Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Статьи / Баяндама "Функционалдық сауаттылық- тұлға қалыптастырудың негізі."
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Баяндама "Функционалдық сауаттылық- тұлға қалыптастырудың негізі."

библиотека
материалов

«Серебрянск қаласының №4 орта мектебі» КММ









Баяндама

Тақырыбы: Функционалдық сауаттылық- тұлға қалыптастырудың негізі.








Әзірлеген: Хайруллина.Н.К

бастауыш сынып мұғалімі


2015 жыл

Қазақстан күн сайын қарқынды дамып келеді және ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға батыл қадамдар жасап отыр. Елдің білім беру жүйесі терең де сатылы стратегиялық жаңғырту кезеңін бастан өткеруде.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру процесінің негізі болып табылады. Қазақстанда кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте алғаш рет 2012-2016 жылдарға арналған функционалдық сауаттылықты дамытудың Ұлттық іс-қимыл жоспары дайындалды, онда оқушылардың құзыреттілік біліктерін, алған білімдерін шынайы өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдана білу қабілеттерін дамыту көзделген .

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында стратегиялық жаңғырту барлық саланы, сонымен қатар, білімді де түрлендіруді қажет ететінін атап көрсетті. Осы орайда, өскелең ұрпақтың сапалы білім алуының маңызы зор.

«Функция» ұғымы белгілі бір заттың атқаратын қызметіне немесе іс-әрекетіне қатысты айтылатыны танылады. Мысалы, техникалық құрал-жабдықтарды алар болсақ (компьютер, сканер, принтер, т.б.), олардың өз функциялары бар. Ал «функция» ұғымы адамға қатысты айтылғанда, оның іс-әрекетіне байланысты қарастырылады. Кез келген маманның атқаратын белгілі бір функциясы немесе қызметі болады, ол соның дұрыс атқарылуына жауап береді. Айталық, мектеп директорының, оқу ісі немесе тәрбие жөніндегі орынбасарларының әрқайсысының өз функциясы бар және әрқайсысы өз бағыты бойынша жауап береді.

Жалпы, сауаттылық адамның білімділігіне қатысты ұғым екені белгілі. Яғни, сауатты деген сөздің түпкі мағынасы оқу, жазу, санау біліктіліктері қалыптасқан, грамматикалық тұрғыда таза, қатесіз жаза, сөйлей, оқи алатын, сондай-ақ дұрыс есептей білетін адам сауатты ретінде танылады. Ал «функционалдық сауаттылық» белгілі бір кезеңге сай субьектінің алған білімі мен білігі негізінде сауатты іс-әрекет ете алуы деген мағынаны білдіреді.

Сонымен, функционалдық сауаттылық – жеке тұлғаның әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесе отырып, меңгерген білімді тұрмыс тіршілікте қолдана алуы мен жетілдіре отыруы. Сонда, функционалдық сауаттылық ұғымына келесі анықтаманы беруге болады: адамның мамандығына, жасына қарамастан меңгерген білімді сауатты қолдана алуы мен үнемі білімін жетілдіріп отыру процесі.

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ МАЗМҰНЫ


Мұндағы басшылыққа алынатын функционалдық сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т.б. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның өзгермелі әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Осыған орай, Ұлттық жоспардың жоғарыда аталған мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда төмендегідей тетіктері нақтыланып, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін білім беру жүйесінде басшылыққа алынады.

Олар:

білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары);

оқыту нысандары мен әдістері;

білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;

мектептен тыс қосымша білім беру бағдарламалары;

мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);

барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;

ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.

Оның алғашқысы – оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту. Яғни мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жалпы білім беретін орта мектептің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (МЖБС) жаңартудан бастау алуға тиіс. Ол үшін мұғалім білім алушының бойына алған білімін практикалық жағдайда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек. Олар:

  • басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті);

  • ақпараттық (өз бетінше ақпарат көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау);

  • коммуникативтік (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын (шет) ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау);

  • әлеуметтік (қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті);

  • тұлғалық ( өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақ өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу);

  • азаматтық (қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, ділі, тілін терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі);

  • технологиялық (әр азамат өз мамндығына қарай ақпараттық технологияларды, сандық технологияны, білім беру технологияларын сауатты пайдалануы).

Функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың екінші тетігі – оқыту нысандары мен әдістері. Тәуелсіз қазақ елінің оқулықтарының мазмұны ұлттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып жазылып, оны оқыту мен жүзеге асырудың жаңа әдістері, яғни аралық белсенді әдістер арқылы жүзеге асуы тиіс. Осы негізде білім алған мектеп оқушылары теориялық білімдерін практикалық тұрғыда қолданумен қатар ана тілінің келешегіне үлкен жауапкершілікпен қарауға тәрбиеленеді.

Ұлттық жоспарда көрсетілген функционалдық сауаттылықтың үшінші тетігі – оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту. Яғни бағалау жүйесі функционалдық сауаттылықта сырттай бағалау және іштей бағалау болып бөлінеді. Іштей бағалау – оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты өлшеміне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Ал сырттай бағалау – әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелеріне сәйкес (ҰБТ, ОЖСБ және т.б.), сондай-ақ халықаралық зерттеулерге (ТIMSS, PISA және PIRLS) қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Нақтырақ айтар болсақ, сыртқы бағалау белгілі бір мамандық иелеріне қатысты болса, іштей бағалау көбіне білім алушыларға қатысты. Сонымен қатар білім алушылардың өзін-өзі бағалауы, ұйымдастыруы, жетілдіруі және жеке жетістіктерін бағалау арқылы жүзеге асырылады. Ал функционалдық сауаттылықтың төртінші тетігіне тоқталар болсақ, оған қосымша біліммен және мектептен тыс сабақтармен қамтуды жатқызады. Ұлттық жоспарда оқушылар сарайы,музыка мектептері,жас техниктер мен натуралистер станциялары жұмыстарын түбегейлі өзгерту қарастырылған. Олар: балалар интерактивті парктері (ғылыми қалалар), технопарктер, балалар мұражайлары, ғылыми үйірмелер және т.б Бұл – шығармашылық пен инновацияға деген қызығушылықты арттырады. Мұндай оқыту жүйесі баланың санасына әлеуметтік тұрмысына, төңіректегі әлемге терең көзбен қарап үйреніп, жолығатын қиын мәселелерді оңай шешетін болады. Бұрынғыдай мектептен шыққан соң бала үйренген білімін ұмытып қалмайды, қайта өмірде пайдаланатын болады. 
Вариативті сабақтар, қосымша әдебиеттер ұсыну арқылы, төртінші тетікті жүзеге асырудамыз.

Ұлттық жоспарды жүзеге асырудың бесінші тетігі –мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі). Бүгінгі білім беру жүйесінде қазақстандық мынадай мектептер бар. Олар: жалпы білім беретін орта мектеп, гимназия, лицей, дарынды балаларға арналған мектептер, Назарбаевтың зияткерлік мектебі (НЗМ) т.б. Осы мектептердің басқару жүйесі, оқу бағдарламалары, оларда оқытылатын пәндердің оқулықтары, онда оқитын оқушылардың білім сайыстары бір-бірінен ерекшеленіп, бүгінгі қоғам талап етіп отырған үрдістен шығуы тиіс.

Алтыншы тетігі– барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы. Бұл мәселедегі жүзеге асырылатын жұмыс – мектеп пен жоғары оқу орындары, түрлі ғылыми зерттеу орталықтары мақсатты түрде келісімшартқа отырып, мектеп оқушыларының мамандық таңдауда, ғылыми жұмыстар, жобалар жасауда әріптестік қарым-қатынас орнатып отыру екі жаққа да тиімді болмақ. Жоғары оқу орындары білім сапасын арттыруда өзі дайындайтын маманның деңгейін, қабілетін, дарынын алдын-ала анықтап, болашақта жүргізілетін жұмыстарын жоспарлап, білім алушыларға кредиттік жүйенің ерекшеліктерін, мақсат-міндеттерін алдын-ала түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мектеп оқушыларына мамандық таңдауда дұрыс бағыт беру.

Функционалдық сауаттылықтың жетінші тетігі – ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Ата-ана бала бойына жас кезінен адами құндылықтарын дарытып, саналы өмір сүруге баулуға борышты. Ата-ананың бала тәрбиелеуде функциональдық сауаттылығын көтеру мектеп мұғалімдерімен олардың тығыз байланыс жасап, екі жақты әріптестік әрекетінің негізінде қалыптасады. Яғни ата-ананың баласының ерекше қасиетін тануы, оны түрлі жағдаятта түсініп, қол ұшын беруі, олардың қабілетін дамытуға, бойына рухани құндылықтарды қалыптастыруға, жағымсыз мінез-құлық, әдеттерден арылтуға көмек беретін функционалдық сауаттылық ата-ана бойында да болуға тиіс. Бұдан байқалатын нәрсе, білім мен тәрбиенің екіжақты мәселе екендігін көрсетеді.

Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасымен сусындау арқылы туған халқының тарихымен, мәдениетімен жете танысып, білімін кеңейтеді. Қазақ тілінің грамматикасын терең меңгерген оқушы, қоғамның кез келген саласында қиналмай жұмыс істеп, өзінің функционалды сауаттылығын көрсете алады. Жалпы білім беретін орта мектептегі оқушыны жеке тұлға ретінде және оның ұлттық сана-сезімін, өзіндік, дүниетанымын, азаматтық ұстанымын, рухани құндылықтарын қалыптастыруға негіз болатын аса бай құндылықтың бірі функционалдық сауаттылық болып табылады. Бастауыш сынып мұғалімі оқушының назарын аудару үшін сабақ кезінде әртүрлі тақырыптық, пәнаралық, сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты әңгімелерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыра білуі қажет. Сонымен қатар, түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық мәселелерге жауап беру, нақтылы және жалпылама тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындату, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, ғылыми зерттеу жазып қорғауы т.б. алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы керек. Осындай әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдаланып мұғалімнің шәкірттері өз бетімен жұмыс істеуге тез үйренеді. Бастауыш сынып оқушыларының арнайы ереже дәптерлері, альбомдар, кестелері болуға тиіс. Сонымен бірге, шығармашылық дәптері бөлек болғаны дұрыс. Оған оқушы өздеріне ұнаған мақал-мәтелдерді, шешендік сөздерді де алып жүруге баулу керек. Осы ретте, шығармашылыққа жақын кейбір оқушылар сол дәптерге қысқа әңгіме, мақала, күнделік, пікір жазып үйренуіне мүмкіндік туады.

Бастауышым –балбұлағым ,

Бастауышым- шамшырағым.

Расында да оқушыға берілетін білімнің бастауы да шамы да бастауыштан басталатыны ақиқат. «Бұлақ көрсең -көзін аш» демейме дана халқымыз. Оқушы функционалды сауатты болып өсуі үшін логикалық ойлау дағдысы жан- жақты дамыған ,креативті дағдысы жетілген ,ой өрісі кең ,кез келген сәтте өз алдына шешім қабылдай білетін болуы шарт.

Өз тәжірибемде күнделікті сабақтарымда алдымдағы әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде қарап, яғни әр бұлақтың көзін ашуға тырысамын, алдын ала әзірлеп келген логикалық тапсырмаларымды сабақтың алғашқы кезеніңде балалардың ойлануына мүмкіндік туғызып бір сәт « Миға шабуыл принцпіне» сүйеніп жүргіземін. Бұл жұмыс оқушылардың креативті дамуына зор ықпал етеді. Әрине, әрбір логикалық тапсырманы әр пәннің, әр тақырыптың ерекшеліктеріне байланысты жеңілден ауырға қағидатына сүйене отырып дифференциялдап оқыту жүйесімен жүргіземін. Бұл жұмыс оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, зейінің тұрақтандырып, бірізділік, жүйелілік принцптерімен жұмыс жасауға қалыптастырады.Енді өз тәжірибемнен мысалдар келтірсем:

Баланың логикалық ойлауын дамыту


Сіз бір сөз айтасыз, бала сол сөзге қатысы бар сөздерді шапшаң ойластырып табуы керек. мәселен, ауыр (күн, жұмыс, жәшік, т.б.).

Тәтті Күшті

Батыл Көркемimages33

Жалқау Жомартhello_html_mdfc7dc0.pngimageshello_html_m191638a8.png

Музыкалы Бай

Үлкен Қоңыраулы





Ойлау жылдамдығын арттыру. Балаға түрлі сөйлемдерді оқып бересіз. Егер ол сөйлемдер шындыққа жанасымды болса, балаңыз қолын көтереді, ал егер сөйлемнің шындыққа еш қисыны жоқ болса, балаңыз алақанын соғуы керек. бұл жаттығу арқылы балаңыздың ойлау шапшаңдығы, жедел қимылы дамиды, зейіні тұрақтанады.j0332364



Айдын, Айбек, Ардақ аулада машина жөндеп жатыр. Аюды інге қамадым, Арыстанды сабадым.

Ұйықтап жатқан Түлкінің, Қытықтадым табаның...

Алақай, міне күз келді, Жапырақ жапты іздерді...le54

Көктем келіп, күн жылысымен бәйшешек, сарғалдақ, бақ-бақ өсіп шығады.

Маған кешкісін досым Піл телефон шалды...

Айла тауып ұтқаным, Он қасқырды жыққаным...

Түнімен тісім ауырды, дәрігерді көрдім басылды...hello_html_m563effdc.pnghello_html_67a7ec3d.jpg

Жолбарысты тоғайдан Түнде қуып шыққанмын...

Баланың зеректігін дамыту мен дүниетанымын кеңейту

Балаңызға сіз бір сөз айтасыз, балаңыз сол сөзді қарама-қарсы мағынасын тауып айтуы керек. мысалы, жақсы – жаман...

Ақылды Әдемі

Білімді Жылдам

Пысық Аз

Әлсіз Арық

Ақ Жуан

Ауызекі логикалық ойлауын дамыту.Сіздің балаңызға басқа елден келген жат планеталық кездесті дейік. Оған біздің елдегі көп заттар таңсық. Сіздің балаңыздан бірнеше заттар туралы сұрады. Балаңыз сол заттардың мағынасын түсіндіріп айтып беруі керек.

Ұсынылатын сөздер:книги.wmfi

hello_html_m7ee33cc.jpg




ИТ КІТАП КОМПЬЮТЕРhello_html_f659ac7.jpghello_html_7ad8f354.png

hello_html_m33651d38.jpg



ҚОЛШАТЫР БҮЛДІРГЕН ГҮЛ

Баланың зейінін дамыту

Баланызға мынадай шарт қоясыз: «Қазір мен түрлі гүлдердің аттарын айтамын. Гүлдердің атауларын естіген кезде орныңнан тұрасың. Онын ішінде басқа да өсімдіктер, арам шөптер кіріп кетуі мүмкін, ондай сәттерде орныңда отырып, екі аяғыңмен тарсылдатасың».

Ойынға арналған сөздер: раушан, қамыс, сарғалдақ, бидай, бәйшешек, қызғалдақ, нарғызгүл, шырмауық, қоға, лалагүл, түймедақ.



Балаңыз концерт көргенді, концертке барғанды жақсы көретін шығар. Сондықтан келесі ойынның шарты да концертке байланысты болады. Концертке қатысы бар сөздерді айтқанда ғана балаңыз екі алақанын соғу керек.

Ойынға арналған сөздер: ән, аққала, би, терезе, гүл, қымыз, микрофон, ғарыш, музыка, қоңырау, шана, күй, теңіз, сыйқыр, жылқы, домбыра.

hello_html_m389a7b84.png





hello_html_679d409a.gifhello_html_m6b6388eb.pnghello_html_m321aa47e.jpghello_html_m78682934.pnghello_html_m7f3bc18.jpg



j0215086





Заттарды ұқсас белгілеріне қарап, қию, жинақтау, атау

Ол үшін балаңызға 16 түрлі суреті бар карточка бересіз.

j0281904

j0252349

j0149887

j0149407

j0185604

j0211949

Rose_with_leaf1

j0278882

j0302827

Rose_with_leaf2

j0199727

j0212957

j0187423

j0090386

j0183328

Flower_10

Практикалык бөлім. «Жұбыңды тап» ойынын ойнату.

Педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абыройдың үлкені, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені.





Әдебиеттер тізімі

1.Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы (2012 ж. 27.01.). – Астана, 2012.

2.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары /Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 ж. 25.06 №832 Қаулысымен бекітілген. – Астана, 2012. – 19б.

3.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы /Қазақстан Республикасы Президентінің 2010ж.07.12. №1118 Жарлығымен бекітілген. – Астана, 2010. – 52 б.

4.Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты / Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысы. – Астана, 2012. – 16б.

5. Білім заңы. Алматы, 2007 ж.

6. Педагогика журналы №2-2009ж.

7. А. Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру білгірлігі.

8. Қазақстан мектебі, №2, 2000

9. bilimdiler.kz/ustaz/7597-syni-trydan-oylau-modul-br-sabata.html





Автор
Дата добавления 11.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Статьи
Просмотров266
Номер материала ДВ-517077
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх