Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Обществознание / Другие методич. материалы / Баяндама "Ұлттық ойындар" открытый урок

Баяндама "Ұлттық ойындар" открытый урок

  • Обществознание

Поделитесь материалом с коллегами:

Математика сабағында ұлттық ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушыларды ата-салт дәстүріне тәрбиелеу.


Калиева Есенгуль Жаныбекқызы

Ақшұқыр мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі

Ақшұқыр ауылы


Мақсаты: Оқушыларға ұлттық ойын элементтерін математика сабағында меңгерту арқылы халқымыздың салт- дәстүрін дәріптеу және жеке

тұлғаның ойлау дағдыларын жүйелеу арқылы тапқырлыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту , таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру

Ойын дегеніміз- адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиялына қанат бітіретін ғажайып нәрсе.

Ойын- адамның өмір танымының алғашқы қадамы.Ойын өмірде ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық меңгергенше жалғасады. Ал, оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі.Адамның ойын әрекеттерінің формалары мен әдістері және мазмұны қарапайым сылдырмақтар мен қозғалыстар жасаудан, бірте-бірте фантастикалық шындық деңгейіндегі видеокомпьютерлік ойынға дейін ауысады.

Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский:”ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы.Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады”,-деген.Ойын баланы қимылға, әрекетке, денешынықтыруға төселдіреді. Сол арқылы өмір күресіне, еңбекке баулиды.Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.Ойындар баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі.

Ұлттық ойындар мазмұн жағынан да мәнерлі әрі түсінікті.Ұлттық ойын элементтерін сабақ барысында қолдану оқушыларға халықтық салт-дәстүрі мен тұрмыстық шаруашылық еңбегінен түсінік береді.

Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты, байсалдылықты т. б. мінез-құлықтың ерекшеліктерімен бірге күш-қуат молдылығын, білек күшін, дененің сомданып шынығуын қажет етеді. «Ақсүйек», «Орда» ойындарындағы ерекшелік олардың түнде ғана ойналатындығында емес, бұл ойында болашақ жауынгерлерге қажетті қасиеттер: қырағылық, байқағыштық барлау жасау үшін түнде жерді айыра білуге, бағытты дәл табуға жаттығады

Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Осындай құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлт ойындары. Жастарды жаңа заманға сай тәрбиелеу үшін, ұстаздар қауымы оқу – тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін қолданып жатыр. Сондай әдіс – тәсілдеріміздің оқу – тәрбие негіздерінің бірі ұлттық ойын және тәрбие.. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз өспек емес. Бала отбасы тәрбиесі және өзін қоршаған ортамен тығыз араласа отырып ана тілін үйренеді. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балаларға
математиканы оқытудың тиімді әдістеріне ерекше мән бердім. Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға, тез жылдам сөйлеуге жаттықтыруға ұлттық ойындар бірден – бір таптырмайтын құрал.

Мысалы: Мен бірінші сыныпта балаларды қимылдату мақсаты мен халық ойыны «Қуыр, қуыр,қуырмашты» сабағымда пайдаландым.Оның шарты: Бірінші бала бас бармақтан бастапшынашаққа дейін бір рет саусақтардың атын түгел айтып береді. Сөйтіп, бар саусағын жұмып тұрып, екінші бала кез – келген саусағының атын атайды. Бұл ойын балалардың тілін жаттықтырып, есте сақтау қабілетін жетілдіре түседі және тура ,кері санау дағдыларын дамытады. Жұмбақ шешу ойынын жарыс түрінде өткізуге болады. Жұмбақ
ойыны балалардың өздігінен ойлауына мүмкіндік береді. Оларды дерексіз ойлаудан нақтылы ойлауға жетелей түсемін.Бірінші сыныпқа келген балалардың кейбір әріптерге барлығының бірдей тілі келе бермейді. Бұл кезеңде нағыз көмекші ұлттық ойын элементтері болып табылады. Бұл мақсатта ежелгі халық ойыны жаңылтпашты ұтымды пайдалануға болады. Жаңылтпаштардың тіл дамытуда, сөзді таза сөйлеп, ширақ айтуда пайдасы көп.
Математика сабағында «аз», «көп» ұғымдарын баланың зердесіне ұялату оңай нәрсе емес.Ал оны қарапайым халық ойынының негізінде түсіндіре бастасаң, ол онша қиындық келтірмейді екен.Бірінші сыныпта математиканы оқып үйрене бастағанда оқушылардың түсінігін жеңілдету үшін «санамақ» ойынын ойнату тиімді екенін ұқтым.

Ұлттық ойындарды үнемі пайдалану арқылы мен 1-ші сыныпта оқушылардың ауызша есептерге жаттығуына, логикалық ой жүйелерін жетілдіре түсуіне толық мүмкіншілік бердім. Олардың қатарына халықтың байырғы ауызша есептерін, халық ойындарын жатқызуға болады. 
Атап айтқанда: «Қай қолымда», «Сөз мәнісін байқаңыз», «Өзім де құр қалмаймын» т.б.
Мысалы: «өзім де құр қалмайын» ойыны. 
Жексенбі күні еді. Атамның үйіне немерелері келді. Атасы олардың алдына бір табақ алма қойды. Немерелері атасына алманы бөліп беруді өтінді. Алманы бір – бірден берсе біреуі ауысып қалады, екі – екіден берсе жетпейді. Сонда неше алма, неше немере болған?
Жауабы: 3 немере, 4 алма.
«Сөз мәнісін байқауың» ойынын алсақ мысалы:
«Бір үйде әкесі баласымен және атасы немересімен отыр,» осы үйде неше адам отыр?
Жауабы: 3 адам
Бастауыш сыныпта ойынды пайдалану арқылы есептер шығарумен қатар есептеп шығару барысында құрғақ шығарумен шектелмей оның тәрбиелік мәнін ашып түсіндіруді қажет етеді.
Мысалы: 2-класс математикасындағы кейбір есептерге тоқталар болсам, 17-беттегі №3 есепте сурет бойынша есеп құрастыр және шығар деп тапсырма берілген.
Бұл суретте:
Саба – 10л
Торсық – 4л
Оның тәрбиелік мәнін былайша әңгімелеп, түсіндіріп өтер едім.
«Қазақ халқының ыдыс аяғы тұрмыстық әр түрлі көлемде болады да, әр түрлі мақсатта қолданылады».
Саба деген – үлкен ыдыс, оны сиыр немесе жылқы малының терісінен жасайды, көлемі сыртқы пішіні конус тәріздес болып келеді. Оған 100л-ге дейін қымыз сияды. Жоғары жағынан піспек жасап ішіндегі қымызды пісіріп отырады. Жетісіне бір рет ішін жуып тазалайды. Сабаны керегеге іліп қояды.
Торсық – қозының терісінен жасалған ыдыс3 – 4л сусын кетеді. Оның ішінде сақталған сусын температурасы бір қалыпты болып тұрады.Кәдімгі пластмасса ыдыстарда сақталған сусын ашып, дәмін жоғалтады.Ал мал терісінен жасалған бұл ыдыс түрлерінде тағам ашымайды және емдік қасиеттерін жоғалтпайды. Сондықтан оны жолаушылар, малшылар аттың қанжығасына байлап жүреді. «Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас» - деген мақал – мәтел бар.
Сонымен қатар, Тәулік жыл ғасыр тақырыбын өткенде біраз тәрбиелік мәні бар әңгіме жүргізуге болады.
Мысалы, жылдың қазақша атауы бар екенін ескеріп былайша үйретемін:
Тышқан жылы – тыныштық. 
Сиыр жылы – сыйлық.
Қоян жылы – қашбалы.
Жылан жылы – жайлы.
Ұлу жылы – үлгілі.
Қой жылы – құтты.
Мешін жылы – мейірлі.
Тауық жылы – табысты.
Ит жылы – игілік. Доңыз жылы – дүниелі

Одан кейін есепті шығаруға кірісіп балаларға ата-бабамыздан келе жатқан ыдыс түрлерін, жыл атаулары туралы тәрбиелік мәні туралы мағлұмат беріліп отырды.Математика сабағында ұлттық ойын түрлерін пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыра түсуге қолайлы мүмкіндік жасайды. Математика сабағында ұлттық ойын элементтерін қолданудың түрлі жолдары бар.Мысалы ойын сабақтың басында, не ортасында, не соңында қолданылуы мүмкін.Ойынды сабақтың басында қолдану жаңа сабаққа немесе сұралатын үй тапсырмасында оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді.Егер ойынды сабақтың ортасында қолданатын болсам онда менің мақсатым- оқушылардың көңіл күйлерін сергіту, шаршағанын ұмыттырып, ерік-жігерін дамытады. Осындай мақсатта 3-сыныпта “ ондықтар мен жүздіктерді бір таңбалы санға көбейту және бөлу” тақырыбын өткенде “Қуалап соқ’’ ойынын қолдандым.Бұл оқушыларды шапшаң ойлауға дағдыландырады.Алғашқы ондық, жүздік көлеміндегі сандарды көбейту, бөлуге байланысты есептер шығарып, амалдар қолданған кезде балалармен көп жұмыс істеп, сандарды үйретумен бірге оқушыларды өз бетімен есеп құрауға жаттықтырып отырдым. Сонымен қатар ұлттық ойындарды матаматикада оқушылардың ауызша жеткізу сауаттылығы мен біліктілігін дамыту үшін пайдалануға болады.Ұлттық ойындар –ата-бабалардан бізге жеткен “Ханталапай” ойынын топтық жарыс түрінде сабағымда пайдаландым. 
«Бәйге» ойыны. Ойынның шарты: Ойынға бірнеше адам қатысады. Арнайы карточкадағы салт дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беру арқылы бәйтерек баспалдақтарымен көтеріле отырып, бәйтеректің ұшар басына шығуды мақсат етеді. Баспалдақтан бастап бәйтеректің ұшар басына дейін 10 сұраққа жауап беруі керек. Сұрақтарға дұрыс жауап берген қатысушы жеңімпаз болады.

Аламан бәйге. Мұнда жүйрік, жарыс аттар 25-100 шақырымдық қашыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен мерекелерде жарияланады

Мақсат қою:Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәлім, тәрбие табар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға-сол алда, - дегендей жарыс түрінде өткізілетін сабағымызды бастаймыз.
Оқушыларды
3-топқа бөлемін: «Тапқырлар», «Білгірлер», «Ойшылдар».1-тапсырма: «Ханталапай» ойыны.
Талапай-ау талапай,
Табылды ойын алақай!
Асықты алға шашамыз,
Талапайға басамыз, - деп асықты шашып жіберемін. Оқушылар шашылған асықты жинап алады да әр оқушы өзінің қолындағы асығын топпен қосыла санап шығады. Асықтардың саны аяқталған соң, салыстыру жұмысын жүргіземіз.
2-тапсырма: «Ақсүйек» ойыны.
Ойынның шарты: Тақтаға ақсүйектер жапсырылады. Бір бала көзін жұмады да ақсүйектің біреуін алады. Артында жазылған санға байланысты санамақ айтады.
3-тапсырма: «Орамал тастамақ» ойыны.
Шарты: санның алдыңғы және артқы көршісін табу. Тапқан бала келесі баланың алдына орамал тастайды.
4-тапсырма: «Теңге ілу» ойыны.
Шарты: Тақтаға теңге ілінеді. Теңге алу үшін бір жаңылтпаш айтып беру керек.
5-тапсырма: «Неше аяқ» ойыны.
Шарты: Мараттың үйінде әкесі, шешесі, бір інісі, апасы бар. Мараттың тұрғындарының аяқтарының саны нешеу?
дүниенің қыры мен сырын егжей – тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жеткізіп отырдым.
Ұлттық ойындар, ұлттық тәрбие ата – бабамыздан бізге келіп жеткен өткені мен бүгінді байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Оны үйренудің, өмірде күнделікті тұрмыста пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде алатын орны зор
Ұлттық ойындар – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, сондықтан оны күнделікті сабақ үрдісінде пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор екендігі сөзсіз. Мысалы, «Сақина тастау» ойынын көбінесе, үй тапсырмасын сұрағанда, жаңа тақырыпты пысықтағанда, сабақты қорытуға пайдаланып келемін. Онда ең алдымен ойынның негізгі шартын түсіндіремін де оған аз ғана өзгертулер енгіземін. Одан әрі «түн» деп бұйрық беру арқылы балаларды «ұйықтатып», сол кезде олардың алақандарының арасына алдын-ала сұрақтар жазылып, сақина тәрізді дөңгелектелінген түрлі түсті қағаз «сақиналарды» салып шығамын. «Күн» дегенде оқушылар оянып, менің сұрақтарыма жауап береді және жауап әр түрлі сақиналармен белгіленіп, өздеріне үлестіреді: ақ, қызыл сақина бағасы – 5; сары, ашық көк, ашық жаcыл басқа «Көкпар», «Бәйге», «Сиқырлы қоржын», «Асық» тәрізді түрлі ұлттық ойындарды сабақ барысында жаңа материалды түсіндіргенде, оны қайталап пысықтауға, бекітіп қорыту кезінде жарыс тү сыл – 4; қоңыр, қою жасыл, қою көк – 3; қара түсті – 2.Бұдан рінде өткізуге болады. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың танымдық, тәрбиелік маңызын арттырып, баланы зеректікке, білгірлікке, батылдыққа, сөз әсемдігін сезінуге, шапшаңдыққа, ептілікке баулып, бабаларымыздан мирас болып қалған рухани асыл қазыналарды құрметтеуге үйретеді, эстетикалық мәдениетін қалыптастырады.Ұлт ойындарын тек ойын деп қарамай, халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған жөн. Өйткені ойын баланың дүниені танып білуге қадам жасар алғашқы басқышы. Егер баланың алғашқы өмір кезеңінде тікелей айнала қоршаған ортамен байланысын, адамдармен, жолдастарымен қарым-қатынасын елеп ескермей, өмір тәжірибелерінен қол үзгізіп, бірден өзіне бейтаныс дүниеге көшуге мәжбүр етсек, олардың психологиялық дамуына кері әсер етуі әбден мүмкін. Оның үстіне бұл тәрбие үрдісінде жақыннан алысқа, жай нәрседен күрделіге, жеңілде лқының ұлт ойындары жеке адамдарды ғана тәрбиелеу құралы емес, ол бүкіл қоғамдық ортаны өз соңынан ертетін ұлттың азаматын тәрбиелеп, үлгі берерліктей әлеуметтік орта моделін жасаушы ретінде күрделі қызмет атқарған. Ұлттық ойын арқылы жеке тұлғалар қалыптасып, шыңдалып халыққа танылған, сол арқылы өмірге жолдама алып, ел ішінде танымал адамдарға айналған. Қазіргідей арнайы мамандық беретін оқу орындары болмаған кезде ұлт ойындары халқымыздың өз ұрпағын тек ойын-сауықтарға бәсекеге түсіп, жеңімпаз атанып, жүлде алу үшін ғана емес, ата жолын қуып, өзінен бұрынғы дәстүрлерді жалғастырып, өз жұртында бар өнерді меңгеріп, игеруге, шаруашылық жүргізу қолынан келетін, ел қорғауға жарайтын батыл да өжет, шапшаң ұрпақтарды тәрбиелеудің өзіндік жүйесін өмірге әкелген. Ұлттық ойын элементтерін сабақтың барысында пайдалану оқушылардың білімді қабылдау қабілетін нақтылап, мазмұнын оқушы санасына жақындатады.Ойын әрекеті өзіндік әрекет. Педагогикада өзіндік жұмыс өз алдына жеке тұрып, оқыту ұстанымы бола алмайды. Ал баланың ойын үстінде өзін -өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген құмарлығы, шынығуы, шындалуы, оның ақыл-ойы, дене еңбегіндегі белсенділігін арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік қайратын шындайды, алға қарай ұмтылысын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде оқушының өз бетімен дербес белсенділігі, қажетсінуі өсіп, нақтылы қажеттілікке ұласады. Атап айтқанда, білім алудағы оқушы белсенділігімен білімді игеруге деген саналылық ұстанымы оқушы дербестігін туғызып, өздігінен оқу, білім алу дағдысын қалыптастырады.Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді  ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткіздім.Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды. Бастауыш мектеп оқушыларының математика пәніне қызығушылығын түсінікті, қызықты образды халық «тілінің» көмегімен игерту қажеттілігі туындап қалыптастыру үшін қазақ халық педагогикасы идеяларын өз кезегінде ұтымды қолданудың маңызы зор. Бала дүниетанымы еліктегіш, сенгіш келгендіктен, математика сабақтарында халық педагогикасының идеяларын ұтымды қолдану айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, жетілдірілу жолдары міндеттеліп жатқан еліміздің білім беру жүйесінің жаңа мақсаттарынан туындап отырғанадамгершілік қарым-қатынас мәдениеті мен құндылықтарға жетелейді.Қазақ халқының математикалық білімінің құндылығы – оның қолданысының басымдығында.Қазақ педагогикасының математикалық астарларына үңілер болсақ, олар біресе жұмбақ, біресе өлең, біресе ұйқас табу, ертегі, ойын, біресе мақалдап сөйлеу, біресе ертегі, біресе даналық ой түрінде беріліп жатады. «Математикамен бала күнінен айналысқан адамдар өзінің ілтипатын дамытады, миын еркін жаттықтырады, көздеген мақсатына жеткізетін жігер мен табандылықты қалыптастырады». Десек те, математика оқушының ақыл-ойын өзінен-өзі тәртіпке келтіреді деуден аулақпыз, оқытудың бағытын, оқытудың тәсілдерінің тиімді жүргізілуінің алғы шарттарына негіз демекпіз. Математика сабақтарында халқымыздың ұрпақ тәрбиелеудегі өмір тәжірибесінен, салт-дәстүрлерінен, шаруашылық жүргізу тәсілдерінен, ұлттық табиғи, экономикалық, экологиялық ерекшеліктерді тиімді қамтып отыру, математикалық білімнің өзіне тән: ақыл алғырлығы, зерттеу ынталылығы, заңдылықтарды табуға қызығушылығы, дәлелдеуді логикалық ой тұжырымы арқылы іске асыруы, дедуктивтік ой қорытындылауы, жалпылама және ықшамды пікір айтуға ұмтылуы сияқты сапалы сипаттамаларының басымдылығына ықпал етуімен қатар дамытуға қозғаушы күш береді. Осы арқылы математикалық ілім-білімге тән ынталылық, қызығушылық, логикалық ойлай білу, ықшамдылық, сапалылық қалыптасады.Негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылады»,- делінген .Демек, осы тұжырымдаманы негізге алатын болсақ, оқушылардың өн бойында білім, білік, дағды әрекеттерін қалыптастыру негізінде саналы, сапалы ұрпақ тәрбиелеу, оның бойындағы адами қасиеттер мен тұрақтылықты қалыптастыру – қазіргі білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі болмақ. Бұл қағидаға сәйкес ғасырлар бойы адамзатпен бірге жасасып келе жатқан мол танымдық мүмкіндігі бар халықтық педагогика ұғымдары ерекше рөлге ие. Халықтық педагогика идеясын қалыптастыру мақсатында құнды әрі соны пікірлердің негізіне үңіліп, рухани тамырларға тереңдеу қажет болады.Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді.Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше математика сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтастырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді.Оқушының сөздік қорын байыта түседі. Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану, біріншіден оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.


Пайдаланылған әдебиеттер: .

1. Бастауыш сыныпта оқыту барлық пәндер бойынша,2012 №3

2. Бастауыш сынып әдістемесі, 2014,№1


















.






Автор
Дата добавления 08.11.2015
Раздел Обществознание
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров363
Номер материала ДВ-134382
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх