Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Баяндама "Информатика сабағында жеті модульді тиімді ықпалдастыру"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Баяндама "Информатика сабағында жеті модульді тиімді ықпалдастыру"

библиотека
материалов

Алматы облысы Іле ауданы Әли ауылы













Аудандық педагогикалық оқу тақырыбы:

«Педагогтардың шығармашылық деңгейін дамыту – оқушы құзыреттілігін қалыптастырудың негізі»

Баяндама тақырыбы:

«Информатика сабағында жеті модульді тиімді ықпалдастыру»



Секция: Жаратылыстану пәндер (информатика)

Орындаушы: Дильманова Умит Мейрамбековна

Жұмыс орны: «№22 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Қызметі: ІІ санатты информатика пәнінің мұғалімі







2014-2015 оқу жылы

Информатика сабағында жеті модульді тиімді ықпалдастыру

  1. Кіріспе

Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деуінің өзі – үлкен көрегендіктің белгісі.

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім, егеменді еліміздің алғышарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуді міндет, өркениетке жету үшін жан – жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіруде ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойылып отыр. Қазіргі кездегі  оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді (Мұғалімге арналған нұсқаулық). Әр мұғалім өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет.

Ұстаз бола отырып, мен де өз тәжірибемде жетістіктерге жету жолдарын  іздестірудемін. Оқушылар өз пікір-көзқарастарын еркін түрде білдірсе, тек білдіріп қана қоймай,  сонымен қатар өз пікірлерін дәлелдей алатын және оны іс жүзінде іске асыра алатын жеке  тұлға болып қалыптаса алса, сонда мұғалім  мақсатының жүзеге асқаны.

Қазақ халқында жеті санын қасиетті санға теңесе, мен үшін де осы бағдарлама мазмұнындағы жеті модульдің қасиеті ерекше болып табылады. Білім берудегі Кембридждік әдістің теориялық негізін оқып,  оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері – жеті модульді іс-тәжірибемде  қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткізіп отырмын.  Дегенмен дәстүрлі оқыту әдістерін де жоққа шығаруға болмайды, әр әдіс-тәсілдің өзіндік артықшылықтары бар.

Біз қолданып отырған бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтағанына қарамастан, сындарлы оқыту негіздері қамтылған. Информатика сабағында бұл бағдарламаның негізгі идеяларын пайдалана отырып, көптеген тиімді жақтарын көруге болады.

Бағдарламаның  негізгі факторларына тоқталар болсам, оқушылардың білім алу үдерісін түсінуі, нені оқу керектігін үйренуі, өзін-өзі реттеуі, оқу нәтижелерін бағалауды игеруі. Оқушылармен жұмыс жасау барысында олардың пайымдаулары, көзқарастары мен білім деңгейлерін анықтап алу қажет. Оқушылардың нені игере алатындығына және игере алмайтындығын бақылау арқылы әртүрлі әдістерді пайдалана аламыз. Оқушылар өздері оқудың қажетті екенін, оны өмірде де өз қажетіне қолдана білу керек екенін сезінуі керек. Сонда ғана олардың оқуға деген ынтасы артады.

Егер де оқушы жаттап алатын болса, онда ол емтихан немесе сабақ аяқталған соң ұмытып қалады. Сондықтан олар өздері оқудың қажеттігін түсінуі қажет. Олар өздерінің алдына мақсат қойып, мақсатқа жету жолында еңбектене білуі қажет. Осы мақсатта біз өз оқу жүйемізді енгізуіміз қажет. Алда тұрған жұмысты жоспарлау мен мақсат қоя білу арқылы, оқушыларды ынталандырамыз және де оқушылардың барлығын белсенді ете аламыз. Оқытуда бірінші баланың өзін-өзі реттелуіне жағдай жасап үйрету қажет. Оқушыны оқуда белсенді ету үшін оның нені білетіні мен не білмейтіндігіне көңіл бөлуіміз қажет. Оқушыға әртүрлі сұрақтар мен тапсырмалар беру барысында оларды орындауына уақыт бөліп, тыңдап, түсіністікпен қарап, бірін-бірі оқытуына мүмкіндік берген жөн. Сонда ғана оқытуда оқушылар өздеріне деген жауапкершілікті сезінеді, өзіне деген сенімі күшейіп, оқуға деген белсенділігі артады. Білім үдерісінің нәтижелі болуы оқушының өздігінен меңгеріп, өзі үшін оқу керектігін түсінуі болып табылады.


  1. Негізгі бөлім

    1. Сыни тұрғыдан ойлау үйрету

Бағдарламаның жеті модульдеріне қысқаша тоқталсам, сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты, ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім (Мұғалімге арналған нұсқаулық). Ол оқушылардың ойлана білуіне, өз оқуына таңдау жасау, басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Сыни тұрғыдан ойлау модулі оқушының ойын дамытуға көп көмегін тигізеді. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту мақсатында сабақтың әр кезеңінде түрлі стратегияларды қолданамын. Жаңа тақырыпты анықтау кезеңінде «Миға шабуыл» қолдануға болады. Дәстүрлі оқыту жүйесіндегідей жаңа тақырыпты мұғалім хабарламай, оқушылардың өздері тапқаны тиімді, әрі оқушының жаңа тақырыпқа деген ынта-ықыласын бірден арттырудың жақсы тәсілі. Сұрақтар қою арқылы, суреттер арқылы немесе жұмбақ, адасқан әріптер арқылы жаңа тақырыпты анықтауға болады.

Мысалы: 5-7 сыныпттың информатика курстарында «Қарапайым графикалық редактор» тақырыбында жаңа тақырыпты анықтағанда келесідей сұрақтар қоямын:

  • Петроглифтер дегеніміз не? ( Тасқа салынған суреттер)

  • Ежелгі адамдар тасқа не салу арқылы дүниеге деген көзқарасын білдірген? ( сурет салу арқылы)

  • Қандай суреттер салған? ( таңбалар)

  • Уақыт өте келе адамдар тасқа емес тағы неге салған? ( қағазға,папирусқа)

  • Қазіргі таңда техниканың дамуына байланысты суреттерді қайда салуымыз мүмкін? ( компьютерге)

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа тақырыпты тез анықтайды.

«Вирус және оның түрлері. Вирусқа қарсы программалар» тақырыбында талдау, жинақтау бөлімінде «Салыстыру» стратегиясын қолдануға болады. Мұнда оқушылар кестеде адам мен компьютер жұқпалы ауруларын сыни ойлау арқылы ойланып, салыстырып, синтездеп шығады. Топтар компьютер мен адамдағы жұқпалы ауру түрлері, олардың пайда болу жолдары, вирус жұққанда қандай өзгерістер болатындығын, емдеу жолдарын, сақтану жолдарын сыни ойлау арқылы анықтайды.

«Есептеу техникасының даму тарихы. Электронды-есептеуіш машиналардың кезеңдері» тақырыбында үйге тапсырма ретінде есептеуіш техниканың даму тарихымен байланыстырып, ертегі құрастырып келу тапсырмасын берген тиімді.

«Word мәтіндік процессоры» тарауын қорытындылау сабағында үй тапсырмасына Word –тың барлық мүмкіндіктерін қолдана отырып, өздерінің шығармашылықтарын арттыру арқылы сыни ойлауын кеңейту мақсатында «Айгөлек», «Менің мектебім», «Жас ұлан» тақырыбында газет шығару немесе еркін тақырыпта «Менің шағын кітапшам» тапсырмаларын берген тиімді, әрі оқушының дарындылығын арттырудың бірден бір кепілі. Келесі сабақта үй тапсырмасын сұрауда оқушылармен бірге бағалау критерийлерін құрып, «Неліктен бұл үздік?» әдісі арқылы үздік жұмыс иесін анықтауға болады және сыни ойлау арқылы неліктен үздік екендігін айқындайды. Бұл оқушының өзгенің жұмысына сын көзбен қарауға және дұрыс баға беру арқылы өз-өзін ретке келтіруге дағдыландырады.

Сонымен қатар информатика сабағында «Хан тағы», «Топтастыру», «Синквейн», «Салыстыру», «Венн диаграммасы», «Бүлінген хат», «Бір сөйлеммен түйіндеу», «БББ», эссе, «Көршіңізге айтыңыз» және т.б. стратегиялары оқушылардың сыни ойлауының дамуына мол үлесін қосатыны даусыз.

    1. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс - тәсілдер

Оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер модулі топтық, жұптық жұмыс арқылы ықпалдасады. Соның бірі диалогтық оқыту. Ы. Алтынсарин: «Балаға айтып түсіргеннен гөрі, қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды» деген. Яғни бала теорияны меңгерумен қатар тәжірибе жүзінде де қалай жасау қажеттігін ұғынуы керек. Тәжірибелік жұмыс жасау барысында көптеген сұрақтар туындайды. Оқушылар өзара пікірлері мен болжамдар айта отырып, бірлесе жұмыс жасайды.

Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті (Мұғалімге арналған нұсқаулық). Жаңа тақырыпты анықтау кезеңінде «Көршіңізге айтыңыз» тапсырмасын қолдануға болады. Мұнда оқушыларға сұрақ қоюдың түркі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау техникаларын қолдана отырып, оқушылардың тереңінен әрі сыни ойлануына мүмкіндік беру арқылы «Жады неліктен керек? Егер жады болмаса не болар еді? Компьютердің аппараттық құралы дегенді қалай түсінесің?» деген сыни сұрақтар қоюға болады. Мұнда жұптар осы сұрақтар төңірегінде бір-бірімен кумулятивтік әңгіме құру арқылы бір-бірімен ой бөлісті. Бірінің ойын бірі толықтырып отырды. Жұптар бір-бірінің жауабын хабарлайды. Сонымен қатар «Тыңдап отырған үштік», «Жұптық әңгіме», «Қар үйіндісі», «Әңгіме-дебат»  сяқты әдіс-тәсілдерді пайдалану тиімді.

2.3. Оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу болып табылады.

Интербелсенді тақта – барлық сыныпта оқыту үшін таптырмайтын құрал. Бұл визуалды ресурс мұғалімнің жаңа материалдарды оқушыларға өте тартымды және тез жеткізуіне көмектеседі. Бұл тақта ақпараттарды әр түрлі мультимедиялық ресурстардың көмегімен жеткізуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта білім беру үдерісінде ақпараттық –коммуникациялық технологияларды қолдану қажеттілігі туып отыр. Осыған байланысты білім берудегі әдіс-тәсілдер жаңарып отырады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қазіргі кездегі заман талабы болғандықтан оған басты назар аударуымыз қажет. Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үдерісінде қолдану біршама жетістіктерге апаратын жол. АКТ-ны қолдану мұғалімге де оқушыға да қолайлы. Біз информатика сабағында теория мен практиканы ұштастырамыз. Бұл екеуі бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады. Тәжірибелік жұмыс жасау барысында бала теориялық білімін шыңдайды. Конфуций: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң - үйренемін» деген. Конфуций айтпақшы бала қолымен жасағанда ғана жақсы түсінеді, есте сақтайды. Сондықтан да сабақта АКТ пайдалану қажеттілігі туындайды. АКТ-ні тек қана сабақ кезінде ғана емес, сабақтан тыс уақытта да қолданамыз. Өйткені кез келген деректерді интернеттен алуымызға мүмкіншілігіміз бар. АКТ-ны сабақта қолдану оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттырады, сыни ойлауға, басқалармен ой бөлісуге, өз тәжірибесін шыңдауға көмектеседі. Сабағымда АКТ-ны қолдану міндетім, өйткені күнделікті өтетін сабағымыз АКТ-мен байланысты. Сабақта АКТ-ны қолдану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру бірінші орынға қойылған. АКТ-ны қолдану нәтижесінде оқушылардың өз бетімен ізденісі, қызығушылығы, белсенділігі, сенімділігі артады. Дарынды және талантты оқушылардың да білімін шыңдауда осы АКТ-ның қосар үлесі мол.


    1. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Оқуды тиімді бағалау білім беру үдерісіндегі жаңа тәсілдердің барлығымен байланысты. Бағалау оқыту барысында ілгерілеу қадамдарын айқындау мен қолдау көрсету үшін қажет. Бағалау – одан арғы, білім алу туралы нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин деп нұсқаулықта көрсеткен. Бағалау оқыту мен білім берудің ажырамас бөлігі екенін білеміз. Сондықтан біз  оқытуды бағалау білім беруді жетілдіру болып табылатынын түсінуіміз қажет. Бағалаудың екі түрі қарастырылған: формативті бағалау және жиынтық бағалау. Формативті бағалау оқыту үшін бағалау, ал жиынтық бағалау оқытуды бағалау болып табылады. Жиынтық бағалауды оқудың қорытындысын шығаруда, оқудың алға ілгерілеуін тіркеу мақсатында қолданылады. Оқыту үшін бағалауда оқушы өзін-өзі реттеу арқылы өз білім деңгейін бағалайды, білімін жақсартады, сабаққа деген белсенділігі артып, қызығушылығы оянады, өзін-өзі, бірін-бірі бағалауды үйренеді. Әр сабақта оқушыларды өзін-өзі, бірін-бірі бағалауына баса назар аудардым. Өйткені оқушы өзін-өзі реттей отырып, өз білім деңгейін анықтайды, өз білімін басқалармен салыстыруды үйренеді. Қате кеткен жерлерін түсініп, әділ бағалауды үйренеді, дағдыланады. Бағалау оқушылардың өзі-өзінің, басқалардың ойлары мен жұмыс жасауын бақылау болып табылатындықтан оқушы өзінің ойлауын, түсінуін, тәртібін қадағалап отыруды үйренеді, дағды қалыптасады.

Оқушыларды ынталандыру олардың өздеріне деген сенімділіктерін артырып, алдыға жылжуына септігін тигізеді. Бас бармақ, от шашу, мадақтау арқылы ынталандыру оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыратынын байқауға болады. Оқушылар өздерін бағалау арқылы өз оқуы үшін жауапты екендіктерін сезіне алады, өзін-өзі реттелуіне көмегін тигізеді. Бағалау өте күрделі құбылыс. Критерий арқылы бағалау, табыс критериясы, блоб ағашы, тау шыңы арқылы оқушылардың қай деңгейде тұрғандығын және күнделікті баланың білім дәрежесін анықтауға болады. Оқушылар өздерін бағалағанда күнделікті алдарына мақсат қоя отырып, соған жету жолында талпынатын болады. Яғни сол арқылы олардың білім деңгейі өсе түседі.

    1. Дарынды және талантты балаларды оқыту

Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет - балалардың қабілеттері мен таланттарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтың ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес. Бір қарағанда, балалардың барлығы біркелкі болып көрінеді. Дарынды оқушының дарындылығын айқындау үшін баланы ұзақ зерттеу қажет. Дарындылықты зерттеген Дж.Рензуллидің пікірінше, дарындылық адамға мінез-құлықтың үш негізгі "кластерінің" өзара байланысы арқылы беріледі:

http://www.zkoipk.kz/images/stories/conf/2014/conf_nis/23.png


Дж.Рензулли - дарындылықтың үш компоненті

Дарынды бала - бұл жақсы оқитын оқушы ма?- деген сұрақ туындайды. Дарынды бала дегеніміз: өз қатарынан әлде қайда дамыған, ерекше зейіні бар, белгілі бір іс-әрекет бойынша асқан қабілеттілік танытып, жоғары жетістіктермен дараланатын бала. Бұл пікірді белгілі ағылшын психологі П.Торранс зерттеп, шындығында бұл пікірдің ұстаздар қауымы арасында жиі кездесетінін дәлелдеді.

Еліміздің ертеңгі тізгінін қолына алып, елін, жерін көркейте алатын ұрпақ-қазіргі мектеп партасында отырған қабілеті ерекше, талантты немесе дарынды ұрпақ. Алдымен өткізген сауалнама нәтижесі арқылы, өзге адамдармен сөйлесу арқылы сыныпта шығармашылық қабілеті жоғары оқушылардың бар екендігін анықтап, әр сабағымда шығармашылық тапсырмалар беруге тырыстым. Мәселен, рөлдік ойындар, 5 жолды өлең, эссе жазу, газет шығару, шағын кітапша шығару және т.б. Шығармашылық тапсырмаларды сыныпқа жаппай бере отырып, әр топтан тек қабілетті оқушылар орындап отырды. Бұл дарынды оқушыны анықтап алу үшін оңтайлы болды. Тапсырманы жеке орындаған оқушы да өз жұмысын топтың атынан қорғап, өз тобын алға сүйреуге ұмтылғандары. Бұл жерден ынтымақтастықтың белгісін анық байқауға болады. Оқушылар топқа әр түрлі тренингтер арқылы бөлінген кезде ешқандай қарсылық білдірмей, бірден іске кірісіп кетіп жатты. Бір-біріне деген жанашырлықтары, өзара татулықтары, ұйымшылдықтары үнемі байқалып тұрды.

Өз тәжірибемнің барысында келесідей оқушының дарындылығын анықтаудың кешенді әдіс-тәсілдерін қолданған болатынмын.

http://www.zkoipk.kz/images/stories/conf/2014/conf_nis/25.png

Оқушының дарындылығын анықтаудың кешенді әдіс-тәсілдері

Сауалнамалар, психодиагностикалық тренингтерге ерекше қабілетті оқушыларды анықтау, дарынды оқушының білімін диагностикалау, дарынды оқушы деңгейін анықтауға бағытталған сауалнамалар алынды. Бұл көбінесе мектеп психологымен тығыз байланыста жұмыс жасауға бағытталды. Бұл оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту модулімен ықпалдастырылып өткізіледі. Себебі, сабақ басында  сыныптың психологиялық ахуалын орнатудағы психологиялық тренинг-жаттығулар, сергіту сәтттері қолданылады. Мен тәжірибенің бас кезінде сыныптағы дарынды оқушыларды анықтауға бағытталған сауалнамаларды алдым. Солардың кейбіреулеріне тоқталып өтсем, «Ерекше қабілетті оқушыны анықтау» сауалнамасының мониторингісі бойынша сыныптағы оқушылардың қаншалықты дарынды екенін анықтаған болтынмын.

Оқыту әдістерінде проблемалық оқыту әдісі, көп деңгейлі тапсырма беру әдісі, тірек-сызбалар, ойын элементтері және т.б. көптеген әдіс-тәсілдер пайданылды.  Бұл тек дарынды және талантты баланы оқыту модулі арқылы ғана іске аспайды, сонымен қатар бағдарламаның басқа да модульдерімен тығыз байланысты. Атап айтқанда, оқудағы жаңа тәсілдер, оқытуды бағалау мен оқыту үшін бағалау модульдері. Себебі, оқудағы жаңа тәсілдер модуліне сәйкес оқушыларға сабақтың өң бойында берілетін, мысалы, «Тыңдап отырған үштік»  әдісін   қолданғанда,   қабілетті оқушы диалогты дұрыс ұйымдастыра алады. Проблемалық сұрақтар арқылы оқушының  одан  шығудың  тиімді, әрі ұтымды жауаптарын беруі де дарындылықтың бір сатысы деп есептеймін.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтау тәсілдері кластер жасау, «Синквейн» құру, шағын эссе жазу, логикалық есептерді шешу, ертегі құрастыру әдіс-тәсілдер қолданылуда. Бұл әдіс-тәсіл бағдарламаның сын тұрғысынан ойлауды дамыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану және оқудағы басқару мен көшбасшылық модульдерімен байланысты. Себебі оқушының шығармашылық деңгейін дамыту үшін сын тұрғысынан ойлаудың «Синквейн» бес  жолды өлең жазу, шағын эссе жазу, «Мозайка» кластер жасау, «Автор орындығы» стратегиялары қолданылса, шығарма жазу, жарнама құрастыру, компьютерде деңгейлік тапсырма орындау және т.б. АКТ модулі арқылы іске асырылады.


    1. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту

Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту модулі оқушының танымдық дамуына негізделген. Танымдық даму – баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Тәжірибе кезінде оқушылардың физиологиялық, психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес тақырыптар бере отырып, олардың сол тақырыпты қабылдауы, түсінуі, есте сақтауына мән бердім. Бұл жерде байқағаным әр бала ақпаратты әртүрлі деңгейде қабылдайды екен. Сондықтан да сабақ жоспарын жасауда тапсырмаларды құру барысында әр оқушының деңгейін ескеру керектігін түсіндім. Мысалы, сыныптағы оқушылардың деңгейге байланысты топтастыруға немесе жұптастыруға болады, жоғары деңгейлі оқушыларға күрделі тапсырма, орта деңгейге орташа және төмен деңгейлі оқушыларға төмендеу тапсырмалар дайындап отыру керек.


    1. Оқытуды басқару және көшбасшылық

Оқытудағы басқару және көшбасшылық модулі педагогикалық жетілудің пайдалынылмаған әлеуеті, мұғалімдерге қолдау көрсетілген жағдайда, кәсіби өсу мен бірлескен білім беруде іске асырылады деген сенімге негізделген.  Яғни, мұғалім сабақ бойы оқушыларды дұрыс басқарып, көшбасшылық жасай  алған жағдайда, жақсы нәтижеге қол жеткізгені деп түсінемін.  Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз. Бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманында ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткізуге болады.  ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.


  1. Қорытынды

Информатика сабағында Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыру оқушылардың топпен, жұппен жұмыс жасау арқылы пәнге қызығушылықтарын арттырып, тақырыпты тереңінен түсініп, өмірде тиімді қолдана алуға, өзін-өзі, жұбын, әділ бағалай алуға, өзінің оқуы үшін жауапты екенін біле отырып, алдына мақсат қоя білуге және өзін-өзі реттеуге үйренеді. Осындай тиімді стретегияларды қолдана өткен сабақта оқушылар мынадай жетістіктерге жетеді: топпен бірігіп жұмыс жасау арқылы ынтымақтастығы қалыптасады, қалыптастырушы тапсырмалар орындау арқылы пәнге қызығушылықтары артады, түрлі тапсырмалар орындау барысында сыни ойлаулары дамиды, диалогқа түсе отырып, жаңа тақырыпты жан-жақты меңгере алады, теориялық білімдерін практика жүзінде орындай отырып, өмірде тиімді пайдалана алуға дағдыланады, өздерінің білімдірене жауапты екендіктерін сезіне алады.

Оқушының қазіргі қоғамның сұранысына сай өзінің өмірлік іс-әрекетінде компьютерлік құралдарды қажетті деңгейде пайдалана алатындай, жан-жақты дамыған оқушы қалыптасатынына сенімім мол.


















Пайдаланған әдебиеттер:


1.«Информатика негіздері» ғылыми-әдістемелік журналы №1-2014 ж.,

(б.8-11)

2.«Қазақстан мектебі» ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет белгісі» орденді республикалық ғылыми-педагогикалық журналы №1, 2012 ж.,

(б.31-32)

3. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012










































Мазмұны:

  1. Кіріспе............................................................................................................1

  2. Негізгі бөлім..................................................................................................2

    1. Сыни ойлауға үйрету..........................................................................2

    2. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс – тәсілдер.........................................3

    3. Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану.............................................................................................4

    4. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.........................................4

    5. Дарынды және талантты балаларды оқыту......................................5

    6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.........................7

    7. Оқытуды басқару және көшбасшылық ............................................7

  3. Қорытынды....................................................................................................8



  1. Пайдаланған әдебиеттер...............................................................................9


































Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 19.09.2015
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1236
Номер материала ДA-052621
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх