Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Логопедия / Конспекты / Баяндама мумкиндиги шектеули балалар туралы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Логопедия

Баяндама мумкиндиги шектеули балалар туралы

библиотека
материалов

Психологиялық-педагогикалық

түзеу кабинетінің мүмкіндігі

шектеулі балалармен түзету

жұмыстарындағы рөлі.

қараша 2015 жыл.

Арнайы білім беру саласындағы білім мен тәжірибені жүйеге келтіріп, жетілдіру үшін арнайы оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын талдау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу негізгі шаралардың бірі.

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Балалардың сапалы тәрбие және оқытумен толық қамтылуын,сонымен бірге инклюзивті білім беру жүйелерін жетілдіруін қамтамасыз ету көзделген. Білім берудегі сабақтастық- балалардың жеке тұлға ретінде дамуын, білімгедеген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, эмоционалды-ерік жігерін, коммуникативтік дағдыларының даму жолдарын көздейді.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті білім беру жүйесі көп қырлы болуы тиіс. Инклюзивті білім беру ерекше балаларға білім беру саясатының бір түрі болып табылады және мүгедек балаға өзінің құқықтарын іске асыруға мүмкіндік береді.

Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу баланың оқу үдерісінде субъекті болуына жағдай жасауды көздейді, яғни бала өзін-өзі өзгерту үшін оқиды, педагог үшін де, баланың өзі үшін де негізгі мәселе оның дамуы болып табылады. Осыған байланысты педагогикалық үдерісте балалардың белсенділік, өзіндік әрекетін танытуына, сонымен қатар, оның интеллектуалдық және тұлғалық дамуын арттыруына барынша кешенді түзетушілік педагогикалық қолдау жасау қажет. Ерте жасалған диагностика мен дер кезіндегі түзету жұмыстары мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жеке даму траекториясы бойынша өсуіне жағдай жасайды. Сондықтан, әлеуметтік-педагогикалық қолдау міндеттерін жүзеге асыруда арнайы (түзету) білім беру ұйымдар педагогтарының, соның ішінде әлеуметтік педагог, психолог және арнайы педагогтардың ролі басым.

Психологияның негізін қалаушы ғалым Л.С.Выготский сөзімен айтатын болсақ «Сау бала мен кемтар бала бірдей заңдылықтармен дамиды. Демек қалыпты және дамуында ауытқушылық бар балалардың дамуындағы факторлар бірдей. Ақыл-ойы кем бала өзінің дамуында сау баланың жүріп өтетін даму кезеңдерін бастан кешіреді, тек бірқатар кешігумен және спецификалық ерекшеліктерімен өтеді» деген болатын. Сондай-ақ «Әр баланың өзінің деңгейі болатындай әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықтап беріледі.Әр баланы өзінің зонасында жетілдіру керек» деген. Сондықтан, әр баланың жан дүниесіне үңілуден бастап, өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, білгеннен кейін, олардың қабылдау деңгейіне қарай түзете-дамыту жұмыстарын жалғастырамыз. Оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, балалардың ойлау қабілеттерін арттыруға жағдай жасау қажет.

Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес, танымдық іс-әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге есте сақтау, ойлау, танымдық,шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Қазір олардың мүмкіндіктерін ескере отырып, өзгелермен теңдей білім алуына жағдай жасалып жатыр.

Инклюзивті оқыту- барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үдерісінің дамытуға қол жеткізуді көздейтін кіріктірілген білім процесі.

Түзету және инклюзивті білім беру бағдарламасының мақсаты да – әртүрлі мұқтаждықтағы даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың психикалық процестерін дамытуда, білім алуда кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.

Кабинет №343-ІІ 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңының аясында жұмыс жасап келеді.

Осындай мақсатпен 2007 жылдан бері «Мұғалжар аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ-сі өз жұмысын жалғастырып келеді. Кабинетке келуші балаларға психологиялық тұрғыда дамыту жаттығулары жургізіледі. Қазіргі таңда кабинет есебінде 74 бала тіркеуде тұр және жан-жақты түзеу-дамыту көмегін Кабинетке баланы қабылдау облыстық ПМПК ММ-нің қорытындысы негізінде, облыстық Білім басқармасының жолдамасы, ата-анасының арызы, келісімшарт арқылы алынады. Бала кабинетке қабылданғаннан кейін 2 апта көлемінде мамандардың диагностикалық зерттеу жүргізіп, командалық бағалауы арқылы, түзеу-дамыту жұмыстарының мақсатын анықтайды. . Кабинет мамандары әр баланың толыққанды дамуына және ата-аналарына жан-жақты кеңес беру арқылы барынша психологиялық қолайлы жағдай жасауда. Кабинет балалардың жетіліп-дамуына, әлеуметтік бейімделуіне арналған құрал-жабдықтармен қамтасыз етілген. Әр маман өз саласы бойынша диагностикалық зерттеуінен кейін жеке түзету бағдарламасын құрады және бағдарлама баланың жеке психофизикалық дамуының ерекшелігін ескере отырып әзірленеді. Балаға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсететін мамандар тобы бар: педагог-логопед, педагог-психолог, педагог-дефектолог, әлеуметтік педагог, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы және музыка жетекшісі. Кабинетке келуші балалардың көбісі қиын деңгейдегі олармен бірінші кабинет психологы жұмыс жасайды,баланың көніл күйін көтеріп жүйкесін тыныштандырады, содан соңбасқа мамандардан дамыту жаттығуларын алады. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың бірнеше типтері бар. Олар: тірек-қимыл аппараттары бұзылған, ақыл-есінің ауыр, жеңіл түрдегі, Дауна синдромы, аутист, психикалық дамуы шектелген, сөйлеу тілінің кемістігінің әр дәрежедегі түрдегі, алалия түрлері, нашар көретін немесе нашар еститін т.б. сияқтылар. Мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекшелігі сау балалардай емес, оқу бағдарламасын жай қабылдайды. Олардың интеллектуалды даму деңгейі, зейіні, есте сақтауы, ойлау қабілеттері төмен болады. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмаларды өзінше зерттеп, өз ойларын айту жағдайына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүниетанымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дамиды.

Мамандар туралы айтсақ;

Педагог-Логопеды маман баланың сөйлеу кемшіліктерінің құрылымы мен деңгейін, оларды түзетудің әдістерін анықтайды,дамудағы сөйлеу кемшілігін, сөйлеу қызметінің бұзылуын түзету үшін топтық және жеке жұмыстар өткізеді. Баланың тіл бұзылыстарын түзету мақсатында логопед логопедиялық тренажер, зондпен жұмыс, тыныс,тіл, артикуляциялық жаттығулар арқылы қызықты қылып өткізуде.

Ғалымдардың дәлелдеуінше, баланың ұсақ моторикасының дамуы оның жалпы тілінің дамуы мен ойлау қабілетінің дамуымен тығыз байланысты. Саусақтардың және қол білектерінің қозғалысы ерекше дамытушылық мағынаға ие. Баланың саусақтарымен түрлі жұмыстарды орындауы индуктивті бас миындағы сөйлеу орталықтарының қозуына және сөйлеу аймақтарының келісілген әрекетінің күрт күшеюіне алып келеді екен.

Кабинеттегі педагог- дефектологы мамандар баланың психофизиологиялық даму кемшіліктерін түзеп, жеке тұлғалық қасиеттерін зерттеп, баланың мүмкіншілігін, қабілетін анықтайды. Дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған танымдық үрдістерін дамытып, сенсорлық қабілеттері мен жалпы және ұсақ моторикасын, ойын арқылы баланың қимыл-қозғалысын, ойлауын және тілін дамытады. Дефектологтың түзеу-дамыту жұмысы саусақ жаттығуларынан басталады. Дидактикалық, сюжеттік-рольдік ойындар, мазмұнды суретпен әңгіме құрастыру, түрлі әдістер арқылы сурет салу, ермексазбен жұмыс және қол моторикасын дамытатын заттық – танымдық құралдармен ойнату балалардың қызығушылығын тудырады.

Педагог- психолог маманы баланың психологиялық даму деңгейін зерттеп, танымдық, тұлғалық, эмоционалды-ерік қабілеттерін дамытуға бағытталған түзету-дамыту жұмыстарын жүргізеді: баланың өзіне деген, қоршаған ортаға деген қатынасын жақсарту,өз эмоциясын басқара алуы, қоғамда өзін еркін ұстауы, танымдық қызығушылығын арттыру т.б.Тренингтер, танымдық ойындар, релаксация,арттерапия сияқты жұмыс түрлері арқылы балалардың психологиялық дамуына жағдай жасайды.

Әлеуметтік педагогы баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу тәсілдерін, баланың жеке құқығы мен еркіндігін іске асыруда әлеуметтік көмек және әлеуметтік қорғау бойынша шаралар өткізеді. Отбасының әлеуметтік – тұрмыстық жағдайын тексеріп, мұқтаждық картасын жасап отырады. Ата-аналарға құқықтық, әлеуметтік жәрдемақылар, курорттық емдеу орындары жұмыстары туралы көмек көрсетеді. Балаларға жеке сабақтар кезінде түрлі табиғи материалдар арқылы қол еңбегіне үйретеді, өз-өзіне қызмет көрсету дағдысын қалыптастыруда Монтессоридің күнделікті өмір жаттығуларын балаларға үйретеді.

Емдік дене шынықтыру нұсқаушысы баланың дене бітімінің дамуына, жетілуіне арналған жаттығулар, ойындар өткізу арқылы баланың ірі және ұсақ моторикасын дамытады, қозғалыс координациясын түзейді. Шынықтыру,сауықтыру шараларын өткізеді.

Музыка жетекшісі балаларды дене жаттығуларын жасауды музыкамен сүйемелдеу арқылы сабаққа қызығушылығын арттырады. Логоритмика элементтерін жеке түзету сабақтарында қолдану кезінде және кабинеттің түрлі мерекелік шараларын өткізуге қатысады.

Мамандардың баламен жан-жақты жұмыс нәтижелерін мыны көрсеткіштен көруге болады.



Кабинет мамандары балаларға түзету-дамыту жұмысын жүргізіп қана қоймайды, олардың ата-аналарына үнемі көмек беріп отырады. Оқу жылының басынан ата-аналар жиналыстары өткізіліп, сауалнамалар алынып, түрлі тақырыпта баяндамалар оқылады. Әр маман өз саласы бойынша кеңестер беріп, түзету сабақтарына қатыстырып, жаттығу түрлерімен таныстырып отырады. Түрлі мерекелік шараларда балалардың өз өнерлерін ортаға салуы балалардың шығармашылық қабілетін ашып қоймай, сонымен қатар баламен бірге ата-ананың да сенімділігін нығайта түсті.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2011 жылдың 12 желтоқсанында № 524 бұйрықтың орындалуы мақсатында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беретін, жалпы білім беретін мекемелердің мамандарына психологиялық-педагогикалық кабинеттің мамандары әдістемелік көмек, қолдау көрсетеді. Жыл сайын аудан көлемінде Мұғалжар ауданындағы ППТК мамандары түсіндірме жұмыстарын, семинарлар, дөңгелек үстел ұйымдастырып, өткізеді.

19.04.2011ж. «Мүмкіндігі шектеулі балаларға түзете білім беру үдерісін оңтайландыру жолдары» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға 49 адам қатысты, соның ішінде балабақша, орта, негізгі мектептердің әлеуметтік мұғалімдері, психологтары, дефектологтары қатысты.

09.11.2012ж. Жарық негізгі мектебінде мектеп әкімшілігінің сұранысы бойынша жылжымалы семинар өткізілді. Оған Мұғалжар ауданындағы ППТК мамандары «Мүмдіндігі шектеулі балаларға жеңілдетілген бағдарлама қалай жасалады?» атты тақырыпта мектеп ұжымының көкейінде жүрген сұрақтарға толықтай жауап беріледі.

14.12.2012ж. «Аутист балаларға психологиялық көмек көрсету» тақырыбында Аудандық семинар ұйымдастырылып, өткізілді. Семинарға 45 мектеп психологтары мен әлеуметтік мұғалімдер қатысты.

Ата-аналармен жұмыс. Кабинет мамандары ата-аналармен жеке және топтық кеңес беру жұмысын өткізеді.

29.02.2012ж. «Мүмдіндігі шектеулі бала. Ол қандай бала?» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты: Әр баланың диагноздары бойынша жеке-жеке түсінік беру. Аудандық емхананың дәрігер-неврапотологы Тоғжанова А.К. және 32 ата-ана, кабинет мамандары қатысты.

Ата-аналармен «Сіз қандай ата-анасыз?» тақырыбында сауалнама жұмысы жүргізілді, «Балаңызға ойыншық таңдай білесіз бе?» тақырыбында топтық кеңес берілді,жыл бойы ата-аналар жиналысы өткізіледі.Ата-аналармен бірігіп мейрамдық,спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды: «Денсаулығы баланың» спорттық іс-шара, «Наурыз мейрамы», «Аяулы анам», «Балалық балдәурен» мерекелік ертеңгіліктері.Сонымен қатар ата-аналарға арналған «Ата-аналар бұрышы», «Дидактикалық көмек», «Кабинет тынысы», «Денсаулық-зор байлық», «Бақытты сәттер» атты қабырға стендтері шығарылды.

10.10.2014 ж.-«Мүгедектер күніне» арналған іс-шара.«Кім алғыр?» тақырыбында спорттық ойындар шарасы

07.11.2014 ж.«Мен өнерлі баламын» тақырыбына,15.12.2014 ж. 16 желтоқсан-тәуелсіздік күніне арналған сурет көрмелері ұйымдастырылды.

03.12.2014 ж.- Халықаралық мүгедектер күніне орай «Жүрегім толы мейірім» атты акция өтті.

19.12.2014 жылы кабинет психологы Сегизбаева Алтын Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығында ұйымдастырылған «Ең үздік арнайы білім беру ұйымының психологы-2014» облыстық байқауына қатыстып 3 дәрежелі дипломға ие болды.

25.12.2014 ж. – Аудандық Мәдениет Үйінің қызметкерлерінің қатысумен жаңажылдық мереке ұйымдастырылды.

Дүние есігін жаңа ашып,өмірге қадам басқан, бірақ құрбы-құрдастарымен бірге асыр салып ойнай алмай, қақпанға түскен киіктің құралайындай екі көзі жәутеңдеп, сал ауруына ұшырап, төсекке таңылған сәбидің мұңын қалай жеңілдетуге болады? Тек ғана сал ауру емес, қоғамдағы әртүрлі факторлардың әсерінен түрлі аурудың кесірінен мүмкіндігі шектеулі балалардың жүрегіндегі қорқынышты, үрейді үмітпен, сүйіспеншілікпен, ертеңгі күнге деген сеніммен қалай толтыруға болады?

Әрине, қоғам , мемлекет қарап отырған жоқ. Барынша әр мүгедек жанның басына түскен тауқыметін жеңілдетуге күш салып отырған жайы бар.

«Мұғалжар аудандық білім бөлімі» ММ-нің «Мұғалжар аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ-не келетін 74 балаға да «жақсы сөз-жарым ырыс» дегендей жүректен шығар жылы сөз бен маңдайдан сипар аялы алақан қашанда қажет. Әрине, бар баланың мұң-мұқтажын түгелдей шешіп беру мүмкін емес, бірақ өздерінің азаматтық адал жүректерімен балаларға шын ниетімен қамқорлық көрсетіп отырған аудандық «Жастар» клубы ҚБ-нің төрағасы Ж.Табылғановқа және қай мерекеде болмасын сыйлықтарымен көмек қолын созуға даяр тұратын «СНПС-Ақтөбе Көлік Компаниясы» ЖШС-нің Бас директоры Хуаң Юңшың мен Жалпы сұрақтар жөнінен шаруашылық департаменті директоры «Нұр Отан» жетекшісі Бекетов Қуаныш сынды азаматтардың демеушілік көмектері туралы айта кету керек.

Жоғарыдағы азаматтар баланың дамуына қажетті құрал-жабдықтармен, оның ішінде мамандардың сабақтарына заманауи жаңа өң берер EPSON мультипроекторын сыйға тартып қуанышқа бөлеп отыр. Әлі де кабинетке баланың жан-жақты дамып, қоғамға қосылуына керекті құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі қынжылтады. Жасаған жақсылықтың қашанда қайтатынын айтар болсақ, балаларға көмек қолын созар азаматтардың көп болғаны қашанда қуантады.

Мүмкіндігі шектеулі балалар жақсы әрі жан-жақты өмір сүруге құқылы. Сондықтан оларға бұл мүмкіндік қолдануға қол ұшын беруге міндеттіміз. Ерекше балаларды ортаға қосып, қалыпты өмір сүруге жалпылай көмек көрсету нәтижесінде үлкен жетістіктерге жетуге болады.

Түзету кабинетіндегі арнайы білім беру қазіргі уақытта әлемдік мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу, түзете дамыту жұмыстары жыл санап даму үстінде. Ең негізгі бағыттарын қарастырсақ, олар ерте жастан түзету, педагогикалық қолдау көрсету мен мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен біріктіріп оқытуды ұйымдастыру, білім беру жүйесінің дамуын жалғастыру.Оның көрінісі арнайы білім ұйымдарын кеңейтіп,жаңа педагогикалық кемтар балаларға арналған көмектің кешенді ие болуы (медициналық, әлеуметтік,педагогикалық түзету арқылы қолдау).

Бүгінгі заман талабы арнайы педагог мамандарына әртүрлі мүмкіндігі шектеулі балалардың жүрегінен жол таба білетін, білім-біліктілігі жоғары, жаңашыл, іздемпаз ерен қасиет иесі болуды міндеттейді.



Орындаған:

«Мұғалжар аудандық

психологиялық-педагогикалық

түзеу кабинеті» КММ-ң меңгерушісі П.К.Турганова.

Автор
Дата добавления 01.02.2016
Раздел Логопедия
Подраздел Конспекты
Просмотров2057
Номер материала ДВ-401367
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх