Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыБаяндама: "Дәуір тудырған тұлға"

Баяндама: "Дәуір тудырған тұлға"

Скачать материал

Дәуір тудырған тұлға

 

                               Байсеркеева Гүлфайруз Төлеуханқызы, Мойынқұм ауданы

                   Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі

 

                  Қытай халқы қатты назаланғанда «Өтпелі кезеңде өмір сүр» дейді екен. Бұл деген тұрымтай тұсында, балапан басына кетіп, бар болған бұрынғы құндылықтарымыз мән-мағынасынан айрылып жаңа заманның келбетін тани алмайтын елең-алаң кезеңде маңдайыңды тауға да, тасқа да соғып ештеңе ұғып болмайтын заманда ғұмыр кеш дегенді білдірсе керек. Ия, біз сол кезеңде өмір сүрудеміз.

                Әр заманда ұлтын ұшпаққа жетелейтін ұлы тұлғалар болады. Олар халық үшін туады. Елінің кемел келешегіне аянбай еңбек етеді. Аттың жалында, түйенің қомында жүріп, талай бейнет көріп, алдында кездескен сынақтардың бәріне де төтеп беріп туған жері мен өз мемлекетін өркениет биігіне көтеруге ұмтылады. Сондай тұлғалар - өзі үшін де, өзі өнген елі  үшін  де өлмес өмірді аңсаған Қорқыт бабамыз, желмаясына міне жүріп Жерұйықты іздеген Асан Қайғы бабамыз, Арқа үшін алысып, Еділ үшін егескен хан-батырларымыз, қол астына бүкіл қазақты топтаған тегеурінді Тәуке ханымыз, айбыны асқан Абылай хан, байтақ ордасын жаудан қорғаған ер Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Баян, Райымбек, Ағыбай да, халқын емірене сүйіп өткен, зар заманның өртіне күйіп өткен Әлихан мен Ахмет те азаттықты аңсады. Сол арман ғасырлар тоғысында орындалды. Қаблиса жыраудың  - Бақыт, қайда барасың? - Көршімен болған бірлігі, Тағат, кибадат тірлігі, Ұйымшыл елге барамын,-деп жырлағанындай адам үшін өзіне, балаларына, туған-туыстарына ынтымақты да берекелі өмір сүруге лайықты жағдай қажет екені белгілі. «Отан от басынан басталатынындай,  Үй-біздің басты баспанамыз, жылы ұя, бұл сенің өміріңнің  территориясы[1].Онда тұратын отбасы мыңжылдықтардан бері қоғамның ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлерінің жалғаушысы, сақтаушысы. Ия, біз өзіміздің ортақ үйіміз - Қазақстанды тұрғыздық, еліміз егемен атанды. Тәуелсіздікке жету жолында тәуекелге бару, құрбандыққа көнуге тура келген кезеңдер де болған. Бірақ, «мың өліп, мың тірілген халықтың»  елін шынайы тәуелсіз әрі игілікті елге айналдыруға деген ұмтылысы, халқымызға тән еңбексүйгіштік пен төзімділік қиындықтың артта қалуына себеп болды. Еліміз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізді.Тәуелсіздік-тәуменді жұртқа тәуекел берді.

Таудай талап, қайрат қылған кісі болса тырбанар,

Тәуелсіздік - қайнар көзі жаңа ашылған жылғалар.

Елдің жүзі тәуелсіздік сәулесімен нұрланар,

Көздің жасы қарияның жанарынан сырғанар.

Жел үдеген Желтоқсанда  айбар берген тұлғалар,

Бір жұтым су іздеп келген кісі болса, бір қанар,

Тәуелсіздік!

Бұл мәңгілік тақырып қой жырланар. [2]                                                                                                 

                 Әлемдік тарихқа философиялық тұрғыдан баға берген ағылшын ойшылы Тойнби күйреген империядан соң пайда болатын жаңа мемлекеттердің алдында тұрған таңдаудың төрт жолын көрсеткен :

1)                Мемлекеттердің өткеніне оралуы

2)                Керісінше, өткенін мансұқ етіп, әсіре жаңашылдыққа ұмтылу

3)                Шекарасын тарс жауып алып, сыртпен қарым-қатынасты шектеп тұйықталу

4)                Түлеу, жаңару жолы

      Қазақстан соның төртінші «түлеу, жаңару жолын» таңдап, айқын мақсаттарға бағдар беретін  жоспарлар құрды.

      Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бергі аз уақыттың ішінде әлемге танымал мемлекеттердің біріне айналды. Ол ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі, ол өткенді түсіне отырып, болашақты болжай алатын, жаһанданудың жаңа  дәуірінің тамырын баса білген талантының нәтижесі. Қазақстан  өз дамуының экономикалық, саяси және этномәдени үлгісін іздестірудің күрделі, қиын да қайшылықты кезеңін бастан кеше отырып, болашаққа деген сенімін нығайтып, сол жолда қол жеткізуге тиіс мақсат-міндеттерді ұғынып жаңа үшінші мыңжылдыққа қадам басты. «Біз келешегі тұлдыр, болашағы бұлдыр халық емеспіз, өзін-өзі сақтап қалған талантты халықпыз. «Біз өткенге салауат айтып, жарқын болашақтан жақсы үміт күткен халықпыз. Өз бойымызда және өз балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизм қалыптастыруымыз керек. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанымызда  өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені, өз жерімізде өзін жақсы сезінетіндей болуы тиіс. Еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуі тиіс» деп көрсетті  Елбасы [3].

Күннің көзін кім жабады қалқалап,

Бір өзіңе көз тігеді шартарап.

Қыран самғап бара жатыр бақытқа,

Бар қазақтың ақ арманын арқалап!-

деп Төлеген Қажыбай айтқандай  жауапкершілік жүгін арқалап,

Осындай менің сыбағам,

Сеніммен қолға ту алам.

Сүрінбей сыннан шыға алам,

Халқыммен бірге қайысып,

Халқыммен бірге қуанам!-

деп ел басқаруды қолына алды.

                 Ататүрік өзінің бір сөзінде «Мен қажет болса, ұлтым үшін өз өмірімді де қиямын! Мен үшін ең ұлы қорғаныс ұясы, ең үлкен көмек көзі - ұлтымның кеудесі.Сондықтан да мен ұлтымның кеудесін ешкімге бастырмау үшін барымды саламын!» деген екен. Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев «Отандастарымнан бөлек уайымым да жоқ, олардан бөлек қайғым да жоқ. Нені болса да  елмен бірге көремін, елмен бірге төземін, елмен бірге жеңемін» деп көпшіліктің патриоттық сезімін қайрайды. Қазақ елі ырысын қайырған алауыздықты, бас-басына би болған өңкей қиқым заманды, ұлттық болмысымызды жоймақ болған тоталитарлық саясаттың да тепкісін көрді. Осындай қиын сәтте Елбасымыз:

Сөз бастаған шешен болу бір қиын,

Елің үшін есен болу бір қиын.

Тайғақ кешіп, ақ жол тауып адаспай,

Көш бастаған көсем болу бір қиын,-

деп қалам тербеген.

                Ең алдымен Елбасы дамудың ұшар биігіне жеткен Батыс пен Шығыс елдерінің тың тәжірибелерін зерделеп, керектісін жүйелеп «Қазақстандық жол» атты дамудың жаңа моделін жасады. «Қазақстандық жолды» жүзеге асыру үшін «Қазақстан -2030» бағдарламасын жүйелеп берді. Еліміздің келешекте  дамуын айқындайтын «Қазақстан-2030» Стратегиясын жасау арқылы дамудың ерекше «Тұрақтылықтан жаңару арқылы бүкіл республиканың гүлденуіне» бастаған қазақстандық жолын таңдады.Ондағы мақсаттар мерзімінен бұрын орындалғандықтан қазіргі әлемдік экономикалық даму, геосаясаттағы проблемалар, жаһандық интеграцияны ескеріп «Қазақстан-2050» стратегиясын қабылдады. Сол  арқылы алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарынан көрінуді тапсырды. Елде саяси реформалар жүргізе отырып Тәуелсіздік Декларациясын, барлық заңдар бастау алатын ел Конституциясын қабылдады. Биліктің үш тармағын - заң шығарушы, атқарушы және сот билігін  айқындап, іргесін айқындады. Қос палаталы Парламент құрды. Тәуелсіз елдің берік қорғанына айналған  Қазақстан Қарулы Күштерін жасақтап, ұлан-байтақ елдің шекарасын  келісім жолымен шегендеді.Ұлы Абай, Шәкәрім, Мұхтар туған топырақта 340-тан астам жарылыс жасап, жерді тозаққа айналдырған Семей полигонының үнін өшірді. Ядролық қарусыздану қозғалысының көшбасшысына айналды.Төл теңгені енгізіп, Ұлттық қор жинауды бастады .Сарыарқаның төріне Елдің алтын алқасындай Астананы орнатты. Астана - Отанымыздың жүрегіне, халықты біріктіретін ұлттық идеалға, халқымыздың өз күші мен ұлы мақсаттарына деген сенімінің символына айналды. «Қазақстан-2050» стратегиясы арқылы бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылуды жүзеге асыруды жүктесе, сол арқылы қазақстандық тауар мен қызметтерді әлемдік нарыққа енгізу, өңдеуші секторды дамыту, технологиялық артта қалушылықты жоюға бағыттайды.Ол үшін индустриалық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыратын шарттарды белгіледі: ғылымға инвестиция салу және отандық өндірісті ғылымға бейімдеу, басқарудың мәдениеті мен жаңа әдіснамасын қалыптастыру және оны практикаға енгізу, өмірдің бар саласын ақпараттық технологияны енгізу және пайдалану, интеграциялық үдерістерге белсене қатысу т.б. «Қазақстан -2050» стратегиясындағы мақсаттарға қол жеткізуде құрылған  «30 корпоративті көшбасшы», «Үдемелі индустриялық-инновация» бағдарламасы бойынша  ірі-ірі зауыттар, кәсіпорындар ашылып, бәсекеге қабілетті өнім шығаратын  жаңа технологиялар келді. Шетелден инвестор тарту мәселесін көтеріп, ТОП-20 көшбасшы елдерінің қатарына кірдік, өтпелі экономикалы елдердің арасында 2-ші орынға тұрақтадық. Әлемдегі ең ірі астық экспорттаушы елдердің қатарынан берік орын алдық. Елді экономикалық жағынан жаңғырту - халықтың әл-ауқатын арттырудың шешуші шарты ретіндегі әлеуметтік бағдарланған, бәсекеге қабілетті, қарқынды және ашық экономика құруға жетелейді.«Өз тарихын білмеген, өзін де сыйламайды» дегендей [4] халықтың өзін-өзі тануы, өзіне-өзі келіп ерекшеліктерін бекіту үшін  тарихтың  тұңғиық тереңіне сүңгіп, ондағы ұлттың асыл қазынасының інжу-маржанын  жинақтауда  «Мәдени мұра» ұлттық жобасын жүзеге асыруды міндеттеді. «Мәдени мұра» бағдарламасы арқылы 100-ге жуық тарихи-мәдени ескерткіштер жаңартылды, халқымыздың мақал-мәтелдері, жұмбақтары, ертегі, жыр-дастандары жинақталды, 100 томдық «Бабалар сөзі» деген бірегей басылымды түзіп, «Қазақтың 1000 әні», «Қазақстың 1000 күйі» антологиясы жарық көрді. Алысты болжайтын саясаткер елінің алдымен бірлігін ойласа керекті. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» деп бірлікке шақырған халық даналығын  үнемі еске сала отырып, Қазақстан халықтарының Ассамблеясын құрды. Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі марқұм Маргарет Тэтчер ханым  өз сөзінде: «Тәуелсіздікке қол жеткізгелі Сіздің үлгілі саясатыңыз халқыңызды бостандыққа жетеледі....Пессимистердің Сіздің еліңіздің этностық және діни әрқилылығы ұлттарды жанжалдастырмай қоймайды, сөйтіп Қазақстанды әлсіретеді деген үміті керісінше болып шықты. Қазақстан өз ұлтының мәдени алуан түрлілігінің арқасында жылдан-жылға гүлденіп келеді. Ал этностардың сан түрлі дәстүрлері мен әртүрлі дінге сенуі мемлекет қуатын оң энергетикамен толықтыруда. Сіз еліктеуге  лайық тұлғаға айналдыңыз»,-деп әділ атап көрсеткен. Қазақстан бүгінде тату-тәтті өмір сүрген 140-тан астам  ұлт өкілдерінің Отаны. Қазақстанның бүгінде қарыштап дамуының түп-төркіні осы бірлігімізде жатыр. Біздің байтақ мекенде баршамызды біріктіретін  ортақ құндылықтарымыз:  байтақ мәдени мұрамыз бен  берік мемлекеттік тіліміз[5] Елдің демократиялық дамуына ықпал ету, оның егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту, ел тұтастығын сақтау, ұлт қауіпсіздігін қамтамсыз ету, азаматтардың құқықтары мен еркіндігін кеңейтуді мақсат етті. Қазақстандық бірегейлік пен  отансүйгіштікті қалыптастыруда барлық қазақстандықтарды  біріктіру факторы ретінде  мемлекеттік тілді дамытуға үндеді. Қазақстан кәрі құрлық Еуропаның төрінде ЕҚЫҰ-ның тізігіні ұстады, 57 ел қатысатын Ислам конференциясы ұйымының төрағасы болды. Көрші елдермен әріптестік  қатынастарды өркендетуге, аймақтық және аймақаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында толық түсіністікке қол жеткізді. Елдіктің негізі-Ұлттық Рух, Елдік Сана болса, Елбасының салиқалы саясатының арқасында ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елге аянбай қызмет ететін, білімді, алғыр да жүректі жастар өсіп жетілді. Еліміздің болашағы – жастардың бойында Отансүйгіштік, патриоттық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың маңыздылығы зор. Ұлт болашағы - білімді ұрпақтың қолында екенін ескеріп «Назарбаев Университетін», өңірлерде  20-дан аса «Назарбаев мектептерін» ашты. Атап айтқанда, «Ұлылардың ұлағатын ұмытпау – ел боламыз деген халықтың тарихы алдындағы парызы. Ұлылардың мұрасы да, атақ-даңқы да кейінгіге үлгі. Үлгіге қарап ұрпақ өседі», «Өсер елдің баласы арманшыл болса, өшер елдің баласы жанжалшыл болады», «Бабаларымыз тірі болуы үшін бір болған, енді біз ірі болу үшін бір болуымыз керек,- деген. Біз Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Мәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі» деп атап көрсетті.[6]

                 О.Бисмарк: «Тарихты жазу емес, жасау маңызды»,-деген. Бірақ та бұл адамзат тәжірибесі көрсетіп отырғандай әркімнің қолынан келе бермейтін іс, шын мәнінде оны тек ұлы тұлғалар ғана жасайды. Мұндай тұлғалар ерекше қасиетке ие: пәрменді және оның тиімді даму жолдарын әріден көру, өміршең парасат және сирек кездесетін есте сақтау қабілеті жұмыс істеудің қуатты жігері өз шешімінің дұрыстығына мүлтіксіз сену, қайтпас қайсарлық, алдына қойған мақсаттарға жете алатын ерекше қасиет иесіне ғана тән. Міне, осындай Алла берген көшбасшылық қабілет ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бойынан табылды. Дәл ғасырлар тоғысында жаһандық өзгерістер дәуірінде өз халқы үшін жауапкершілікті мойнына алып қана қоймай, әлемдік үдерістерге ықпал ету маңдайына жазылған. Мәдени әр алуандықты сақтай отырып, халықтың бірлігін қамтамасыз ету біздің ең басты байлығымыз деген ел президентінің идеясы туған Отанның тағдырына  жан-тәнімен берілген барша қазақстандықтардың түсіністігі мен қолдауына ие болды. «Заман тыныштығын берсе, бүгінгі дағдарыстан да шығармыз.Тәуелсіз Қазақстан дәулетіне сәулеті сай қуатты мемлекетке айналар. Қазақ халқы әлемдік өркениетке қазіргіден де қомақты үлес қосар. Даламызда да, қаламызда да шат тірлік орнар» деген басшының айтқаны айнымай келді. Тату елде тыныштық орнайды, бейбіт елде береке болатыны анық.

Жабыққанды жебесем,

Елді жұртпен теңесем.

Қосынында қазақтың,

Бекер жүрмін демесем!-

деген жүрекжарды сөзі әр қазаққа үлгі.

   «Қазіргі дүние жүзінде өзінің тәжірибесі, ақылмандығы, ерік-жігері, көрегендігі және ісінің нәтижелілігі жөнінде Қазақстан Президентіне тең келер тұлға жоқ»,-деген Қасым-Жомарт Тоқаев [7].

 

 

 

 

 

 

 

 

                              Сілтеме:

1. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқына Жолдауынан

2. Ақылбек Шаяхмет.  Тәуелсіздік жыры

3. Н.Назарбаев «Татулықтың тұтқасы-бірліктің бесігі» //Егемен №54,2011     ж.19.04

4. Н.Назарбаев. «Еуразия жүрегінде» Астана, «Атамұра», 2005 ж.

5.Н.Назарбаев «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы» деген тақырыпта Қазақстан халқы Ассамблеясының ХVІІ сессиясында сөйлеген сөзінен 

6. Н.Назарбаев.   Қазақстан халқына Жолдауынан

7. Мұхтар Құл-Мұхаммед. «Әлем таныған тұлға» //Егемен 4.07.2014 ж.

 

 

 

                         Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Н.Назарбаев  «Қазақстан жолы» Астана, 2007 ж.

2.     Н.Назарбаев  «Ой бөлістім халқыммен» А, 2006 ж.

3.     Н.Назарбаев  «Еуразия жүрегінде» Астана, 2005 ж.

4.     Н.Назарбаев  «Туған елім-тірегім» А, 2008 ж.

5.     А.Шаяхмет  «Мөлдір бұлақ» Қ, 2004 ж.

6.     М.Ыбыраев   «Кие»

7.     һttp//baq.kz/

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама: "Дәуір тудырған тұлға""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер монтажа

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 315 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.02.2016 867
    • DOCX 60 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байсеркеева Гульфайруз Толеухановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17706
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Анализ результатов образовательной деятельности в работе учителя истории

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 417 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов истории в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 399 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по истории в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 191 человек

Мини-курс

Галерейный бизнес: медиа, PR и cотрудничество

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Путь к осознанным решениям и здоровым отношениям

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 104 человека из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Эффективное управление электронным архивом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе