Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Баяндама "Мотивациясы жоғары оқушылармен жұмыс жүргізу жүйесі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

Баяндама "Мотивациясы жоғары оқушылармен жұмыс жүргізу жүйесі"

библиотека
материалов

Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының №2 жалпы білім береін орта мектебі» КММ



hello_html_m77a75710.png

Педагог-психологтарға арналған қалалық семинар-практикум.

«Мотивациясы жоғары оқушылармен жұмыс жүргізу жүйесі»

Мектеп педагог-психологтары: А.Б. Усина

Өтілу уақыты: 11 ақпан 2015-2016 оқу жылы

























Теміртау қаласы 2016 жыл.



Мақсаты: Жан жақты білімді,іскер,өздік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары,дені сау,барынша,қабілетті,жанды қалыптастыру. Бала мотивациясының көтерілуін өз қабілетіне сәйкестендіре дамыту, жетілдіру Жоғары қабілетті балалармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру.


Жоғары мотивациялы оқушыны анықтаудың міндеттері:

  • Кешенді диагностикалық әдістемелерді күнделікті қолдану;

  • Мұғалім оқушыны өз тақырыбы бойынша қайшылыққа әкеліп, оны шешудің жолдарын табуды өздеріне ұсына алуы;

  • Дарындылықты дамытудағы ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;

  • Психо-педагогикалық бағыт бағдар беру;

  • Дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс

  • Жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезіну; Оқушыны жақсы көруі және жоғары деңгейдегі қарым-қатынаста болуы; Нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеуі; Ата-анамен тығыз байланыста болуы; Оқушы

Мектептегі мотивацияcы жоғары оқушылармен жұмыс жүргізу жүйесі»

Кез келген елдің басты капиталы ол - үздік технология және қазіргі заманға сай білімді адамдар, инновациялық жаңалықтарға ашық, өзін-өзі дамыта алатын және шығармашылықты жүзеге асыра алатын тұлғалар.
Осыған орай Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында бірінші міндет ретінде ұлттың бәсекеге қабілеттілігі факторы ретінде білімділік деңгейін жоғарылату ұсынылады.

Жиырма бірінші ғасырдың маңызды міндеттерінің бірі - өмір сүру сапасын жоғарылату, оның ішінде тұлғаның даму шарттарын анықтайтын білім беру сапасын жақсарту болып табылады. Мемлекет болашағы - біздің оқушылар. Оқушылардың әлеуеті ол - қоғамдағы әр түрлі топтардың әлеуметтік - кәсіби рөлдері мен қызметтерінің жиынтығын  зейінмен орындауға мүмкіндіктері,  белсенді және  шығармашылық жағынан өз-өзіне, қоғамға, қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаға қарау. Оқушылардың білім әлеуеті алынған білімнің оның барлық кәсіби не арнайы бағыттарының сапасы және дәрежесімен анықталады.

Ал білім дәрежесі оқушылардың үлгерімі арқылы анықталады. Ол көптеген әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық факторлардан, сонымен қатар жеке оқушы тұлғасының психофизикалық мінездемесіне байланысты болады. Көп жылдар зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар оқушылардың оқу қызметі және оның табыстылығы туралы айтқанда жеке тұлғаның интелектуалдық дәрежесінің басты рөлде екенін көрсетті.  Әрине, бұл фактордың мәнін бағаламауға болмайды. Бірақ, бүгінгі күні білім алушылардың үлгерімі басқа да факторларға байланысты екеніне күманданудың қажеті жоқ.

Мектепте оқушылардың білімдерінің үлгеріміне көптеген факторлар әсер етеді: әл-ауқаты, денсаулық жағдайы, жасы, отбасылық жағдайы, оқу орнына дейінгі дайындық деңгейі, өзін-өзі ұйымдастыру дағдысы, өз қызметін ұйымдастыру және қадағалауы, оқу орнын таңдау, білім алу формасы, оқу орынның білім алу процесінің ұйымдастырылуы, оқу орынның материалдық базасы, қызмет көрсетушілер мен оқытушылардың  біліктілік деңгейі, мектептің абыройы және де оқушылардың жеке психологиялық  ерекшелігі. Осы факторлардың ішінен оқушылардың оқу  үлгеріміне ең көп әсер ететіні оқу мотивациясы.

Мотив (латын тілінен) – қозғалысқа келтіру,итеру. Әрекеттерге іштей итермелейтін себеп, қандайда да бір қажеттілікті қанағаттандыратын тілек болып табылады.

Мотивация – түрткі, организм белсенділігінің мүмкіндігі мен бағытын айқындайтын ішкі шиеленіс күйі ретінде анықталады.

Мотивация - психология ғылымы бойынша адамға әрекет ету жоспарын құрғызған, іс бастатқызған, мақсатқа бағыттаған, талпыныс жігерін күшейткен, істі табанды жалғастырып, мақсатқа жетуге құлшындырған ішкі ынталылықтың ықпалдылығы. Ол мақсатқа деген күшті аңсар (ынта), ішкі өздік кедергілер мен келіссіздіктерді жою (арылу), саналы да, жігерлі қозғалыс (батыл кірісу) -үштігінің бірлігінен көрінеді. Мотивацияны әрекетіміздің, ниетіміздің, қалауымыздың себепті ішкі түрткісі депте атасақ қате болмайды. Бұл сөз зат есім болғанда «Ниет түрткісі» сөзіне, етістік болғанда «Жігерлену» сөзіне жақын келеді. Жігерлену арқылы ниеті шабыттанып, іске кірісуге қозғау салынған адам бір түрлі бұлқынған ішкі қозғаушы күшке ие болады, өзінің көздеген мақсатына қарай кедергілерден тайсалмай белсенді жүру жігері кеудесін кернейді. Бұл барыста ниет шамасында өзгерістер болуы мүмкін, ол кейде күшейюі, кейде әлсіреуі мүмкін. Бірақ ниет шамасының қалай болуына қарамастан адамдар белгілі бір ниеттену тұрақтылығын сақтай алса, көңілінде сол іске деген құштарлығын өшірмей, сол мақсатқа қарай белсенді құлшынып, көздеген мақсатына жетпей тынбайтын болады. Мотивациялық ниет істің ішкі қозғаушы күші болғандықтан, егер адамның қандай ниеті барын білсең, онда оның әрекетінің ауқымы мен беталысын анық шамалай аласың.

Оқу мотивациясын екі үлкен категорияға бөлуге болады: Оның біріншісі – оқу әрекетінің мазмұнымен және оны орындау процесімен байланысты болса, ал екіншісі – адамдардың қоршаған ортамен кең көлемдегі қатынасымен байланысты. Алғашқысына танымдық қызығушылық, зияткерлік белсенділікке ұмтылушылық және жаңа шеберлікті, дағды мен білімді меңгеру жатады

Адамзаттың кез келген әрекетіндегі қозғалыс күші, яғни, кез келген оқу түрі оның мотивациялық жағы болып табылады. Мотив организм белсенділігінің мүмкіндігі мен бағытын айқындайтын ішкі шиеленіс күйі ретінде анықталады. Білім берудің тиімділігі оқыту процесінде осындай ішкі шиеленістің көрініс табуына байланысты болады. Сондықтан да дидактикада оқыту процесін ұйымдастыруға белгілі бір оқу жұмысының оқытуда оң мотивтердің көрінуіне ықпал етуі тұрғысынан ерекше мән беріледі.

Білім берудің инновациялық, нанотехнологиялық жүйелері адамның жаңа типін қалыптастыруды талап етеді. Қазіргі қоғам ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерімен қатар бұрын белгісіз болған көптеген психологиялық, гуманитарлық проблемалармен де ұшырасып отыр. Сондай толғақты проблемаларының кейбірі, өкінішке орай, рухани мұраттардың құнсыздануы, жастардың терең жүйелі білім алуға құлықсыздығы болып отыр. Болашақ мамандығын таңдауда нақты мақсат қоймау да жиі кездеседі. Көптеген мектеп бітірушілер тек жоғары білім туралы диплом алуды ғана мақсат тұтып, өз болашағын уақытына қарай көрерміз деп ойлайды

Адам әрекетіндегі мотивациялардың түрлерін ажыратуға түрлі факторлар негіз бола алады. Мотивация туралы зерттеулерді сараптай келгенде, ондай әрекеттердің мотивтері төмендегі факторларға байланысты болады:

–      әрекетке қатысу сипатына қарай;

–      алдын ала келісілген әрекеттің мерзіміне қарай;

–      әрекеттің әлеуметтік маңыздылығына қарай;

–      белгілі бір әрекеттің, мәселен, оқу мотиві.

Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде өскелең ұрпақтың, яғни оқушылардың да, студенттердің де оқу әрекетінің мотивациясының проблемаларын білім беруді, әлеуметтік қоғамды, саясатты шексіз реформалау жағдайында, қоғамның көпқырлы рухани-ізгілік бейімінің  ауысымында зерттеу өзекті немесе пайдалы ғана емес, сонымен қатар, білім алушының қазіргі қоғамда болып жатқан, болатын процестер мен құбылыстардың психологиялық, әлеуметтік, мәдени-тарихи және саяси мәнін түсінуін қаматамасыз ететін өте қажетті талап та деп ойлаймыз. Сондай-ақ, бұл зерттеу қазіргі білім мен тәрбие жүйесінің стратегиялық міндеттерін белгілеу мен анықтау үшін де керек. 

Оқу әрекетіндегі «мотив» ұғымының «мақсат», «қажеттілік», «мұқтаждық», «тілек», «ынталану» сияқты ұғымдарға қатысты екенін естен шығармау керек. Жеке адамдардың өмірінде бұл ұғымдар үнемі өзара араласып тұрады және бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан бұл ұғымдардың жиынтығын «мотивациялық сфера» деп те атайды.  

Оқу мотивациясы жалпы мотивацияның білім саласындағы жеке түрі болып табылады. Ол басқа да кез келген мотивация сияқты өзіне, яғни білім саласына тән белгілермен ерекшеленеді: біріншіден, ол білім беру мекемесінің ерекшелігіне, типіне, профиліне байланысты анықталады; екіншіден, білім беру процесін ұйымдастырумен, оның артықшылығымен; үшіншіден, педагогтің субъективті ерекшеліктерімен, ең алдымен, оның оқушыларға, іске қатынасымен, сондай-ақ, оқу процесінің ерекшелігімен, оның орнымен және оқу жоспарымен. Оқу мотивациясы жүйелі процесс және оның негізгі белгілері: бағыттылық, тұрақтылық және өсіңкілік болып табылады.

А.К.Маркованың пайымдауынша оқу мотивациясы бір-бірімен жаңа қатынастарға түсетін және үнемі өзгеріп тұратын талаптар қатарынан тұрады. Мотивация – бұл оқушыға жағымды немесе жағымсыз қатынас қана емес, сонымен қатар мотивациялық сфера құрылымының күрделенуі мен олардың арасындағы жаңа толық, кейде қарама-қайшы қатынастардың пайда болуы. А.К.Маркова бұл сфераның құрылымының иерархиялылығын көрсетіп, оны білімге қатысты қарастырады да, оған оқуға деген қажеттілікті, оқу, эмоция, қатынас пен мүдденің  мәнін жатқызады.

Мектеп жасындағы балалардың мотивациясын қалыптастыру бағытындығы мотивацияның ережелері

  • Бірінші деңгей оқу мотивациясының жоғары деңгейі, оқу белсендісі. (Бұл оқушының танымдық деңгейі жоғары, мектептің талаптарын дұрыс орындауға ұмтылысы жақсы. Оқушы мұғалімнің берген бұйрықтарын бұлжытпай орындайды, жауапкершілікті сезінеді, егер ойдағыдай баға алмаса қатты уайымдайды.

  • Екінші деңгей оқу мотивациясы жақсы. (оқушы оқу тапсырмаларын еш қиындықсыз орындайды.) бұл деңгейдегі оқу мотивациясы қалыпты болып саналады.

  • Үшінші деңгей – оқу мотивациясы қанағаттанарлықтай, мұндай оқушыларға оқудан тыс шаралар ұнайды (ондай оқушылар мектепте оқушылармен, мұғалімдермен сөйлескенде жайлылықты сезінеді. Оларға өздерін оқушы сияқты сезінген үнайды, әдемі сөмке ұстап, түрлі қаламсап, пенал, дәптер. Мұндай балалардың танымдық мотивациясы төмен дәрежеде қалыптасқан. Оларды оқу процессі шамалы қызықтырады )

  • Төртінші деңгей – оқу түрткісі төмен. (бұл балалар мектепке еріксіз келеді, сабақты себепсіз қалдырады. Сабақ үстінде басқа нәрселермен айналысып отырады, ойнап отырады. Сабақта қатты қиындықты сезінеді. Бейімделу деңгейі төмен.)

  • Бесінші деңгей – мектепке деген теріс көзқарас (қатынас), мектепке мүлдем бейімделмеу (дезадаптация). (мұндай балалар оқуда қатты қиындықты сезінеді: өздігінен тапсырмаларды орындай алмайды, оқушылармен, мұғалімдермен қарым-қатынас жасағанда да қатты қиналады. Мұндай балаларда жиі психологиялық жүйке ауытқушылықтар байқалып тұрады.)

Мііне осы деңгейлердің ішіндегі бірінші, яғни мектептегі оқушылардың оқу мотивациясы жоғары болу үшін түрлі әдіс тәсілдерді, тренингтер, жаттығуларды қолданған жөн. Мысалы «Амандасу жарысы»


Қызығушылық келесі әрекеттерден бәсеңдейді 

  1. Мұғалім өзін оқушыдан тысқары ұстаса. 

  2. Мұғалім оқушыларды бәсеңді (пассив) тыңдаушылар қатарында ұстап, оларды сол күйде қалдырса. 

  3. Мұғалім өз ұсыныстарының (идеяларының) оқушылар үшін міндетті түрде қжетті болады деген ойы мен пікірі. 

  4. Мұғалімнің сын айтуы, олардың кемшіліктерін бетіне басуы. 

  5. Оқушылардың мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап бере алмай, өздерін дым білмес ретінде сезінуі. 

Жас ұстаздарға 10 кеңес

1. Сыныпқа көтеріңкі көңіл-күймен кіріңіз

2. Алдымен үйрет, содан кейін талап ет. 
3. Оқушының тәртібі мен білімін бағалауда әділ болыңыз. 
4. Балаларға берген уәдеңізге берік болыңыз. 
5. Әрқашан сабырлы, шыдамды болыңыз. 
6. Оқушының құпиясын сақтай біліңіз. 
7. Оқушыдан өзіңіз орындамайтын істі талап етіңіз. 
8. Тәртіп сақтауда бөтен кісінің беделіне сүйенбеңіз. 
9. Оқушыға сенім арт. 
10. Оқушының ата-анасын сыйла, ол туралы жаман сөз айтпа.


Қазіргі жас ұрпақтың бойында оқу мен қызметке деген тұрақты да жағымды мотивация қалыптастыру жай ғана мақсат емес, ол жоғары сынып оқушылары мен арнайы және жоғары оқу орындарының студенттеріне психологиялық қызметтерді ұйымдастыруды талап етеді. Ол өз кезегінде жастардың ересектер өміріне сапалы да уақтылы араласуына мүмкіндік беріп, өмірдің түрлі жағдайларына дайындайды, жастарға психоэмоционалды, интеллектуальды және физиологиялық ауыртпашылық-тарды лайықты жеңуге көмектеседі. Бұл процесті жүзеге асыруда жастардың қоғамдық ұйымдары, әлеуметтік қызметтердің өкілдері, әлеуметтік қызметкерлер ерекше рөлге ие бола алады. Үлкендердің жастарды әрдайым назарда ұстап, оларға қамқорлық пен бағыт-бағдар беріп отыруы міндетті түрде қажет деп ойлаймыз. Біздің ойымызша, бұл бағытқа айрықша көңіл бөліп, жастармен жұмыс істеу тәсілдерін әрдайым жаңартып, жетілдіріп отыру керек.

Жеке тұлғаның мотивациялық жүйесі сол адамның ішкі жан-дүниесі мен сыртқы мінез-құлқын көрсететін, оның қоғамдағы орны мен мәдени-рухани деңгейін анықтайтын аса маңызды факторлардың бірі екені даусыз.

Қорытынды

-Әр жұмыс түрлері талданып, сараптама жасалып отырылады:

-Мотивациясы жоғары балаларды мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық іс-шараларға қатыстырып, қабілеттерін дәлелдеу.

-Әр баланың ынтасын, дарындылығын қамти отырып,шығармашылық жұмыстарын таратуға мүмкіндіктер бар екендігін дәлелдеу;

-Осы жағдай баланы бақылауға, дұрыс бағыт беруге, жеке тұлғалық дамуына мүмкіндік туғызады:

-Жас ерекшелігін ескере отырып қабілетіне қарай баланы жүйелі дамытып, қолдау көрсетіп отырса келешек жастардың мемлекетімізге әкелер үлесі зор болады.

hello_html_108c076b.png

Күтілетін нәтижелер:

  • Мектеппен ғана шектелмей, жоғары оқу орындарымен байланыс жасау;

  • Болашақ” бағдарламасын қолдап шетелдермен тәжірибе алмасу

  • Келешектегі кәсіби мамандық таңдауда өздері шешім қабылдайды.

  • Шапшаң ойлау, тез нәтижеге жету, тез ілгерлеу





















Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


  1. Асеев В.Г. Мотивация поведения и формирования личности. М., 1976.

  2. Асеев В.Г. Проблема мотивации и личности // Теоретические проблемы психологии личности. М., 1974.

  3. Васильев И.А., Поплужный В.Л., Тихомиров О.К. Эмоции и мышления. М., 1980

  4. Ильин Е.П. Мотивация и мотивы. СПб, Изд-во Питер, 2000.














Автор
Дата добавления 26.04.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров679
Номер материала ДБ-054035
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх