Инфоурок Другое Другие методич. материалыБаяндама "Мектеп жасына дейінгі балалардың құзыреттілігін қалыптастырудағы патриоттық тәрбиенің маңызы"

Баяндама "Мектеп жасына дейінгі балалардың құзыреттілігін қалыптастырудағы патриоттық тәрбиенің маңызы"

Скачать материал

Мектеп жасына дейінгі балалардың құзыреттілігін қалыптастырудағы 

патриоттық тәрбиенің маңызы

                                                                                        Ибраева Гульсум Балтабаевна                                                                       

                                                                    Ембі қаласы, №7 орта мектебі тәрбиешілері

 

«Баланы өз тәрбиеңмен тәрбиелеме,өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле»

                                                                                                          /халық даналығы/ 

 

     Патриоттық тәрбиенің басты мақсаты – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін, тыныштық пен бейбітшілікті сақтайтын, ұлтаралық мәдениетті дамытатын, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарайтын, әлемдік деңгейде бейбітшілік пен өркениеттілікке өз үлесін қосатын адамгершілік мұраты биік патриот, намысын қаһарман, қайсар, жігерлі жас ұрпақты тәрбиелеу.

    Еліміздің болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік –білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы болса, бүлдіршіндеріміздің бойында рухани-патриоттық сана-сезімді қалыптастыру бағыты бойынша тәрбие беріп, ел болашағына өз үлесін қосуда. Мектепке дейінгі мекемеде балалардың ойын еркін жеткізуде , рухани патриоттық тұрғыдан білім алуына тәрбиеленуіне барлық жағдай жасалған.

    Халқымызда «баланы жастан» деген дана сөз бар. Тәрбиенің бесіктен басталатынын ескерсек, ата – бабадан келе жатқан дәстүрлерді ең алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін сіңіре білсек, болашақ ұлтжанды ұрпақ тәрбиелесек - бұл еңбегіміздің жанғаны,тәуелсіз ел болашағына қосқан үлкен үлесіміз деп білеміз. Адамзаттың асыл мұраттары қайта гүлдеп, мәдениет дәрежесі мен білімділік деңгейі қоғамның өркендеуі-нің басты өлшеміне айналып отырған жаңа ғасырда жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы артып келеді. Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне деген сүйіспеншігін дамытуға тиіспіз» деген сөзі бүгінгі жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.Біздің алдымызда тұрған басты міндет – тәуелсіз Қазақстанның әр жас жеткіншегінің жүрегінде Отанына, жеріне, еліне деген ыстық сезім, шынайы сүйіспеншілік ұялату. Сондықтан біз адамзаттық көзқарасы қалыптасқан, әлеуметтік белсенділігі жоғары отаншыл ұрпақ тәрбиелеп өсіруге аса көңіл бөлуіміз керек. «Әрбір қазақстандықты өз мемлекеті қамқорлықсыз қалдырмайды, ал әрбір қазақстандық өз мемлекетінің болашақ тағдыры үшін жауапты» деген ұғымды жас ұрпақ санасына түсіндіруіміз қажет.

    «Қазақстан Республикасының жаңа әлеуметтік даму жағдайында мектеп және мектепке дейінгі  балаларға патриоттық тәрбие беру»тұжырымдамасында патриоттық тәрбие беру міндеттері төмендегіше айқындалады:

Қазақстан Республикасының Конститутциясына, мемлекеттік рәміздеріне, Қазақстанда мекендейтін барлық халықтардың тарихына, дәстүрлеріне, мәдениетіне және ұлттық ерекшеліктеріне құрметпен қарау;

Мемлекеттік тілге, әлемдік тілдерге және ұлтаралық тіл болып есептелетін орыс тіліне, Қазақстанда мекендейтін басқа халықтардың тілдеріне құрметпен қарау;

Жалпы адамзаттық құндылықтар мен өркениеттілікті бағалау, құрметтеу;

Патриоттық құндылықтары қалыптасқан тұлға мына төмендегідей қасиеттерге ие болуы тиіс:

-Жалпы адамзаттық, ұлттық құндылықтарды меңгерген;

-Халықтар арасындағы достықты нығайтуға күш салатын;

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне, тарихына, тіліне, дәстүріне, дініне құрметпен қарайтын;

-Жас ұрпаққа   өз ауданымыздың тарихымен тереңірек таныстыру;

-Өлкемізде әртүрлі замандарда өмір сүрген тарихи тұлғалармен қайраткерлердің өмірі мен қызметін зерттеп білу;

-Туып өскен жерлеріндегі өлкетану мұражайларына саяхаттар ұйымдастыру;

-Балаларға елін, жерін сүйетін патриоттық сезімдерін аша түсіп, жетілдіру;

 Балаларға отансүйгіштік, азаматтық тәрбие беруде, ертеңгіліктер, ұлттық ойындар, патриоттық әндер, және тағы басқа іс – шаралардың маңызы зор. Ендеше жас ұрпаққа ұлттық, патриоттық тәрбие беру басты мақсатымыз екенін ұмытпайық..

  Еліміз өзінің тәуелсіздігін алғалы ана тіліміз мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып қанат жайып келе жатыр. Мемлекеттің болашағы біздің қандай ұрпақ өсіріп, тәрбиелеуімізге тікелей байланысты болса, мемлекеттік тілге құрмет көрсетуіміз, ана тілімізді ардақтай білуіміз де ерекше рөл атқарады. Егемен ел атанып, өз алдымызға дербес мемлекет болғаннан кейін жасөспірім буынға дұрыс тәрбие беру, олардың патриоттық сезімін ояту, елге қызмет етуге, мемлекеттің іргесін нығайтуға баулу, тілдің дәрежесін көтеру біздің негізгі мақсатымыз. Сондықтан тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер балабақшамызда жақсы іске асырылуда. Қазақ халқының дәстүрімен таныстыру арқылы, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, балаларды тіл үйренуге, халық мәдениетін зерттеуге, адамгершілікке баулиды. «Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін

біл, Өз тіліңді құрметте», – деп Қадыр ақын жырлағандай, өз ана тілімізді жетік меңгеру, ана тілінде таза сөйлеуге үйрету, халқымызда ғасырлар бойы қалыптасып, сақталып келе жатқан наным-сенімдерін, дәстүрін, әдет-ғұрыптарын өсіп келе жатқан, жас ұрпақтың бойына сіңіру барысында, мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда үлкен нәтиже береді. Халық байлығының асыл қазынасы – рухани тіл. Оны меңгеру бесік тәрбиесінен, ана әлдиінен бастап, балабақшада ары қарай жүзеге аспақ. Қазақта «Сүтпен сіңген сүйекпен кетеді» деген мақал бар. Демек, біз балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршін бойына қазақ тілінің қасиетін сүттей сіңіре білсек, еңбегіміздің ертеңі алда деген сөз.

  Мектепке дейінгі жастан бастап біздің елдің болашақ азаматы,тұлғасының іргетасын қалау қажет.Балаларда Отаншылдық қасиеттерді тәрбиелеу-баланың өнегелік даму міндеттерінің бірі,ол өзіне жақын адамдарға,мектепке дейінгі білім беру ұйымына,туған еліне деген сүйіспеншілікті дарытуды қамтиды.Мектеп жасына дейінгілермен жұмыс жүргізгенде баланы патриоттық  әңгімелерге араластырып отыру керек. Отан  адамның түп-тұқияны, ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып,өсіп-өніп келе жатқан жері.    Сондықтан да қай елдің адамы болсын өз Отанын дүниедегі ең қымбаты,ең қасиеттісі,

ең аяулысы-анасына балайды.

   Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзінде мемлекетіміздің келешегінің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты да, осы бастан Отанына,атамекеніне шын берілгендіктен рухында  тәрбиелеуден артық борыш жоқ екендігін көрсетеді.

   Соңғы жылдарда патриоттық  тәрбиенің мәніне көзқарас өзгеріп келе жатыр.Патриотизм және азаматтықты тәрбиелеу  идеялары  мемлекеттік маңызы бар мақсатқа айналып, қоғамдық мәні болып тұр.Отанға туған жерге,табиғатқа,мәдениетке деген сүйіспеншілікке назар аударылады. Сонымен қатар ,өз Отанының символымен  таныстырудың маңызы зор. Қазақстан  Республикасының мемлекеттік  символдары –рәміздері бар. Олардың түрі және ресми  қолдану тәртібі Конституциялық Заңмен белгіленген.

Қ.Р-ның азаматтары  Мемлекеттік туды, елтаңба ,әнұранды біліп , құрметтеуге тиіс.

Көптеген қазіргі кездегі  вариативтік  бағдарламалар мемлекеттік рәміздермен таныстыру мақсаттарын  қамтыған.Балабақша табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршін Қазақстан-ның елтаңбасын, туын танып,әнұран әуенін тану керек.

Балалармен жұмыста елтаңба,ту,суреттер бар бояу кітапшаларын қолданбаған  дұрыс, бұл жастағы балалар мемлекеттік рәміздердің  түстерін , реңдерін анық бере алмайды. Сонымен  қатар , рәміздер бейнеленген суреттері қиып алу дұрыс емес . Бейненің тұтас-тығын бұзу заңды бұзумен бірдей болып келеді

 

 

  Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші рөл атқарады. Баланың бойында адамгершілік патриоттық тәрбиені қалыптастырудың негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді.

 -ізгілік бастамасымен тәрбиелеу. Өз отбасына, балабақшасына, туған қаласына, көшесіне сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарау.

 –Табиғатқа қамқорлықпен қарау.

 –Еңбекте еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу.

 –Қазақ халқының салт-дәстүріне қызғушылықпен қарау.

 –Мемлекеттік рәміздермен таныстыру. Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Патриоттық сезім, адамгершілік – жеке бастың, ұлттың, Отанның мақтанышы деп-, бекер айтпаған. «Достық» балабақшасының  «Балдырған » тобында   балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында еліміздің болашақ ұрпағын  елін, жерін,ана тілін сүйетін қадірлейтін,үлкенге құрмет,кішіге ізет,көрсете білетін қасиеттерді бойына сіңіре отырып, балаларға патриоттық тәрбие беру мақсатында  көптеген  тәрбиелік іс-шаралар , «Менің қалам осындай» атты сурет көрмелері,туып өскен жеріміздегі өлкетану мұражайына саяхаттар ұйымдастырылып,отырады.  

     Сонымен бірге «Менің Отаным-Қазақстан», «Отаным-бақыт ордасы», «Біз Отаншыл баламыз» атты стенд жасақталып, үнемі толықтырылып отырады.Сонымен қатар ,ұлттық тәрбие беру-   ұрпақ санасына ғасырдан ғасырға  жалғасып келе жатқан өз ұлтымыздың салт-дәстүрлерін насихаттау барысында  ұлттық бұрыштар мен орталықтар жасақталды.  Тұлғаның елжандылық сезімін қалыптастыру өте күрделі және ұзақ үрдіс. Сондықтан жеке тұлғаның елжандылық сезімін қалыптастыру мәселесі –мектепке дейінгі білім беру  мен тәрбиелеуде жүзеге асырылуы керек. Біздің тәрбиеміз ұрпағымызды әдепті, қайырымды, елгезек, еңбексүйгіш, адал және шыншыл,ұлтшыл, намысшыл,ел қорғаны болатын, халқына адал қызмет ететін ұрпақ тәрбиелеу.Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  рәміздерді құрметтеу –әрбір азаматтың міндеті. Жеке тұлғаны тәрбиелеу,бала бойына өз елінің ажырамас бір бөлігі ретінде саналылықты қалыптастыру,адамгершілікті, руханилықты,патриотизмді  және ұлттық мәдинетті құрметтеу  сезімдерін тәрбиелеу .

 Қазақстан азаматтарын патриотизмге тәрбиелеудің педагогикалық негізгі –тұлғаның  патриоттық сана-сезімін қалыптастыру; патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру; мінез-құлқына патриоттық сипат беру; балабақшадағы оқу-тәрбие ісінің өзегі.

     Ендеше,егеменді елдің азаматын  тәрбиелеуде әр тәрбиешінің,ұстаздың мақсаты-

 дені сау,ұлттық сана-сезімі оянған,рухани ойлау дәрежесі биік ,мәдениетті , парасатты,  ар-ожданы  мол, еңбекқор,іскер бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу.

     Әрбір бала өзінің қоршаған ортасын, айналадағы құбылыстарды ,өзінің және өзгенің мәдениетін  тану арқылы жетілетіні  ақиқат. Бүгінгі мектеп жасына дейінгі мекеменің  басты міндеті- білім беру мен  тәрбиелеу үрдісінде ұлттық азаматтық игіліктерді ,мәдени мұраларды насихаттай отырып, балалардың патриоттық сезімін қалыптастыру.    

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

«Отбасы және балабақша» журналы  №3. 2011жыл

 «Мектепке дейінгі ұйым» журналы  №12. 2012жыл

«Тәрбие құралы» журналы     №3.2005 жыл

Мектептердегі ұлтжандылық, отансүйгіштік және азаттық тәрбие беру бағытындағы жұмыстарға арналған бағдарламалар  жинағы  Алматы, 2009жыл

«Ұстаз»  газеті 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Мектеп жасына дейінгі балалардың құзыреттілігін қалыптастырудағы патриоттық тәрбиенің маңызы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по занятости населения

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 929 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.02.2016 8280
    • DOCX 23 кбайт
    • 68 скачиваний
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ибраева Гулсим Балтабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ибраева Гулсим Балтабаевна
    Ибраева Гулсим Балтабаевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8417
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой