Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыБаяндама "Инновациялық білім беру-нәтижеге жету кепілі"

Баяндама "Инновациялық білім беру-нәтижеге жету кепілі"

Скачать материал

№75 бастауыш мектебі

 

 

 

Инновациялық білім беру

нәтижеге жету кепілі

 

( баяндама)

 

 

 

 

 

Дайындаған: Байбосинова Ф.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2014-2015

 

         Қазіргі заман талабына сай білім беру үрдісін дамыту кезінде нәтижеге қол жеткізу проблемасының өткір көрінуі мүлду кездейсоқ емес. Зерттеулер көрсеткендей, халықтың кез келген тобына еркіндік берілсе, онда ойлау, шешім қабылдау сияқты атқарылатын реттеуші қызметтерді ой-мақсаттарын ішкі өзегі етіп таңдайды. Ал бұл өзекті қалыптастыруда жаңаша білім беруді дұрыс ұйымдастыру маңызды рөл атқаратындығы даусыз. Міне, сондықтан да бұл мәселе шешімінің елдің болашағы, қоғамның дамуы, оның шығармашылық потенциялының іске асырылуы жататындығынан көреміз. Сонымен, нәтижеге қол жеткізудегі жұмыс мәні – адам мүмкіндігін толық пайдалану мен елдің интеллектуалды күш-қуатының стратегиясының қорын жасау болып табылады.

         Білім беру саласындағы инновациялық технологиялардың басты мақсаты күнделікте өзгеріп жатқан өмірге оқушыларды дайындау болып табылады. Мұндай оқыту оқушылардың мүмкіндіктеріне отырып жүзеге асыруға негізделеді.

         Қазіргі заманғы жалпы білім беретін оқу орындарында әлеуметтік педагогикалық жүйе ретінде, оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын модернизациялау деңгейінен (бағдарлама, оқулық және т. б.) өтіп, екінші баспалдақ – технология деңгейіне көтерілу қажет екені даусыз.

         Педагогика саласындағы ғалымдардың көз-қарасында педагогикалық технология дидактикалық процестермен, оқыту құралдармен, ұйымдастыру түрлерімен байланысқан, оқыту жүйесінің құрамды бөлігі болады. Осы оқыту жүйесі «нәтижелі қалай оқытуға болады?» деген дәстүрлі сұраққа жауап береді. Яғни, педагогикалық технология дегеніміз барлық бөлшектері ойластырылған оқу және педагогикалық іс-шаралардың жобалаңған моделі, оқу үрдісін ұйымдастыру және жүргізуде оұушы мен мұғалімге барлық ыңғайлы дағдай туғызуда педагогикалық технология оқу процесін толық меңгеру идеясын іске асыруды болжайды.

         Тиімді сабақтар жүйесі негізінде технология мынадай міндеттерді шешеді: оқушының танымдық қызығушылығының жоғары деңгейі мен өз бетімен ойлау белсенділігін құрады және қолдайды. Сабақ уақытында үнемді және мақсатты пайдалану, оқушының ойлау әрекеттері тәсілдерін қалыптастыру жіне дамыту; оқушы мен мұғалім арасындағы жоғары деңгейдегі жақсы қарым-қатынас; алыңған білім, білік дағдысының көлемі мен тұрақтылығы.

         Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасының жобасында: «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми зерттеу қызметі мен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктері мен тығыз байланасы, білім беру мен және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады», - деп атап көрсетілген. Ендеше қазіргі білім беру саласында маңызды мәселенің бірі оқутыдың жаңа әдістерін іздестіру жіне оларды жүзеге асыратын болашақ маман даярлау болып отыр. Қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде инновациялық іс-әрекеттің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеру аса қажеттілік деп танылуда. Ал оқу тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық технологияларды қолдану тәжірибеге  негізделген  түрлі білім  салаларын кең түрде игеруде, оларды іс жүзінде  пайдаланғанда, аумағы кең мәлеметтер мен күнделікті іс-әрекетті іске асыруға пайдалы. Қазір білім беру саласында оқытудың озық технологиясын меңгермейінше, сауатты жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Өйткені жаңа технологияларды меңгеру болашақ маманның интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, қасиеттерін дамытуына, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

         Педагогикалық технология бұл педагогтар жеке басының шығармашылық күш-қуатын өрістетуді қамтамасыз етудегі, адамаралық және іс-әрекеттегі қарым-қатынасты жоғарлатудағы, кәсіби еңбектегі адамгершілік жүйе болып табылады. Осы тұрғыдан қарағанда, ұлттық тәрбие мен мәдениеттті бойына сіңірген XXI ғасырдың жан-жақты дамыған шығармашыл жеке  тұлғасын қалыптастыруда оқу-тәрбие үрдісіне  инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі жетекші орын алады. «Инновация» сөзінің өзі қойылган мақсатқа жетудің нәтижесі болғандықтан, бұл оқу әдістемесінде қойылған талаптардың орындалуы болып табылады, яғни оқушылардың білім сапасының жоғарлауына ықпал жасайды. Бүгінгі таңда шетел тілін мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде қарағанда, оның оқыту әдістемесінде де жаңа технологияларды пайдаланудың маңызы зор және де бұл бүгінгі күннің қажеттілігі деп білеміз. Себебі шетел тілің оның ішінде ағылшын тілін үйренуге деген сұраныспен талпыныстың артуы оқытудың әдістемесіне қойылатын талаптардың жоғарлауына түрткі болуда.

         Қазіргі кезде шетел тілі немесе басқа сабақта, болсың оқу-тәрбие үрдісің сапалы нәтижесінде оқушының шығармашылық, ізденушілік, қатысымдық қабілеттілігіне қалыптастыру ьақсатын жүзеге асыруға  жағдай туғызатын оқытудың инновациялық түрлері анықталған. Соның ішімде дамыта отырып оқыту, жобалап отыру, саралап оқыту, деңгейлеп оқыту сияқты әдістемелерді оқу-тәрбие үрдісінде оңтайлы нәтиже беріп жүрген жаңа технологиялар деп атауға болады.

         Жалпы білім беруде жеке тұлғаның сапалық қасиеттерің дамытуда оқу-тәрбие процесінде жоба жұмысының алатын орны ерекше, шет тілін оқытуда жоба жұмысын қолдану лингвистикалық білімнің негізгі мазмұның нақтылай отырып, оқушылардың шетел тілінде қарым-қатынас жасау біліктілігін қалыптастыру және білім сапасының деңгейін жоғарылату мақсатында пайдаланады. Жоба технологиясы – оқушылардың өз бетінше алған жаңа білімдерін қолдану қызметі, яғни оқушы тек шетел тілінде қарым-қатынас қана жасап қоймай, тұлғаның рухани, мәдени қалыптасуына үлкен мүмліндік береді. Шетел тілін оқытуда жоба технологиясының жақсы жағы – шетел тілдік қатысымдық біліктілігінің барлық компоненттерін тиімді қалыптастыратын, сосың ішінде екінші тілдік тұлғаны дамытытын жаңа тәсіл.

 

         Психологиялық тұрғыдан қарағанда, жоба технологиясы бойынша өз бетінше танып білуге, ізденуге деген дайындық екі аспектіде қаралады:

 

         а) уәждік және интеллектуалды дайындық компоненттері

         ә) әдістемелік және лингвистикалық компоненттерінен тұратын қарым-қатынас дайындығы

 

         Уәждік дайындау – бұл студенттің шет тілінде сөйлеу қызметіне талпынысы, ал уәжді қалыптастыру – оқуға деген ішкі құлшыныстың пайда болуы. Сондықтан да тілмен жұмыс жасағанда, яғни қарым-қатынасқа түскенде, студенттердің коммуникативті жағдаятты жасап шығару интеллектуалды белсенділіктерін қалыптастыру өте маңызды.

         Қазіргі технологияда шетел тілін меңгеру процесінде уіждеме қажетті компонент ретінде оқу қызметінің  ішкі құрылымына кіреді, яғни, мотивация үйренудің қозғалыс күші болып табылады. Ал шетел тілінде қарым-қатынас жасау процесінде салыстыру, болжау, жүйелендіру, ңақтылау, дәлелдеу, қорытынды жасау оқушының интеллектуалды дайындығы болып табылады.

        

Лингвистикалық дайындық.

Бұл тілдік құралдармен қамтамасыз етілген деген мағынада болса, әдістемелік дайындық – меңгерген тілде қарым-қатынас жасау барысында тәсілдерді қолдана білу. Осы орайда біз оқушыларардың шығармашылық, өздігінен жұмыс істеу қабілеттерін көреміз.

         Жобаны жүзеге асыру 3 кезеңнен тұрады: дайындық, негізгі және қорытынды.

 

         I. Дайындық кезең.

1) Мақсат кезені – тақырыпты бекіту, мақсатын анықтау, жоба мөлшерін  белгілеу

 

2) Жоспарлау кезені – ақпарат көзін анықтау, тапсырмаларды белгілеу, әр адамға рөл беру

 

3) Шешім қабылдау кезеңі – қабылдаған болжамдарды тексеру, тиімді әдіс-тәсіл таңдау

 

 

         II. Негізгі кезең

Жобаны іске асыру – ақпаратты іздеу, зерттеу жүргізу, іріктеу

 

        

         III. Қорытынды кезең

Жобаны қорғау – жобалау кезеңін  негіздеу, алыңған нәтижені түсіндіру, жобаны топпен қорғау.

         Әр кезенде мұғалімнің қызметі өзгеріп отырады. Мәселен, дайындық кезінде мұғалім идея табуға көмектесуші, негізгі кезеңде мұғалім кенңесші- үйлестіруші, қорытындылау кезеңінде сарапшы қызметін атқаруы керек.

-         жоба технологиясы оқушылардың шет тілін меңгеруде ізденушілік- зерттеушілік қызметін жетілдіреді;

-         шетел тілін сапалы меңгеруге септігін тигізеді;

-         тілдік қажеттіліктерін есепке ала отырып оқыту жеке тұлғаға бағытталады;

-         шетел тілін меңгерту үрдісінде оқушылардың ынтасын жоғарлататын    бейне немесе түрлі дыбыстық материалдарды қолдану қажет;

-         шетел тілін сабақта және сабақтан тыс уақыттарда меңгеруге болатындай жағдай жасауымыз керек.

Осындай инновациялық әдістерді оқу- тәрбие үрдісіне пайдалану, оқушылардың тәртібіне, оқу іс- әрекетіне игі әсер етумен қатар, педагогиканы нақты ғылымға жақындататын мұғалімнің интелектуалды шығармашылық қызметі болып табылады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Инновациялық білім беру-нәтижеге жету кепілі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Клининговый менеджер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 343 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.12.2015 1287
    • DOCX 50 кбайт
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байбосинова Фарида Бакытовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Байбосинова Фарида Бакытовна
    Байбосинова Фарида Бакытовна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 45615
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы религиозных культур и светской этики: проблемы и перспективы преподавания в начальной школе

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 208 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 424 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 235 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 167 человек

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Мини-курс

Стратегии брендинга в условиях глобальной конкуренции и изменяющихся рыночных тенденций

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Практические навыки трекинга и менторства

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ЕГЭ по биологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе