Инфоурок Музыка Другие методич. материалыБаяндама "Өлке табиғаты,тарихы,өнері-музыка сабағында"

Баяндама "Өлке табиғаты,тарихы,өнері-музыка сабағында"

Скачать материал

         Өлке табиғаты,тарихы,өнері –музыка сабағында      

   Кез келген халықтың ғасырлар бойы жасалған мәдениеті болады.Мектеп оқушыларын елін, жерін,туған халқының тілі мен салт-дәстүрін,өнерін қастерлейтін саналы,парасатты азамат етіп тәрбиелеуде музыка пәнінің алатын орны ерекше.Осыған байланысты музыка өнері- отбасында да,мектепте де бала тәрбиесінің ең негізгі құралы.

    Қазақтың музыка өнерінде ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып,тарихи өмірі мен толғаныс-тебіреністерін үздіксіз жырлап келе жатқан ән-күйлері жөнінде мысалдар үнемі түсіндіріледі.Әр тақырыптың мазмұнын,бағытын ұғынықты етіп түсіндіруде мұғалімнің рөлі өте зор. Ән айту,музыка тыңдаумен ғана шектелмей,өмір шындығымен,қоршаған орта,тарих,өнер сияқты қосымша деректермен ұштастыру қажет деп ойлаймын.

   1.Табиғат –музыка әлемінде.

Оқушыларға «Отан-ана» тақырыбы мағынасын кең көлемде түсіндіреміз.Отан-әр адамның кіндік қаны тамып,туып-өскен жері,ата-бабамыздың туған атамекені,тарихи қасиетті тұрағы.

    «Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген адам басқа жердің алтын тасын да мақтап жарытпайды» деп академик Қаныш Сәтпаев айтқандай,туған жердің көрінісін бейнелейтін әндер мен күйлерді қамтитын сабақта өз өлкеміздің табиғатын аса мақтанышпен айта отырып, оқушыларды табиғатпен сырласуға,оны қорғауға,аялауға үйретемін.

Ғалымдар музыканың тіршілікке қандай пайдасы барын анықтау үшін мынандай тәжірибе жасапты:Гүл өсірілген бақтың бірінде үнемі жанға жайлы әуен ойнап тұрған, ал екіншісіндегі гүлдер музыкасыз жай тәсілмен бапталған.Тәжірибе қорытындысында ән тыңдап өскен гүлдер әдемі,сапалы болып шыққан екен.Демек, музыканы бүкіл табиғат ұнатады екен.Қарап тұрсаңыз,бізді қоршаған ортаның әрбір құбылысы,әрбір суреті тұнып тұрған саз емес пе! Мәслен, шегіртке шырылы,құстар әні, бұлақ сылдыры, жапырақ сыбдыры, т.б.

  Мысалы: Халық әні «Алатауды» үйрету сабағы.

Сабақтың мақсаты:Табиғат көрінісін әсем суреттейтін әнді үйрете отырып,қоршаған

ортадан әдемілікті сезіне білуге баулу.

 Сабақты бастар алдында өз өлкеміздің байлығы,ұлттық парк туралы қысқаша шолу жасап, ауылдағы үлкен апалардың өз жерін суреттеген мына бір ән шумақтарын айтып беремін:

                                              Біздің елдің жайлауы

                                   Жайлауы біздің елдің Маралқашқан,

                                   Жайқалған жапырағын әрең басқан.

                                   Майысқан қалың орман арасынан,

                                   Шарықтап марал,киік –аңы қашқан.

                                   Қаумышкөл,Далынтай көл біткен егіз,

                                   Маралкөл дәл тұсында үлкен теңіз.

                                   Науа мен Көкжотаны жайлап қайтсаң,

                                   Болады күзге жақын малың семіз.

                                   Таулары біздің жайлау ұзындаған,

                                   Салқын жел кешке жақын ызылдаған.

                                   Қатынның суын өрлеп жүріп кетсең,

                                   Мұзтаудың қары жатыр бұзылмаған.

   Бұл өлең жолдарын «Мұзарт» тобының орындауындағы Н.Ә.Назарбаевтың сөзіне жазылған «Үшқоңыр» әнімен салыстыра отырып,Венн диаграммасын қолданамын.

 Сонымен бірге жергілікті ақын,мектебімізде ұзақ жылдар ұстаздық еткен,қазіргі

кезде зейнеткерлік демалыста отырған Құмарбану Омарбекованың өз ауылы туралы жазған  өлеңін оқимын.

                                     Чернова үлкен ауыл,туған өлкем,

                                     Тауы да,тасы дағы бәрі көркем.

                                     Қалаға көшіп жастар кетіп жатыр,

                                     Не болар болашақта күнің ертең.

                                     Қолында қол шатыры Шабанбайым,

                                     Қан жайлау сенен артық таба алмаймын.

                                     Туған жер тарихыңды терең білсек,

                                    Түсінсек салт-санаңды барған сайын.

  Оқушылар жер-су, жайлау аттарын жақсы біледі.Қысқаша сұрақтар қойылып,әңгіме жүргізіледі.

  Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.Е.Хасанғалиевтің «Атамекен»,Н.Тілендиевтің «Құстар», А.Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай»,И.Нүсіпбаевтің «Жол жыры» әндерін, күйшілердің туған жерге арналған күйлерін тыңдағанда өз табиғатымызды айтып, оқушылар санасына әсер етуіміз керек.

 2. Тарих-ән өзегі.

   Тарих-өткеннің шежіресі,ата-бабаның ұзақ жолы. Қазақ халқының тарихы мен тұрмысында орын алған ұлылы-кішілі оқиғалардың қандайы болсын ұлттық ән мен күйлерінде көрініс тапқан.Отан, ел,жер туралы әндер үйренгенде ауыл, аудан, облыс тарихымен таныстыра кеткен жөн.

 Мысалы: «Қариялар азайып бара жатыр» әнін үйрену.

 Әнді орындап беремін де,сұрақтар қоямын: «Өз ауылымыздағы,ауданымыздағы ардагерлер кімдер?», «Олардың өмір жолдары туралы не білесіңдер?»,т.с.с. Сұраққа жауап алынған соң,осы кісілердің өмір жолдарының өзі тарих екенін ұғындырамыз.Әлем таныған әнші Б.Төлегенованың Катон ауылында тұрғандығын,Берел ауылының азаматы әнші Р.Елубаев, Ақмаралдық әнші –сазгер Д.Қабдолов,әнші Е.Жақияров,айтыскер ақын Т.Әзілханов, «Азия дауысы» байқауында үшінші орын алған «Жерұйық» тобы туралы көптеген мағлұматтар беріледі.

    Айтыс өнері жүйріктікті,білгірлікті,ел тарихын білуді керек етеді. Айтыс тақырыбын өткенде мынадай тапсырмалар беріледі:»Жер-су,ауыл, аудан аттарынан сөйлеп, айтар ойыңды мысал арқылы білдір» Табиғат, туған жер жайлы әндер орындап, тыңдағанда өлке тарихы туралы мәліметтер жинап, шығарма жазуға тапсырма беремін. Бұл оқушыларды ізденімпаздыққа, ойлай білуге жетелейді.

  3. Өз өлкеңнің өнері.

 Өнерді түсінуге әрекет ету адам жанына қанағат сезімін тудырады.Өнер туындыларына қарай отырып,өз ойларын жеткізеді,көңіл аударады,өзін қызықтыратын деректер іздейді.

Аспаптарды таныстыру бөлімінде оларды ойнап көрсету не суреттері арқылы таныстырылады.Мен осы сабақта Чернова ауылында туып өскен әнші,домбырашы,суретші Жақияров Байғажының өз қолынан жасаған домбырасын оқушыларға көрсетіп,өзімен кездесу ұйымдастырдым.Ол кісі күй шертіп,ән айтып берді.

  Қорыта айтқанда,музыка сабағы мен өнер апталығын өткізу оқушылардың қабылеттерін ашып,білімдерін нығайтуға,әдемілікті сезінуге көп әсерін тигізеді.

 

 

 

 

  

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Өлке табиғаты,тарихы,өнері-музыка сабағында""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий филиалом музея

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 539 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.01.2016 977
    • DOCX 48.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Темиргалиева Гульден Малгажиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 59096
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания электромузыкальных инструментов и компьютерной музыки в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Музыкальный менеджмент: стратегии успеха и профессиональное развитие в бизнесе

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Музыковедение

Музыковед

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Figma: основные принципы дизайна и композиции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 34 регионов

Мини-курс

Психология общения: эффективное общение и решение конфликтов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 481 человек из 67 регионов

Мини-курс

Управление рисками в бизнесе: анализ, оценка и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Восстановительные и медиативные практики в профилактике кибербуллинга

Перейти к трансляции