Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Баяндама "Қызанақтың Видетта сортын өсіру технологиясы"

Баяндама "Қызанақтың Видетта сортын өсіру технологиясы"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы



10 Колледж «жеміс – көкөніс өсіруші» мамандығы



Ғылыми семінардың тақырыбы:


Қызанақтың Видетта сортын өсіру технологиясы



hello_html_10b08d4b.jpg
















Арнайы пән мұғалімі: Эрметова. Г.


Ө/О шебері: Джумабаев. Б


litsey10sayram@mail.ru



Сайрам 2013 ж

Біз ферма шаруашылығы, жеміс - көкөніс өсіруші №87 топ оқушлары қызанақ өсіру үшін қызанақтың Видетта сортын таңдададық. Бұл сорттың өнімділігі жоғары және біздің ықылымда өсуге қолайлы, және азық – түлік дүкендерінде сұранысы жоғары. Біз экологик таза өнім шығару жолдарын қарастырып жылыжай топырағын табиғи тыңайтқыштармен дайындадық. Тұқым себілгеннен кейін 90 – 95 кунде жеміс бере бастайды. Әрбір көшеттен орта есеппен 4,5 – 5 кг дан өнім алдық. Бір жемістің салмағы 80 – 90 граммнан шықты. Біздің жылыжайға 620 дана көшетті 8х8 см құмырашаларға отырғыздық.

Тұқымдарды бірқалыпты өсіп шығуы үшін температураны 19 – 26 ºС де ұстадық. Тұқымдар толығымен өсіп шыққаннан кейін 4 – 5 күн барысында күндізі 16 – 18 ºС, түндесі 12 – 14 ºС ге төмендеттік. Көшет уақытында күн шығып түрған күндері күндізі 20 – 22 ºС, 18 - 19 ºС , түндесі 15 – 17 ºС температурада ұстадық. Көшеттік кезінде Калий, Кальций, Кристолон ,Аквариум – 12, 14, 16 тыңайтқыштарын бердік. Өнәмділікті 20 – 30 % арттыру мақсатында (3 – 5 дана гүл пайда болғанда) физиологик белсенді заттар Иван, Гибберіллин, Гибберсибтің 0,001 – 0,005 % дық ерітіндісін қолдандық.

Нәтіжеде гүл және жеміс түйіршіктерінің төгілуі азаяды, жемістің өсу және пісуі тездетіледі. Көшеттер барлығы бірдей гүлдегенде дәрәлеуді қайталадық. Жеміс бере бастаған кезінде күндізі 19 – 26 ºС, түндесі 1415 ºС ең қолайлы температура. Температураны 28 ºС ден асып , 14 ºС ден төмендеп кетуіне жол бермеу керек. Қызанақ 10 ºС де өсуден тоқтайды. Топырақ үшін ең қолайлы температура 18 – 20 ºС бұл температураны көшет жерге отырғызылғаннан кейін тамыры өсу кезінде ұстап тұру керек. Бұл уақытта топырақ температурасын төмендеуі қызанақ тамырын шіруіне алып келеді. Ауаның ылғалдылығы 60 – 70 % болуы керек. Егер ылғал көбейіп кететін болса қызанақ гулдерін тозаңдандыру қиын кешеді. Сол үшін ауарайы қолайсыз, күн бүлыт болып тұрған күндері қызанақ гүлдерін жақсы тозаңдануы үшін сымдарды электр сілкіткіш жәрдемінде 2 – 3 минут сілкіту керек. Бұл өнімділікті 10 – 12 % арттырады. Күн қатты қызып түрған күндері ауаның ылғалдылығы жоғары болып кетпеуі үшін жылыжай терезелерін ашып, суғару арқылы ылғалдылықты азайтылып тұрылды.

Жылыжай ішінде СО2 газының аз болуы өнімділікті азайтады. Өнімділікті азайып кету себептері: жарықтың жетіспеуі, жылыжайды күннің әсерінен қатты қызып кетуі, азот тыңайтқышының мөлшерінен артық берілуі және ауаның ылғалдылығы 50 % дан төмендеп кетуі әсер етеді. Біз қызанақты ерте жетілуі үшін электр жарытқыштардан пайдалану арқылы жемістерді бірнеше күн ертерек пісіп жетілуіне қол жеткіздік. Әсіресе күн булыт күндері. Тыңайтқыштарды тамшылап суғару әдісі арқылы уақыты - уақытымен беріп тұрдық. Әр суғарғаннан кейін жылыжай ауасын ауыстырып тұрылды.

Кыс уақытында 6-8 күнде 5-7 л/м2 есебімен суғардық. Қызанақты гулдегеннен кейін тозаңдандыру үшін Ренгулин препаратын қолдандық


Автор
Дата добавления 14.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров196
Номер материала ДВ-525709
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх