Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Баяндама "Көпконфессионалды, көпмәдениетті қазақстандық қоғам жағдайында «Дінтану негіздері» сабағында оқушылардың толеранттылығын дамыту."

Баяндама "Көпконфессионалды, көпмәдениетті қазақстандық қоғам жағдайында «Дінтану негіздері» сабағында оқушылардың толеранттылығын дамыту."

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy


СВИДЕТЕЛЬСТВО СРАЗУ ПОСЛЕ ПРОСМОТРА ВЕБИНАРА

Вебинар «Подростковая лень: причины, способы борьбы»

Просмотр и заказ свидетельств доступен только до 22 января! На свидетельстве будет указано 2 академических часа и данные о наличии образовательной лицензии у организатора, что поможет Вам качественно пополнить собственное портфолио для аттестации.

Получить свидетельство за вебинар - https://infourok.ru/webinar/65.html

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Көпконфессионалды, көпмәдениетті қазақстандық қоғам жағдайында «Дінтану негіздері» сабағында оқушылардың толеранттылығын дамыту.


Мемлекет басшысы – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласы мен «Қазақстан білім қоғамы жолында» интерактивті дәрісі қазіргі уақытта барша қазақстандықтардың басты назарында болып отыр. Елбасы аталмыш мақалаларында тәуелсіздік жылдары мен бейбіт кезеңдегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық қайта түрленуіне толыққанды талдау жасаған болатын. Сондай-ақ, Елбасы ХХI ғасырдың реалийлеріне сәйкес әрекет етудің тактикалық жоспарларын нақтылай отырып көрсеткен. Әсіресе, Президенттің қазақстандық табысқа қол жеткізудің үш кілті туралы ережені шығармашылық көзқараспен қарастыра келе, оны байыпты да терең тұрғыдан мазмұндауында да үлкен теориялық және практикалық мән жатыр. Бұл, біріншіден, 135 этностың басын біріктіруші бүкіл қазақстандықтардың ынтымақтастығы. Екіншісі – толерант­тылық болса, ал үшіншісі – тарихи тағдырлардың қауымдастығы. Қазақстан осында өмір сүріп жатқан әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың шынайы Отаны бола білді. Олардың жалпы тарихи тағдырлары ұқсас және біздің бәріміз үшін бейбітшілік пен достықты, ұлтаралық және конфессияаралық татулықты сақтау маңызды болып қала бермек. Тек өзінің ұлттық шығу тегін сыйлаған адам ғана басқалардың мәдениетін сыйлай алады. Басқа этностардың рухани дүниесін терең түсіне білгенде ғана сол түрлі ұлт адамдарының басын біріктіре алады.

Көптеген этностардың Қазақстанға өз еріктерімен қоныс аудармағаны мәлім. Ұлан-байтақ Қазақстанның кең жазира даласы жер аудару орны болды. Басқа этностардың өмірі туралы неғұрлым көбірек білуге, ортақ тамыр табуға ұмтылу азаматтардың басын біріктіре отырып, ұлтаралық жанжалдар мен өзара өкпе-реніштерге жол бермейді. Ертеден еркіндік пен елдікті, бейбітшілік пен берекені тілеген еліміз ешқашан өзгені өзекке теппеген. Сонау күндері елінен еріксіз және ерікті түрде қуылғандар мен қашқындардың да нәсіліне қарамай, бір үзім нанын бөліп беріп, бір жастықты жастанған қазақ қашанда қайырымдылық пен қамқорлықтан қашқан емес.

Қазақ халқы тарихтың жазуыменен елімізге кіріккен көптеген ұлттарға бауырмалдық танытып қана қойған жоқ, оларға барынша демеу болып, қолдау көрсетті. Біздің байтақ даламызда өсіп, өркендеуіне жол ашты. Бүгінгі көп ұлтты Қазақстандағы татулық пен келісімнің болуы да, ең алдымен, қазақ халқының ұлылығын танытса керек.

Тәуелсіздіктің 23 жылдық тарихында Қазақстан халқы достық мен келісімнің, тұрақтылықтың, этносаралық және конфессияаралық татулықтың шынайы үлгісін көрсетті. «Бірлік бар жерде тірлік бар» демекші, бұл жолда да ел тұтастығы мен татулығының ықпалы мол. Қазақстанның қарымды қадамы қарыштап, бедел-абыройы шарықтап, шаңырағы шайқалмай, өзгелерден тайсалмай, теңдігі мен тұрақтылығының баянды болғаны – осы бірліктің арқасы.

Сонымен қатар Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XVII сессиясында сөйлеген сөзінде: «Қазақстан – әлемдегі мұсылмандар, православтар, католиктер, протестанттар, буддистер, иудеилер сияқты көптеген дін өкілдерінің бірлікте, бейбітшілікте, конфессияаралық келісімде өмір сүріп келе жатқан мемлекет» екенін баса айтып өткен.

Яғни, Қазақстан – көпэтносты, көпдінді һәм унитарлы мемлекет. Дінаралық толеранттылықты ұстанбасақ, тұтастықты сақтап тұру қиынға түседі.

Соған байланысты, Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру

жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында: «Жас қазақстандықтарды

толеранттылық құндылықтар, келісімділік пен ұлтаралық қатынас мәдениеті

негізінде тәрбиелеу» керектігін мәселе ретінде көтерген. ЮНЕСКО-ның

«Толеранттылық қағидаларының декларациясында» бір-бірімізді тұлға ретінде сыйлауымыз керек, әр адамның түр келбетіне, әлеуметтік жағдайына,

құндылықтарына, жүріс-тұрысына қарамастан, ол өмірде өз даралығын

сақтауы керек. Әлемде бейбітшілік пен мейірбандықта өмір сүруі керектігі

жайлы айтылған.

«Дінтану негіздері» курсының мазмұны да оқушыларды барлық ұлттардың тілін, салт-дәстүрін, мәдениетін сыйлау мен құрмет тұту, ұлттық келісім мен ынтымақтастық рухында төзімділікке тәрбиелеуді мақсат етіп, адамгершілік-рухани байытуды көздейді.

Толеранттылық латын тілінен аударғанда tolerantia – шыдамдылық, өзге көзқарастарға, мінез-құлықтарға, әдеттерге төзімділік таныту, қолайсыз әсерлердің ықпалын бастан өткізе алушылық деген мағынаны білдіреді.

Белгілі педагог-ғалым В.С.Кукушин толеранттылық қалыптастырудың басты бағыттары деп төмендегілерді көрсетеді:

-Жалпы адамзаттық және азаматтық сезімдер мен сана қалыптастыру;

-Түрлі ұлт және дін өкілдерімен қарым-қатынас мәдениетін дамыту;

-Әрбір жеке басқа этникалық өзіндік ерекше көзқарастардың тән болуы табиғи құбылыс екенін ұғындыру;

-Әр халықтың да өз этнопедагогикасының болатынын және оның өкілінің оны құрмет тұтуы заңды құбылыс екенін түсіндіру;

-Оқу-тәрбие үрдісін, оқулықтар мазмұнын этнопедагогикалық, тарихи және мәдени құндылықтарға негізделген материалдармен байыту.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша оқушылар толеранттылығының қалыптасуының 4 деңгейі белгіленген:

-интолеранттылық деңгейі жоғары

-интолеранттылық деңгейі жоғары емес

-толеранттылық деңгейі жоғары

-толеранттылық деңгейі жоғары емес

Интолеранттылық деңгейі жоғары – басқа мәдениет өкілдерін саналы түрде түсінбеу және қабылдамау.

Ол сырт көрінісі басқа немесе өзге құндылықтар иелерінің тең құқықтылығын түсінгісі келмейді.

Интолеранттылық деңгейі жоғары емес – мәдениет өкілдерінің құқықтарын сөз жүзінде мойындайды, адамдардың діни, нәсілдік, мәдени, ұлттық ерекшеліктеріне қарамай тең құқықты өмір сүруі қажет деген ұстанымды айтады, бірақ сонымен қатар жекелеген әлеуметтік топтарға жағымсыз қатынасын ұстайды.

Толеранттылық деңгейі жоғары емес – мәдени плюрализмді мойындайды және түсінеді, түрлі әлеуметтік топтарға деген құрметпен келіседі, бірақ солай бола тұра, өз бетімен күнделікті өмірдегі, әсіресе жабық түрдегі мәдени дискриминация құбылысын көруге қабілетті емес.

Толеранттылық деңгейі жоғары – басқа мәдениетті, адамдардың басқа өмір салтына, өз көзқарастары мен құндылықтарын еркін көрсетуге деген құқықтарын мойындайды.

Бұл өзге мәдениетті қабылдау, мәдени ерекшеліктерге жағымды қатынас, кез келген мәдени дискриминацияға ерекше көңіл бөледі, басқа мәдениетпен өзіне қандай да бір пайдалы және құнды нәрселер таба біледі.

Алдыңғы қатарлы кейбір елдер қаншалықты демократиялы мемлекет болса да, әр ұлттың өркениеттік дамуында өзіндік ерекшеліктері, діні, ділі көрініс беретінін мойындағысы келмейді. Демократияшыл принциптерді арқау ете отырып, өзінің мәдени экспансиясын дамушы елдерге таңса, соған көндірсе, бұл толеранттылықтың теріс жағын көрсетеді. Бұл – бір қыры. Екінші негізгі қыры – толеранттылық сабырлылықтың, ұстамдылықтың, төзімділіктің мағынасын береді. Яғни терминнің өзі құлағымызға түрпідей естілгенімен, бұл – қазақтың қанында, бойында бар қасиет. Егер толеранттылықты біздің дәстүрлі қоғамдағы саяси мағынасына бұрсақ, Шыңғысханның өзі басқа діндерге, мәдениеттерге толеранттылық көрсеткен. Жаулап алған жерінде әркімнің өз мәдениетін өзіне қалдырып, дамытып отырған. Қазақ халқы – ықылым заманнан ислам дінін бойына сіңірген халық. Құранның сөзі, аяттар мен хадистер салт-санаға еніп кеткен. Мақал-мәтелдің көбі хадистердің мағынасымен бірдей. Ислам дінінде өзге ұлт өкілдеріне, діндерге төзімділіктің рухы басым. Исламның, Құран мен сүннеттің рухын қазақ халқының бойына сіңіргені соншалық – толеранттылық, сабырлылықпен қабысып жататын қасиет көп. Кеңпейілділігі, қонақжайлылығы, дініне, тіліне, нәсіліне қарамай сұхбатқа ашықтығы толеранттылықтың жан-жақты қырын ашып көрсетеді.

Әрине, халықтың 70 пайызға жуығы ислам дінін ұстанады дейміз. Бірақ православ дінінің рөлін де, басқа дін өкілдерін де теріске шығара алмаймыз. Әлемдік діндер қатарындағы Буддизм де, Христиан діні де өз ұстанушыларын мейірімге, жанашырлыққа, төзімділікке шақырумен ерекшеленеді. Мысалы: Буддизмді таратушы патша Ашок өзінің жарлығында былай деп мәлімдеген: «Өзге сенімді құрметтеген жөн. Сонда (адам) өз сенімін жеңісті етуге жол ашады, өзге сенімдегілерге де қолдау білдіреді». Христиан дінінің толеранттылықты қолдайтынына апостол Павелдің мына үндеуін келтіруге болады. «Егер өз тарапыңнан мүмкіндік болса, барлық адаммен тату болыңдар». Ислам дінінің қасиетті кітабы- Құранда, кітап иелеріне толеранттылық таныту керектігі жиі тілге тиек етіледі. Араларындағы ерекшеліктерге қарамастан ұқсастықтар бар екендігі алға тартылады. Араб халифатында христиандар әкімшілік аппаратында лауазымды орындарды иеленген.

Араб халифатының дәуірлеген тұсын, Алтын Орда, Осман империясын алсаңыз, толеранттылық болған. Бағдат, Шам, Каир, Бұқара, Самарқан қаласы әр алуан дінді ұстанатын өкілдер бейбіт қатар тұратын ортағасырлық мегаполистер болатын.

Адамның мәдени, ұлттық, діни тұрғыдан әр текті болуы – табиғи нәрсе. Толеранттылық – екі адам бір-бірінің пікірін тыңдай білуі. Міне «Дінтану» сабақтарында осы мәселені оқушылардың санасына жеткізе білуіміз керек.

Әлемдегі діндер тарихымен таныстырып, кез келген діннің жалпы адамзаттық құндылықтарды дәріптеу деген ортақ мақсатты көздейтінін, әркім өз дінін ұстануға құқылы екенін саналы сезіндіру қажет.

Бірақ осы кезде, Тәуелсіздік алған жылдары, жаңбырдан кейин қаулалаған саңырауқұлақтар сияқты, елімізде де түрлі діни ағымдар қаптап кетті. Балалар мен жастардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этно діни экстремизм мен түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдыларды қалыптастыру тәрбиенің міндеттері болып табылады. Діни экстремизм – осы заманға тән әлеуметтік қатерге айналды. Осыған байланысты өскелең ұрпақты қоғамда белең алған қауіп – қатерлерден құлағдар етіп отыру маңызды. 

Біздің елімізде сан алуан ұлт өкілдерінің діні мен салт-дәстүрін жаңғыртуға барынша жағдай жасалған. Осындай ынтымақты тірлікке дүниежүзінің көптеген елдері қол жеткізе алмауда.

Елімізде ұлтаралық татулықтың салтанат құруы – мемлекеттің негізін құрайтын қазақ халқының саяси мәдениетінің биік деңгейге көтерілгенінің белгісі. Біле білсек, толеранттылық – үлкен құндылық. Мұны тәуелсіздікке қол жеткізген 23 жылдағы маңызды жетістігіміз десек артық айтқандық болмас еді. Біздің басты мақсатымыз – барлық мүдделі орындар, ата – аналар, мектеп ұжымы болып, бірлескен іс – қимылымызбен жастарды еліміздегі дін бостандығын орнымен қолдануға, халқымыздың сан ғасырлар бойы ұстанған қалыпты діни сенім мен нанымына селкеу түсірмеуге, жастардың діни мұқтаждық, қажеттіліктерінің орнын толтыруда оларды дәстүрлі Ханафи мәзһабының артықшылықтарын терең түсінуге, мәдениетке, достыққа, бірлікке патриотизмге шақыру.




Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 01.10.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров409
Номер материала ДВ-023984
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх