Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Конспекты / Баяндама Дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылықтары

Баяндама Дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылықтары


  • Директору, завучу

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы:Дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылықтары

  Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты – жан-жақты дамыған, алдыңғы қатарлы елдермен теңесу. Ал оған жетудің басты жолдарының бірі –әлемдік білім кеңістігінен орын алу. Мұның өзі ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, оны тың арнаға, жаңа сапаға жеткізу қажеттілігін міндеттейді. Сондықтан да білім мазмұнын байыту, оқыту үдерісін жетілдіру, инновациялық технологияларды дүниеге әкелу, жан-жақты дамыған, рухани бай, өз елін, халқын жанымен сүйетін тұлға қалыптастыру өз шешімін қажет ететін, кезек күттірмей, іс жүзіне асыратын мәселе болып отыр.

Білім – қазақ халқының болашаққа бару жолындағы үлкен стратегиялық қоры. Білім беру жүйесін заман талабына қарай өзгерту, дамыту, жаңа талаптарға бейімдеу  –  қоғамдық мәні үлкен мәселе. Қазақстандық білім беру жүйесі тарихының жаңа кезеңі оқытудың жаңа жүйелері мен жаңа технологияларын зерттеуді, тиімділігін анықтап, оқу үдерісіне енгізумен ерекшеленеді.
Жаңа білім беру жүйесі дәстүрлі оқыту үдерісін түбегейлі өзгертуді және оқытудың жаңа технологияларын оқыту үдерісіне тиімділікпен енгізу жолын негіздейді. Бұл жаңа бағыт оқудың нәтижесін алдын ала болжап және сол арқылы оқушылардың өзін-өзі дамытуға қатысуын мүмкін етеді. Жаңа педагогикалық технологиялар жүйесін қалыптастырған еңбектер мен зерттеулерде қазақстандық мектептердің болашағына игі ықпалын тигізер жолдар мен бағыттар да айқын танылады. Оқушыны білім беру үдерісінің нысаны ғана емес, сол үдеріске қатысушы маңызды субъектісі деп санап, оның ана тілінде терең ойлай алуы мен шебер сөйлеуін, сауатты жазу тілін дамытып, оқу барысында алған білімі мен игерген машық-дағдыларын өмірдің қажетті жағдаяттарына сай әрі дұрыс қолдана алатын дәрежеге жеткізу – жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаты.
Инновациялық технологиялардың ішінде өзіндік орны бар технологияның бірі – дамыта оқыту технологиясы болып отыр. Бұл технология қазақстан мектептерінде біртіндеп қолдана басталды. Енді аталған жаңа технологияның дәстүрлі оқыту технологиясынан айырмашылықтарына көз жүгіртсек:
Дамыта оқытудың негіздері таным теориясы мен диалектика ілімінде жатыр. П.П.Блонский дамуға индивидтің абстрактіден нақтыға және керісінше, нақтыдан абстрактіге қарай қозғалыс жасай алуын жатқызса,    Д.Н.Богоявленская мен Н.А.Менчинская – оқи алуды, яғни қысқа мерзімде жоғары үлгерімге жетуді, Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды нәтижелі етеді деп есептейді: байқампаздық, ойлау және практикалық әрекеттер жасай алу.  В.В.Давыдов дамудың негізгі көрсеткіші ретінде тұлғаның жинақтай, қорытындылай алу дағдысын жатқызады [1, 15].
Сонымен тұлға дамуының, сондай-ақ оны өзінің дамытуының негізгі тетігі қарама-қайшылықтарды шешу болып табылады. Өзін-өзі дамыту үдерісі тұлғаның барлық аясын қамтиды  және  әр ретте жаңа деңгейге көтеріліп отырады. Сөйтіп, оның «өзімінің» жетілуіне әкеледі. Өзін-өзі дамыту – субъект бағытындағы ерекше шығармашылық әрекет деген ғылыми тұжырым жасауға болады.
Л.С.Выготскийдің идеясын ұстана отырып, дамыта оқытудың мәні –оқушылардың теориялық ойлауын дамытуда деп тұжырымдаған Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов, Л.В.Занков өз зерттеу еңбектерінде негізгі орталық ұғым ретінде – ойлау және сонымен байланысты даму ұғымдарын мәселе етіп қойды.
Ойлау – таным теориясының негізгі философиялық категориясы. Дүниені танудың екі жолы бар. Оның бірі — затты дерексіздендіру арқылы немесе абстрактылы ұғым арқылы ойлау болса, екіншісі – ұқсату, елестету, сезім арқылы ойлау. Дамыта оқыту бұл екеуін бірлікте қарай отырып, оқушылардың теориялық білімі мен ойлау қабілеттерін арттыру арқылы дүниені танудың ғылыми-теориялық және логикалық әдістерімен қаруландыруды көздейді.
Ғылымда танылатын нысанның алдымен сыртқы белгілері жете анықталады. Мұны 
танымның нақты (эмпирикалық) кезеңі деп атаймыз.
Адам қарастырып отырған нәрсесінен сезімдік-нақтылық белгілерді мол етіп анықтап алған соң, сол сыртқа бар қылып тұрған ішкі бір ортақ заңдылықтарды іздеуге кірісетіні белгілі. Сол ішкі заңдылықтарды анықтау барысы  
абстракцияға үйрену кезеңі болып табылады. Дәстүрлі оқыту жүйесінде оқушыларға білім беру осы логикамен аяқталатыны белгілі.
Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылады. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.
Дамыта оқыту технологиясының тапсырмалары мен сұрақтарын құрастыру үлгісі

Тапсырмалар мен сұрақтар түрі

Сұрақтар мен тапсырмалар

Өңдеу (қалпына келтіру кезеңі).  Оқушылардың есте сақтау, қабылдауына үйрету.
Сабақтың 1 ∕3 бөлігін қамтиды.

Кім? Қайда? Қашан? Не?
Суретте не бейнеленген?
Жылдың қай мезгілі?
Анықтама беріңдер…
Оқып шығыңдар.
Айтып беріңдер.
Қайталаңдар.
Еске түсіріңдер.
Суреттеңдер.
Қатесін түзеңдер.
Мысал келтіріңдер…

Өнімділік – ойлауға, елестетуге сүйену.
Сабақтың негізгі кезеңі.
Тапқырлық, табыстық.
Эвристикалық

Басты идеясы қандай, негізгі ой?
Құбылыстың негізгі мағынасы не?
Себебі не?
Немен түсіндіруге болады?
Қандай ой керек, егер де олай болса?
Құрастырылып отырған құбылысты біріктіретін не? Сөздер, дәлелдер.
Қандай қорытынды шығарамыз?
Қалай түсінесіздер, бұл не?
Бұл ережені қалай, қайда қолданамыз?
Ол не үшін керек?
Немен ажыратылады?
Айырмашылығы не?
Біз сендермен қандай қорытындыға келдік?
Өздеріңнің шығарған қорытындыларыңа қалай қарайсыңдар?
Бекітуге келісесіңдер ме?
Неге…?
Талқылаңдар…
Жіктеңдер…
Жүйелеңдер…
Қатесін табыңдар…

Проблемалық ізденіс

Басқа әдіспен қалай шешуге болады?
Неге бұл әдіс тиімді?
Несімен жеткіліксіз?
Біз әртүрлі дәлелдерді қолдандық.
Неге олай туындады?
Түсіндіріңдер, не себепті?
Дәлелдеңдер.
Ұсыныс айтыңдар…
Бағалаңдар…
Салыстырыңдар…
Біз қатесін таптық, олар қалай туындады, нені біз ескермедік?

Шығармашылық

Құрастырыңдар…
Ойластырыңдар…
Ойлаңдар, қалай істеуге болады?
Заңды теориямен біріктіріңдер…
Басқа әдіспен қалай шешеміз?
Бұл білімді қалай қолданамыз…?
Аргумент, фактілер, келтіріңдер.
Сіздің болжауыңыз…?
Не өзгереді егер…

Сұрақтар мен тапсырмалардың құрылуына қойылатын талаптар.
1. Нақты құрылымы
2. Оқушылардың базалық білімін ескеру.
3. Ойлау қабілеттерін бағыттау (салыстыру, бақылау, пікірлесу, синтездеу және т.б.).
4. Сұраққа жауап іздеу, оқушыларды ойлауға жетелеп, ойға берілуге қызығуын туғызу.
5. Эмоциялық көрініс, қойылған сұраққа оқушылар дұрыс жауап бергенінше шектемеңіз. Оқушыдан толық жауап алғаннан кейін неге мұндай қорытындыға келгенін сұрау.
Дәстүрлі және дамытушы оқытуды салыстыру кестесі  № 1 кесте


Дәстүрлі педагогика

Дамытушы педагогика

Мәні

Білім, ептілік, дағдыны меңгерту

Баланың өзін-өзі субъект ретінде сезінуі

Мақсаты

Білім, ептілік, дағдыны игерту

Әрбір оқушыға оқып тану үрдісінде өзгеретін субъектісі ретінде дамыта жасау, қасиет қабілеттерін дамыту

Дамытудың негізгі факторы

Білім, ептілік, дағдының дәрежелері

Соған қоса маңызды психикалық ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді

Мұғалімнің рөлі

Дайын білімді түсіндіруші, бақылаушы, бағалаушы, тәртіпті қадағалаушы, білім насихатшысы

Танымдық іс-әрекетті ұйымдастырушы,
ұжымдық істердің ұйтқысы

Педагогтың негізгі талабы

Мен сияқты істе

Ойлап істе

Педагог қызметі

Білім беру

Адам «өсіруші»

Әрекеттестік стилі

Авторитарлы

Демократиялы

Мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынастық стилі

Монологты (мұғалім жағынан)

Диалогты

Оқытудың басым әдісі

Мәліметтілік

Ізденісті-зерттеушілік

 Сабақты ұйымдастыру формасы

Фронтальды-топтық

Жеке бастық, топтық

Мазмұнының негізі

Адамның кейбір саладағы іс-әрекеттерін құрастырудың жалпылама ұстанымдарына сүйеніп, анықталған мәселелерді шешудің дайын әдістері

Дамыту үрдісіндегі оқушылардың зерттеушілік әрекеттерін қалыптастыру ұстанымдарын анықтайтын ғылыми түсініктер

Әдіс-тәсілдері

Көрсету – түсіндіру – жаттықтыру – бақылау — бағалау

Оқу мақсаттарының қойылуы, зерттеушілік әрекет, табылған мәліметті дәлелдеу, шешімді тексеру

Әрекеттестік түрі

Басқарушы мен бағынушы

Іскерлік-серіктестік, ынтымақтастық

Әрекеттестіктегі қызметтер

Мұғалім — жетектеуші, оқушы — орындаушы

Қызметтер бөлінбейді, бірлесіп жұмыс жасау

Педагогтың материалды түсіндіруге кеткен уақытымен салыстырғандағы оқушының өзіндік жұмысының уақыты

Өте аз

Салыстырмалы

Оқушы позициясы

Қызығуы аз, пассивті

Қызығуы бар, белсенді, ынталы

Оқуға деген мотив

Эпизодты түрде

Әрқашан және мақсатты

2 кесте

Педагогикалық үдерісінің компоненттері

Дәстүрлі иллюстрациялық түсіндірме әдісі

Дамыта оқыту

Мақсат

Оқушыларда білім, білік, дағды қалыптастыру

Байқампаздығын, ойлауын, практикалық әрекетін дамыту

Бастапқы мазмұн

Факторлар, мысалдар, тақырыптар, дәлелдер

Заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорыту

Оқытудың формалары

Жеке, топтық, фронтальді

Бірлескен ұжымдық іс-әрекет

Оқыту әдістері

Ауызша түсіндіру, көрнекілік, практикалық

Проблемалық баяндау, ізденушілік, зерттеушілік, ойлау

Бақылау, бағалау

Оқытудың нәтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы

Өзін-өзі бақылау,
Өзін-өзі бағалау, рефлекция

Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснама жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.
ДОТ-қа негізделген сабақ:
1. Оқу мақсаттарының қойылуы
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу
Бұл – үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин – В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері [2, 37].
Қорыта айтқанда, дамыта оқыту технологиясында басты назарда теория мен практиканың бірлігін ұстанады. Меңгерген теорияны практикада қолдана отырып, ол сол теорияны жақсылап меңгереді. Ал дәстүрлі оқытуда тек теорияны жаттауға негізделеді де, оны есте сақтау қабілеті жоғары балалар ғана меңгереді. Ол сыныптағы 20 баланың бес-алтысы ғана жаттап алуы мүмкін. Ал он бес бала тақырыпты меңгере алмай қалар еді. Дамыта оқыту оқушының ойлай білуін мақсат тұтады. Себебі оқушыны ойлауға үйретпей тек ережені ғана жаттауға негізделсе, бала ережені түсінбес те еді. Соның салдарынан ереже айтқанда, кітаптағы бір сөзді ұмытып қалса, ереже айта алмай тұратын болады. Өйткені жаттанды біліммен бала ұзаққа бара алмайды. Бала аталған ереженің мағынасын, оның маңызын, қай жерде қолданатынымызды білуі керек. Дамыта оқытуда балаға ережені өзіне шығартуды алға тартады. Сонымен бірге бала бұл ереженің өмірдегі пайдасын түсіне алуын мақсат етеді. Тоқсан ауыздың тобықтай түйіні, дамыта оқыту технологиясының маңызы үлкен болып отыр. Тек оны оқытушылар қауымы орнымен, жүйесімен қолдана алса игі болар еді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. 
Құрманова Н.Ж. Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркесінің жүйелік-құрылымдық сипаты және оны талдау жолдары – Алматы, 2009
2.
 Давыдов В.В. Теория развивающего обучение. – М., 1996




Автор
Дата добавления 28.10.2015
Раздел Директору, завучу
Подраздел Конспекты
Просмотров466
Номер материала ДВ-103479
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх