Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / Баяндама "Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптардың деңгейі"

Баяндама "Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптардың деңгейі"


  • Директору, завучу

Поделитесь материалом с коллегами:


Тақырыбы: Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптардың деңгейі

Ұстаздық – киелі, әрі өте көне мамандық. Адамзатты ежелден ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да, қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе-жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл қиынның-қиыны. Себебі әр адам-қайталанбас жеке тұлға. Әр адамның жан дүниесі өзінше бір әлем. Уақыт озған сайын қоғамдағы саяси-әлеуметтік қарым-қатынас дамыған сайын бүкіл дүние жүзінде ұстаздың қызметі қиындай түсуде. Ұстаз алдындағы басты міндет - ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдениетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, құқықтық құжаттық мəдениетті, жан-жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тəрбиелеу.

«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. ХХІ ғасыр - қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр – марғаулықты көтермейтін ғасыр. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр дара тұлғаның тағдыры біздің қолымызға аманат ретінде тапсырылып отыр. Аманатқа қиянат жасамау-халқымызыдың ізгі ұлылық дәстүрі.

Елбасымыздың халыққа жолдауындағы білімі мен білігі жағынан  шет елдегі замандастарымен бәсекеде  жеңілмейтін, рухы кемел қазақстандықтардың  жаңа ұрпағын тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері хақ.

Жаңа формация мұғалімі дегеніміз - «рухани-шығармашылық тұрғыдан дамыған, кәсіптік біліктілігімен, педагогикалық дарындылығымен және жаңалыққа ұмтылысымен танылатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары тұлға»

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше артықшылығы - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын терең меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлғалық құзыреттілігі.

XXI ғасыр   мұғаліміне қойылатын талаптар зор. Мұғалім өзіндік жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін, жігерлі тұлға зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті көп оқитын, көп білетін, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана алатын оқушының  өз бетінше білім алуына үйрете алатын болуы керек. Қазіргі мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейіміділік, сараптамалық қабілеттері болуы тиіс.

Әр ұстаз – ХХІ ғасыр педагогына сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек.

Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де «ХХІ ғасыр оқушысы қандай болу керек?» «ХХІ ғасыр оқушысының мұғалімі қандай болу керек?» деген үш мәселе алдыда тұр. «Біз әлде де ешкім қоймаған мәселелерді шешу үшін әлі пайда болмаған және бізге әзірге қолжетімсіз ақпарат ресурстарын қажет ететін мамандықтарды дайындаймыз» деп білім және ғылым министрі Аслан Саринжипов айтқандай, әлемдік өркениетке сай сапалы білім беру және ақпараттық интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, үнемі даму үстінде болатын, жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, сыни тұрғыдан ойлай алатын тұлға қалыптастыру болып отыр. Қазіргі таңда заман талабына сай пән мұғалімі ғана болу аз, мұғалім - ұстаз, иноватор, иннотехник болуы тиіс. Мұғалім өзі иннотехник дәрежесіне көтерілу үшін инновациялық технологияларды меңгеру керек. Сабақ ұстаздың көп ізденуінен, көп еңбек етуінен туатын педагогикалық шығарма.Сабақ үстінде небір күрделі қиындықтар, әр түрлі ситуациялар кездеседі. Шебер ұстаз соның бәріне төтеп беріп, ешқандай әрекетке жол бермей, сабақ үрдісін түрлендіріп отыруы керек. Қазіргі қоғамдағы мұғалім – жеке көзқарасы бар, соған қарай жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық, шығармашылық қасиеті бар, әрі оқушысын осы қасиеттері арқылы өз бетінше оқып, ізденіп кеңейтілген білім алуға үйрете алатын маман болуы керек. Яғни, «Оқушы дайын білімді игеруші» түсінігі орнына «адам – шындықты танушы тұлға» түсінігін қалыптастыруы керек. Ол үшін мұғалім оқытуды өзектілендірудің мынадай әдістемелік тәсілдерін білуі тиіс.

● мұғалім оқушыны өз тақырыбы бойынша қайшылыққа әкеліп, оны шешудің жолдарын табуды өздеріне ұсына алуы;
● қайшылықты практикалық іс-әркетте көрсете білуі;
● бір сұрақты жан-жақты қамтитын бірнеше жауаптар ұсына алуы;
● құбылысты әр түрлі позициядан қарастыруды тапсыруы;
● мұғалім оқушыға ұқсастықтар мен қайшылықтарды өз беттерімен салыстыруға, қорытуға, түйіндеуге жағдай туғызады;
● нақты сұрақтар қояды;
● тапсырмаларды бірігіп орындайды.

Әлемдік білім саласында болып жатқан өзгерістерден жырақта қалмай, жаңғыртып отыру үшін ұстаздар қауымына арнайы ұйымдастырылған «ІІІ базалық біліктілікті арттыру» курсынан  мен де өттім. Курс барысында 7 модульге негізделген жаңа әдіc-тәсілдермен таныстық, талқыладық және курстың ІІ кезеңінде өз тәжірибеме қолданысқа енгізіп, оның тиімді жақтарын байқадым. Еліміздің мектептеріндегі шешімін таппаған мәселелердің бірі – бағалау процесі. Мұғалім үшін де, бала үшін де, ата-ана үшін де қиын, егесі көп мәселе болатын.... Ал курстан бұл мәселе өз шешімін таба алатынына көзім толық жетті. Оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау модулі мен үшін жаңалық болмаса да, осы курс нәтижесінде бағалауға деген мүлдем жаңа көзқарас қалыптасты десем, қателеспеймін. Балаларды ынталандыруда тәуекелге барып, оқушылардың жауаптарын жоққа шығармай, сол қателерін өзіне түзету арқылы оқыту қажеттігін, бағалау критерийлері арқылы әділ бағалауға қол жеткізудің мұғалім үшін де, оқушы үшін де тиімділігін ұғынып, оқып келгеннен кейінгі уақыт ішінде  бағалау түрлерін өз тәжірибемде пайдаланып, оң нәтижелерге қол жеткізуге болатындығына көз жеткізіп келемін. Ол үшін оқушыны өзін-өзі бағалауға үйрете алсақ, ол үшін бағалау кретериилерін өзіміз дұрыс құра алсақ болғаны. Әрине алғашында балалар өздерін жоғары бағаласа, уақыт өте келе өз қателіктерін түсінетін болады. Оған сыныптастарының да бағалауы да әсерін тигізеді. Бағалау процесі арқылы баланы әділдікке үйрете отырып, адалдыққа тәрбиелейміз, ал қазіргі заманда біз үшін әділдіктің орны ерекше болып тұр. Сонымен қатар ата-ана тарапынан, оқушы тарапынан болатын неге?-деген сұрақтардан құтыламыз.

Жүйелі жоспар, нәтижелі сабақ, шығармашыл - ізденімпаз ұстаз ұйымдастырған жұмыстың нәтижесінде шығармашыл тұлға жаңалыққа бейім болып, қазіргі әлеуметтік сұранысқа сай, өздігінен ғылыми ізденістер мен зерттеулер жасайтын, өзін - өзі дамытатын, белсенді әрекетке түсе білетін, тез шешім қабылдайтын, жүйелі түрде өзіне - өзі баға беріп, рефлексия жасап отыратын, мәдениетті, эрудициясы жоғары, эстетикалық талғамы бар білімге, өнердегі жаңалықтарға қызығушылығы басым, шығармашылықпен өзін - өзі үздіксіз дамытып отыратын шәкірттер тәрбиелей аламыз.

Осындай шәкірттер тәрбиелеу үшін мұғалім тұлғасына қойылатын бірнеше талаптарға тоқтала кетейін: 

Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды. Өз ісін жетік біліп табанды жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады. Ондай мұғалім әрбір күніне есеп беріп отырады, азаматтық ар – ожданын үнемі қорғай алады.

Екіншіден, педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек. Дүние жүзінде ғаламадану үрдісі жүріп жатқандықтан, ақпараттық ағыны көбейді. Мұғалім қай пәннен сабақ бермесін, ол баланы өмірдің әр саласына қатысты кез келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек.

Әр мұғалімнің педогогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс. Психологиялық басты заңдылық «Адам өзінің шығармашылық өзгерушілік қызметі арқылы адамдармен қарым – қатынас жасайды және жеке ойлау қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасады» дейді.К өп білу үшін көп оқу, тоқу керек. «Интернет» жүйесін меңгеру қажеттігі туындайды.

Үшіншіден, міндетті орта білім беру, стандартты оқулықтарды пайдалану, ақпараттардың көбеюі, т.с.с мұғалімнің білім берудегі жетекші ролін жойды. Енді білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулу міндеті тұр. Өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды. Жан – жақты даму үшін осы салада мұғалім ғана көмектесе алады.

Төртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейімділік сараптамалық қабілеттер мен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп–салдарын анықтай білуге де бейім болуы шарт. Соның негізінде күрделі жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жету мүмкін.

Бесіншіден, мұғалімнің адамгершілік, саяси идеялық ұстанымы жұмысында көрініс тауып, ол ұстанымда бала тәрбиесіне негіз етіп алуы шарт. Қысқасы, бала ықпал ету обьектісі емес ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға айналуы қажет.

Жаңа формация оқушысын дайындау үшін жаңа формация мұғалімі мына жайттарды өзінің басты кредосы реінде ұстануы тиіс:

Мен неге оқыту керек екенін білемін;
Мен не нәрсені оқыту керектігін білемін;
Мен қалай оқыту керектігін білемін; 
Бұл білімнің адамдарға керек екенін білемін;
Мен адамдардың менің жұмысыма риза екендігін білемін;
Мен жұмысымның қоғамға пайдалы екендігіне сенемін.

Бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз бен жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Сондықтан, бізге ой өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,

Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.

Шаршаса да осы жолдың бойында,

Қандай рақат, шын бақытын тапса адам.




Автор
Дата добавления 05.12.2015
Раздел Директору, завучу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1251
Номер материала ДВ-229740
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх