Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Баяндама " Мәңгілік ел идеясы"

Баяндама " Мәңгілік ел идеясы"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

«Мәңгілік ел» идеясының негізінде оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу


Жас жеткіншектерді отансүйгіштікке тәрбиелеу - бүгінгі әлемнің күрделі тынысында негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Отаншылдық – сонау ерте замандардан қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім. Көп ұлтты Қазақстан үшін отансүйгіштік сезімнің рухани саладағы тату-тәтті тірлік, азаматтық келісімге ғана емес, мемлекеттік материалдық негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар. Отансүйгіштік рух – қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуға мүмкіндік беретін бірден-бір күш.

Қазақстандықтарға ХХІ ғасырға лайықты және жетекші ел болудың жоғарғы мақсаты жолында бүкіл қоғамды берік біріктіретін идеялық күш қажет болды. Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнап «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты тарихи Жолдауын жазды. Жолдауда отандастары үшін өте маңызды екі идея ұсынды. Оның біріншісі – «Мәңгілік ел», екіншісі – «Қазақ елі». Қазақстанда мекен еткен барлық ұлт өкілдері арасында қолдау тапқан қос идея бірауыздан қабылданатындығына кәміл сенемін.

«Мәңгілік ел» - халқымыздың болашаққа бағыт берер шамшырағы. «Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін – Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – бірлік, берекесі» дейді Елбасшымыз Қазақстан Халқына Жолдауында.

Жалпыұлттық идея – бірлік, оны ұрпағымыздың бойына сіңіруде жатыр. Озық дамыған 30 елдің қатарына енуге ұмтылған халқымыздың алдында бүгінгі таңда білімді де тәрбиелі ұрпақ өсіру міндеті тұр. Тәрбиенің басты нысаны елдік сананы қалыптастырып, отансүйгіштікті негіздеу. Бұл тұрғыда Елбасы жастарға үлкен сенім артып отыр. «Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – ел бірлігі болу керек. Осынау жалпы ұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре беруге тиіспіз» деген Елбасы сөзі жастарды қанаттандыруда. Татулығы мен ынтымағы жарасқан елдің болашағы да табысты, ертеңі берекелі болады. Бұл – тәуелсіз елдің басты бағыты, бекем байламы.

Биылғы жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан ерекше жыл, яғни қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығы. Бұл тарихи белестер ел бірлігін нығайтуда, қазақстандық патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Тарихты зерделеу арқылы біз ұрпағымызға Отанымыз бен халқымызға шексіз берілгендіктің, қаһармандықтың шынайы үлгісін көрсете аламыз.

Елбасымыз биылғы жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялады. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылында елімізде қоғамдық келісім мен татулықтың, бірліктің мәнін түсіндіруге көңіл бөлініп, ерекше екпін беріледі. 2015 жыл - ел бірлігінің жылы, татулық пен бейбітшілік жылы. Ассамблея – Қазақстан халқы бірлігінің айнымас символы, адастырмас темір қазығы. Қазақтың қасиетті жерінде ұрпағын жайған 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар өзара түсіністік пен келісім, ұлтаралық татулықты одан әрі жалғастыра беретіндігіне сенемін.

Бүгінде біздің еліміз Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси қызметінің шын мәніндегі білікті де іскер жұмысының нәтижесінде халықаралық сахнада үлкен маңызға ие болды. Тәуелсіздік алғанына 23 жыл ғана болған Қазақстан Республикасының абыройын аспанға асқақтатып, әлемдегі алпауыт елдермен иық тіресетіндей әлеуетке жеткізген Елбасының сарабдал саясатының тереңдігін, көз түгіл көңіл жетпес көкжиекті болжай алған көрегендігін, ел алдындағы ерен еңбегін, Отандық қана емес, жаһандық саясаттағы жетекші орнын, бүкіл дүниежүзінің әйгілі саясаткерлерінің майындап отырғанын біз зор мақтаныш тұтамыз.

«Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру барша қазақстандықтарға, әсіресе, бүгінгі және келешек ұрпаққа үлкен сын, зор мәртебелі іс болмақ. Бұл үшін төмендегі құндылықтарды орындауымыз керек: бірінші – ата-анасын қадірлейтін, Отанын сүйетін бала тәрбиелеу, екінші – қазақ тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін білетін, оны дамытатын ұрпақ тәрбиелеу, үшінші – халықтар достығын қастерлейтін, ел бірлігін сақтайтын ұл-қыз өсіру.

Қазіргі кезеңде ұлттық патриотизмнің басты көрінісі – қазақтың ана тілінде сөйлеуі, жас жеткіншектерге ұлттық тәрбие беру, ізет, құрмет, қайырым, мейірім сезімдерін дамыту. Өз халқын сүйіп, оның болашағын ойлаған адам басқа халыққа да солай қарайды.

Ата-баба рухы, туған ел, ана тілі – бұл қазақ үшін көздің ағы мен қарасындай қасиетті ұғымдар. Жас жеткіншектерді осындай құдіретті сезімге – отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында мектебімізде көптеген тәрбиелік іс-шаралар өткізілуде. «Менің Отаным - Қазақстан», «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды», «Қазақтың батыр қыздары» т.б. тәрбие сағаттары, «Мен - Отанымның ұланымын» атты спорттық ойындар, «Әрқашан күн сөнбесін», «Бақытты балалық шақ» суреттер көрмесі мен шығармалар сайыстары оқушылардың елін, жерін сүйіп өсуге негізделіп жүргізілді.

Егемен еліміздің дүние жүзі елдерімен терезесі тең болуы үшін жастарымыз білімді, жан-жақты, дарынды да қабілетті болуы шарт. Жас жеткіншектердің ешкімге ұқсамайтын даралығын, шеберлін, шығармашылығын дамыту, оны жарыққа шығару жолында облыста, ауданда өткізілген Абай, Мағжан, Мұқағали, Махамбет, Оралхан Бөкей оқуларына оқушыларымыз белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Әрбір шәкірттің жеке дара ерекше қабілетін дамыту мақсатында мектепте «Достық» ұйымының шығармашылық кештері, өзіндік ойлау жүйесін жетілдіруде дебат сайыстары, интеллектуалды ойын бағдарламалары өткізіледі. Мектебіміздің «Әділет» атты дебат тобы аймақтық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Қорыта айтқанда, Елбасшымыздың «Мәңгілік Ел» идеясының негізінде жастарымызды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында жүргізіліп жатқан игілікті істер жалғасын табуда. Жас ұрпақты ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалды деңгейі биік, жан-жақты азамат ретінде қалыптастыруда жалпы ұстаздар қауымының қызметі өлшеусіз.

Еліміздің жеткен жетістіктері аясында жас ұрпақты Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге тәрбиелеу - біздің басты міндетіміз. Елбасшымыздың болашаққа бағыт берер «Мәңгілік Ел»идеясын қолдап,халқымыздың жарқын болашағының кепілі-еліміздің патриот ұл-қыздарын тәрбиелеп,отанымыздың бақыты үшін еңбек ете берейік.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 24.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1359
Номер материала ДВ-374162
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх