі мәліметтерді қайталай бермей, оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін іздестіру қажет.

Бастауыш мектеп балаға білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, және сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.

Білім беру мекемелерінің қазіргі жаңа құрылымы мен оқытудың жаңа мазмұны мұғалімдер қауымына жаңаша іскерлік пен жаңа технологияны өндіру міндеттерін шешуді талап етуде. Мұның өзі бастауыш мектепте оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады, белсенділік танып, бағдарламалық материалды қажетті деңгейде меңгеруіне ықпал етеді. Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл ашуға, оны қолданудың теориясы мен практикасын бастауыш сынып мұғалімінің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалды алдын ала дайындап алуға, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты.

Василий Александрович Сухомлинский ойынды қолдану жайында былай деп жазады: «...Ойын – бұл үлкен жарық әйнек, ол арқылы баланың өміріне қоршаған орта туралы түсінігі, көзқарасы қалыптасады (2, 36 б.). ойын – бұл білгіштік пен тырысу отын жағатын шоқ». В.А.Сухомлинскийдің пікірін жалғастыра отырып, Даниил Борисович Эльконин «Психологиялық ойындар» еңбегінде «Ойын мағынасы балада жаңа өзіндік мазмұны бар түрткі әрекеті мен оған байланысты міндеттермен шектелмейді (3, 17 б.). ойында түрткілердің жаңа психологиялық формалары пайда болады» - деп ойын психикалық процестердің дамуына әсер ететінін айтқан.

Ұлы Абайдың «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады.

Әдістемелік әдебиеттерде берілген және бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибесінде пайдаланып жүрген дидактикалық ойындар өте көп. Алайда олардың барлығы бірдей бүгінгі күннің талаптарынан туындап отырған білім мазмұнының өзгерістеріне, сондай-ақ оқушылардың жас және психологиялық ерекшіліктеріне сай келе бермейді деп ойлаймыз.

Дидактикалық ойындар оқушылардың қабілетін, танымын, шығармашылық дербестігін дамытады. Оқыту үрдесінде ойындар арқылы оқушылардың белсенділігі, іс-әрекеті артады. Оқушыларға сапалы білім беру мақсатында олардың оқуға деген қызығушылығы мен түрткілерін арттыруда дидактикалық ойындарды дұрыс іріктеп қоладану мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Оқыту барысында дидиктикалық ойындар оқушылардың мақсатқа жету жолындағы мотивтерін қанағаттандырып, оның басқа психикалық қабілеттерін дамуына ықпал етеді. Дидактикалық ойындарды сабақта дұрыс қолдану арқылы оқушылардың оқуға, ізденуге деген түрткілері тәрбиеленеді. Бұл оқушылардың өз бетінше білім алуына, өзін-өзі тәрбиеленуіне, ішкі ынтасы мен талпынысын реттеуге мүмкіндік береді.

Ойындар психикалық қабілеттердің ішінде қиялды ерекше дамытады. Қиял адамдарды шығармашылықпен жұмыс істетіп, өмірде болмаған нәрселерді болдырады, жаңа нәрсені болжатады, адамның ойлау шеқарасын кеңейтеді, іздендіреді. Дидактикалық ойындардың әдіс-тәсілдерден артықшылығы-ол оқушыларға еркіндік береді, өз ойларын жасқанбай айтуға үйретеді.

Мұғалім оқушыға сапалы білім беру дәрежесі сабақты ұйымдастыру жолдарын, оқушылардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту әдіс-тәсілдерін білуімен тікелей байланысты.

Мұғалім сабақта дидактикалық ойындарды оқушылардың сабаққа деген құлшынысын, оқу мотивтерін туғызуда кеңінен пайдалануы керек. Ұстаз әрбір сабақта дидактикалық ойындарды жаттығуларға, тақырыпқа байланыстырып кіріктіруі, оларды өзара біріктіруі тиіс. Бұл – дидиактикалық ойындар арқылы оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие берудің негізгі бағыты.

Жаңа білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттары талаптарының бірі – оқытудың сапасын арттыру. Бұл –сабақ формалары мен әдістері, мазмұнын жетілдіру, оны методикалық, танымдық, білімдік, тәрбиелік және сапалы деңгейлі көтеру деген сөз.

Осы бағыттағы бірден –бір ұтымды жол – оқу процесінде дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану. Ол сабақтың әсерлілігін, қызығушылығын, танымдылығын арттырып, оқушының танымдық белсенділігін, ынтасын күшейтеді. Мектеп реформасы талаптарына сай балаларды алты жастан бастап оқуда дидактикалық ойындардың мазмұндылығы бұрыннан да арта түсті. Бұл жастағы балалар үшін ойын- оқу, еңбек әрі тәрбие құралы. Сөйтіп, ойын сабақта жаңа мазмұндық смпатқа ие болуда. Ойын балаларды сабақта зерігіп, шаршаған кездерде мақсатына ғана емес, оларға берілген негізгі ұғым, түсініктерді меңгерту мақсатында да жүргізіледі. Ойын арқылы оқушы өздігінен қорытынды жасай білуге машықтанады.

Ойынның негізгі мақсаты – баланы қызықтыра отырып, өткен материалды берік меңгерту. Сондықтан да ойынның пәндік мазмұны басты назарда болуы тиіс. Сонда ғана ол оқушының ойлау қабілетін дамытып, білімдік, тәрбиелік мақсаттарға жеткізеді.

Дидактикалық ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым әрі қысқа болуы шарт. Мұғалімдер сабақта ойын түрлерін ретсіз және төпелеп қолданбауы керек. Ойынға қажетті дидактикалық материалдар мен көрнектіліктерге де жете көңіл бөлуіміз тиіс. Мұның да ойын процесінде көп мәні бар. Алдымен сабаққа лайықты түрі мен оны қолданудың мөлшерін анықтау керектігі ұмытылып қалмауы керек.

Дидактикалық ойынның ырғағын сақтау мұғалімнің шеберлігін танытады. Ойын тым тез қарқынмен жүргізілсе, оған көпшілік балалардың ойы ілесе алмай, басқалардың сөз бен ісін түсінбей қайталайтынын, ал ойын жай, сылбыр жүргізілінгенде оған деген ынта, ықылыстың күрт кеміп кететінін көрсетеді.

Оқушылардың сабақтағы белсенділігі олардың сабаққа деген қызығушыларының артуымен тығыз байланысты. Әсіресе дидактикалық ойындар оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін жетілдіріп, өз пікірін дәлелдеуге, сыныптастарымен еркін пікірлесуге ықпалын тигізеді. Дидактикалық ойындар оқушыларды тілдік материалдарға қызықтыруымен қатар тіл білімінен алған білімдерін бекіту, тереңдету үшін де тиімді. Өйткені дидактикалық ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, оның ойлау қабілетін, ізденпаздылығын, еңбекқорлығын жетілдіруде, олардың жеке тұлғалық қабілеттерін тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. дидиактикалық ойындар барысында оқушылар өздерін еркін сезінеді, басқа жолдастарымен тілдік қарым-қатынасқа оңай түседі. бұл шәкірттердің жеке тұлғалық қабілеттерін жетілдіруіне, сабақтың тартымды өтуіне, жаңа материалды терең игеруіне ықпал етеді.

Қазақ тілі сабақтарында дидиктикалық ойындарды көркем әдебиеттермен ұштастыру жұмыстары да оқушыларды тәрбиелеуде маңызы зор. Көркем әдебиеттерді оқу арқылы оқушылардың эстетикалық, адамгершілік қасиеттері дамиды. Шығармадағы кейіпкердерді тану барысында жақсы істерге ұмтылады.

Дидактикалық ойындар оқушылардың қабілетін, танымын, шығармашылық дербестігін дамытады. Оқыту үрдісінде ойындар арқылы оқушылардың белсенділігі, іс-әрекеті артады.

Қорыта айтқанда, Ойын элементтері араласқан сабақ оқушыларға әсерлі болып, олардың білуге деген құмарлығын арттырады, түсініктерін терендетеді.

Аннотация

Бұл баяндамада баланың психикалық даму үрдісінде дидактикалық ойын әрекетін дамытудың негізгі жолдары берілген . Жас бала не нәрсені болса да, білуге құмар, қолымен ұстап көзбен көргенді жақсы көреді. Ұлы Абайдың «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Ойын әрекетінің бала психологиясынан дамуына шешуші қызмет атқаратындығы жайында “Ойын арқылы бала дүниені таниды” Дидактикалық ойын арқылы бала ойлау қабілетін дамытатындағы туралы мәлімдеме жасалған.



Автор Темиралина М.А. в данном докладе пишет о значимости и применений игровых форм на уроках.

Основное развитие ребенка происходит во время игр. Дети обычно хотят потрогать то, что видят и на этом они развиваются, появляется интерес.

В жизни ребенка игры играют значимую роль. С помощью дидактических ребенок быстрее усваевает материал.

Әдебиет

  1. Ушинский К.Д. избранные педагогические сочинения. В 2-х томах. Т.2. Вопросы обучния –М.:Учпедгиз, 1954.

  2. Сухомлинский В.А. балаға жүрек жылуы. – Алматы: Мектеп, 1976.

  3. Эльконин Д.Б. Психология игры М.: Педагогика, 1978.


















































































57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Краткое описание документа:

Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін , әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашалақ ізденісін, оқушылардың белсенділігін мен қызуғышылығын арттыруды талап етеді.

Константин Дмитриевич Ушинский оқушыларды сабаққа тарта білу, олардың оқуға қызыгушылығын арттырып, білімге құмарту керектігіне баса көңіл бөлді.оның пайымдауынша, қызығушылық – сапалы оқудың негізгі жолы, ешбір қызығусыз тек қана зорлық күшімен жүргізілген оқу оқушы бойындағы білім алуға деген құштарлықты жояды.

Автор
Дата добавления 10.05.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров571
Номер материала 272744
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх