Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Статьи / Баяндама «Менің инновациялық сабағым»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Баяндама «Менің инновациялық сабағым»

библиотека
материалов

«Менің инновациялық сабағым»

Қазіргі заманның қоғамдық-әлеуметтік басты мәселелерінің бірі-басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілде сөйлеу білуі. Жаңа технологиялар арқылы оқыту қазақ тілін үйретудің сапасы мен маңызын арттырады. Орыс тілді дәрісханада қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсаттарының бірі – тіл үйренушінің қатысымдық біліктілігін қалыптастырып, сөйлеу қабілетін дамыту.

Әр бала жас кезінен еркін ойлауға, алдына қойған істі жоспарлап, оны соңына дейін жеткізуге, кедергілерге қарсы тұруға бейімделгені жөн.
Сондықтан да әр сабаққа оқушылардың әр мәселеге сыни көзқарасын қалыптастырып, оларды ашық, еркін сөйлеуге баулу – әр ұстаздың міндеті.
Сабақ процесінде ең басты тұлға оқушы. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерге әбден қалыптасып қалған мұғалімге өзінің көзқарасын, философиясын өзгерту оңай емес.
Менің 10 жыл аралығында тәжірибемде қолданған технологиялардың бірі – «Оқыту мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы. 

Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік береді, жауаптар тыңдалады. 
Жеке басын құрметтей отырып, білім беру-қазіргі оқытудың негізгі талабы, өйткені оқушылардың бәрінің ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан бұл мәселеге психологиялық тұрғыдан қарап, педагогикалық әрекет, әдістемелік шеберлікпен келу керек.

Мен сабақтарымда, көбінесе қазақ тілі пәнінде стратегияларды оқу бағдарламасын жүйелі түрде қолданып келдім. Сабақ негізінен үш сатыдан тұрады: 
1. Қызығушылықты ояту 

2.Мағынаны тани білу

3. Ой толғаныс.

Инновациялық сабағымның құрылымы:

Сабақтың тақырыбы: «Астана – бас қала»

Сабақтың жоспары: 
1. Психологиялық дайындық. 
2. Ой ашар. 
3. Үй тапсырмасын тексеру. 
4. Жаңа сабақ. 
І. Қызығушылықты ояту. 
а) Ой қозғау. 
«Ассоциация» стратегиясы.
ә) Өзіндік жұмыс. 
Топтастыру
б) Түртіп алу ─ (INSERT) 
ІІ. Мағынаны тан
и білу
Топпен жұмыс. 
INSERT
ІІІ. Ой толғаныс сатысы. 
1.
Екі түрлі түсініктеме күнделігі

2. Венн диаграммасы. 

3. Бес жолды өлең

4. Бағалау. 
5. Үйге тапсырма.

1. Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі-бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады.Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Оқушы өз білетінің еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі,тобында талқылайды. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау» т.б. деген аттары бар стратегиялар жинақталған. Мысалы, балалар қызыға жасайтын стратегиялардың бірі– ол «Ассоциация». Оқушылар Астана сөзіне ассоциациялар жазады, жазған ассоциацияларын топтастырады, сөз тіркестер, сөйлемдер құрастырады.

Балалар мынадай ассоциациялар жазады: бас қала, әсем, ел ордасы, үлкен, ғимараттар, Бәйтерек, Президент сарайы, Парламент үйі, таза, астана және т.б.

«Топтау»:

1 топағы сөздер – бас қала, астана, ел ордасы.

2 топтағы сөздер – әсем, таза, үлкен

3 топтағы сөздер – Бәйтерек, Президент Сарайы, Парламент үйі

Шәкірт сұрақ қоя біліп, мақсат қоюға үйренеді. Өзінің бұрынғы білім деңгейін анықтайды. 

2. Мағынаны тани білу. Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Оқушылар сабақ барысында келесі кестені толтырады


Білемін

Білдім

білгім келеді

Астана- Қазақстан Республикасының бас қаласы

Қала Есіл өзенінің жағасында орналасқан

Халқының саны қанша?

INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. 
Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады.

3. Ой толғаныс.

Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. 
Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.  Солардың ішінен жиі қолданатыным -
Екі түрлі түсініктеме күнделігі
Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:

Бөліктің

Оң жағына Сол жағына 
Мәтіндегі қатты әсер еткен Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір

тұстарды, үзінділерді жазады. жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары

қандай, қандай сұрақ бар т.б.) 

Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталынып қойылғаны

дұрыс. Мысалы: 
─ Сендердің ойларыңда не сақталып қалды? 
─ Астана қаласы қайда орналасқан? т.б. түрінде. 
Бұл әдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып, жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ, әдістің тиімділігі – сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады. 
Венн диаграммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді. Мысалы, Астана және Алматы қалаларын салыстыруға болады.

Осы кезеңдердің ұтымды өткізілуі мынадай нәтиже береді: 
- оқушылар басқалармен қарым- қатынас жасай біледі; 
- басқаларды тыңдауға, кез келген жауапқа сыйластықпен, түсіністікпен қарауға; 
- өз ойын топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге; 
- оқушының оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше ізденуге үйренеді; 
- ең бастысы сабаққа қызығушылығы артып, балалардың белсенділігі жоғары болады. 

Бес жолды өлең”

  1. Астана

  2. Әсем, үлкен

  3. Бардым, көрдім, тұрамын

  4. Мен демалыста Астанаға барамын

  5. Бас қала


«Оқыту мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша жұмыс істегеннен бері сабақ өткізу мәнерімде көп өзгерістер бар. Cабақтарымда оқушылар жаппай тілдік әрекетке түседі.

Қорыта айтқанда, инновациялық білім беру әдістемелерінің ішінде сын тұрғысынан ойлау технологиясы - тиімді құралдың бірі. Инновациялық білім - іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет пәндердің мазмұнын тереңдетуге, ұстаздың кәсіптік шеберлігін арттыруға, оқу ісін дамытуға бағытталған. Ең бастысы, оқушыны келешек өмірге дайындап, білім-біліктерін, іскерлігін өмірде қолдауға жағдай жасайды.



Автор
Дата добавления 31.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров208
Номер материала ДВ-572182
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх