Инфоурок Другое Научные работыБаяндама : Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жаңаша инноватор тәрбиеші қалыптастыруда әдістемелік жұмыстардың жүргізілуі.

Баяндама : Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жаңаша инноватор тәрбиеші қалыптастыруда әдістемелік жұмыстардың жүргізілуі.

Скачать материал

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жаңаша инноватор тәрбиеші қалыптастыруда әдістемелік жұмыстардың жүргізілуі.

 

Джансерикова Гулжахан

Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектеп жанынан құрылған

«Еркетай» шағын  орталығы тәрбиешісі

Қызылорда облысы , Қазалы ауданы , Қазалы қаласы.

 

         Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал 

ететін үздіксіз  білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі

мектепке дейінгі біліім беруге баса назар аударған жөн.

Н.Назарбаев

Мектепке дейінгі тәрбие – баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық . Білім беру жүйесінің  алғашқы баспалдағы мектепке дейінгі тәрбие ұйымы болғандықтан  тәрбиешілерге мәдениетті , білімді , белсенді жеке тұлға тәрбиелеу міндеті жүктеледі. Заман талабы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне , оның  ішінде  мектепке дейінгі жастағы  сәби дамуына тәрбиеленуіне жаңаша көзқараспен қарауды қажет етеді.

Қазақстан   Республикасы  Үкіметінің  2012   жылғы  23  тамыздағы 

№ 1080 Қаулысына сәйкес Білім берудің тиісті деңгейлерінің  мемлекеттік жалпыға міндетті  білім беру стандартын  негізге ала отырып , балалардың  өмірін  толыққанды  ұйымдастыру мектепке дейінгі барлық ұйымдардың  міндеті . Міне , осындай жеке тұлғаның  қалыптастыруда мақсатқа жеткізетін  балабақшада оқу – тәрбие жұмысын  жаңаша ұйымдастырып жүргізу, ол кейінгі кездері педагогика ғылымында жиі пайдалана бастаған жаңа ұғымдардың  бірі – инновациямен байланысты. Осы орайда қазіргі таңда балабақшалардың  алдына қойылған  міндетте жоғары . Себебі, ұрпақ бойындағы алғашқы білім мен тәрбие дағдылары дәл осы мектепке дейінгі мекеме табалдырғында қаланады. Соңғы уақыттағы демократиялық жаңарулар  тәрбиешілердің шығармашылық қызметіне заңды түрде еркіндік берді. Тәрбиешілерге баланың  жан – жақты дамуына жоғарғы деңгейде әсер ететін  технологияны таңдау міндеті жүктеледі. Ал , ол міндетті шешетін де , жүзеге асыратын да шебер тәрбиеші яғни инноватор тәрбиеші. Ал инноватор тәрбиеші болу үшін үнемі инновациялық   дамып отыру талабы тұр. Қазіргі таңда мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны  ендіруге көптеп  күш  жұмсалады. Сол себепті мектепке дейінгі  ұйымдарда  педагогтардың  негізгі міндеті: әдіс – тәсілдерді дұрыс таңдау  , жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу, жеке тұлғаның дұрыс дамып  қалыптасуы үшін  жағдай жасау яғни инноватор тәрбие дәрижесіне жету. Осы ретте тәрбиешілердің жаңа бағдарламаны тиімді пайдалануы үшін олардың  кәсіби шеберліктерін шыңдап , шығармашылықпен еңбек етуіне бағыт беріп , қазіргі заман  талаптарына сай инновациялық бағытта дұрыс ұйымдастыра білу – әдістемелік жұмыста үлкен ізденіс пен жауапкершілікті талап етеді.

Инноватор  тәрбиешілер дайындау үшін  әдіскер жұмысы үнемі жанарып , инноватциялық бағытта дамып  отыруды талап етеді. Балабақшадағы тәжірибеде бұрыннан қолданып келген жүйе өзгертіп , педагог мамандармен жүргізілетін жұмыстарға жаңалықтар енгізу. Балабақшада жүргізілетін көптеген жұмыстар білім сапасының өсуіне және де тәрбиешілердің шыңдалуына ықпалын  тигізеді. Педагогтарды жаңа заман талабына сай жолдармен оқытуға бағытталған әдістемелік жұмыс , олардың білімдерінің жоғарлауына , балалармен жұмыс жүргізу барысында жаңа тәсілдер таңдауға , зерттеу және шығармашылық қабілеттерін анықтауға  мүмкіндік туғызады , ал ең маңыздысы өздігімен кәсіби  деңгейлерін жоғарлатып , мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен қатар инновация тек қана педагогтардың кәсіби шеберліктерін жоғарлату емес , әр педагогтың әлеуметтік және рухани деңгейінің жоғарлағандығын  көрсетеді.Сондықтан, ең алдымен , өз жұмысын  дұрыс ұйымдастырып , оқыту үрдісінде жаңа технологияларды , қызықты сценарийлерді , ойындарды , мағыналы тәрбие сағаттарын  пайдалануда. Мысалы : Сурет салуда дәстүрден тыс әдістер (өз тәжірибемнен ).

 

 

 

 

 

 

 


Компьютерді қолдануда және т.с.с . қолданса , қазіргі заманға сай өзгеріп отыратын  әлемде өмір сүруге дайын , денсаулығын сақтай алатын  , білімі мен машықтарын  көрсете алатын  , шығармашылығы кең , ақыл – ой өрісі дамыған , ойын сауатты жеткізе алатын , бәсекеге жарамды тұлғаны өсіре алатыны сөзсіз. Осы тұста әдістемелік кабинеттің –жол  көрсететін  шамшырақ  деуге де болады . Тәрбиешілер үшін әдітемелік жұмыс жүйелі түрде ұйымдастырылса , жұмыста нәтижелі болмақ.

Әдістемелік  жұмыс. Мақсаты:

-         Педагогикалық  үрдістің  үздіксіз жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау ;

-         Инновациялық білім беру ортасын , педагогикалық және басқару кадрларының потенциалын  дамыту арқылы мектепке дейінгі  білім беру ;

-         Шағын орталықтардың  кешенді жетілуіне көмектесу ;

Міндеттері:

-         Әдістемелік бірлестіктер , мастер – класстар , мәселелік тәжірибелік семинарлар , ғылыми – тәжірибелік конференциялар ж.т.

-         Педагогикалық шеберліктің дамуына бағытталған жұмысты жүргізу ;

-         Жаңа педагогикалық технологиялардың енгізілуіне қолдау жасау ;

-         Педагогтардың  тәжірибелерін жалпылауға және таратуға көмектесу ;

-         Оқыту – тәрбиелік үрдісте қазіргі заманғы құралдарды қолдану ;

Әдістемелік кабинет әдіскерінің  жұмысының  құрылымы :

a)     Бақылау , бағалау , ынталандыру , қолдау бағыттау ;

b)    Үздік тәжірибе тарату , шараларын ұйымдастыру ;

c)     Педагогикалық  шеберлік дамуына бағытталған шаралар ұйымдастыру ;

d)    Сайыстарға , конференцияларға , семинарларға жобаларға қатыстыру ;

e)     Оқу үрдісінде заманауи құралдарды қолдану ;

f)      Тәрбиешілер біліктіліктерін арттыру ;

g)    Оқу – әдістемелік кешендер мен оқу – тәрбие үрдісін қамтамасыз ету.

Мектепке дейінгі ұйымдар балаға сапалы білім мен тәрбие беруі қажет. Ол үшін әр тәрбиеші күнделікті жоспарларын жазумен шектеліп қоймай өзін – өзі дамытып , өз жұмысына жоғары жауапкершілікпен қарап , шығармашыл болуы тиіс . Осыған байланысты жоғарыда аталып өткен әдістемелік жұмыстар міндеті:

-         Тәрбиешілерді ынталандыру , шығармашыл , инноватор тәрбие болуына көмектесу;

-         Жаңа технологияларды насихаттау барысында семинарлар өткізіліп отыруы тиіс. Мысалы : «Жобалық жұмыстар» , «Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытудағы жаңа тәсілдер» , «Бейнелеу өнерінен дәстүрлі және дәстүрден тыс технология» , «Отбасы мен балабақша» , «Жаңа инновациялық технологиялар» және т.б.

Әдіскер осындай семинарлармен жұмыстардың  ұйымдастырылуын қадағалайды ,мақсаттарын , міндеттерін айқындап , жоспарын құрады немесе құруға көмектеседі. Үздік тәжірибе таралуын  қамтамасыз  ете отырып , тәрбиешілердің зейінін арттыруға бағытталған , семинар мазмұнына байланысты болатындай ойындар , викториналар , сергіту – сәттерін өткізілуін ұсынады. Бұл жердегі әдіскер жұмысының  негізгі міндеті шығармашылық топ жұмысын  ұйымдастыру , нәтижелілігін қадағалау. Шығармашылық  топ жұмысы әр әдіскерге үлкен көмек тигізеді. Сан алуан қызықты ойлар , пікірлер , балабақша жұмысын ұйымдастыруда жаңаша әдіс – тәсілдер ойлап табуы мүмкін. Бұл жұмыстардың  артықшылығы да сол осындай жұмыстар арқылы  шебер педагог дайындау.

Шебер педагог – не ойды ,  не технологияны дайын күйінде қабылдамайтын – оларға қатыстыны өздігінен анықтайтын  және жеке шеберлігін қалыптастыра алатын маман. Тәжірибелі маман сабақты өз қабілетіне қарай тәжірибесіне сүйеніп өткізеді және өзінің  «білім жиынтығын»  қалыптастырады , оны кәсіби мәселені шешуге жұмсайды. Міне осындай шебер педагог жұмыстарының арқасында әдістемелік жұмыстар дүниеге келеді. Жұмыстар  Отандық  мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне қойылған мәселені шешу құралдары  ретінде  пайдаланылады.

Жұмыс заман талабына сай дамып отыруы үшін тәрбиешілер біліктіліктерінің  артуын қамтамасыз ету керек. Пайдасы :

-         Тәрбие мен білім беру үрдісінің ұйымдастырылуы  нәтижелілігінің  өсуі ;

-         Жоғары біліктілігі бар педагог мамандардың үлесінің артуы;

-         Тақырыпқа сай іс – тәжірибені шығармашылық іс – әрекетпен жаңарту ;

-         Тәжірибелі тәрбиешілермен біріге отырып , әдістемелік көмектерді жас мамандарға ұсыну.

Балабақша педагог мамандарымен жүргізілетін жұмыстар журналы.(Үлгі)

 

Р/с

Тәрбиешінің аты – жөні

Жеке шығармашылық  тақырыптары

Мерзімі

Жаңа іс – тәжірибе

Ұсынылатын әдістемелік көмек

Күтілетін нәтиже

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешілерге диагностикалық  және жекелеу негізінде әдістемелік көмек көрсету , шеберлігін шыңдау мақсатында білім беру үрдісінің  сапасын жоғарлату үшін балабақшада әдістемелік жоспарды төрт бөлімге бөлуге болады.(Үлгі)

Талдау

Жоспарлау

Ұйымдастыру және үйрету

Бақылау

Тәрбиешілерге мониторниг , диагностика жүргізу нәтижелері арқылы белгілі бір проблеманы анықтау , яғни , тәрбиешілердің  білім деңгейін , тәрбиеші қызметіндегі қиыншылықтарды анықтау және зерттеу , мәселеге бағытталған талдау жүргізу. 

Диагностика нәтижелері арқылы проблема анықталғаннан кейін жұмыс түрлері жоспарланады. Жұмыс жоспары жасалған кезде , оның:

-          Ғылымилығы (жоспардың  нақтылығы);

-          Оптималды(нақты есепке алу);

-          Белгілі бір мақсатқа бағытталуы;

-          Перспективалық (болашақтағы мақсат пен міндеттердің қойылуы);

-          Мектепке дейінгі ұйым мен педагогикалық  ұжымның  өзіндік ерекшелігін есепке алу ескеріліп отырылады.

Тәрбиешілердің мамандық  деңгейін жоғарлатуына бағытталған әр түрлі әдістемелік жұмыс түрлерін дайындау арқылы жүзеге асады.

Жасалған жұмысты оқып түсіну, өткізілген шараларға талдау жасап , әрекеттерді түзету .

Жеке  тұлға қалыптастыруда  жаңаша оқытудың әдіс – тәсілдерін іздестіру арқылы білім аймағында игерілетін  білімдермен анықталады.

 

Сонымен бірге жаңашыл инноватор тәрбиеші тәрбиелеу үшін балабақша тәрбиешілерін технологиялық сауаттылықтарына немес жыл басындағы бөлініске сәйкес төмендегідей тәртіппен технологияларға бөлуге болады.

Р/с

Тәрбиешінің аты – жөні

Жұмыс технологиясы

Тобы

1.

Джансерикова Гулжахан

Триз технологиясы

«Балауса»

2.

Бақбергенова Жұлдызай

Тәй – тәй технологиясы

«Қарлығаш»

3.

Бегалиева Алмагүл

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

«Жауқазын»

4.

Дүкенбаева Гүлназ

Ана мен әуен технологиясы

«Қарлығаш»

5.

Жайлаубаева Гүлшара

Монтессори технологиясы

«Жауқазын»

6.

Сапаева Айнагүл

Зайцев технологиясы

«Балапан»

7.

Нұртаза Жаннұр

Дамыта оқыту технологиясы

«Балауса»

Технологиялық сауатсыздық болған жағдайда  берілген тақырыптық технологиялар бойынша біліктілік арттыру курстарына жіберу.

Бұл жұмыс арқылы біз жыл бойы барлық технологиялар бойынша практикалық түрде білім аламыз. Өйткені әр тәрбиеші өз сабағын  өзіне жүктелген технология шеңберінде өтеді. Ал ,әр  жыл басында тәрбиеші технологиялары өзгеріліп отырады. Міне, осылай біз  әмбебап инноватор  тәрбиешіні жұмыс барысында дайындай аламыз.

Сонымен бірге , ата –анасының  өскен ортасынан заманауи бала түбегейлі бөлініп тұратын жағдайдың әр күн сайын куәсі болатын біздер үшін (Қазіргі кездегі компьютерлерді қолдану)  қоғамдық  ақпарат педагогтар мен балалар алдында мынадай міндеттер қояды:

-         Жаңа заманға қадам басу ;

-         Жаңа технология әлеміне балаға жолсерік болу ;

-         Компьютерлік бағдарламаларға тәлімгерді таңдау ;

-         Ақпараттық  мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру ;

-         Педагогтардың  профессионалдық деңгейін және ата – аналардың  құзыреттілігін көтеру ;

Осындай міндеттерді арқалаған әр тәрбиеші АТҚ бітіргендігі туралы куәлігі болуы қажет. Ол заман талабы , өмір талабы және өзің үшін ең бірінші қажеттілік.Өйткені ХХІ ғасыр ақпараттандыру ғасыры.Ал , ғасыр талабына талас жоқ.

Сапалы білім , саналы тәрбие беру үшін педагогтың үздіксіз ізденуі , шыңдалуы , шағырмашылықпен айналысуы , білімін жетілдіруі қажет. Сондықтан ғылымдар мен технологияны ойлап табуда . Өйткені жаңа оқыту технологиялары заман талабына сай білім беру бағытын өзгертіп отырады. Сөйтіп өздігінен білім алуға , логикалық  пайымдауға талдай, қорытындылай алатын коммуникативті тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

 

                                      Пайдаланылған  әдебиеттер :

1.«Балабақша  меңгерушісі мен әдіскері» журналы,   № 4 , 2015 жыл .

2.«Бала мен балабақша» журналы,  № 4 , 2012жыл

3.12 жылдық білім беру бойынша мемлекеттік стандарт  жобасы.

4.«Жалпы  педагогика» . 2009ж  М.Жұмабаев.

5.Педагогикалық еңбектер .2008ж

6.Оқушылардың шығармашылығын дамыту» Ғылыми-әдістемелік  журнал, №5 , 2009 ж

7.Тұрғанбаев Б. А. «Дамыта оқыту технологиялары»  , Алматы  2000 жыл.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама : Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жаңаша инноватор тәрбиеші қалыптастыруда әдістемелік жұмыстардың жүргізілуі."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по маркетингу (тур. агенства)

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 218 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.04.2016 8782
    • DOCX 179.3 кбайт
    • 34 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джансерикова Гульжахан Альмабековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8939
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой