Инфоурок Всеобщая история КонспектыБаяндама "Моңғолиядағы қазақтардың тарихы жайында"

Баяндама "Моңғолиядағы қазақтардың тарихы жайында"

Скачать материал

               Моңғолиядағы қазақтардың тарихы жайында

 

             Қазақтардың бір бөлігі XVIIIғасырдың бас кезінен бастап Алтай тауының теріскей бетіне қоныстанды.Қазақтар ішінде рулық-әкімшілік жүйе сақталып,жантекей,шеруші,қарақасақ руларына өз рубасылары билік етіп,қазақтардың біртұтас әкімшілік жүйесін құрады.1905 жылы Алтай аймағы деген атпен жаңа әкімшілік бірлігі құрылған соң,Алтай тауының теріскей бетіндегі қазақтар жаппай оған бағынатын болған.Сөйтіп,бұл өлке қазақтарына өз ықпалын толық жүргізуді ойлаған Манжұр-Цин үкіметі қазақтарды бір өлкеге жинауға әрекет етіп ,Алтай тауының теріскей бетіндегі қазақтарды күнгей бетіне көшіріп асыруға әрекет жасағанымен мұнысы іске аспады.Манжұр-Цин үкіметінің зорлық-зомбылығына батыл қарсы тұрып, мекендерінен ірге аудармай қалуы Қобда қазақтары тарихындағы ірі тарихи оқиғалардың басы болды.

             Қобда бетіндегі қазақтар сол жылдардан бастап біршама уақыт біркелкі өмір сүрді.Сол дәуірді Ү.Ақыт қажы «алшаңдап азғантай жыл кеңдік көрген», «бір-бір үй,бір-бір ауыл болып», «толықсып бақ дәулетке толды» деп сипаттап ,онан кейін халықтың бейбіт өмірі бұзылғанын айтады.Дәл сол кезде,бұрынғы Манжұр-Цин империясының батыстағы тірегі Қобда өңірі кімнің иелігінде болуы өте күрделі мәселеге айналды.Манжұр-Цин империясының күйреуі Ресей үшін аса ұтымды болып,ол Сыртқы Моңғолияның тәуелсіздік жариялануына жәрдемдесті.1911жылы тамыздың       20-сында Қобда бекінісіне қалған манжұрдың 1400 әскерін Боғда хан әскері жойып,азат етті.Вурхан Шахиди «Патшалық Ресей Моңғолияны, Қобда және Алтайды шеңгеліне түсіру мақсатымен Моңғолияны тәуелсіздік алуға желіктірді жіне оны қолдап қолпаштады» дейді.

             Алтай,Қобда өңіріндегі халықаралық шиеленісті жағдай біршама саябырлаған шақта Қобда қазақтаоы «Жалама айдаған» деген ауыр оқиғаға душар болды.Бұл оқиғаның басталуына қазақтың өз арасындағы алауыздық,ынтымақсыздық,бақталастық тартыс үлкен кесірін тигізді.Бұрындары Моңғолия жеріне тқрт мәрте келген Дамбийжанцан Алтай бетіндегі қазақтардың Қобда бетіндегі ағайындыларымен қосылып, бүкіл Орталық Азияны қамтыған аласапыранда үлкен күш пен дербестікке жетуіне жол бермеу үшін қазақтарды моңғол жұртының ішіне қарай мәжбүрлікпен қоныстандырып, бытырату саясатын әскери зомбылықпен жүзеге асырған .Қазақтарды өз жұртынан 300-350 шақырымға мал-мүлкімен айдап,аса қатыгез,қанішер әрекеттерге барып,барып қазақтардың үрейін алған.Осы тұста  қазақтың бас біріктіретін ел ағалары дүниеден озып,ел басы бірікпей қалады.Дөрбеттер ортасына қазақтарды айдап апарған оның жендеттері қазақтарды будда дініне күштеп енгізу,әскери басыбайлыққа пайдалануды көздейді.Алайда,қазақтардың тойтарысына тап болып, «қазақтар бір түннің ішінде Бұрғыстай жағасында жаудың  33 әскерін жайратып, 300 ауыл үй , мал-мүлкін алып,Бөкмөрөн өзеннің өрлеп көшіп,Ресей жері Қосағашқа борды».Жаламадан азат болған қазақтар Тува жері арқылы Қосағашқа өтңп,ондағы қандастарын паналап,кейіндері 1913 жылы мемлекетаралық келісім бойынша кейін қайтарылады.Қобда қазақтары осы тұста әлуметтік-экономикалық,саяси жағынан үлкен дағдарысқа ұшыраған.Қазақтардың біраз бөлігі туваар мен алтайлықтар арасында қалып қойғандығы туралы ауызекі деректер бар. «Өрікті көл көтерілісі» өлке қазақтарының ерлігін паш еткен ұлы тарихи оқиға,ең алғашқы ұйымдасқан қимылыныі жеңісті нәтижесі болды.1913-1915 жылдар аралығында Қобда бетінің ежелгі тұрғын қазақтарының басым көпшілігі мекеніне қайта оралды.     

1913 жылы шілдеде Қобда қазақтарының өкілдері Моңғолдың жаңа билеушісі Боғда ханға хат жолдап,Сытқы Моңғолия құрамына кіруге дайын екенін мәлімдеді.Ұсыныс сол күйінде толығымен қабылданды және оған Сыртқы Моңғолияның Ресей ықпалында болуы себеп болды.Сонымен қатар,1914 жылы қыркүйектің 8- інен  1915 жылғы маусымның  7-іне дейінгі Ресей, Қытай мемлекеті,Сыртқы Моңғолия арасындағы келіссөзде моіңолдар тарапынан кіргізілген жобада «...Қобда қазақтары мекендеген ... жерлер Моңғолия шекарасына сыйысады» деп белгілейді.         

            Аталмыш Хиагт келісімшартында Сыртқы Моңғолия деген ұғымға 1,5млн шаршы шақырым аумақ,  600-700 мың адам қамтылды.Сөйтіп 1911-1921 жылдар аралығында Қобда бетіндегі қазақтар Сыртқы Моңғолия құрамында қалғанымен,саяси тұрғыдан бейтарап болып,іс жүзінде өзін-өзі биледі.Аса аумалы-төкпелі осы дәуірде қазақ атқамінерлері әрбір оқиғаға көз тігіп,өзінше өорытынды жасап,ұлттық,рулық биліктен айрылмауға тырысты.        

            1921жылы Моңғолияның батысына Қазан төңкерісінен соққы алған Бакич,Сокольницкий,Казанцев,Кайгородов бастаған гвардияшылардың 2000-2500 әскері келсе,соңынан қызыл армия қолы қуа келіп,қазақтар тұрған өлкені шайқас алаңына айналдырды.К.К.Байкалов,Ц.Хасбаатар бастаған қызыл әскерлер Кайгородов бастаған ақтармен 1921жылы тамыз айында Баян-Өлгийдің Сақсай деген жерінде кездесіп,ұзақ шайқасады. 

«Алтай 7ұраңқай ауданының Бадрах деген әкімі,қазақтың 12Абақ Керейін билеген Дөрбетхан деген әкімі қызылдардың қолбасы мен Моңғол өкіметінен батыс өлкеге жіберелген өкіл Хасбаатарға келіп,қазақ халқының жайын байандады,Сыртқы Моңғолияда жеңген революцияшылдарды өз ықтиярымен мойындап,олардың билік құмарына кіріп,бір өкіметте болуға келісім жасап,мәлімет қаралды»деп жазды оқиғаның куәгері Ц.Дамбадорж.К.К.Байкаловтың отряды қоршауда ауыр жағдайда күн кешіп,Қосағашқа қазақтарды бірнеше рет елшілікке жіберіп,солардың арқасында қызыл армияның 21-дивизиясының Исаков,Фроловтар басқарған 185және 55 полк әскерлері көмекке келіп,оқиға ақтардың жеңілуімен аяқталады.

             Қобда қазақтары бұл оқиғаға басынан аяғына дейін бел ортасында жүріп қатысты.Шеруші үкірдайы  С.Дөрбетхан бастаған топ қызылдарды тиянақ етуді жөн көрсе ,ақтардың құрамында да қазақтар болған. «Топ ортасында сары және күлгін тымақтылар кетіп барады,олардың ішінде моңғол және қырғыздар бар,бұл онан-мұнан жинақталған бандиттерден құралған үшінші және төртінші жүздігі» дейді.Бұл оқиғаға қазақтардың белсенді қатысуы нәтижесінде олар мекендеп отырған жерлерде ірі әскери қақтығыс тез аяқталып,ел тыныштық алып,бейбіт өмір орнады.

             1921 жылы Сыртқы Моңғолияда жаңа үкімет құрылып,ақтар мен гоминдан әскерінен тазартылды.1922 жылдың желтоқсанында Моңғол халық өкіметінің Ішкі істер министрлігі Бас министрінің Боғда ханға жолдаған хатында  «...Қазақтың шеруші руының гүңі Қылаң,Сүгірбай,Қиюбай бастаған үш хошуын,Ботақара руының «ержүрек» гүңі Ақтышқан, қошақ руының басшысы Ақдилер – Сіздің құзырыңызға күмәнсіз еріп,адал қызмет ететін сенімін  білдіріп,әрқайсысы  сұмын,түтін санын анықтап келтірді» делінген.Осы кезде қазақтардың жаңа әкімшілік құрылымы бұрынғы рулық негізде ұйымдастырылып,олар шеруші,ботаұара,шошақ хошуындарға топтастырылды.1923 жылы Қобда өңіріндегі барлық қазақты шұбарайғыр,шеруші деген хошуынға бөліп ұйымдастырды.   

             1924 жылы Моңғол Халық Республикасының мемлекеттік алғашқы құрлытайына қазақтан Т.Дәуітбай,Ибрагим,Қанапия қатарлы үш өкіл қатысып,жаңа мемлекеттің іргетасын қаласып,мемлекет ісінде өз қабілеттерін байқатумен қатар, жалпы моңғол халқы алдында Қобда өңірінде қоныстанған қазақ ұлты өкілдерінің бет-бейнесін көрсетіп берді. Олар Коминтерн өкілі Т.Рысқұловпен пікірлесіп,кеңесін тыңдап қайтады.

             Моңғол министрі Л.Элдэв-Очирдың 1930жылы жасаған баяндамасында «Қазақтар-12 керей руынан тұратын өздерінің ел басқару жүйесі бар халық.Бұларда 74  651 адам бар.Соның 55 451-і әкімшілік жүйеге қамтылған.Олардың 11 600 адамды әкімшілік жүйеге қамтылмаған.Байқадам хошуының адамдары Алтайдың күнгей бетіндегі ағайындарын паналап неге үркіп кетті дегенге келсек , сол елдің басшысы Байқадамды ұстап абақтыға жапқанына халық өте наразы болған көрінеді.Бұл мәселені дұрыс шешу үшін аймақтың әкімшілік,шаруашылық жайын қайта қарап,бірнеше мәселені тез арада шешу керек» дейді.

             1937 жылдан бастап қазақтар арасынан ұсталатын адамдар тізімі жасалады.Оған рубасы,бай,молда,би, зиялылар, үкімет белсенділері және т.б. қамтылып,қазаққа тым қатал тиіскенін соңғы кезде зерттеу жасаған моңғол ғалымдары да мойындап отыр,1937-1938 жылдары саяси жаламен қанша қазақ құрбан болғаны жайлы деректер толық емес,тізім жасалмай келеді.Х.Зардыханның мәлімдеуінше саяси жалған жаламен 3270 қазақ жазаланған.4300 отбасы 21000 қазақтан 2000-дайы Х.Чойбалсанның бұйрығымен атылған.

             Қазақтар арасындағы хошуындар саны екіден беске дейін жетті.1930 жылы «МХР-дың аумақтық жаңа әкімшілік бөлінісі туралы заң бекітілді.Қазақтығ шеруші,ботақара, шұбарайғыр,қошақ,байқадам хошуындарын үшке бөліп,шешуші хошуанынан-ботақара,шұбарайғыр,қошақ ұмыны құрылып,байқадам хошуыны сұмынсыз «хорин» түтін болды.МХР өкіметінің 1931 жылғы 13 наурыздағы қаулысы бойынша қазақ әкімшілік бірліктері төтенше құқыққа ие болып,олардың мәжілісінің шешімін мемлекеттік ұлы,кіші құрлытайлар,кіші мәжіліс басқармалары ғана қуатсыз ете алатыны заң жүзінде көрсетілді.

             Моңғолияда әлі де аз емес қазақтар байырғы мекенінде моңғол ұлты өкілдерімен бейбіт тыныш өмір кешіп,саналық пен парасаттылық көрсетіп келеді.Олар туған елінің игілігіне қызмет етумен қатар,ұлттық тіл мен мәдениетті түлетуге,Қазақстанмен рухани-мәдени байланыстарды одан әрі нығайтуға атсалысып келеді.

                                                

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1) Құл-Мұхаммед М.А., Тәжин М.М., Нұрғазин Н.М., Әбділдин Ж.М.,

«Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері» I том,Алматы,2006.

2)Құл-Мұхаммед М.А., Тәжин М.М., Нұрғазин Н.М., Әбілдин Ж.М., 

«Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері» II том,Алматы,2006.

3)Құл-Мұхаммед М.А., Тәжин М.М., Нұрғазин Н.М., Әбділдин Ж.М.,

«Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері» III том,Алматы,2006.

                                                                                                                                    

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Моңғолиядағы қазақтардың тарихы жайында""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Редактор

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 054 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.01.2016 1506
    • DOCX 42 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қожамұратова Мейрамгул Балтабайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 90889
    • Всего материалов: 22

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 167 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 771 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по истории в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 191 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов истории в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 399 человек

Мини-курс

Психические защиты и психоаналитический взгляд на личное развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Брендинг и архитектура бренда: создание уникальности и цельности в маркетинге

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Figma: основные принципы дизайна и композиции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек