Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Баяндама "Мемлекеттік Рәміздер мақтанышым" 11-сынып

Баяндама "Мемлекеттік Рәміздер мақтанышым" 11-сынып

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:



Мемлекеттік рәміздердің тәрбиелік мәні


Әрбір мемлекет үшін отаншылдық рухта тәрбие беру әрбір азаматтың мемлекетімізге, оның даңқты да қиын тарихына, алдағы болашағына өзінің қатысты екендігін сезініп, еліміздің мұң-мұқтаждарын ойлануынан басталады. Бұл міндеттің күрделілігін Елбасы нақты пайымдап, «...бұл міндет білім берудің, мәдениет органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық жүйесіне, әрбір отбасына қатысты. Ал, оны елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуден, заңды өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан - менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей еткен жөн» - дейді.

Өз тәуелсіздігімізге аяқ басқан кезеңде төл рәміздер дуниеге келді.
Тәуелсіз ҚР рәміздерін жасау бүкілхалықтық сипат алып, көптің ісіне айналуы да кездейсоқ емес. Халық жүрегін желпіген еркіндік самалы ғажайып шығармашылық белсенділікке жол ашты.
Елбасымыз жаңа мемлекеттік рәміздерді қабылдауға зор мән берді.
Мемлекеттік рәміздеріміздің ресми хатталуының да өз тарихы бар. Президент Н.Ә.Назарбаев 1992 жылғы 4 маусым күні «ҚР Мемлекеттік туы туралы», «ҚР Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «ҚР Мемлекеттік әнүранының музыкалық редакциясы туралы» тарихи заңдарға қол қойды.
Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге, мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздері бар. Біздің мемлекетіміздің рәміздері - Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл рәміздер 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Біздің мемлекеттік туымыздың түсі – көк. Көк түс аспанның белгісі. Бұл киелі тұс - бірлік пен ынтымаққа шақырып, барлық халықтар үшін әрдайым тыныштық, бейбітшілік пен береке символына айналған.
Көк түс қазақ халқының ұлттық реңі деп саналады. Кезінде Түркі қағанаты (552-630 ж, 682-743 ж), Хазар қағанаты (651-983 жж.), Ұлы Селжұқ қағанаты (1040-1157 жж.), Ақсақ Темір мемлекеті, Қазақ хандығының (1465-1737 жж.) бірқатар хандары мен батырлары көк асаба көтерген. Қазақ КСР-нің (1920 - 1991 жж.) мемлекеттік жалауында да шағын көк жолақ республиканың төл болмысының нышандық белгісі ретінде пайдаланылады. «Көк» сөзінің көне түркі тіліндегі бір мағынасы «шығыс», «шығыстық» деген ұғымға сәйкес келеді. Яғни, тудың түсінен белгілі бір нақты географиялық ақпарат алуға болады. Ол геральдика тілінде бүкіл әлемге Қазақстан жер шарының шығысында орналасқандығын, Ұлы дала өркениетінен бастау алатын, тамыры тереңде жатқан шығыс мәдениетінің өкілі екендігін баян етіп тұрғандай.
Ал, күн бейнесі - байлық пен береке белгісі. Күн бейнесін салу арқылы қазақ елі өзінің жалпы адамзаттық құндылықтарға ортақтастығын және халықаралық қауымдастықтың бір бөлігі екендігін аңғартып тұр.
Қыран бүркіт образы қазақ халқының ұлттық дүниетанымында еркіндік, бостандық сүйгіштік, ерлік, жоғары аңсар, жан дуниесінің кеңдігі, асыл мұрат, жүрек тазалығы сияқты адамгершілік асыл ұғымдармен астасып жатады.
Ал, енді саяси тұрғыдан келсек ол – мемлекеттік тұтастық идеясын білдіреді.
Рәміздер саяси төуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері болып табылады. Демек, мемлекеттік рәміздер - белгілі бір елдің өмір салтын, бүкіл болмыс - ерекшелігін, айрықша арман - аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Әр елдің мемлекеттік рәміздері географиялық, мәдени-тарихи және геосаяси жағдайларына байланысты қалыптасады. Қазіргі Қазақстан аумағында ерте дәуірден бері талай мемлекеттік құрылымдар дүниеге келген. Орта ғасырдан осы мерзімге дейінгі қазақ мемлекеттілігінің сыртқы белгілері мен жаңа заманға сай рәміздері Қазақстанның әлеуметтік-саяси тарихының негізгі белгісін құрайды. Қазақ мемлекеттілігінің үш кезеңін қамтитын рәміздер тарихына тоқталсақ, олар: Қазақ хандығы, Кеңес одағы құрамындағы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы және Қазақстан Республикасы. Әр тарихи кезеңнің мемлекеттілік билігіне тән белгілерінің өзіндік ерекшелігі бар. Қазақстан Республикасының бас рәмізтанушысы Е.Шәймерденнің пікірінше, елтаңбаның қарапайым пішінінен күрделі түріне дейінгі дамуы бірнеше кезеңнен тұрады екен. Бірінші кезең, ерте әлеуметтік белгілердің пайда болуымен сипатталады. Қазақ қоғамында көнеден келе жатқан белгінің бірі - малға ен салу. Екінші кезең, таңба белгілерінің қолданылуымен ерекшеленеді. Бұл деңгейге дала мәдениетіңің айрықша белгісі болып табылатын тайпалық таңбалар сәйкес келеді. Үшінші кезең, мөрлердің пайда болуы, тертінші - рулық таңба, бесінші – аймақтық және қалалық герб, алтыншы, ең жоғарғы деңгей – ресми бекітілген мемлекеттік елтаңбаның болуы. Ол белгілер әр түрлі салт-жораларда пайдаланылып, ру-тайпалардың басын біріктіруге ықпал етті. Ол кезде қоғамды көсемдер мен ақсақалдардың басқаруына байланысты биліктің жеке белгілері қолданыла бастады.
Қазақ халқы мен мемлекеттілігінің дамуында қазақ жүздерінің тарихын бірге қарастыру қажет. Бұл үш категория (халық, мемлекет, жүз) тарихи даму толқынында қатар дамыды. Олардың әрқайсысының өз таңбасы болды.

Мемлекеттік рәміздерімізге шетелдік мамандар жоғары баға берген, сонымен қатар рәміздеріміз әлемдік каталогқа енген.
Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер егіз үғым.
Кез келген ел тәуелсіздігін оның мемлекеттік рәміздерінен бөліп қарауға болмайды. Жас мемлекеттің жас астанасында және бүкіл республика аумағында елдің елдігін танытатын, отаншылдық пен патриоттық рухты оятатын, әр жүректе мақтаныш сезімін тудыратын нышандар өз дәрежесінде көрініс тауып отыр.
Мемлекеттік рәміздердің зор тәрбиелік мән, мағынасы бар. Жай ғана мысал, Олимпиада ойындарындағы өз спортшыларымыздың жеңісі кезіндегі мемлекетіміздің көк байрағының желбіреуі әрбір азамат үшін зор мақтаныш, үлкен эмоция тудырады.Сонымен қатар мемлекеттік рәміздердің үлттық патриотизмді және жалпы қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы қызметі, орны ерекше екені даусыз.
«Қоғамда Қазақстан - біздің отанымыз, бүл үғымға көп нәрсе кіреді деген қарапайым ойды қалыптастыру керек» - деп, атап көрсеткен Елбасымыздың сөзі терең ойдан туындаған пікір.
Қай үлттан шыққанына қарамай, әрбір азаматтың парызы ең алдымен, біздің ортақ үйіміздегі достық пен келісім ахуалын қолдауы. Құрамындағы ұлттар мен ұлыстар саны біздегіден де көбірек гүлденіп отырған мемлекеттер аз емес. Бүл елдерде патриоттық сезімі ерекше жоғары дамыған, қоғамда мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау қалыптасқан. Мысалы, мектептерде сабақ басталғанда, мемлекеттік органдарда ант қабылдағанда, басқа да көптеген іс-шаралар кезінде Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран орындалады.
Қазақстандық патриотизм елдің нағыз патриоттарын қалыптастыратын құбылыс. Қазақстан патриоты, біріншіден, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне: Туына, Елтаңбасы мен Әнұранына ерекше құрметпен қарайды, мемлекеттік нышандарымызды шын ниетімен қадірлейді және оны басқалардан талап етеді.
Қазақстандық патриотизм - өзіңді республика халқының құрамдас бөлігі ретінде сүйіспеншілік және берілгендік сезімді, халық пен елдің мүддесін қорғайтын, тіпті әскери қорғауды жүзеге асыратын азаматтың парызы мен намысын тәрбиелеу.
Ұлттық патриотизмді қалыптастыруға негіз болған қазақтың дәстүрлі қоғамында орныққан құндылықтар қатарына, «Отан», «атамекен», «ел-жүрт», «азаматтық борыш», «ар-намыс», «адалдық пен әділдік», «азаматтық парыз», «қанағатшылдық пен жомарттық», тағы басқа үғымдарды жатқызуға болады.
Қазақ жұрты кіндік қаны тамған жерін, ата-баба әулетінің мәйіті жатқан жерді ерекше қадірлейді. Қазақ үшін атамекен - отанжанды пенде ретінде өмір сүруінің шарттық атрибуты. Сондықтан да халқымыз өз ата-мекенін, Отанын, өз халқы, өз тілін, өз мемлекетінің рәміздерін, салт-дәстүрін жүрекпен сүйе білген әрі ұрпағын да соған тәрбиелеген, баулыған















































«РӘМІЗДЕРІМ – МАҚТАНЫШЫМ»

ШЫҒАРМА -РЕФЕРАТ





Бүгінде жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің түрлі жолдары қарастырылып келеді. Соның бірі жастар, жас өрендер арасында ұлттық нақыштарымыз рәміздерді насихаттау. Рәміз – бұл мемлекеттің төлқұжаты десе артық айтпаған болар едік. Рәміздерді насихаттаудағы мақсат – әрбір жас буын жеткіншектің Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туарлы түсініктерін қалыптастыру. Оларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Батырлықтың уызына жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған

Өзі ақын, өзі әнші халықта,

Кім айта алар болмаған деп Әнұран –

 

деп ақын жырға қосқандай, гректің «гимн» сөзі қазақша «ұран», «ұран салу» деген ұғымды білдіреді. Басқа ұлттар секілді қазақ елінің де әрбір ру-тайпасының өзіне тән таңба белгілері, жалауымен қатар, Әнұраны да болған. Елді жау шапқанда жер-жердегі сарбаздарды жинауға ат шаптырып, ұран салады, хабар береді. Кезінде сарбаздарға рух берген, жауға қарсы ерлікпен күресе білуге жұмылдырған.

 

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

 

Әнұранында жазылған өлең шумақтары – адамға зор рухани әсер беретін күштің, халықтың, ұлттың, мемлекеттің, елдің бірлігінің нышаны сипатталады.

Ал еліміздің көк туына келер болсақ. Ту – бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек жаугершілік кезде ғана шығарылып отырған. Тудан айырылу – өліммен тең болған. Бауыржан Момышұлы айтқандай «Ту – қасиет! Ту – әскерлердің ар намысы»! Тарих беттеріне көз жүгіртсек, қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған. Сондай бір қиын-қыстау кезеңде ұлы дана бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ордабасындағы жиыннан кейін, Әбілхайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан екен.

1992 жыл 4-маусым – қазақ елінің тарих бетіне алтын әріптермен жазылатын елеулі күн. Дәл осы күні Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз ҚР-ның мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. 1992 жылы маусым айында тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев ұлт Туына тағзым етті.

 



Ту ортасында күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран, Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн шұғыла, қыран, өрнек бейнесі алтын түстес.

Көк тудың желбірегені –

Жаныма қуат береді.

Таласқа түссе жан мен ту

Жан емес маған керегі –

Көк тудың желбірегені –

 

Деп, ақын Алмас Ахметбекұлы жастарды нағыз патриоттық рух пен тәрбиеге шақыра білді. Ақын болсын, жас болсын, кәрі болсын барлығының міндеті де сол – егеменді еліміз жер әлеміндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті ел ретінде өзінің Елтаңбасы мен Әнұранын, Туы мен Жалауын белгілеп, осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, әдептілік рәсімдерін орындау борышымыз деп санауын көздейді.

Күн сәулесі, көк аспан, шаңырақ, жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары – барлығы елтаңбаны бейнелейтін нақыштар.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.

Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелесе, қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі. Елтаңбадағы бес жұлдыз, жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын білдіреді. Бидай сабақтары – молшылықтың нышаны. Аспан ашық, жұлдызы жарқыраған, шаңырағы биік, жеңімпаз, молшылық елінің перзенті болу.

Сөз соңын қорыта келгенде, еліміздің, жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысу – ол әрбір азаматтың парызы! Туған жер деген киелі ұғымды әрбір қазақстандық құрмет тұтуға, қастерлеуге міндетті екенін естен шығармауға тиіспіз



11 –сынып оқушысы Темирболатов Нұрсұлтан













РӘМІЗДЕРІМ-МАҚТАНЫШЫМ


1992 жылдың 4-маусымы – тарихи күн. Сол кездегі Республика жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстан Ресрубликасының мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті.Жер бетіндегі мемлекет атаулының қай-қайсысында за мемлекетілігінің белгісі- рәміздері болып табылады. Терминнің дұрыс пайдаланылуына байланысты 2007 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенде «нышандар» деген сөз «рәміздерге» ауыстырылды.

   «Рәміз» деген сөз грек тілінде «символ» деген мағына үстейді. Рәміз – философия мен психология өнерінің ең басты дәрежелерінің бірі.

Көптеген елдерде мемлекеттік рәміздер жалпы ұлттық және біріктіруші күш ретінде ұғынылады. Рәміздер діни, партиялық, рулық бөліністерінен биік мәртеге ие.

            Қазақстан Республикасының мелекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұранның сипаттамалары және ресми пайдалану тәртібі контитуциялық «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» заңмен белгіленген. Бұл заң Қазақстан Республикасы рәміздерінің 15 жылдығына орай – 2007 жылдық 4 маусымында күшіне енген болатын

            Жас мемлекеттің рәміздерін жасауға бүкіл Қазақстанның халқы ат салысты. Оған сол кезде жарияланған байқау куә. Мемлекеттік рәміздер эстетикалық талаптармен бірге, тарихи, экономикалық, саяси мәні анық айшыұталған шешімді табу қажет болатын.

            Ту бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек жауепкершілік кезінде шығарылып отырған. Тудан айырылу -өліммен тең болған. Көңе заманда ұлы дана бабаларымыз Төле би, Әйтеке би Ордабасында кездескеннен кейін Әбілхайыр хан үш жүздің басын қосып Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан.

            Мемлекетті туымыздың авторы – еліміздің өнер қайраткері Шакен Ниязбеков.

Жалауды айқындайтын элементтердің бірі – оның түсі. Көк түсті таңдалуы кездейсоқ емес, ол – адалдықтың, мінсіздіктің және сенімділіктің белгісі. Бірлікпен бірге көк түс барлық елдердің тыныштығы мен ырысын білдіретін бұлтсыз аспанды еске алады. Аспандай ашық көк түс, қазақтардың ұлттық түсі. Өйткені көшпенді қазақтар үшін табиғат, мекендеу ортасы ғана емес, сонымен қатар өмірінің ажырамас бөлігі болатын. «Көк» сөзі ежелгі түріктердің тілінен аударғанда «Шығыс» деген мағына білдіреді. Геральдистердің сөзіне сүйенетін болсақ, Қазақстан жер шарының шығысында орналасқан, ежелгі шығыс мәдениетінің қасиетті екенін.

             Туымыздың ортасында шұғылалы күн оның астында қалықта ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Сабының тұсында ұлттық өрнектік жолақ түрінде нақышталған. Күн бейнесі – шекарамыздың бұзылмайтындығын бейнелейді. Шексіз далада ұшқан қыран, ою-өрнек – еліміздің ұлттық жиынтық белгісі. Күн, оның шұғылысы, қыран және ұлттық өнер бейнесі алтын түстес.

            Бүгінгі Елтаңбаның иелері сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уалиханның. Мемлекеттік    елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған.  Шаңырақ әлімнің біртұтастығын, мемлекетің бастауы, отбасы ошағын бейнелейді.Дөңгелек – шығыс халықтарының байырғы дүние танымына етене жақын, өйткені бұл нысан өмір шексіздігінің белгісі. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Олар – мамыржай шуақты өмірмен мейірім – шапағат жылылықтың белгісі. Оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылып, жауға


қарсы күресте арыстанның үрейсіздігін. өгіздің күші мен қуаттылығын, маралдың жылдамдылығын, түлкінің қулығын білдіреді. Тұлпардың алтын қанаттары – астықтың,тоқшылықтың және материалдық ырыс- несібенің белгісі. Елтаңбаның ортасында бес бұрышты көлемді жұлдыз – біздің жүрегіміз бен құшағымыз барлық бес құрылық өкілдеріне ашық деген сөз.

            Осы күнгі мемлекеттердің әрқайсысының өзінің ұлттық Әнұраны бар. Олардың бәрін « көру, есту, түсіну дегеніміз- табиғаттың ең тамаша сыйы»,- деген екен ұлы ғалым Альберт Энштейн. Қазақстан Республикасының Әнұраны за адамға зор рухани әсер ететін күш. Қазақтан Республикасы мемлекеттік әнұранының негізі – ол халық арасында кең тараған «Менің елім» атты патриоттық өлең. Әнұран – халық жүрегінің соғуы, армандардың тас-түйін қорытпасы. Әнұранның авторлары – Шәмші Қалдаяқов (әні), Жумекен Нәжімеденов және Мемлекет басшысы Нурсултан Назарбаев. Әнұран ресми рәміз ретінде, Қазақтанның болашағы мен өзінің болашағына сенетін қазастандықтардың ортақ рухани қазынасына айналып кетті.

            Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Мемелекетті Елтаңбасының эталондары Елбасының Резиденциясында сақталады.

             Рәміздер – бұлар біздің еліміздің, Қазақстанымыздың, яғни Республикамыздың бет бейнесі, біз үшін биік, біз үшін қастерлі. Қазақстанның әрбір азаматы оларды құрметтей, қастерлей білуі қажет деп ойлаймын.




11- сынып оқушысы Байдильдаева Назым

Автор
Дата добавления 01.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров793
Номер материала ДВ-300415
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх