Инфоурок Информатика Другие методич. материалыБаяндама " Информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану"

Баяндама " Информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану"

Скачать материал

,

                                   Информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану

Қазіргі кезде мемлекетіміздің алдында білімді де іскер, ғылымға қабілетті заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу мәселесі тұр. Еліміздің білім беру жүйесінің жаңарып, толыға түсуі заман талабынан туындап отыр. Жас ұрпақ – еліміздің тірегі, ертеңіміздің  кепілі. Сондықтан оларға саналы тәрбие мен сапалы  білім беру мұғалімдердің басты міндеті.  Олар жан – жақты  жетілген білімді әртүрлі әдістемелерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс жасай алатын шеберлік иесі болуға тиіс. Ұстаз кәсіби білімін үнемі жетілдіріп отыруы керек. Қазіргі таңда еліміз дарынды балалар тәрбиелеуде зор көңіл бөлініп отыр. Сондықтан оқыту мен дамытудың жаңа мазмұнын  құруға, оның әдістемелік  жүйесін іздестіру мәселелеріне мән берілуде.  Балалардың интеллектуалды қабілеттерін анықтау және дамыту үрдісі орталықтың құрылымдық бөлімшелерінде әрбіреуінде бірегей білім беру ортасын құру арқылы жүзеге асады. Оқушылардың интеллектуалдық  қабілеттерін анықтап, оны одан әрі дамытуда дамыта отырып оқыту технологиясының маңызы зор.

Информатика пәнінде интеллектуалды ойын элементтерін қолдану барысында  қазіргі өмір талабына сай  компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық – психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша балалар  өз білім деңгейін көтере алмайды. Қоғамды ақпараттандыру жағдайында оқушының жеке тұлғасын қалыптастырып,  ақпараттық  қоғамда өмір сүруіне,  сонымен қатар оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім қабылдауына  қажет   жаңа ақпараттық технологияларды таңдап алу және оны қолдану қабілетін қалыптастыруда информатика пәнінің алатын орыны зор екені белгілі. Қазіргі сабақ – бұл өзіндік көрсеткіштермен ерекшеленетін мұғалім мен оқушының біріккен қызметі. Осыған сүйене келе информатика пәнінде өзіндік ерекшелігіне қарай оқушылардың  теориялық білімі және практикалық жұмыс істеу дағдыларын бөліп алуға болады.Теориялық білімді тексеру үшін ауызша сұрау, жазбаша бақылау, тестілеу сияқты дәстүрлі бақылау түрлерін, ал практикалық дағдыны бағалау үшін практикалық жұмысты қолдануға болады. Информатиканы оқыту барысында оқушылардың білімін бақылау үшін осы дәстүрлі әдістермен қатар бақылаудың дәстүрден тыс түрлері, рефераттар, конкурстық жобалар, әртүрлі танымдық ойындар қолдануға болады.

Информатика курсы бойынша оқушылардың білімін бақылауға, жаңа білім беруге болатын пайдаланған ойындардан мысал келтірсем;

1.        7 – 8 сыныптар үшін;  «Не? Қайда?  Қашан?». Ойын үш кезеңнен тұрады.  1 – кезеңде ойынға қатысатын  6  баланы таңдап алу.    Мұнда сұрақтарға нақты әрі тез жауап беретін балаларды таңдау керек. 2 – кезеңде сұрақтар логикалық есептер. 3 – кезең компьютерлік техника информатикаға байланысты сұрақтар қою.

2.        «Даналық ағашы». Оқушылар мәтінді жылдам әрі мұқият оқып шығуы  кекрек. Оқыған мәтінге байланысты  оқушылар сұрақтар құрастырып мұғалім алдындағы қорапшаға салуы керек. Мәтінді қайтадан мұқият оқып шығып қорапшадағы сұрақтарға кезектенсе жауап береді. Қалған оқушылар құрастырылған сұрақты және жауапты бағалайды. Мұғалім ең жақсы жауап пен ұтымды құрастырылған  сұрақты анықтайды.     

Осындай ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.

Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:

- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.

- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.

- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.

- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.

- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.

- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.

- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет

 Сыныптан тыс шаралар оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық қызметін және пәнге деген қызығушылығын, ынталарын арттырады. Сонымен қоса білім сапасының артуына да көмегін тигізеді.

7 – 8 сыныптар арасында өткізілген «Ақпарат әлемі» атты  сыныптан тыс шарасы осындай шараның  бірі деп есептеймін.

                Жүру барысы:      Ұйымдастыру.

                                             Оқушыларды топқа бөлу. Өту барысы түсіндіріледі.

                                            Сайыс түрінде өтеді 

Қанатты сөз: «Кімде – кім көп ақпаратқа ие болса, сол әлемді билейді».

1 – тур. Шапшаң, дұрыс жауап беру керек. Әр сұрақ 3 ұпай.

Сұрақтары: 1. Дыбыс толқындарын қабылдағыш қалай аталады? (микрофон)

2.  Телефон желісі арқылы басқа компьютерлерге мәлімет алмасуға қажетті құрылғы? (модем)

3.  Мәтіндік жәнеграфикалық ақпаратты  компьютерге енгізу құрылғысы.( сканер)

4.  Курсордың оң жағындағы  символдарды өшіру пернесі (DELETTE)

5.  Ең бірінші ЭВМ қай жылы,кімнің басшылығымен жасалды? (1947 - 48 ж.ж. С:А:Лебедов)

        6.  Бэббидж мамшинасына алғашқы программа жазған кім?( Ада  Лавлейс)

        7.  Жолдар мен бағандардың қиылысуы. (кесте)

        8.   Microsoft  фирмасының авторы (Билл Гейтс)

        9.  « Компьютердің атасы» деп кімді атаған? (Ч.Бэббидж)

       10.  Сыртқы жады (винчестер, дискет, компакт диск)

       11. Монитор, жүйелік блок, перне тақта компьютердің ... құрылғысы? (негізгі)

       12. Пернетақтада  неше перне болады? (102 - 104 перне)

 

2 – тур. «Ақпаратты табу».

 Жұмбақтардың шешуін табу . 1ұпай.

     Әдетте үнсіз тұрамын                                                           Бір нәрсеге жетік

     Белгі берсең ұғамын.                                                             ММиы күшті тетік

    Жазуы бар қағаздың                                                                  Ол арқылы сөйлесіп

    Құралы болып шығамын.( принтер)                                      Кетесің шетелге де өтіп  (интернет)

 

Компьютердің айнасы                                                                   Барлық  сурет, мәтінді

Бағдарыңды таңдашы                                                                    Компьютерге енгізген

Сурет сөзін көрсетіп                                                                       Керек емес жерінде

Тиер саған пайдасы  (монитор)                                                 Компьютерден өшірген  (сканер)

 

Қанша тетік тізілген

Саусағыңды сезінген

Барлық сенің ойыңды

Компьютерге енгізген. (пернетақта)

 

3 – тур. «Ақпарат әзілдері».

Келді кезең интернетпен жұмысқа

Әлемдегі жаңалықтар, табыста.

Интернеттің тілін егер білсеңіз

Қиын болмас озуыңыз жарыста – деп информатика туралы әр топ өздерінің үй тапсырмаларын, яғни әзілдерін ұсынады. 5ұпай.

4 – тур. «Ақпаратты сәйкестендіру».

Информатика пәнінен сұрақтар беріліп соған сәкестіктерін  табу керек. 1ұпай.

1.       Адамдарды өзіне  бағындырған әлжуаз (Информатика кабинеті).

2.       Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп қасқаятын ми. (Жүйелік блок)

3.       Өзінен зиянды сәeле шашатын, адам көзін құртатын жалмауыз. (Монитор)

4.       Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ деп мүдде айта алмайтын, иә-ні қолдап қайталайтын (Пернетақта).

5.       Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын, қорқақ компьютердің кенже баласы. (Тышқан)

6.       Тышқанның ең жақынтуысы. (Джостик)

7.       Принтерден асып түсетін мешей.(Сканер)

8.       Пернетақтаның балалары. (Пенелер)

 

5- тур. «Ақпаратты өңдеу».  Ақпаратты мақал – мәтелдермен сәйкестендіріп  өңдейді.  Толық жауапқа 

2         ұпай, көмек сұрағанға 1 ұпай.

1.       Жігітті  компьютерге қарап,  бағала.   (Жігітті досына қарап, бағала).

2.       Байт биттен құралады.      (Теңге тиыннан құралады).

3.       Вирустан қорыққан ,интернетке шықпас. (Шегірткеден қорыққан, егің екпес).

4.       Компьютердің жұмысы иесіне мәлім.   (Аттың сыры иесіне мәләм).

5.       Веб – дезайншының өз еркі, сайтты қалай жасасада. (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса да).

6.       Білмесең «анықтамадан » сұра. (Білмесең білгеннен сұра).

7.       Бір ядропроцессор жақсы, екі ядролы одан да жақсы. (Өзіңмен өзің болған жақсы, досыңмен болған одан да жақсы).

8.       Антивирусы күштіні – Вирус ала алмайды. (Досы жақсыны – жау алмайды).

9.       Күлсең ескі компьютерге күл. (Күлсең кәрәге күл).

10.    Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады. (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады). 

 

6 – тур. «Ақпаратты жеткізу» 

О,махаббат сегіз әріп, бір арман

Барлық адам сол арманнан жаралған – деп  ақын ағамыз М. Мақатаевтың «Поэзиясы» - нан,  компьютерге деген өз сезімімізді білдіреміз.

1 – топ.                                                                                        2 – топ.

Компьютер                                                                                     «Компьютерге ғашықпын»

Менімен егіз бе едің                                                                       Мен ақымақ компьютерге ғашықпын,

Сен мені сезесің бе, неге іздедім?                                               Үйден шықсам мектептегі компьютерге асықтым

Информатика кабинетінен сені іздедім.                                    Күні – түні көз алдымнан кетпес бейне,

Мультимедиядан, физикадан сені іздедім.                               Сезімімнің толқындарын тасыттым.

 

Сені іздедім ұстаздардан,                                                             Мен ғашықпын,компьютерге ғашықпын,

Мектептегі кабинеттен, парталардан,                                      Сезімімді білдіре алмай жасықпын.

Дүкендерден, фабрикадан, зауыттардан                                  Оған қарай бет алған діріл қағып,

Сені іздедім жоғалған замандардан.                                         Махаббаттың шыңдарынан асыппын.

Сені іздедім интернеттен,агенттерден,

Е-mаіl- дан іздедім, пошталардан,

Сені іздедім

Іздеймін шыдам бар ма?

Сені маған егіз ғып жаратқан ба.

Қорытынды. «Білім марапатқа жету үшін емес, парасатқа жету үшін керек» деген керемет сөзді есімізге берік ұстап, сайысымызды аяқтаймыз.

Жеңімпаз топқа, белсен қатысқан оқушыларға «сертификаттар» беріліп, диплом табысталды.

 

Жоғарыда баяндалған жағдайлардан түйіндегенім:

1. Ойын барысында оқушылар өзара пікір алмасады, оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді, қиындықтарды бірге шешеді. Мұндай жағдайда, барлық балалар алға жылжиды, білімдері терең балалардың тежелмеуін, білімі төмен балалардың алға ұмтылуына мүмкіндік береді. Әсіресе оқушылар әрбір жаңа тақырыптан кейін «Сен – маған, мен – саған» ойынын ойнағанды ұнатады. Бұл ойында оқушы өзі дайындап келген сұрағын жолдасына қояды, егер жолдасы дұрыс жауап бере алмаса жауабын өзі айтып, қосымша ұпай алады.

 2.Өзара қатынасу, сөйлесу адам тұлғасын, ақыл-ойын дамытудың маңызды факторы екенін өз тәжірибемнен көріп отырмын. Алғашқы кезде немқұрайлы, тақтадан көшіріп қана отырған кейбір оқушылар қазіргі жағдайда сабаққа  ынталы қатысатын болды. Дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда ойынға қатыса отырып неғұрлым аз шаршайды, өз қызметінен жағымды эмоциялар алады.

 

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Ойын барысында оқушылар өзара пікір алмасады, оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді, қиындықтарды бірге шешеді. Мұндай жағдайда, барлық балалар алға жылжиды, білімдері терең балалардың тежелмеуін, білімі төмен балалардың алға ұмтылуына мүмкіндік береді. Әсіресе оқушылар әрбір жаңа тақырыптан кейін «Сен – маған, мен – саған» ойынын ойнағанды ұнатады. Бұл ойында оқушы өзі дайындап келген сұрағын жолдасына қояды, егер жолдасы дұрыс жауап бере алмаса жауабын өзі айтып, қосымша ұпай алады.

 

 Математика сабағында «Домино», «Алма жинау», «Баспалдақ», «Балық аулау», «Эстафета», «Аққала» ойындарын пайдаланамын. Қазақ тілі сабақтарында «Жұбын тап!», «Кім көп доп салады?», «Жалғастыр…», «Қыздар мен ұлдар» ойындарын өткіземін.

 

        Ойын сабақтарында берілетін тапсырмалар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап оқушылардың танымдық қызметін белсендіруге назар аударып отырамын. Сабақта алған білім дағдысын ойлау барысында қолдану мүмкіндігі оқушылардың зор ынтасын тудырады, білгенін тереңдетіп, жаңа іс-қимылға жетелейді. Белсенді емес оқушылар жолдастарын кейін тартпау үшін жанын салады. Жалпы, ойындарды қайталау сабақтарында, сынақ сабақтарында ұйымдастырамын.

 

         Оқушылардың сабағына қызығушылығын арттырып, белсенді жұмыс істеуін, тез ойлау қабілетін арттыруда дидактикалық ойындар, логикалық ойындар, қазақтың ұлттық ойындарының орны ерекше. Математиканың сан-алуан сырын, сандар әлемінің қызық құбылысын ойын элементтерімен өрнектеген сабақ қызықты, әрі ұтымды сабақ деп ойлаймын.

 

         Сабақта ойынды ұйымдастырғанда оқушылар бір-біріне көмектесетіндей, бір-бірімен бірігетіндей жағдай жасауға тырысамын. Сонда сабақ білім беру қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады. Мұндай сабақтардың өтілуі кезінде оқушылардың бір-бірімен сөйлесу мәдениеті, тәртіптілік, топқа және бір-біріне жауапкершілік сезімі оянады, менмендік және жалқаулықтан безу қасиеттері қалыптасады.

 

        Мектепте балалар сабақ үстінде бір-бірімен сөйлеспейді. Балалар сөйлескен жағдайда ол тәртіпті бұзған болып есептеледі, мұғалімнен ескерту алады. Ал ойын жағдайында балалар сабақ барысында бір-бірімен ақпарлар алмасады, ақылдасады, бір-біріне дәлелдейді, белсенділік көрсетеді. Бұлай болу барлық ойынға байланысты, оның топтық түрде өтуіне байланысты. Мысалы «Жұлдызды сәт», «Мың бәр  мақал, жүз бір жұмбақ», «Не? Қайда? Қашан?», «Ғажайыптар алаңы» атты ойындарды тек сабақ үстінде емес, сонымен қатар сыныптан тыс шараларда өткізуге тиімді. Осындай «Брейн-ринг» оқыта үйрену ойыны деңгейлік тапсырмаларды орындағанда ойнатуға болады. Сынып әр топта 2-3 баладан болатындай, 3-4 топқа бөлінеді. Ойынға 3-4 секторға бөлінген дөңгелек керек. Әр секторға бірінің үстіне бірі келесі тәртіппен үлестірмелер қойылады: ең астына 3-деңгейлі (күрделі), ортада 2-деңгей, ең үстінде 1-деңгей (жеңіл). Ойын тәртібі: әр оқушының өз нөмірі болады. 1-турда кезектесіп өз нөмірі бойынша үлестірмені алып, бірден жауап беру керек, 2-турда бәрі бір уақытта үлестірме алып, уақыт беріледі, ойынды топ басшысы жүргізеді. Топтар бір-біріне тәуелді болмайды.

 

        Өзара қатынасу, сөйлесу адам тұлғасын, ақыл-ойын дамытудың маңызды факторы екенін өз тәжірибемнен көріп отырмын. Алғашқы кезде немқұрайлы, тақтадан көшіріп қана отырған кейбір оқушылар қазіргі жағдайда математика сабағына ынталы қатысатын болды. Дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда ойынға қатыса отырып неғұрлым аз шаршайды, өз қызметінен жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады.

 

        Оқу тәрбие процесіне кіргізілетін ойындардың жалпы ерекшіліктері:

 

 1. Ойын оқушылардың қызметіндегі психикалық процесті (сезіну, қабылдау, ойлау, елестету, ес, ықыласын, тілін) активтендіреді.

 

 2. Ойын ерікті түрде құрылады.

 

 3. Ойын шығармашылық қабілетті дамыту үшін барынша мүмкін жағдай жасайды.

 

 4. Ойын барысында оқушылар терең қанағатанарлық, қуаныш алады.

 

 5. Ойын кез келген оқу материалын еліктіретіндей, қызықтыратындай жағдайға әкелуге көмектеседі

 

        Көрнекті нидерланд оқымыстысы Йохан Хейзинганың «Ойнаушы адам» деген дүние жүзіне кең тараған еңбегінде: «Ойын адамзат әрекетінің жан-жақты қамтылған әдісі, адамзат тіршілігінің әмбебап категориясы», «Ойын өмір сүру тәсілі емес, бірақ адам әрекетінің құрамды негізі» және «Ақылды адам дегеніміз ең әуелі ойнайтын адам» деген екен.

 

        Жалпы қорытындылай келе, бастауыш сынып оқушыларына сабақта ойын – тиімді тәсіл екендігіне көз жеткіздік. Ойын – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруға әсері мол болады деген сенімдемім.

 

Қорытынды .

 

         Педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалды жедел әрі сапапы меңгертуге бағытталған.

 

         Оқу ойыны-бұл оқуды ойын арқылы ұйымдастыру. Зерттеулер көрсеткендей, дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда,оқушылар ойынға қатыса отырып, неғұрлым аз шаршайды, оқу қызметінен көбінесе жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады.

 

          Бүгінгі таңда оқушы біліміне қойылатын талап өте жоғары. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін бағдарлама бойынша тиісті білімді беру жеткіліксіз. Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, қабілеттерін ерекшелуде, білімдерін нығайтуға ойындардың атқарар рөлі өте зор. Өйткені оқу барысында оқып үйренуге деген қызығушылығы мен танымдық белсенділігін арттыруда, алған білімдерін қолдана білуге, қабілеттерін дамытуға мәні зор екенін көрсетеді.

 

          Ойын арқылы оқыту технологиясы ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттырып, тиімді нәтижеге жетуге көмектеседі.

 

 Сонымен сабақта ойынның ерекше екендігіне көз жеткізе отырып, мынандай қорытындыға келдік:

 

 1. Бастауыш сынып сабағындағы ойын технологиясының пайдасы қазіргі кездегі пәндерді терең меңгеруге, жаңа тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді.

 

 2. Қызықты тапсырмалар мен жаттығулар түрлері білімді меңгерумен қатар, оқушылардың танымдық, интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін арттырады.

 

 3. Оқушылардың ойлау қабілетін күшейтеді, күрделендіреді. Соның әсерінен ойлау жүйесін дамытады.

 

 4. Оқушылардың алған білімдерін тереңдетеді, сабақтың сапасын жақсартады.

 

 5. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, сүйіспеншілігі артады.

 

 

Қорыта келгенде, ойын – балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл – өмірдің заңдылығы. Сондықтан да бастауыш сыныпта ойын элементтерін пайдаланудың оқушылардың ой белсенділігін арттырудағы маңызы зор.

форматика сабағында ойын элементтерін пайдалану негізінде, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру

0

Авторы: shainur

|

Пікірлер: 0

|

Қаралды: 888

|

Астана гуманитарлық колледжінің информатика пән мұғалімі

Мухамедиева Шайнұр Қаленқызы

 

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыруға болатын жаңа кезеңге енді. Қоғам мұғалімнен жоғары білімді, сапалы маман болуымен қатар жан-жақты, қоғам жағдайында өмірге толыққанды адам тәрбиелеуді талап етеді. Әр мұғалім заман талабына сай білім беруде шығармашылықпен айналысып, оқу-тәрбие процесінде жаңа технологияны шебер қолданғанда ғана білімі мен білігі жоғары жетекші тұлға тәрбиелеп шыға алады.

 

Жалпы информатика пәні оқушылардың қоршаған әлем туралы білімін логикалық фактормен байланыстыру, оқушының логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мүмкіндіктерін ашады. Информатика сабағында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ойын элементтерін дұрыс пайдалану оқушылардың ой - өрісін кеңейтеді және танымдық белсенділігін арттырады. Бірақ ойынды оқу процесіне үнемі пайдалану және ұзақ уақыт алатындай етіп созуға болмайды.

 

Ұжымдық ойындар оқушылардың ұжыммен қарым – қатынасын жетілдіріп, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатын көздейді. Ойын барысындағы оқушылардың әрекеті достық, жолдастық, өзара түсініктік қатынастарды қалыптастыруға әсер етеді. Сонымен қатар сабақта ойын элементтерін қолдану әрі білімділік, әрі тәрбиелік мақсаттарымен ұштастырылады. Сабақ жоспарын ойластырған кезде, басқа әрекеттер сияқты сабақтағы ойын әрекеті де белгілі бір мақсатқа негізделіп, оқушылар оның қажеттігін сезінулері керек. Ол үшін мұғалім оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, ойынның мақсаты, міндеті, мазмұны мен жүрісін анықтап алуы қажет. Оқу ойындарының мазмұны қызықты, балаларды тартатындай болуы және әрбір ойын әрекеті оқушылар үшін құнды, белгілі бір қорытынды алумен бітуі қажет.

 

Тапсырмаларды орындау кезінде балалардың қызығушылығы жоғары, белсенді болады. Тәжірибе көрсеткендей әдеттегі бірсарынды сабақта үндемей отыратын оқушылар ойын кезінде өте белсенді болатын кездер жиі кездеседі. Олардың әрекеттері еркін және батыл болып, ойлаудың тереңдігін көрсете бастайды. Ойын элементтерін сабақта дұрыс пайдалану нәтижесі оқушылардың:

 

- Өз бетімен оқуға дағдыланады.

- Шығармашылық ізденіске жетелейді.

- Өз ісіне деген сенім пайда болады.

- Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.

- Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді.

- Шығармашылық белсенділік артады.

 

Сабақта қандай ойындарды пайдалану тиісті нәтиже береді?

Ребус, сөзжұмбақ құру – информатикалық терминдерді тез есте сақтау мақсатында.

Шығармашылық жұмыстар – практикалық жұмыс кезінде балалардың қиялын дамыту мақсатында өзіндік тапсырмалар мен тақырыптық тапсырмаларды орындау.

«Кім жылдам?» - мәтінді тез теру жылдамдығын анықтау.

 

Қорыта келгенде, сабақ барысында қолданған ойын түріндегі қосымша тапсырмалар оқушының :

Ақпараттық құзыреттілік - өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпаратты қолдануға, логикалық операцияларды қолдана отырып, ақпаратты өңдеуге, өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету үшін танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;

Коммуникативтік құзыреттілік - өзіндік пікірін білдіруге, түрлі көзқарас және әртүрлі бағыттағы адамдармен сұхбат жүргізе білу

Пәндік құзыреттілік - мақсатқа жетуде алған білім, біліктігі мен өмірлік тәжірибесін байланыстыру қабілетінің қалыптасуына ықпал етеді.

 

Информатиканы оқытуда ойындарды әдістемелік тұрғыдан дұрыс пайдаланған жөн. Мысалы, егер сабақтың алғашқы 25 минуты сабаққа, қалған 20 минуты ойынға арналса, онда оқушылардың сабаққа деген ынтасы бірден төмендейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама " Информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Бизнер-тренер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 517 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.11.2015 1289
    • DOCX 37.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рыскалиева Нургуль Нуржановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рыскалиева Нургуль Нуржановна
    Рыскалиева Нургуль Нуржановна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10934
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Информационные системы и технологии: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информационных систем и технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Курс профессиональной переподготовки

Управление сервисами информационных технологий

Менеджер по управлению сервисами ИТ

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель информатики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 491 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 522 человека

Мини-курс

Организация образовательного процесса в современном вузе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Концепции управления продуктом и проектом: стратегии и практика.

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовые ключи экспертного успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе