Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Баяндама "Математика сабағындағы топтық жұмыстың тиімділігі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Математика

Баяндама "Математика сабағындағы топтық жұмыстың тиімділігі"

библиотека
материалов

Вишневская ош











Баяндама




Тақырыбы: Математика сабағындағы топтық жұмыстың тиімділігі



Орындаған: Муканова Ш Г















2015-2016 ож



Тақырып: «Математика сабағындағы топтық жұмыстың тиімділігі»

«Мен шәкірттерімді ешқашанда үйретпеймін; мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын» А. Эйнштейн

Біз өмір сүріп отырған ақпараттық қоғамда, көпмәдениетті ортада  бәсекелестік заманда, жаһандануға қарыштап қадам басқан уақытта халқымыз үшін маңызы аса зор оқу-ағарту ісін халықаралық талапқа сәйкестендіру қажеттігі туындағаны даусыз. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді.

 «Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің - елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш» деген  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жастарға арналған сөзі ұстаз қауымына зор жауапкершілік жүктеп отыр. Жаһандану үрдісінде әр баланың ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтын, оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім. Әлемдік білім беру жүйесіндегі өзгерістер әр мұғалімнің оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізуді қажет етеді.

Осы тұста оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Ол мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігімен тікелей байланысты. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі — оның жан-жақты білімінен,  ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Әрине, білім беруде тиімді нәтижеге жету үшін оқыту әдістері мен құралдарын іріктеу, технологияны таңдау, оқу үрдісін құру – мұғалім құзырындағы іс. Оқушылар оқу үдерісіне белсенді қатысу кезінде тиімділікпен оқиды. Зерттеушілер оқитын пәніне қарамастан, басқа оқу форматында ұсынылған сол ақпараттан гөрі, шағын топтарда жұмыс істейтін оқушылар, әдетте, оқытылатын нәрсе туралы көбірек біліп, соның нәтижесінде алған білімін ұзақ сақтайтындығын дәлелдеп отыр.

Қазіргі таңда білім берудің негізгі талаптарының бірі білімді үздіксіз жетілдіру және оқыту үрдісін интенсивтендіру болып табылады.

Мұның нәтижесі терең білімді және жоғары мәдениетті, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін игерген азаматтарды тәрбиелеумен тығыз байланысты. Топтық жұмыс өзінің барлық белгілері көрініс табатын оқу ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылады. Топтық жұмыстардың пайдасы мен оның тиімділігі бойынша зерттеулерді әртүрлі бағытта жүргізуге болады. Психологтар тұлғаның жетілуі үшін топтық жұмыстар қолайлы жағдай туғызатынын ашып көрсетеді. Педагогтар оқытуда топтық жұмыстардың атқаратын рөлін қарастырады. Олардың ойынша, топтық жұмыс оқыту процесін байыта түседі, оқу жұмыстарын нығайтып, сыныпта жылулық атмосферасы сезіледі.Топтарға арналған негіз қалаушы ережелерді құру: Негіз қалаушы ережелер топтардағы жұмыс жағдайында өте пайдалы болуы мүмкін. Мына ұсыныстар кейбір сұрақтар мен бастапқы нүктелерді қамтиды, топтарға осыларға қарап өзінің жеке ережелер жиынтығын келісу ұсынылуы мүмкін болмағанымен, ЖАДА (Жақын арадағы даму аймағында) аясында қарастырылғандықтан білім беру табысты болмақ. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс білім берудің мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербальды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті.

Ынтымақтастық оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып табылады. Барлық жағдайларда адамдар топтарға бірлескен кезде ынтымақтастық адамдардың топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен үлесі құрметтей отырып жұмыс істеу тәсілін ұсынады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін топ мүшелері арасында билік пен жауапкершілікті бөлу орын алады. Ынтымақтастық оқудың алғышарты топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы ымыраға, пәтуаға жетуге негізделген.

Ынтымақтастық оқу – оқыту мен оқуға білім беру тәсілі, бұл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін бірлесіп жұмыс істейтін оқушылар тобы дегенді білдіреді. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі, және осы әңгімелесу арқылы оқуды жүзеге асырады.

Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:

  1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.

  2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.

  3. Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.

  4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік гимнастика кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.

  5. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық аясын құруды бастайды. Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады (Smith and MacGregor, 1992).

Оқушылармен жұмыс жасауда жеке дара, топтық, ұжымдық топтарға бөлудің психотерапиялық мүмкіндігінің зор екені де белгілі болып отыр.
Адамша ойлау, ізденімпаздық – табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы.

Біз білімнің

10%-ын оқығанда,

20%-ын тыңдағанда,

30%-ын көзбен көргенде,

50%-ын көзімізбен көріп, тыңдағанда,

70%-ын пікір таластырғанда,

80%-ын тәжірибе жасағанда,

95%-ын басқаларды үйреткенде

игеретінін Вильям Глассер айтып кеткен. «Мен айтып берсем- оқушы түсінеді» деген ұстанымды бүгінде қолданбау керек деп ойлаймын.

Математика сабағында топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенген тиімді. Мұнда біреудің жұмыстан тыс қалуы екіталай: барлығы да қызу әрекетте болады, барлығы да жұмыстың қорытынды нәтижесіне өз үлесін қосады. Топқа бөлудің де қызықты тәсілдерін қолдану керек. Жаңа сабақты түсіндіру барысында өтілетін тақырыпты «Джигсо» әдісімен бөліп беріп әр оқушыға тапсырма беріледі де, уақыт белгенеді.Содан соң уақыт өткен соң,сарапшы топта талқылайды және постер жасап қорғайды. Топтық жұмыс барысында оқушыларға рөлдер бөлініп беріледі.Таймкипер, хатшы, төраға, баяндамашы,суретшіт.б.
Математика пәнінен үлгерімі төмендеу оқушылар топтық жұмыстарда, топтық, жұптық, жеке жұмыстар жасады. Топтық жұмыстарда ережелер құрастыру, есептер жазылған үлестірмелік кестелер, сұрақ тапсырмалар арқылы түрлендіріп отырды. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін сұрақтың екі түрін: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарды қоя білуге үйреттім. Б. Блум таксономиясы бойынша білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау кезеңдерімен тапсырмалар ұсынып орындаттым. Математика сабағында оқушыларды сөйлете алмайтынбыз. Математикалық тіл кейбір балалар үшін қиын және проблемаға айналған. Топтық жұмыстарда байқағаным оқушылар еркін болғандықтан шығар, әр оқушының ойын жеткізуге мүмкіндіктер бар. Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі»стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен сіңісе алмайды,сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алатын және бұрынғы жаттығулар сыныпқа түгелдей беріліп немесе жеке -жеке тапсырмалармен бағаланып жататын. Мұғалім айтады,оқушы орындайтын. Жақсы оқитын есеп шығара алатыны көңіл толтыратын. Кейбір балалар есепті шығара алмаса да, көшіріп алатын. Жақсы оқитын бала мен нашар оқитын баланы үйрететін. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақтаған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән мағынасы терең меңгерілмей,жай ғана жаттағандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалатын.

Міне, осындай бақылаулардан соң менің ойыма түйгенім мынандай: тапсырмаларды таңдап алу, сабақ жоспарын оқушылардың тілегіне сай өзгертіп отыру, кіммен топта жұмыс істегісі келсе қалауына сай бөлу, тапсырманы орындау әдістерін өздері таңдап алуына жағдай жасау, жеке жұмыс істеуіне мүмкіндік беру тілегі мен ынтасын ескеру керек. Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты- оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде ,кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуді көздейді.

Сабақ жүргізу барысында интербелсенді тақта, желілік жүйе, түрлі-түсті стикер, маркер, ұялы телефон т. б құралдармен жүргіздім және олар сабақ өткізуіме тиімді болды. Интербелсенді тақтаны жаңа сабаққа қатысты тірек сызбаларында, математикалық диктанттардың жауабын тесеруде, сергіту сәттерінде, бейне жазбаларында пайдаландым. Жинаған деректер өздігінен сыр ашпайды. Зерттеу барысында бейне жазбалар арқылы өткен сабақтарымды талдадым. Кемшіліктерімді жоюға ықпал етті.

Мен оқушыларда әр сабақтан соң сауалнама, сұрақ қою (сұрақ жәшігіне), кері байланыстар алып отырдым. Сабағымда оқыту үшін бағалауды қолдандым. Бағалаудың талаптары мен әдістеріне оқушылардың өздері де тартылуын қадағаладым. Мұндай ұстаным бағалауды оқушылардың өзіндік іс әрекетіне айналдырады. Бағалау критерийлері бойынша, топтық жұмыстарды бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек», интервью, жазбаша жұмыс түрлері тәсілдерін қолдандым.

Оқыту үшін бағалау бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі [МАН 106бет]. Мысалы, егер балаға оның белгілі бір деңгейге жететіндігін айтса, бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді. Менің пікірімше, осы бағалаудың артықшылығы баламен бірлесіп ненің нәтижесінде мұндай баға алғанын және бағалау өлшемдерін түсіндіріп, талдау жасап отырғанда ғана оң нәтиже бермек. Сол кезде оқушы нәтижесін жақсарту үшін не істеу керектігін түсінеді.

Осы жоғарыда айтылған жаңа әдіс тәсілдерді қолданып, жеті модульді ықпалдастырып сабақ беретін болсақ, оқушыларға сапалы білім беретінімізге сенімім мол. 6-сынып оқушыларына сабақ өткізгенде оқушылардың әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түсетінін байқадым. Сонымен қатар ынтымақтастық топтарда жұмыс істейтін балалардың өзінің сыныптарына анағұрлым көңілі толатыны білінді.

Топтық жұмыстың артықшылығы:

  • Оқушылар өзара достық қатынаста болады;

  • Бір-бірінен сұрай отырып білімдерін жетілдіреді

  • Өзгелерге ойын жеткізу үшін өз шешімін дәлелдеп үйренеді;

  • Менен сұрап қалады-ау деп қорықпайды,топ болып жауап береді;

  • Оқушылардың мектепке деген көзқарасы өзгереді. Уақыттары қызықты әрі тиімді өтеді.

  • Топтық жұмыста бос отыратын оқушы болмайды.

Мен тәжірибеме өзгерістер енгізіп, жақсарттым деп ойлаймын. Мен әр сабағымның құрлымын өзгертіп, жаңа әдіс- тәсілдерді қолдандым. Топтық жұмыс ұйымдастырудың тиімді екенін білдім. Менің түсінгенім әр оқушы сабаққа қандай жаңалық болар екен?- деп, отыратын сияқты. Әр сабақтағы жаңалық енгізу сабақтың сапасын жақсартады деп ойлаймын. Бұрын оқушының қатесіне аса назар аударсам, ал енді «тек ештеңе жасамайтын адам ғана қателеспейді»- деген қағидаға сүйенемін. Оқушының жұмыс барысындағы сәтсіздіктердің алдын алып, оларды болдырмауға ұмтылу керек. Ал болған жағдайда,кімнің кінәлі екенін іздемей,соның себептерін талдап,болашақта оны қайталамаудың жолын қарастырған жөн. Сонымен қатар математика дәптерін тексеріп оның қатесін түзегенде, сәтті шыққан тұстарын да жазу керек екенін түсіндім. Осы топтық жұмысты әр тапсырма оқушылар үшін де мен үшін де сәтті өтті.

Көптеген оқушымды қызықтыра отырып,сыни ойлауға мүмкіндігінше үйреттім деп айта аламын. Бастапқыда сабағымды топтастыруда жеті модульді жеті жақтан іздегенмін, сабақтың барысында ол өздігінен шыққанын аңғардым. Үлгерімі төмен оқушыларым кішкене болса да алға жылжыды жəне дарынды оқушым бастапқыдай емес топпен, жұппен жұмыс жасауға дағдыланды.

Ян Амос Коменский айтуынша,басқаны үйреткен кісі қайталау арқылы меңгерген білімдерін нығайтумен ғана емес, пәнге үңілуге мүмкіндік алумен де өзін-өзі үйретеді. Сондықтан да асқан дарынды Иохим Форций өзі жайында:-не естіп, не оқысам да,соның бәрі тіпті бір айдың ішінде-ақ ойымнан шығып кетеді,ал басқаларға үйреткенімді өзімнің бес саусағымдай соншалық айқын білемін,- дейді екен.

Мен осы топтық жұмыс арқылы оқушылардың математика сабағына белсенділігі артатынына сенімім мол.Әр сабақта жағымды атмосфера орнату арқылы сабағымның ерекшілігін байқадым.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 13.10.2015
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1270
Номер материала ДВ-058741
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх