Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Баяндама "Математика сабағында жаңа оқыту технологияларын пайдаланудың тиімділігі"

Баяндама "Математика сабағында жаңа оқыту технологияларын пайдаланудың тиімділігі"

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:


Кіріспе


Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы білім беру қызметіне жаңа педагогикалық міндеттер жүктейді. Оның ішінде орта білім беру жүйесінде:

- оқу процесін автоматтандыруды енгізу;

- оқытудың мазмұнын жаңарту;

12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын жаңартумен қоса жүзеге асыру және 12 жылдық оқыту жағдайында білім беру ұйымдарында оқу әдістемелік қызметтің моделін әзірлеу міндеттелген. [1. 3-4]

ҚР «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау керек» деп атап көрсетілген.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауында «Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетуге педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап ететіндігін көрсетеді. Демек, заман талабына сай бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуде, оқушыларға қажетті білімді меңгертудің тиімді жолдарын, әдіс-тәсілдерін талмай іздеу-әр ұстаздың міндеті.

Әрбір педагог өз жұмыс тәсілі мен формасын, өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, оқушылардың білімін жетілдіру бағытында жұмыс істеуі керек. Осыған байланысты әртүрлі әдістерді (оқытудың жаңа технологияларын) қолданудың қажеттілігі туындайды.

«Оқыту технологиясы» - алға қойылған мақсатқа ең тиімді жолмен жетуде оқу жоспары бойынша оқыту мазмұнын жүзеге асырудағы әдістер мен құралдар жүйесі. Бұл термин оқу үрдісінің барлық саласына техникалық құралдарды және бағдарламалап оқыту әдістерін пайдалануға байланысты анықталды. Бұл бағытты кейде «білім саласындағы технология» немесе «оқыту технологиясы» деп атайды.

Оқыту технологиясын зерттеуде отандық белгілі педагог ғалымдарымыз Ж.Қараев, Т.Галиев, Г.Нұрғалиева, Ә.Мұханбетжанова және т.б.зор үлес қосты [2. 5-6]

Зерттеу мақсаты: педагогикалық ғылыми әдебиеттердегі оқыту технологиялары туралы ой-тұжырымдарды жүйелеу, оқыту технологияларының мәні, маңызы туралы түсінік беру. Оқыту технологияларын тиімді қолдану маңызын көрсету.


2.1 Оқыту технологияларының мәні, мазмұны.


Қазіргі батыстағы педагогикалық әдебиеттерде білім беру саласындағы технологияны белгілеу үшін «an educational technology» ұғымы қолданылады, оны дәстүр бойынша «білім беру технологиясы» деп аударып жүрміз. Осы ұғым ғана мейлінше аясы кең, білім берудің түрлі салаларында «басқаруда, материалды жабдықтауда, қаржыландыруда, біліктілікті арттыруда, кадрлар даярлауда, түрлі оқыту мекемелеріндегі оқыту процесінде және т.б.) қолданылатын кез-келген технологияны сипаттай алады.

Білім берудің технологиясына - оқытудың техникалық құралдары, білім беруде қолданылатын ақпараттық технологиялар қашықтан оқыту да жатады.

Оқытудың технологиясы - оқыту іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері мен құралдарын ұйымдастыру және қолдану теориясы.

«Технология» ұғымы грек тілінен енген екі сөзден тұрады: «техне»-өнер, шеберлік және «логос» - білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіреді. Сондықтан, «технология» терминін қазақ тіліне «өнер туралы ғылым» немесе «шеберлік» туралы ғылым деп аударуға болады. Бұған пәндік саланы сипаттайтын терминді қосамыз да кез-келген нақты технологияның мәнін айқындаймыз.

Қазақстандық білім беру жүйесінде қолданысқа енгізіліп жатқан арнайы техникалық ақпараттық құралдар негізіндегі жаңа технологияларды атап айтатын болсақ, олар: интерактивті тақта, интернет ресурстарымен жұмыс, сандық білім кеңістігін құру, дербес мультимедиалық кітапхана, қашықтан жүргізілетін сабақтар, диспуттар, конференциялар, тренингтер, іскерлік ойындар және т.б. Педагогикадағы жаңа технологиялар, ең алдымен, түпкі нәтижеге бағдарланған, яғни оқу үрдісін ұйымдастырудың неғұрлым тиімділігін, оны жаңартуға, өзгертуге және жетілдіруге негізделген дәйекті іс-әрекеттер жүйесі болып табылады. Ол оқыту мен тәрбие беру жүйесін бірдей қамтиды. Жаңа технологиялар енгізу дегеніміз - мыналарды қамтиды:

- білімгерлердің оқып-үйренуге деген қызығу деңгейін көтеру;

- оқушылардың білімін үздіксіз көтеруге бағытталған мұғалімнің белсенді іс-әрекетін қалыптастыру;

- білімдерді жүйелеу;

- әрбір оқушымен жеке-дара жылы қарым-қатынас жасау арқылы оқуға деген жағымды көңіл-күйін туғызу;

- оқу нәтижесіндегі жетістіктер негізінде оқушының жеке бас қадір-қасиеті сезімдерінің жоғарылауы;

- өзара сенім;

- ақпаратпен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру;

- неғұрлым оңтайлы шешім қабылдай білуге үйрету;

- когнитивті ойлау жүйесін құру.

2.2 Оқыту технологияларының жіктелуі мен түрлері.


Оқытудың педагогикалық жаңа технологияларының барлығы дерлік оқушының өз бетінше білім алуын ұйымдастыруға бағытталған. Педагогикалық технологияларды тиімді қолдану адамның қайталанбайтындығын қолдаумен бірге тұлғаның дамуын алдын-ала байқауға және болжауға бағытталуы тиіс.

Бүгінгі таңда қазақстандық ғалымдарымыз Ш.Қаланов, Ж.Қараев, Ж.Кобдикова, Ш.Таубаева, Қ.Қабдықайырова, С.Лактионов, М.Жанпейісова, Ә.Жүнісбек, Қ.Нағымжанова, С.Көшембетова және т.б. ғалымдарымыз зерттелуіне оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылды. Технологиялардың көп түрлілігі оны жүйеге келтіруді және топтастыруды талап етеді. Бұл мәселелерді А.Савельев, В.Безрукова, Г.Ксенозова, Г.Селевко, В.Юдин және басқалар қарастырған.

Жоғарыда келтірілген ғалымдарымыздың еңбектерімен таныса отырып, оқытудың жаңа технологияларының түрлеріне қарай жіктеп, төмендегідей топтастыруға болады.


А.Матюшкин,

В.Оконь

3

Оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру және басқару.

Деңгейлеп-саралап оқыту.

Ж.Қараев

Г.Селевко

Топтық және ұжымдық оқыту

В.Дьяченко

И.Ривин

Компютерлік оқыту

Қ.Ағанина,

М.Жүсіпбалиева

Бағдарламалап оқыту

В.Беспалько


4.

Оқу материалын әдістемелік жетілдіру, дидактикалық қайта құру.

Мәдениеттер диалогы

В.Библер,

С.Курганов

Экология және диалектика

Л.Тарасов

Дидактикалық білімдерді ірілендіру

П.Эрдниев

5.

Жеке пәндік технология

Сауаттылыққа ерте тәрбиелеу

А.Кушнир

Сатылай талдап оқыту

Н.Оразқынова

Өздігінен дамыту технологиясы

М.Монтессори

6

Баламалы педагогикалық

Еркін еңбек технологиясы

С.Френен

Вальдорф технологиясы

Вальдорф

7.

Табиғи байқағыштық

Табиғи байқағыштық арқылы сауаттылыққа тәрбиелеу.

А.Кушнир

Өзіндік дамыту

Т.Семенко

8.

Дамыта оқыту.

Дамыта оқыту жүйесі

Л.Выготский,

В.Заньков,

Д.Эльконин,

В.Репин

Жеке тұлға бағытындағы дамыта оқыту.

И.Якиманская

9.






Авторлық мектептің педагогикалық технологиясы




Педагогикалық бейімдеу мектебі

Е.Ямбург

Өзін анықтау мектебінің технологиясы

А.Тубельский

Мектеп бағы

М.Балабан

Ертеңгі күн мектебі

Ховард

Оқушының өз бетімен білім алудағы белсенділігіне, өзіндік дамуына, шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруға профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы бағытталған. Бұл технология бойынша оқытудың негізгі мақсаты - сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмай, әрбір оқушының қабілет деңгейлеріне қарай тапсырмалар бере отырып, шығармашылық деңгей талаптарын орындауға дейін жеткізу. Оқушылар ұсынылатын міндетті үш деңгейлік тапсырмаларды орындауда қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік алады. Тапсырмаларды дұрыс орындауда рейтингтік - ұпай (балл) жинау әдісімен ұпай жинап, келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша ақпарат көздерінен материалдар алып, білім жинайды [5. 4-6].

Енді оқыту технологияларының бірнеше түрлеріне тоқталайық.

Бағдарламалап оқыту технологиясы. Жоспарлап оқытудың негізгі принциптері мен жетістік жақтары:

1) оқу материалының мөлшерленіп берілуі;

2) оқушының өздігінен белсенді жұмыстануы;

3)оқушының материалдық меңгеру деңгейінің үнемі бақылауда болуы;

4)оқыту типінің және оқу материалдары көлемінің жеке бас ерекшеліктеріне сәйкестігі;

5)оқытудың автоматтандырылған техникалық жүйелерін қолдану мүмкіндігі..

Проблемалық оқытудың ерекшелігі - мұнда мұғалім білімді дайындау түрінде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс. Бұл технологиялық әдістегі ең маңызды мәселе жаңа білім жаттау немесе есте сақтау үшін емес, проблеманы немесе бірнеше проблемаларды шешу үшін беріледі. Проблемалық оқыту педагогикада жаңа құбылыс емес, тарихта белгілі адамдардың (Сократ, Руссо, Дистервег, Ушинский т.б.) есімдерімен байланысты.

Проблемалық оқыту кезінде жүретін психологиялық процестер механизмі төмендегідей: белгісіз, түсініксіз жаңа проблемамен жолыққан адамда таңғалу, дағдарыс пайда болады да «Оның мәні неде?» деген сұрақ туындайды. Әрі қарай ойлау процесі белгілі шамамен жүреді, яғни, болжам тастау, оны негіздеу және тексеру. Содан соң оқушы не өз бетімен ойша іздестіру жүргізеді, немесе оқытушының көмегіне сүйенеді. Шығармашылық ойлаудың белсенділігі - проблеманы ұжымдық түрдегі шешу схемасы: «субьект-обьект-субьект» қарым-қатынастарына түседі.

Проблемалық оқыту - оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, білімді шығармашылық тұрғыдан меңгеруге негізделген дидактикалық жүйе.

Сонымен, проблемалық оқыту технологиясы бірнеше кезеңдерден өтеді. Оның негізгі кезеңі ойлаудың кедергісін түсінуге алып келетін проблемалық жағдай. Проблемалық жағдай барысында пайда болатын оқу проблемасы да қиын, бірақ оқушылар шеше алатындай дәрежеде болуы шарт. Проблеманың қойылуы және түсіндірілуімен бірінші кезең аяқталады. Екінші кезеңде оқушы сұрақтың жауабын толық алу үшін жетпейтін ақпараттарды белсенді түрде іздестіруге кіріседі. Үшінші кезеңде қажетті білімдермен қарулана отырып проблеманы шешіп, алынған нәтижелерді бастапқы болжаммен салыстыра отырып тексереді.

Жаңа ақпараттық технологиялар. Қашықтан оқыту жүйесінде басым түрде жаңа ақпараттық технологиялар (компьютерлер, аудио-бейнетехника, телекоммуникациялардың жүйелері мен құралдары т.б.) қолданылады.

Дамыта оқыту – сабақтың қызықты да тартымды және тиімді түрде өтуінің арқауы болып табылатын, алдағы уақытта оны бұдан да терең білім жолдары күтіп тұрғанын сездіретін оқытудың пәрменді әдісі.

Бағдарлама бойынша өткізілетін сабақ алдын-ала өткізілген сабақтың материалымен байланыстырудан басталып, дидактикалық материалдар көмегімен еске түсіріліп барып жүргізіледі. Нәтижеде ол оқушының назарын бірден сабаққа белсенді түрде араласуына жағдай туғызады.

Оқушылардың ойлауын, дүниетанымын, болжауын, өткен құбылысын тұжырымдау, сенімді оқытудың негізгі зерделік көрсеткіштерін қалыптастыру үшін сабақтың жоспарын алдын-ала тиянақты құрып сабақ барысында бақылап отыру керек. Өтілетін сабақтың нәтижесінен мейлінше жоғары көрсеткішпен шығу үшін сабақты бастамас бұрын оқушы қандай мәселеге жете көңіл аударуы қажет, нені біліп, нені игеріп шығатыны туралы толық мағлұмат беріледі. Өтілетін сабақ туралы хабардар болған оқушы одан көптеген жаңалықты, қарастырылатын құбылыс туралы құқықты мәліметтерді күтеді.

Мұғалім міндеті – оқушының осы үмітін ақтау, оның осы құбылыс туралы маздап жана бастаған танымына қажетті бағыт беру [6.53-54].

Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы оқушылардың математика пәні бойынша міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды орындап шығуға толық кепілдік бере отырып, одан да жоғары екінші, үшінші деңгейлерді орындауға мүмкіндік береді. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына, математикалық қабілетін арттыруға көмегі көп.

Орта мектепте математиканы профессор Ж.А.Қараевтың саралап деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқытудың басты проблемасы: саралап деңгейлеп оқыту технологисын математика пәнін оқыту процесінде пайдаланудың әдістемелік негіздерін жетілдіру арқылы, оқушылардың білім сапасын жоғары деңгейге көтеру.

Оқытудың басты мақсаты: Оқушылардың математика туралы түсініктерін міндетті дайындық деңгейіне көтеру және интеллектуалды дамыту.

Оқыту технологиясының міндеттері:

- Оқыту жұмысын технологиялық негізде ұйымдастыру;

- Оқушыларға өзіндік ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру;

- Оқушылардың оқу-танымдық әрекетін, іс-қимылын тексеру және бақылау;

- Мониторинг құру және толтыру, оқушылардың білім деңгейін математикалық тұрғыдан анықтау;

- Алынған нәтижелерді өңдеу [7. 20].










2.3 Оқыту үрдістерінде оқыту технологияларының

қолданылуы.


Кез-келген оқыту технологиясы оқу тәрбие үрдісінің қарқындылығы мен нәтижелігін арттырады. Кейбір технологияларда бұл іс-әрекеттер басты құндылықты және нәтиже тиімділігінің негізін құрайды. Ондай технологиялар: коммуникативтік технология, модульдік оқыту технологиясы, саралап деңейлеп оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, т.б.

Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Елімізде болып жатқан жаңаша түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру жүйесіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім бересіздер, Қазақстан сол деңгейде болады» деген сөзі бүгінгі мектеп оқушыларының оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педаогикалық технологияларды тиімді қолдану арқылы білімі мен біліктілігін арттырудың өзектілігін көрсетеді.

Педагогикалық технологияларды қолдану негізінде оқушылардың жан-жақты білім алуына белсенді, шығармашылық әрекетіне жағдай жасалады.

Әр мұғалім педагогикалық технологияны ұтымды пайдаланып, жақсы нәтижелерге жетуге мүмкіндік алады. Өзінің кәсіби деңгейін көтеріп, шәкірттерінің білім сапаларын арттырады.


















ІІІ. Практикалық бөлім.


Сабақ барысында жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында алгебра пәнінен «Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіруге есептер шығару» тақырыбын саралап деңгейлеп оқыту технологиясына негіздеп, ал геометрия пәнінен «Үшбұрыштар тақырыбына есептер шығару» тақырыбын сын тұрғысынан ойлау технологиясына негіздей отырып өткіздім. Бірнеше сабақ жоспарларын ұсынып отырмын.

1-ші сабақ жоспарым:

Сабақтың тақырыбы: Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіруге есептер шығару.

Сыныбы: 8

Мақсаты: Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіруге есептер шығара білу дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

  1. Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіруге есептер шығару іскерліктерін қалыптастыру;

  2. Оқушылардың танымдық қабілетін, логикалық ойлау және сөздік қорын дамыту;

  3. Оқушыларды шапшаңдылыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мониторинг, бағалау парағы, кеспе қағаздар, математика қаласы, кесте, ақ бет қағаз, маркер.

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ.

Сабақтың әдісі: Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Ауызша тексеріледі. Оқушылар өздері дайындаған карточкаларды жинап аламын.

ІІІ. «2030-ға сапар». Математикалық эстафета.

Математика қаласына жету.

  1. Болашаққа жету. Дұрыс жауапқа 2,5 ұпайдан. «Білгір» ойыны.

Өрнектің мәнін табыңыз.

1. 0,5hello_html_1fbbd8eb.gif-hello_html_38a088d0.gifhello_html_53de4d1b.gif+9hello_html_38f3de55.gif

2. hello_html_2b2ed72.gifhello_html_m6124e225.gif-hello_html_25226a8a.gifhello_html_m79144cec.gif-0,4hello_html_5582ade9.gif

2) Орманнан өту. Дұрыс жауапқа 5 ұпайдан. «Ойлан да тап» ойыны.

1. (hello_html_5f9285d.gif-hello_html_4a2c66ef.gif)*hello_html_20329080.gif

а) -4 б) 4 в) -6 с) 8 д) 10

2. (hello_html_m1748c958.gif-hello_html_284ddc95.gif)*hello_html_2d077f92.gif

а) -1 б) 4 в) -2 с) -9 д) -10

3) Таудан өту. Дұрыс жауапқа 7,5 ұпайдан. «Алғыр» ойыны.

Өрнекті ықшамдаңдар.

1. (3-hello_html_20329080.gif)*(5+hello_html_5f9285d.gif)

2. (4-hello_html_2d077f92.gif)(hello_html_2d077f92.gif+6)

4) Көлден өту. Дұрыс жауапқа 10 ұпайдан. «Көп ұпай жина» ойыны.

Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған жаттығулар. «10 сөзді есіңде сақта».

1. Алгебра 6. Бөлшек

2. Математика 7. Теңдік

3. Түбір 8. Қосу

4. Өрнек 9. Көбейту

5. Формула 10. Көбейткіш

Естеріңде қалған сөздерді еске түсіріп оларды жазыңдар. Сөздерді өз ретімен шатастырмай жазуға тырысыңдар.

Өз жауаптарыңды тізімдегі сөздермен салыстырыңдар. Егер сөз жоқ болса немесе сөз орнында болмаса – бұл қате.

Қате жоқ – 10 балл.

1-2 қатеге – 9 балл.

3-4 қатеге – 7 балл.

5-6 қатеге – 5 балл.

7-8 қатеге – 3 балл.

9-10 қатеге 10 балл.

5) Жазық дала. Дұрыс жауапқа 12,5 ұпай. «Жалғастыр» ойыны.

Қысқаша көбейту формулаларын пайдаланып өрнекті түрлендіріңдер.

(hello_html_7f0b48b9.gif-hello_html_3b51a4a7.gif)*(х+hello_html_m115b1270.gif+у)

6) Қақпаны ашу. Дұрыс жауапқа 15 ұпайдан. «Тапқыр» ойыны.

Бөлшекті қысқартыңдар.

hello_html_m26c1959e.gif

Оқушылар мынадай кестеге өздерінің жинаған ұпайларын жазып отырады.


IV. Үйге тапсырма. .№83, №85.

V. Бағалау.

VI. Қорытынды.

Оқушылар, міне біз «2030-ға сапар» кезінде 6 басымдылықты іске асырдық. Көп ұпай жинаған оқушы алтын кілтпен «2030-дың қақпасын ашты». Сөйтіп, математика қаласына жеттік. Алдағы уақытта да барлығыңызға тек сәттіліктер мен жеңістер тілеймін. Осымен сабақ аяқталды. Сау-саламат болыңыздар!


2-ші сабақ жоспарым:

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштар тақырыбына есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың үшбұрыштар тақырыбына есептер шығара білу дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

  1. Оқушылардың үшбұрыштар тақырыбынан алған білімдерін тереңдету, жүйелеу.

  2. Оқушылардың логикалық қабілеттерін, білік дағдыларын дамыта отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

  3. Оқушыларды өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: танымдық ойын, тест, топпен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. «Алғашқы қадам»

  3. «Лездік тапсырма»

  4. «Біліктілік» сайысы

  5. «Алғырлық кілті»

  6. «Сергіту сәті»

  7. «Шешуші сәт»

  8. Үйге тапсырма

  9. Бағалау

  10. Қорытынды.

Мұғалім: Оқушылар, үш топқа бөлінейік.

1 топ «Тікбұрышты үшбұрыш»

2 топ «Теңбүйірлі үшбұрыш»

3 топ «Теңқабырғалы үшбұрыш».

І бөлім. «Алғашқы қадам». (Үй тапсырмасын орындап келген әр топ мүшесіне 10 ұпайдан беру)

129 есеп.

Бір түзудің бойында жатпайтын А ,В , С үш нүктесін белгілеңдер және АВ, ВС, СА кесінділерін сызыңдар. Пайда болған үшбұрыштың төбелерін, қабырғаларын және бұрыштарын жазып көрсетіңдер.

2) «Лездік тапсырма». (Сұрақ-жауап, әр сұрақ 10 ұпай).

1. Үшбұрыш дегеніміз ...?

2. Үшбұрыштың элементтерін ата.

3. Үшбұрыштың медианасы дегеніміз?

4. Үшбұрыштың биссектрисасы дегеніміз?

5. Үшбұрыштың периметрі дегеніміз?

6. Үшбұрыштың периметрінің формуласы.

3) «Біліктілік» сайысы. (Әр топқа тапсырма беру, 50 ұпай ).


Тік бұрышты үшбұрыш

Тhello_html_24c4c383.gifhello_html_m3deac757.gifhello_html_m40b56ff.gifең бүйірлі үшбұрыш Тең қабырғалы үшбұрыш

hello_html_m20c4054b.gif


hello_html_79051f81.gif




hello_html_6e9a9555.gif

hello_html_m2a7a3d2a.gif


Доғал бұрышты үшбұрыш

Сүйір бұрышты үшбұрыш

Әртүрлі қабырғалы үшбұрыш

4) «Алғырлық кілті». (Оқулықпен жұмыс, әр түрлі ұпайлы есепті топ өздері таңдайды).

130.

АВС үшбұрышы берілген АВ қабырғасында жатқан Д нүктесі арқылы СД кесіндісін жүргізіңдер. Пайда болған үшбұрыштарды жазыңдар.

133.

Қабырғалары: 1) 7,5 см, 6 см, 4,5 см 2) 8,1 см, 7,9см, 12см болатын үшбұрыштың периметрлерін табыңдар.

5)«Сергіту сәті». (Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі).




Жұмбақтар.

  1. Бірдей санды бірнеше рет,

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң,

Қандай атау болады. (Дәреже)

  1. Егіз туған қос жүйрік,

Жарыса шауып терлейді,

Бірін-бірі көрмейді

Дамылсыз қанша шапса да,

Бір мәреге келмейді. (Параллель түзу)

  1. Күшіне мінген бір мықты,

Жығып салған сегізді. (Шексіздік).

6) «Шешуші сәт».

Тест.

1 . Бір түзудің бойында жатпайтын үш нүкте мен осы нүктелерді қосатын үш кесіндіден және сол кесінділермен шектелген жазықтықтың бөлігінен тұратын фигураны ....... деп атаймыз.

а) төртбұрыш б) үшбұрыш с) бұрыш

2. Үшбұрыш бұрышының биссектрисасының қарсы қабырғаға дейінгі кесіндісі, оның осы бұрышының ............ деп аталады.

а) медианасы б) биссектрисасы с) периметрі

3. Үшбұрыштың төбесінен қарсы жатқан қабырғаны қамтитын түзуге түсірілген перпендикуляр кесінді

а) медиана б) биіктік с) биссектриса

4. Үш қабырғасы өзара тең болатын үшбұрыш

а) тең қабырғалы б) тең бүйірлі с) әр қабырғалы

5. Тік бұрышты үшбұрыштың тік бұрыш жасап тұрған қабырғаларына қарсы жатқан қабырғасы қалай аталады?

а) катет б) гипотенуза с) қабырға

8) Үйге тапсырма. № 134.

9) Бағалау. Сабаққа қатысымдарына орай оқушылар бағаланады.

10) Қорытынды. Оқушылар осымен сабағымыз аяқталды! Сау-саламат болыңыздар!












Қорытынды

Технологияның мәні мен мазмұнын түсінуге бұл уақытқа дейін әр түрлі қатынастар қалыптасты. «Технология» ұғымы грек тілінен енген екі сөзден тұрады: «техне»-өнер, шеберлік және «логос» - білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіреді. Сондықтан, «технология» терминін қазақ тіліне «өнер туралы ғылым» немесе «шеберлік» туралы ғылым деп аударуға болады.

Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы сан алуан оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы т.б.

Оқыту технологиясы жоғары білім берудегі білімнің, ғылыми жетістіктердің, техниканың белгілі бір аймағында қойылған мақсатқа жету бағытында ұйымдастырылған, жоспарлы күйде тұрақты жүзеге асырылатын білімді, біліктілікті және дағдыларды меңгеру үрдісін, ал оқыту, өздігінен білім алу және өзін-өзі бақылау жүзеге асыратын шарттарды қалыптастыруды қамтамасыз ететін әдістер, тәсілдер, құралдар жиынтығы және т.б. шараларды жүзеге асырады.

Қазақстандық білім беру жүйесінде қолданысқа енгізіліп жатқан арнайы техникалық ақпараттық құралдар негізіндегі жаңа технологияларды атап айтатын болсақ, олар: интерактивті тақта, интернет ресурстарымен жұмыс, сандық білім кеңістігін құру, дербес мультимедиалық кітапхана, қашықтан жүргізілетін сабақтар, диспуттар, конференциялар, тренингтер, іскерлік ойындар және т.б. Педагогикадағы жаңа технологиялар, ең алдымен, түпкі нәтижеге бағдарланған, яғни оқу үрдісін ұйымдастырудың неғұрлым тиімділігін, оны жаңартуға, өзгертуге және жетілдіруге негізделген дәйекті іс-әрекеттер жүйесі болып табылады. Ол оқыту мен тәрбие беру жүйесін бірдей қамтиды.

Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Елімізде болып жатқан жаңаша түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру жүйесіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Педагогикалық технологияларды қолдану негізінде оқушылардың жан-жақты білім алуына белсенді, шығармашылық әрекетіне жағдай жасалады.

Әр мұғалім педагогикалық технологияны ұтымды пайдаланып, жақсы нәтижелерге жетуге мүмкіндік алады. Өзінің кәсіби деңгейін көтеріп, шәкірттерінің білім сапаларын арттырады. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.\


15



Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 11.10.2016
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров31
Номер материала ДБ-253999
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх