Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Баяндама «Инновациялық технологиялар арқылы білім алушылардың креативті құзыреттілігін қалыптастыру»

Баяндама «Инновациялық технологиялар арқылы білім алушылардың креативті құзыреттілігін қалыптастыру»

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_4f8a095a.gifҚазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Қапшағай көпсалалық колледжі







Тақырыбы: «Инновациялық технологиялар арқылы білім алушылардың креативті құзыреттілігін қалыптастыру»

Орындаған: Жармуханбет Р.О.







«Инновациялық технологиялар арқылы білім алушылардың креативті құзыреттілігін қалыптастыру»

Н.Назарбаев: «Оқыту әдістемесі инновациялық,

ал білім беру технологиясы креативті болуы тиіс»


Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидаларындағы жоғары білімді дамыту стратегиясы, Білім туралы заңға, ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауына негізделеді. Бұл құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беру мемлекеттің ұзақ мерзімдік бағдарламасы арқасында ерекше орынға ие болады. Бұл аталған құжаттарға сай бүгінгі таңдағы жоғары білімнің мақсаты мен басты стратегиялық бағдары - кәсіби шеберлігі мен біліктілігілі жоғары, дүниетанымдық көзқарасы мол, кәсіби құзыреттілігі қалыптасқан, шығармашылық ойлауға дағдыланған, іскерлік қабілеттілігі жетілген, адамгершілік қасиеттері жоғары білікті мамандардың жаңа ұрпағын даярлау.

Бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімінің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, болашақ мамандардың шығармашылық әлеуметін дамытудың, оқытушының іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Барлығымызға белгілі 2010 жылы 1 ақпанда Қазақстанда "Интеллектуалды ұлт - 2020" мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Оның негізгі мақсаты – қазақстандықтарды, әсіресе жастарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестікке қабілетті адам капиталына бай, талғамы мен болашағы зор елге айналдыру.

Бұл мемлекеттік бағдарлама өз алдына негізгі үш басым бағытта жүзеге асырылуы тиіс екендігі көрсетілді. Бірінші басым бағыты – білім беру жүйесін инновациялық бағытта дамуы.

Бүгінгі таңда жастар тек өз мамандықтарына сай білім алып қана қоймай, олардың өздігімен ізденуіне бағытталуы қажет. Бүгінгі білім алудағы басты құндылықтардың көзі ретінде, шығармашылық ой, алған білімді қорыта білу, тиянақты шешім қабылдау, технологиялық және инновациялық бағыттағы жобалар болып табылады.

Бүгінгі таңда болашақ маманды даярлау жоғары мектеп жағдайында ұлттың интеллектуалды әлеуетін қалыптастыру бойынша, көбінесе әр түрлі кезеңдерде бұл құбылысты қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздерін арнайы зерттеуді талап етеді. Осы бағытта білім алып жатқан студенттерінің интеллектуалдылық тұлғасын қалыптастырудағы мамандықтың алатын ролі ерекше деп есептейміз. Әр бір болашақ маман бәсекеге қабілетті, қоғамның әлеуметтік даму жағдайына бейімделген; жоғарғы руханиатты, халықтың бірлігін, мемлекетің тұтастығы мен дербестігін қорғай алатын; интеллектуалдық әлеуеті жоғары тұлға ретінде қалыптастырып шығару болып отыр.

Болашақ мамандардың бойында ұйымдастырушылық қызметі, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру, берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындау, қызмет орнында, ұжымда адамгершілік, психологиялық ахуалды ұстап тұру қабілеттерін қалыптастыру ең маңызды міндеттердің бірі. Мамандар даярлау жүйесінде білім берудің сапасын қамтамасыз етуде білімді дамытудың негізгі жолы мамандарды кәсіби даярлау жүйесінің сапасын арттыру болса, қазіргі кезде оқу орындарында кәсіби білікті мамандар даярлаудың жаңа тәсілдері ұсынылып, жаңа талапқа сай мамандар даярлаудың үлгісі жүзеге асырылатын болады. Оқытудың технологиясын жетілдірудің педагогикалық бағыты негізгі ой-тұжырымдары бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу, білім алушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту болып табылады.

Мамандар даярлау бағытында білім беру инновациялық технологиялардың түрлеріне тоқталатын болсақ олар: жобалау, пікірсайыс, мәселелік оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту және т.б. Бұл әдістердің нәтижесі ізденіс, зерттеу, мәселелік жұмыстар, шығармашылық ізденістерге алып келеді. Қазіргі ақпараттық заман талап ететін жобалау әдісін қолданудың негізгі талаптары талқыланып,  оқытушылар жоба әдісін қолдану барысында жобалардың түрлерін анықтайды. Жобалау ұғымы негізінде – мәселесінің нәтижесіне болжау бағыттылығы жатыр. Нәтижесінде тәжірибелік және теориялық шешімі арқылы қалыптасады . Білім - ел қазынасы, халқымыздың білімділігі – ел байлығы. Уақыт талабына сай білім беру үшін оқытудың жаңаша әдістерін қолдануымыз қажет. Болашақ маман иелерінің алатын негізгі білімдерінің сапасы оқыту дәрежесіне тәуелді. Сондықтан әрбір оқытушы - өз ісінің шебері, яғни жан-жақты ізденгіш жаңашыл болып, білім алушылардың білімге ықыласы мен қызығуын арттыру мақсатында сабақтың құрылымы мен әдіс тәсілдерін өзгертіп отыруы қажет.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: “Қазіргі оқу орнының, біріншіден, практикалық қызметінде жинақталған барлық игіліктердің cақталуы; екіншіден, қоғамның интеллектуалдық қуатын жетілдіру, еліміздің материалдық-қаржылық ресурстарын әрі қарай дамытатын адам тәрбиелеу, орта білім жүйесін одан әрі дамытып жұмылдыру міндеттерін көздейді.

1.Білім беруді алдын-ала дамыту қағидасы еліміздің саяси-экономикалық даму бағыттарына негізделеді. Білім беру жүйесінің адамды жедел интенсивті өзгеретін экономикалық үдерістер мен жаңа өмір сапасына бағдарлануға, қоғам мен еңбек нарығына өз үлесін қоса білуге үйретуге негізделеді.

2.Инновациялық білім беруді жобалау қағидасы. Білім беру жүйесіндегі инновацияларға көзқарастың өзі инновациялық болуы керек.

Көптеген ғалымдар жоғары кәсіби білім беру жүйесінде технологияларды жобалау келесі өзара әрекеттескен қағидалар негізінде жүзеге асырылады: теория мен тәжірибенің өзара байланысы арқылы оқу, жеке дара және ұжымдық жұмыстың сәйкестігі, оқу мен ойынның сәйкестігі, үйретуші мен өзіндік білім алу, өндіріс пен ғылыми ықпалдасу негізінде оқыту, оқытудың педагогикалық креативтік бағыттылығы және білім алушылардың өзіндік білім алу әрекеті тәжірибесін қалыптастыру.

Педагогикалық үдерістің теориялық, әдістемелік және технологиялық стратегиясы алдымен инновациялық білім беру ортасында педагогикалық креативтікті қалыптастыру жағдайындағы мамандықты меңгеруде кәсіби құзыреттік жүйесіне бағытталған тұлғалық-әрекеттік тұрғыларды жүзеге асыруға бағдарланған абзал. Мамандардың кәсіби дайындығы инновациялық білім беру үдерісі ретінде құрылуы қажет: рефлексивтік, креативтік және технологиялық деңгейде кәсіби іс- әрекет құрылымын жүйеленуін қамтамасыз ету, құзыреттілік жүйесі мен іс-әрекеттің пәндік қызметтік

құзыреттілігінің көріністерінің сәйкес келуі және бәсекелестік орта жағдайындағы инновациялық іс- әрекетке дайындығын қалыптастыру.

1.Оқу және өз бетінше оқу – өз бетінше білім алуға үздіксіз алуға даярлану қабілеттілігін таныту және кәсіптік білім алу модернизациясын;

2. Формальды және формальды емес деңгейлерде іскерлік танытуды, қарым-қатынас жасуға командада жұмыс істей білуді;

3.Түрлі ақпарат бастауларымен жұмыс істеу – іздеу, өңдеу,сақтау және дамытуды;

4. Сын тұрғысынан ойлау, мақсатты әрекеттерді жүзеге асыруды;

5. Өзін-өзі бәсекелі ортада тиімді ұстау – жұмыс іздеу, жұмыс берушілермен шартқа отыруды, кәсіби карераға жетуді;


Келешек маманның кәсiптік даярлығы тәжiрибеден өту жолынан басталады. «Аспаз» мамандығында оқитын білім алушылар оқу жоспарына сәйкес келесi тәжірибе түрлерінен өтеді:

1.Өндірістік технологиялық тәжiрибе .

2.Өндірісітік диплом алды тәжiрибе.

Білім алушылар келесі көпшілікті тамақтандыру орындарында тәжірибеден өтеді:

  • «Астория», «Бомбей», «Алтын-алма», «Чикаго», «Фламинго» «Монако» т.б ойынханалар.

  • «Салтанат», «Элит» «Ана» мейрамханалары, «Қапшағай» тойханасы,

  • «Алатау», «777», «Самал», «Диляра», «Қуаныш» , «Арзу», «Достар»т.б кафелері.

  • Мектеп және колледж асханалары.

  • Сити плюс «Кулинария», КРП «Темір»

  • «Виктория» қонақ үйі, «Ревьера» қонақ үй кешені.

Тәжірбиеден өту барысында білім алушылар тағамдардың жаңа түрлерін дайындап, тағам дайындауға қажетті замануи түрлі құрал-жабдықтармен танысады.

Тәжірибеден өткеннен кейін білім алушылар белгіленген форма бойынша есеп тапсырады.





Пайдаланылған әдебиеттер:

1. "Интеллектуалды ұлт - 2020" .// Қ.М, 01 акпан , 2010 ж.

2. Таубаева Ш. Т. , Лактмонова С.Н. , Педагогическая инновация как теория и практика нововедений в системе образавания : научный фонд и перспективы развитие . /Книга 1/- Алматы: Научно – издательский центр «Ғылым » 2001.

3. Инновационное обучение : Стартегия и практика . / Под . ред. В.Я. Ляудие. – М. , 1994.

4. Әбиев Ж . , Бабаев с. , Құдиярова А. Педагогика . – Алматы : Дарын , 2004.






Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

«Инновациялық технологиялар арқылы білім алушылардың креативті құзыреттілігін қалыптастыру» Н.Назарбаев: «Оқыту әдістемесі инновациялық, ал білім беру технологиясы креативті болуы тиіс» Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидаларындағы жоғары білімді дамыту стратегиясы, Білім туралы заңға, ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауына негізделеді. Бұл құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беру мемлекеттің ұзақ мерзімдік бағдарламасы арқасында ерекше орынға ие болады. Бұл аталған құжаттарға сай бүгінгі таңдағы жоғары білімнің мақсаты мен басты стратегиялық бағдары - кәсіби шеберлігі мен біліктілігілі жоғары, дүниетанымдық көзқарасы мол, кәсіби құзыреттілігі қалыптасқан, шығармашылық ойлауға дағдыланған, іскерлік қабілеттілігі жетілген, адамгершілік қасиеттері жоғары білікті мамандардың жаңа ұрпағын даярлау.
Автор
Дата добавления 16.06.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров675
Номер материала 306692
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх