Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Научные работы / Баяндама Экологиялық білім беру

Баяндама Экологиялық білім беру

  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

190 мектеп







Баяндама





Тақырыбы:Оқушыларға экологиялық білім беру мен табиғатты белсенді қорғауға тәрбиелеудің маңыздылығы.





География пәні мұғалімі: Жөкел Гүлфизат



















БАЯНДАМА

Оқушыларға экологиялық білім беру мен табиғатты белсенді қорғауға тәрбиелеудің маңыздылығы.

 

Адам - табиғатпен егіз. Адам ауырса, одан табиғатқа келіп-кетер ештеңе жоқ шығар, ал, табиғат ауырса, адам онымен қоса ауырары хақ. Сондықтан да, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты сақтау, оған қамқор болу адамзат баласы үшін маңыздылығын жойған емес. Егер, сіз табиғатқа қамқорлық жасасаңыз, оны табиғат үшін емес өзіңіз үшін, келешек ұрпақ үшін жасалған сауапты іс деп түсінгеніңіз жөн шығар. 
          Біз - тумасынан табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған халық. Бұған, күні кешеге дейін, туған өңіріміздің табиғатының таза болғандығын айтсақ та жеткілікті сияқты. Біздің халық - "экология" деген сөзді естімей өскен ұрпақ. Бір кездерде бізді И. Мичуриннің "Адамзат табиғаттан рахым күтіп отыра алмайды, одан керектіні жеңіп алуымыз керек",- деген ұранымен оқытты. Қаһарман халқымыз тауды бұзып, тасты жарып, жерді терең қазып, өзен-көлді бұғалықтап, ел үшін біраз игі істерді жүзеге асырды. Ғылыми-техникалық революция болды. Көптеген көп тонналық өнеркәсіптер іске қосылды. Сол кездерде мұның қызығын да көрді. Өкінішке орай, ғылым мен техниканың ғаламат жетістіктері және шапшаң дамуы, адамзаттың барған сайын аш көздікпен табиғатты тонауы, биосферадағы жаратылыстың тепе-тендік заңдарын бұзды. Осылардың нәтижесінде жеріміздің ауасы тарылып, өзен-көлі бүлініп, жайылымдардың топырағы тілініп, қоршаған ортамыз көз алдымызда азып-тоза бастады. Мұның соңы азынаған желге, ащы және улы жаңбырға, ормандардың мезгілсіз қурауына, ауа райының бұзылуына, қоршаған ортаның әр түрлі улы қосылыстармен ластануына әкеліп соқтырды. Қоршаған ортадағы тепе-теңдіктер бұзылды. Адамдардың денсаулығы нашарлап аурулардың түрлері және саны көбейді.
         Мінеки енді осы экологиялық апаттан қалай құтылуға болады? Табиғатты қалай сауықтыруға болады. Бұл өте күрделі мәселе. Бұл үшін ең алдымен, адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, дұрыстау керек, тәрбиелеу керек. Ол үшін балалар бақшаснан бастап, мектептерде, жоғары оқу орындарында, адамдардың табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертіп, қалыптастыру керек. Қазіргі заманға сай экологиялық идеология қажет. Егер біз, жас ұрпақты кішкентай кезінен бастап табиғатты сүюге тәрбиелемесе көп нәрседен үтылатынымыз хақ. Әрбір тәрбиеші, мүғалім, маман, басшы, экология негіздерін жақсы білуі қажет. Сонда ғана, әрбір адамның миында, қанында, көз қарасында қоршаған ортаны бүлдірмеу керектігі туралы негіз қалыптасады. Адамдар сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауда белсенділік көрсете алады. Газет-журналдарға мақала жазу, баяндама жасаутеледидардан мәліметтер беру, жазушылармен, ғалымдармен кездесулер өткізудің нәтижелері мол болады. Адамдардың көздерін, адамды табиғаттың бір бөлшегі екендігіне жеткізу өте маңызды.
       Экология - жаңа, жас ғылым саласы. Бұған соңғы он-жиырма жылға дейін тіптен көңіл бөлінбей келген. Әбден табиғатымыз азып-тозғанда ғана, бұл ғылым саласына бет бұрдық. Енді болашақта, экология саласында білім берудің аясын кеңейте түсу қажет. Ең негізгісі, "экология" пәнін бала бақшаларынан бастап барлық мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында ашылуын қамтамасыз ету қажет. Сонда ғана ертеңгі күннің белсенді табиғат корғаушыларын дайындауға мүмкіндік аламыз.
          Қазақстанның көптеген аудандары, бүгінгі күнде де экологиялық мүшкіл хал кешіп отыр. Қоршаған ортаны қорғау шараларына, республикамыз біршама мөлшерде мемлекеттік және орталықтандырған түрде күрделі қаржы бөліп отыр. Алайда, мұның бәрі, республиканың ұлттық табысының 1%-на де жетпейді.
        Табиғат корғау шараларына бөлінген қаржының 50-60%-дық игеру үлесі, Қазақстанның ірі кәсіпорындарына тиесілі. Экожүйелердегі тұрақсыздық, табиғи-шаруашылық қорларының интенсивті түрде игерілуі (мысалы тау-кен өндірісі), жер-су қорларына үсті-үстіне келіп жатқан антропогенді салмақтың жаншып езуі, қоршаған орта жағдайын барған сайын нашарлатуда.
          Қазіргі заман қоғамының сұранысы және еліміздің жаңарған идеологиясы жас ұрпақтың табиғатты қорғауға әзірлігін дамыту қабілетін мектептен бастап жаңа сапаға көтерілуіне міндет қойып отыр. Қазақстан Республикасының Конституциясында қоршаған ортаны қорғау әрбір қазақстандықтың абыройлы мақсат-міндеті болып саналатыны атап көрсетілген. Онда «мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қорғауды мақсат етіп қояды», - делінген. Ата заңымыздың басты талаптарының бірі – табиғат қорғауды күшейтіп, табиғи қорларды тиімді пайдалануды жолға қою болып табылады. Осыны негізге алған республикамыздың экологиялық білім жүйесі мен табиғат қорғау қоғамдары, мекемелері өндірісті ұйымдастыру ісінде экологиялық талаптарын орындауды, білім жүйесінде ел болашағы жастарды,-жас ұрпақты табиғатты қорғауға тәрбиелеуге баса назар аударады.
         Мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтып, асқақ руханият пен азаматтықты өркендету, шынайы мәдени-этникалық мұраны жандандыру мен болашаққа аманаттау, ұлттық тектілікті сақтау, ең алдымен мектеппен байланысты. Шәкіртті мектепке алғаш қадам басқаннан бастап, өзінің ата - анасын, ұстаздарын құрметтеп сыйлауға, айнала қоршаған табиғатты, туған өлкесін сақтап-қорғауға, сол арқылы адамгершілік мінез-қасиетті орнықтыруға баулу – мектептің қоғам алдындағы атқаратын қызметі. Қазіргі мектептің бүгінгі күннің өзекті міндеттерінің бірі – жас ұрпаққа экологиялық білім беріп, қоршаған табиғи ортаны қорғауға, аялауға тәрбиелеу. Экологиялық білім беру педагогика ғылымдарындағы бағыт жастарға жалпы орта білім берудің құрамдас бөлігі болып саналады. Қазіргі кезде мектептер жастардың бастауыш сыныптан бастап, өз іс-әрекетінің саналы болуына, экологиялық білімінің білім мазмұны арқылы экологиялық танымның оңтайлы болуына қолайлы жағдай туғызылуы көзделеді. Мұнымен бірге ол табиғатты қорғауға көмек берерлік халықтың тарихындағы игі дәстүрлерді жаңғыртуға, оны күнделікті өмірде тәжірибеге қолдана алуға мектеп қабырғасында дағдыландыру мәселелеріне назар аударған жөн.
         Қоршаған ортаны аялай білу қажеттілігін, біздің бар ғұмырымыздың табиғатпен тығыз байланыстылығын ерекше атаған ғұламалар әлемде көп. Ал біздің өлкенің тарихына үңілетін болсақ табиғатты тану, қоршаған ортаны қорғау бағыттарына ерекше назар аударып, экологиялық тазалығын сақтауды өз еңбектері арқылы көрсеткен Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Иасауи, Махмұт Қашқари, т.б.
         Экология мәселесі-адамзатсыз мәселесін шешуге бағдар жасалып жүр деген тұжырым ашықайтылып келеді. Табиғатты сақтау арқылы ғана адамзат өзінің болашағын жасай алатыны айқын аңғарылды.
Экологиялық ғылым мен білім жүйесінің дамуына көз жіберетін болсақ теориялық ілімдердің бірте-бірте әдістемелерге айналып, тәжірибелерге негізделгендігін аңғарамыз. Алғашқы кезеңде адам мен табиғаттың байланысының тиімді тұстары, табиғатты қорғаудың қандай мүмкіндіктері бар деген сауалды ойлар талқыға салынса, уақыт алға оза келе адамның экологиялық ахуалды қоршаған ортаны терең ұғынуын қалыптастыруға бағытталған ілімдер пайда болды. Экологиялық ілімнің қоғамдық рөлі айқындалды. Бұл саланың тәрбие ісіндегі алар орны тілге тиек етілді. Мәселен, экологиялық білім берудегі қоғамдық және адамгершілік аспектілер және басқа ғалымдардың еңбектерінен орын алды. Олар экологиялық білімнің белгіленген ғылыми орталар үшін емес, жалпы адам қоғамының бар саласын қамтуы тиіс екендігін дәлелдей білді. Бұл білім-біліктіліктің түп-тамыры балалардан бастау алатындығына да жете назар аударыла бастады. Алғашқыда экологиялық білімнің қосымша сабақ ретінде жүргізілуі туралы ой қозғаса, кейіннен экологиялық білімнің көпшілікке міндетті бағыт екендігі алға тартылды.
Аталып отырған мәселе бірден елімізде де өріс алғандығын, балаларға туған табиғатты тану, экологиялық ахуалды терең түсіну бағытында тәрбие жұмыстары ғылыми негізде, белгіленген бағдарламалар бойынша жүзеге асырылып келеді. Сонымен, ғылыми-зерттеулерге жасаған талдауларда авторлар өздерінің зерттеу нысанына қарай педагогика ғылымына айтарлықтай үлес қосқанын, олардың зерттеу нәтижелерінің практикада кең көлемде қолданылып жүргенін, сондай-ақ, олардың тұжырымдарын қолдай отырып, біздің зерттеу проблемамызға қатысты қажетті бағыттарды аңғаруға болады. Жастарға экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелерін зерттеу барысында экологиялық білім берудің негізі бастауыш сынып оқушыларының түсінігін парасатты іс-әрекетке бағдарлаудың табиғи жолы жеткілікті зерделенбегені байқалды. Біз парасатты дамытарлық экологиялық білімді жетігуге және оның даму барысына жете көңіл бөліне бермегені бүгінгі күннің проблемасын туғызды демекпіз. Тәуелсіздікке қолымыз жеткеннен бастап табиғитты қорғау жолындағы жасандылықтан қорғаудан табиғилық, ұлттық мәртебеден туған экологиялық парасатты іс-әрекетке көшуге мемлекет тарапынан қолайлы жағдайлар жасалып келеді, Бірақ бұл мәселе экологиялық білім беру үдерісінде уақыт талабына сай жетілдірілуге тиіс.
      Табиғатты қорғау – бүкілхалықтық іс.Оқушыны айналадағы табиғи орта жағдайына жауапкершілік сезіммен қарап, табиғатты қорғауға тәрбиелеу біздің үлкен міндетіміз болса керек.

 

 

 



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 20.05.2016
Раздел География
Подраздел Научные работы
Просмотров275
Номер материала ДБ-091701
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх