Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Баяндама. «Мазмұндама жұмысы арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда критериалдық жүйені қолдану»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Баяндама. «Мазмұндама жұмысы арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда критериалдық жүйені қолдану»

библиотека
материалов

hello_html_6a42cd51.gif

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«21 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕБІ» КММ








«Мазмұндама жұмысы арқылы оқушылардың

оқу жетістіктерін бағалауда критериалдық

жүйені қолдану»


Қалалық семинар












Дайындаған: №21 ЖББОМ-нің

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Жунусов Қ. М.





Теміртау 2014 жыл

Жалпы Ереже


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың жүйесін енгізу Тұжырымдамасы (бұдан кейін - Тұжырымдама) мақсаттары мен міндеттерін, жүзеге асыру кезеңдерін, күтілетін нәтижесін, қиындықтарын, тәжірибелік маңыздылығын анықтайтын құжат болып табылады.

ДББҰ қызметінің бірден бір стратегиялық бағыты үздік халықаралық практика мен Қазақстандық тәжірибені кіріктіріп, білім берудің жаңа мазмұнын жасау болып табылады.

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудағы әділ және шынайы жүйесі, білім беру мазмұнының ажырамас бөлігі болып саналады.

Осы уақытқа дейін білім мен білікті тексерудің түрлі әдістері қолданылып келді. Алайда тарихи даму процесінде бағалаудың түрлері мен тәсілдері, бақылау-өлшем іс-шаралары, оның мазмұны, оқушыларға әсері, ынталандыру элементтері және басқа факторлар өзгеріп отырды.

Көп жылдар бойы бағалау оқушының жетістіктерін басқа оқушының нәтижесімен салыстыру арқылы жүзеге асырылып отырды, ал бұл бағалаудың бірқатар кемшіліктері бар:

педагогтарға, ата-аналарға және оқушыларға түсінікті болатын білім беру жетістіктерін бағалайтын нақты өлшеулердің жоқтығы;

педагог әр оқушының жетістігін алдын-ала айқындалған өлшеулер негізінде емес, жалпы сыныптың орташа білім деңгейіне қарап бағалайды;

оқушыларға қойылған баға оқу бағдарламасының жекелеген бөлімдері бойынша алынатын нақты білімді, білікті, дағдыны көрсете алмағандықтан, әр оқушының жеке білім алу траекториясын анықтауға мүмкіндіктің болмауы;

қорытынды баға қоюда ағымдағы бағалар есепке алынады, бірақ ол оқытудың қорытынды нәтижесін әділ бағалау болып табылмайды;

оқыту процесінде мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс болмағандықтан, оқушының білім алуға деген белсенділігі төмендейді.

Аталған мәселені шешу үшін Зияткерлік мектептерде оқытудың мақсатына, міндетіне және күтілетін нәтижесіне сәйкес оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін жасау және енгізу қажеттілігі туындады.


Негізгі түсініктерінің қолдануы

Критериалды бағалау – оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру процесіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

Критерий - ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі, негіздемесі және белгісі. Әр критерийдің дискрипторы болады, онда оқу тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дискрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды.

Қалыптастырушы (ағымдағы) бағалау –сабақта күнделікті жүзеге асатын, білім мен дағдыны меңгеру деңгейін анықтайтын бағалау. Қалыптастырушы бағалау білім беру процесінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара тығыз байланысты жүзеге асырады. Сонымен қатар, оқушыларға жаңа материалды меңгеруде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағандығын білуге және оқытудағы мақсаттар мен міндеттерді орындауға мүмкіндік туғызады.

Ішкі жиынтық бағалау – оқу ақпараты блогын оқып болғаннан кейін білім және оқу дағдысының қалыптасу деңгейін анықтау. Ішкі қорытынды бағалауды педагогтар немесе мектеп әкімшілігі жүзеге асырады.

Сыртқы жиынтық бағалау – бастауыш мектепте (5-сынып), негізгі мектепте (10-сынып), жоғарғы мектепте (11-12 сынып) оқу дағдысы мен білімін қалыптастыру деңгейін анықтайды. Қорытынды жұмыстарға қойылған баға, оқытудың есеп беру кезеңінің қорытынды бағасын анықтауға негіз болып табылады.

Оқушылардың жетістіктері туралы есеп – оқушы бойында қандай біліктің қалыптасқандығын, сондай-ақ алған білім-біліктілігін іс жүзінде қалай қолданатындығын көрсететін, белгілі бір кезеңдегі ақпарат.

Портфолио – оқушының білім алудағы белгілі бір кезеңде, бір немесе бірнеше пән бойынша жетістігін, ілгерілеушілігін, оқытудағы нәтижесін көрсететін жеке жетістіктер бағасын тіркеу әдісі. Портфолио критериалды жүйені енгізуде оқушы нәтижелерін шынайы және әділ бағалау мақсатында енгізіледі.

Модерация – шынайылық пен әділдік үшін бағалауды стандарттау мақсатында бір пәннен беретін мұғалімдердің бір сынып оқушыларының қорытынды жұмысын талқылау процесі. Модерация білім беру процесінің нәтижесі мен сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.


Бағалаудағы халықаралық тәжірибе

ДББҰ оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін әзірлеуде бағалаудың түрлі жүйелерін қолданудың халықаралық тәжірибесімен бірге Қазақстан Республикасының аумағындағы жеке білім беру ұйымдарының: QSI, Хейлибери, «Мирас» халықаралық мектептерінің тәжірибесі де зерделенді.

Ресейдегі Халықаралық Бакалавриат мектебіндегі бағалау бойынша жұмыс тәжірибесі де зерделенді.

ДББҰ мамандары Халықаралық Бакалавриат мектептері қауымдастығының Самара қаласында өткен «Халықаралық Бакалавриат: 21-ғасырдың білім беру сапасы» конференциясына қатысты, онда Халықаралық Бакалавриат мектептеріндегі бастауыш (PrimaryYearsProgramme), негізгі (MiddleYearsProgramme), жоғары (DiplomaProgramme) бағдарламаларындағы оқушылардың жетістіктерін критериалды бағалау кезінде білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері зерделенді.

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары мен шетелдік білім беру жүйелеріндегі бағалау түрлері, оқытудың жоспарланған жетістіктерін критериалды бағалау ерекшеліктері және артықшылықтары туралы мәселелер University of Cambridge International Examinations (CIE) халықаралық сарапшыларымен кездесуде қарастырылды. Сонымен қатар Халықаралық бакалавриат бағдарламаларының өкілдерімен кеңестік кездесулер өткізілді, кездесу барысында A-level, Pre-U, IB халықаралық бағдарламаларында қолданылатын бағалау жүйесі, бағалаудың критериалды тәсілінің ерекшеліктері қарастырылды.

University of Cambridge International Examinations (CIE) сарапшыларымен жұмыс істеу біздің мамандарымыздың қалыптастырушы бағалау туралы және оны оқушылардың жеке дамуын қамтамасыз ету үшін пайдалануы, апробацияның 1-ші жылында критериалды бағалау жүйесінің жиынтық бағалауын дайындауы туралы түсінігін кеңейтеді.


Ағымдағы жағдайды талдау

Мұғалімдер үшін:

Критериалды бағалау технологиясы бойынша оқу семинарлары ұйымдастырылды.

Критериалды бағалауды енгізуде бірыңғай тәсілдерді талқылау және әзірлеу үшін дөңгелек үстел отырыстары ұйымдастырылды.

Критериалды бағалау жүйесі (пәнді оқыту мақсаты және міндеттері, бағалаудың ортақ критерийлері, бағалаудың критериалды шкаласы, балдарды бағаға ауыстыру шкаласы) бойынша әдістемелік ұсыныстарды, қалыптастырушы және жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу мақсатында пәндер бойынша педагогтардың топтары құрылды.

Оқушылар үшін:

Сабақта критериалды бағалауды қолданып мұғалімнің және өзін-өзі оқудағы жетістіктерін бағалау үшін жұмыс ұйымдастырылды.

Ата-аналар үшін:

Критериалды бағалау жүйесін және оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында ата-аналар жиналысы, кеңестері өткізілді.

Мақсаты мен міндеттері

Мақсаты:

Оқушылардың оқу жетістігін объективті бағалау және әр оқушының жеке траекториясын анықтауда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқу процесінде критериалды бағалау жүйесін енгізу.

Негізгі міндеттер:

  • оқу процесінің әр кезеңінде әр оқушының дайындық деңгейін анықтау;

  • оқушының жеке даму траекториясын түзету, алға ілгерілеушілігін бақылау және анықтау;

  • оқытудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін оқушылардың білік дағдыларын дамытуға ынталандыру;

  • түрлі жұмыстарды орындағаны үшін бағалардың дифференцациялануының маңыздылығы;

  • оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен оқу материалының сапалы меңгерілуін анықтау үшін мұғалімнің, оқушы және ата-ананың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету.


Күтілетін нәтижелер

Критериалды бағалау жүйесі:

  • оқушылардың оқудағы жетістіктерін объективті бағалау;

  • әр оқушының қабілетін ескере отырып даму траекториясын анықтау;

  • оқытудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін оқушылардың білік дағдыларын дамытуға ынталандыру;

  • оқыту сапасын жақсарту;

  • оқу үдерісін ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен оқу материалын сапалы меңгеруін анықтау үшін мұғалімнің, оқушы мен ата-ананың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу.



Мүмкін болатын қауіп-қатерлер

1. Мұғалімдердің критериалды бағалау мен нәтижені талдау үшін қажетті материалдарды дайындауда формалды түрде қарауы;

2. Критериалды бағалауды енгізуде оқушылардың бейімделу кезеңінің жүруі.

3. Критериалды бағалау жүйесіне байланысты ата-аналар тарапынан түсінбеушіліктердің туындауы.

4. Критериалды бағалау туралы кейбір мұғалімдердің теориялық білімінің жеткіліксіздігі, бұл жүйені енгізудегі тәжірибелік дағдылардың болмауы.

5. Критериалды бағалауды енгізуде әкімшілік тарапынан тиісті қолдау мен бақылаудың болмауы.


Тәжірибелік маңыздылығы

Критериалды бағалаудың тәжірибелік маңызы төмендегі артықшылықтармен белгіленеді:

- жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;

- оқушы жұмысы алдын- ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;

- бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып- зерделенген материал бойынша ғана қойылады.

- өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритімі белгілі.

- оқушының оқуға деген және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.


Критериалды бағалау:

Мұғалімдерге:

1. Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;

2. Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;

3. Білім беру сапасын арттыруға;

4. Оқытудың сапасын жақсартуға;

5. Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту

траекториясын құруға;

6. Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;

7. Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді


Оқушыларға:

1. Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау

әректінің типтерін қолдануға;

2. Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге

және түсінуге;

3. Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;

4. Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды

білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.


Ата- аналарға:

1. Өз баласының оқытылу деңгейі туралы обьективті дәлелдер алуға;

2. Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;

3. Оқу үрдісінде оқушыға қолдау көрсетуге;

4. Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;

5. Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік

береді.

Мазмұндама жұмысы арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда

критериалдық жүйені қолдану


Баяндама мақсаты:

Тыңдаушыларды негізгі бағалаудың мазмұндама жұмысында қолданылатын критерийлерімен таныстыру.


Міндеттері:

  • Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;

  • Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;

  • Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;

  • Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру;

  • Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;

  • Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.


Күтілетін нәтиже:

--- Оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттау;

--- Тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізу;

--- Білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез-келген кезеңде

анықтау;

--- Әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға болады (Өздік жұмысы,

күнделікті баға, үй жұмысы т.б);

--- Құрылымдық бағалау мен нақтылы бағалаулар арқылы оқушының еңбегін анықтау;

--- Оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын аламыз.


Анықтамасы:

Критериалды бағалау - бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі .


Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:

  • Мектепте оқыту сапасын жоғарлату

  • Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.


Білім сапасын бағалау жүйесінде жаңарту мәселесі:

  • Бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы

  • Оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан қайшылықтар

  • Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі


Ұстанымдар негіздері:

1. Бағамен оқушының жұмысы бағаланады.
2. Дескрипторлар оқушыға алдын-ала белгілі болуы шарт.
3. Оқушы өз білім деңгейін анықтай алуы қажет.
4. Нақты білімділік мақсатты бағалауы қажет.


Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:

  • алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;

  • анық, айқындылығы;

  • бағаның әділдігі;

  • өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі


Критериалды бағалаудың функциялары:




Критериалды жүйе арқылы бағаның қойылуы:

  • Критерий бойынша оқушының оқу жетістіктері деңгейі белгіленеді.

  • Нақты балдар немесе бағалар қойылады.


Критериалдық бағалау жүйесі арқылы:

  • Оқушының тұлғалық бағытын белсенділікке бағыттау.

  • Тұлғаны нәтижеге жеткізу .

  • Өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау.

  • Қалыптастырушы лық және негізгі бағалау арқылы білімін анықтау.


Критериалды бағалау:

Қалыптастырушы бағалау -қүнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды.

Негізгі бағалау - бір тарауға байланысты қалыптастырған білім деңгейін анықтайды


Қалыптастырушы бағалау:

  • Күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды.

  • Негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді.

  • Кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік береді.


Негізгі бағалау:

  • Негізгі бағалау белгілі бір тақырыпты қорытындылау мақсатында орындалады.

  • Мазмұны оқылған материалды қамтуы керек.

  • Негізгі бағалаудағы оқушының алған бағасы тоқсандық баға болып табылады.


Қолданылуы:

  • Негізгі бағалауда барлық критерийлер барынша қолданылуы керек.

  • Критерий оқушының жас ерекшелігіне, бағдарламаға сай алынады.

  • Әрбір жетістік балмен және дескриптор арқылы белгіленеді.

  • Тоқсан соңында әр критерий бойынша негізгі бақылаудан алынған орташа балл есептелінеді.

Пән бойынша қолдану:


Мазмұндаманың анықтамасы:

  • Мазмұндама - оқушының тіл мен әдебиеттен алған білімдерін тексерудің негізгі нысандарының бірі.

  • Мазмұндама арқылы баланың өз ойын жүйелі баяндай білу қабілеті мен тіл байлығы, сауаттылық деңгейі айқын көрінеді.

  • Мазмұндаманы бағалауда оқушы жұмысының мәтін мазмұны мен негізгі ойға сәйкестігі, тақырыптың толық ашылуы, баяндау жүйесі ескеріліп, сөздік қорының деңгейіне, сөйлем құрылысына, мәтіннің стильдік біртектілігіне, шеберлігіне назар аударылады.


Талаптары:

  1. Сөздік қорының орынды пайдалануы.

  2. Синоним, антоним, омоним, тұрақты сөз тіркестерін тәжірибе жүзінде қолдана білу.

3. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс пайдалану.

4. Өз ойын грамматикалық тұрғыдан дұрыс, логикалық бірізділікпен жеткізе білуі.

5. Өздігінен қорытынды жасау.

  1. Осы талаптарды жүзеге асыруы тек жазылым әрекеті арқылы емес, оқылым, тыңдалым, айтылым әрекеттері негізінде іске асады.


А критерийі Жаңа ақпаратты түсіну және меңгеру.

В критерийі Жаңа ақпаратты талдау және мәтінмен жұмыс.

С критерийі Стиль және тілді қолдану.


Оқушының оқу жетістігін бағалау критерийі


Критерий

Жетістіктердің ең

жоғарғы деңгейі

А

Түсіну

6

В

Талдау (мәтінмен жұмыс)

6

С

Стиль және тілді қолдану

8

Барлығы

20


Мазмұндаманы критериалды бағалау


Критерий

Жетістік

Дескриптор

А

(max 6)

Түсінуі

0

Тапсырма бойынша берілген критерийлерді орындай алмады.

1

Мәтінді түсінбеген, тақырыпты аша алмады.

2

Мәтінді түсінген, мазмұндауда жоспардан ауытқу бар.

3

Мазмұны тақырыпқа сай, көптеген фактілер бұрмаланған.

4

Мазмұны тақырыпқа сай келеді,бірақ ойын баяндауда дәлсіздіктер кездеседі.

5

Мазмұны тақырыпқа сай, бірақ қажетті қорытындылар жасай алмады.

6

Мазмұны тақырыпқа сай ,мәтінді толық түсінген, тақырып ашылған, өзіндік ой- пікірін орынды қолданған.


Критерий

Жетістік

Дескриптор

В

(max 6)

Талдау,

Мәтінмен жұмыс

0

Тапсырма бойынша берілген критерийлерді орындай алмады.

1

Оқушының сөздік қоры өте жұтаң , сөздердің орын тәртібі сақталмаған.

2

Сөйлемдері қысқа, сөйлемдер арасындағы байланыс сақталмаған.

3

Абзац арасындағы байланыс сақталмаған

4

Сөздік қоры дамыған, бірақ сөз қайталаулар кездеседі.

5

Тіл байлығы әдеби тіл нормасына сай, бірақ ой жүйесінде ауытқулар бар.

6

Оқушының сөздік қорының кең екендігі байқалады. Сөз қайталаулар, орынсыз қолданылған сөздер кездеспейді. Ойы жүйелі.


Критерий

Жетістік

Дескрипторлар

С

(max 8)

СТИЛЬ және тілді қолдану

0

Тапсырма бойынша берілген критерийлерді орындай алмады.

1

10 орфографиялық, 6 пунктуациялық қате Стилдік біркелкілік сақталмаған,сөйлем құрылысы бір үлгіде.

2

8-9 орфографиялық, 5 пунктуациялық қате Стилдік біркелкілік сақталмаған, сөйлем құрылысы бір үлгіде.

3

7 орфографиялық, 4 пунктуациялық қате кездеседі.

Стильдік ауытқулар бар.

4

5 орфографиялық, 3 пунктуациялық қате кездеседі. Стильдік ауытқулар бар.

5

4 орфографиялық, 2 пунктуациялық қате кездеседі. Стильдік ауытқулар бар.

6

3 орфографиялық, 1 пунктуациялық қате кездеседі. Стильге сай жазылған.

7

2 орфографиялық, 1 пунктуациялық. Стильге сай жазылған.

8

1 жеңіл орфографиялық немесе 1 пунктуациялық қате кездеседі.Стиль бірлігі сақталған.


Бағалау шкаласы:

«5» - 17 - 20 балл (100%-89%)

«4» - 14 - 16 балл (75%-88%)

«3» - 12 - 13 балл (61%-74%)

«2» - 0 - 11 балл (60%-дан төмен )


Жұмыстың талдауы:

Сыныбы: 9 “Б”

Орындалған тапсырма: Мазмұндама (негізгі бағалау)

Қолданған критерийлер: А, В, С


А

В

С

88%

77%

72%

Назар аудару

Қорытынды бөлімінде ой-пікірін өзіндік орынды қолдану.

Сөздік қорды молайту. Көркемдегіш құралдарды көп қолдану.

Сөздердің жазылу емлесіне көңіл аудару.


Негізгі бағалаудың қорытындысы:


Аты – жөні

Негізгі бағалау

А

В

С

Балл

Баға

1.

1- оқушы

5

5

7

17

5

2.

2- оқушы

5

6

6

17

5

3.

3- оқушы

6

5

7

19

5

4.

4- оқушы

6

4

4

14

4

5.

5- оқушы

6

4

6

16

4

6.

6- оқушы

4

4

5

13

3

Жұмыстың орындалуы:

Білім сапасы:

88%

77%

72%

80%

83%


Критериалды бағалау бойынша мазмұндаманың қорытындысы:


hello_html_m4ae4743c.gif




















Критериалды оқытудың маңыздылығы:

Мұғалім үшін:

  • Әрбір оқушының өзгешелігін ескере отыра жеке білім алу траекториясын құру.

Оқушы үшін:

  • Берілген бағалау критерийлерін түсіну,қолдану,жұмысын бағалай білуі.

Ата-ана үшін:

  • Баланың білім алуындағы өсу деңгейін қадағалауы.


Критериалды бағалаудың пайдасы:

1. Нақтылық

2. Әділдік

3. Ынталандыру

4. белсенділік

5. Жеке тұлға


Қоытынды
Критериалдық бағалау жүйесін қолдану арқылы біз:

--- Оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттаймыз;
--- Тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткіземіз;
--- Білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез-келген кезеңде

анықтаймыз;
--- Әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға болады (Өздік жұмысы,

күнделікті баға, үй жұмысы т.б);
--- Құрылымдық бағалау мен нақтылы бағалаулар арқылы оқушының еңбегін анықталады;
--- Оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын аламыз.

Автор
Дата добавления 02.12.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров269
Номер материала ДВ-221352
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх