Инфоурок Другое КонспектыБаяндама на казахском языке на тему"Қыз тәрбиесі"

Баяндама на казахском языке на тему"Қыз тәрбиесі"

Скачать материал

Қыз тәрбиесі


http://www.kyzdaralemi.kz/images/stories/6/kiz_07_01.jpg

Қыз бала аттап өтуге болмайтын әдеп – инабаттылық талаптары жайында жақсы хабардар болуға тиіс. Әсіресе қыз анасы, апа – жеңгелері үй шаруасына икемділік, ісмерлік, жүріс – тұрыс сыпайылығы мен ширақтығы, әсімдігі, жинақылық пен тазалық, өз бойын күту мен ашық қабақтылыққа үйретуі керек. Үлкендерге ізеттілік, құрбыларымен татулық, сыйластық, кішілеріне апалық мейір – ықылас тәрізді қыз бала инабаттылығының нәзік иірімдері туралы айтып қана қоймай оларды білдіруге, меңгертуге күш салулары қажет.

Ол үшін қыз баланың бойына кішкентайынан сыпайылық, мейірбандылық, адалдық, сезімталдық, еңбекқорлық сияқты сияқты қасиеттер дарыған болуға тиіс. Қыз бала өзіне дос таңдауға ерекше жауапкершілікпен сақтық, ұстамдылықпен қарауы, оның маңызын санамен аңғарып, жүрекпен түйсінуі тиіс. Бұл істе жеңіл ойлылық, ұшқалақтыққа, орынсыз тәуекелге жол беру өте қауіпті.
Қыздар үшін дос ер балалардың мінез – құлқы, әдет – дағдылары, ой өрісі мен мәдениеті, білімі мен инабаттылық болмысы, талабы мен талғамы, денсаулығы, жақсы, жаман әдеттері (темекі, ішімдік, есірткіге зауқы), ала – бөтен қылықтары, т.б жайында алдын ала білу өте маңызды.
Қыздың бой жетуі, яғни жан – жақты жетіліп, белгілі дәрежеде өмір тәжірибесіне ие болғаны жөн. «Әйел жолы жіңішке», «Қызға қырық үйден тыйым» деген сияқты халықтық тәлімгерлік талаптарының мәнін түсініп қана қоймай, бой жете келе одан өзіне қатысты тиісті қорытынды шығара білуі, іс – қимыл жүріс – тұрыс дағдысын басшылыққа алуы керек.
Келешекте өзі отбасын құрғанда қажет болатын қасиеттерді жас кезінен – ақ зердеге түйіп, ол үшін ауылға, айналасына жағып, жақсы атағы шыққан, әдепті, инабатты саналатын апайларына, қыздарға жақын жүріп, сыр алысып, үлгі – өнеге үйренуінің мәні ерекше.
«Қыз қырық үйден тәлім алады» демекші, әр үйден: біреуінен тамақ пісіруді, бірінен жүк жинап, үй реттеуді, бірінен өзін ұстауды, біреуінен өз ара жағымды қарым – қатынастарын, біреуінен аула жинақылығын, т.б. үйрену де бұрынғыдан келе жатқан тәлім жолы.
Қыз бала көп адам жиналған орындарда көзге түседі, сыналады. Ондайда өзінің ұстамдылығымен, жарқын жүзді сыпайылығымен, жинақы, ширақ жүріс – тұрысымен, сергек – сезімталдық, ептілігімен, өнерпаз әрі сөзге ұсталығымен, жарасты әзілге шеберлігімен көзге түсіп, «пәлен деген қызды – ай шіркін!», «түгеншенің қызының тәлімдісі, зерегі – ай!», «шешесінен аумай қалған үстінде кіршік жоқ, бармағы майысып, он саусағынан өнер тамады, әуезінің өзі қандай әдемі, сөзі қандай дәмді! » деп тамсандырады. Ал мұндай жақсы атақтың қыз болашағы үшін маңызы зор. Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде: «Ұяттылық пен әдептілік әрқашан қайырлы істерге бастайды», - делінген. Ұят – әдепті белден басып өте беретін, отырғанда, тұрғанда өзінің жаратылысын ескермейтін, қызға өте жарасатын қымсыну, тартыну, қызару, имену деген ойына кіріп – шықпайтын қыз өзіне ғана емес, ата – ана, бауыр – туғандарына сөз келтіріп, жерге қаратады. Сондықтан қыз ибасы, қыз әдебі дегенге жеңіл – желпі қарауға мүлде болмайды.
Қыздың, демек, болашақ ананың қолынан іс келуі, - міндетті жағдай. «Салақ әйел оймақшыл», «Жібекті түте білмеген жүн етеді», «Олақтан салақ жаман», «Ана көрген тон пішер», «Қыз еркем – кестесімен көркем» т.б. мақалдардың мәні осында. Киім тіге білу, дәмді тамақ пісіре білу, түйме қадап, жыртықты торлай білу, онсыз отбасының тіршілігі толыққанды бола алмайтын басқа да осы сипаттас істер қыздардың қадірін асырады. Бұларды ұсақ – түйекке санаған адам қатты қателеседі. Өйткені отбасылық өмірдің сәнін кіргізіп, жылуын, қызығын молайтатын, мән – мәнісін арттыратын, бір – біріне ризашылығын, сүйіспеншілігін нығайтатын – нақ осылар. Мұның тағы бір аса маңызды жағы, мүмкін ең маңызды жағы шығар, келешекте өзінің де ұл – қызын іске, өнерге үйрете алатын, өзі үлгі – өнеге көрсете алатын болуы.

Құқықты біз қалай түсінеміз?

Жарияланды 24-11-2013, 21:25 Категориясы: Тәрбие сағаты

Құқықты біз қалай түсінеміз?
Мақсаты: оқушыларға құқықтық білім беру, құқық бойынша білгендерін қайталап еске түсіру, құқықтық тәрбие беру арқылы оқушылардың бойына заңға деген сүйіспеншілік сезімін, өз құқығын білетін Конституциядағы міндеттерді орындайтын азаматты қалыптастыру.

«Жер бетіндегі адамдар арасындағы тәртіп орнату үшін заңды қолдану – шөлге жауған жаңбырдай қайырымды.»
385 - хадис Мұхамбет Пайғамбар

1. Негізгі ойды тап. (мәтінмен жұмыс)
2. Аквариум тәсілі.
3. Жалғасын тап./мақал - мәтел/
4. Өз жартыңды тап.
5. «Қағидалар» ойыны /сұрақтар/
6. Тұлғаны таны.
Қорытынды /Азамат құқығы/, /міндеттері/

Қолыңда болса бір билік,
Қарғаға залым болмаңыз.
Алдыңа келсе бітпес дау,
Әділін айтып қорғаңыз.
/Төле би./

/ Мұғалімнің кіріспе сөзі/
Кішкене тарихи шегініс жасайық. 15 ғасырдың орта шенінде қазақ мемлекетінің негізі қаланды. Жәнібектің баласы Қасым ханның тұсында қазақ хандығы күшті мемлекетке айналды. Тарихта тұңғыш рет құқықтық ғұрыптар мен нормалар жүйеге келтірілді. Халық оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атады. Ол бес бөлімнен құралды.
Қасым ханнан кейін қазақ қоғамының құқықтық жүйесін дамытуға айтарлықтай үлес қосқан Есім хан болды. Ол әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті, әскери тәртібін бұзу - шыларға қолданылатын жазаны қатайтты. Қалған мәселелерде Есім хан бұрынғы құқықтық ғұрыптар мен заңдарды сақтап қалды. Сондықтан оларға халық «Есім ханның ескі жолы» деген ат берді.
Қазақтың құқық жүйесіне үшінші және соңғы рет елеулі өзгерістер енгізген Тәуке хан (1680 - 1718) болды. Бұл құқық нормалары жазба түрде сақталып, жүздеген жылдардан кейінде мінсіз күйде қағазға түсу мүмкін болған. Бұл кодексті «Тәуке ханның жеті жарғысы» деп атаған.
Сондай - ақ, қазақ даласында Сот қызметін билер атқарған. Қазақ билері арасында бір заманда өмір сүрген және өздерінің ерекше қасиеттері мен көзге түсіп, тарих беттерінде қалған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
Міне, балалар өздерің байқап отырғандай құқық дегеніміз – заң рұқсат ететін адам табиғатына, жаратылысына сай әрекеттер жасау мүмкіндігі екен.
ҚР - ң Конституциясы – елдің басты саяси құқықтық құжаты. Конституция латынның «constitutio» сөзінен шыққан «құрылым» деген мағына береді. Еліміздің Конституциясы - адамның құқықтары, бостандықтары, қадір - қасиетінің гуманистік тұжырымдамасы және қоғамның даму деңгейіне сәйкес келетін әділетті заң жиынтығы. ҚР Конституциясы 1993ж 28 қаңтарда, кейін 1995ж 30 тамызда қабылданды. Заңды парламент шығарады. ҚР Конституциясы 9 бөлім 98 баптан тұрады. Ал бала құқығы туралы конвенция 1989 ж 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдады. Екі бөлім 54 баптан тұрады.
«Негізгі ойды тап» мәтінмен жұмыс
Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз, халық рухының сарқылмас бастауы да сонда жатыр. Ел - жұртымызды, туған жерімізді, оның өзен - көлдерін, оның бораны мен найзағайын ана тіліміз арқылы ғана қабылдап, соларға деген перзенттік махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткіземіз.

Ата - ана - өте қымбатты да асыл жандар. Ол дегенде әр баланың жан-дүниесінде бәрі жайнап кетеді. Бізді өмірге әкеліп, киіндіріп, бар жақсысын алдымызға тосқан ата - ананы мәңгі аялауға міндеттіміз
Иә, кейде ата - анасына тіл алмай, сөз қайтаратын балалар да болады. Бұл - олардың ең үлкен әрі кешірілмес қателігі. Мейірімсіз жастар әкесін, не шешесін қарттар үйіне тастап кетіп жатқанын көргенде, жүрегің қан жылайды.
Басты бақыт - бәрімізді тіршілікке әкеліп, өмір көруімізге себепкер болған ата - анамен бірге ғұмыр кешу. Сол себепті де ана мен әкеге деген сезім мен махаббат мәңгі суымауы тиіс.
Келешек білімді мамандарсыз – бұлдыр.
Қазірдің өзінде көптеген мамандарға зәрулік басым. Солардың орнын толтыру және қоғам өмірінің барлық саласына белсене араласу үшін біз өз таңдауларымызды жасауымыз қажет. Алайда, сол кәсіпті игеру үшін де білім керек. Ал, оның негізі мектепте қаланады.
Білім босағасында әйтеуір орта білім алу қажет - ау деген дұрыс емес. Екіншіден, жоқтық жағадан алған мезгілде «киімім жоқ» деген сылтаумен мектепке бармай жүрген балалар да баршылық. Қалай ойласақ та, мектепке бармаудың зардаптары көп. Білімсіз, мәдениеті төмен, қабілетсіз балалар өмірден үлестерін ала - ал - майды. Одан ата - аналардың өзі зардап шегеді.
Білімді болсақ, келешекті нұрландырып, Отанымыздың іргетасы бола аламыз.

Республикамыздың мемлекеттік нышандары Әнұран, Жалау және Елтаңбасы әлемге әйгіленіп, жер бетіндегі іргелі ел екенімізді растайды.
Мектепте әр линейка сайын Әнұран айтылады. Ол біздің жерімізге, Отанымызға деген сүйіспеншілігімізді, махаббатымызды оятады.
Отан – оттан да ыстық болуы керек. Отанымызды шексіз сүйгенде ғана, оның болашағы үшін күресіп, шаңырағын биіктетуге атсалысамыз.
Әскерге бармас үшін өтірік төлқұжат жасататындар да бар. Сондай су жүрек, қорқақ ұлдарды жек көремін. Небір сәттерде ұланғайыр жерімізді қорғап, бүгінгі ұрпаққа сыйлаған бабаларымызға бас иеміз. Солардың мұрасын ұстап, мұратын алға апарудан жалтарғандарды заң жолымен жазалау керек.
Біздің еліміздің табиғаты тамаша: қазба байлықтары да мол. Дегенмен, бүгінде өзен, көлдер тартыла бастады. Демалыс аймақтарының өзі қоқыспен толтырылуда. Тіпті отынның жоқтығынан бүтіндей бір ауылдар айналасындағы жасыл желек атаулыны кесіп, тамызыққа айналдырған. Одан қала берсе, бағалы құстарымызды шетелге сату да бой көрсетіп жүр.
Ал табиғат бүгін, ертең және болашақта да ұрпаққа керек.
І бөлім
7 – бап.
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
ІІ бөлім.
27 - бап.
3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата - анасына қамқорлық жасауға міндетті.
30 - бап.
1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
2. Азаматтың мемлекеттік оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.
34 - бап.
2. Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті.
36 - бап.
1. Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.
38 - бап.
Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.
14 - бап.
1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
15 - бап.
1. Әркімнің өмір сүруге құқы бар.
2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.
29 - бап.
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
2. Республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға хақылы.
79 - бап. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері.
1. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері:
• Айыппұл;
• Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
• Қоғамдық жұмыстарға тарту;
• Түзеу жұмыстары;
• Қамау
• Бас бостандығынан айыру болып табылады.

«Жалғасын тап»
1. Ұрлық түбі -...
2. Біреуге ор қазба -...
3. Заңның құрығы...
4. Өтіріктің құйрығы...
5. Тура биде...
6. Туғанды биде...
7. Қолыңмен істегенді -...
Қағидалар ойыны
1. Қазақстан Республикасын кім басқарады? /Президент/
2. Адам құқығын қорғайтын заңдарды кімдер шығарады? /парламент/
3. Балаларға қамқорлық көрсету кімдердің қасиетті борышы? /ата - ана/
4. Балалардың не алуға конституциялық құқығы бар? /білім/
5. ҚР - да бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды? /1989 ж 20 қараша/
6. Конституция сөзінің аудармасы /құрылым/
7. Конституция қашан қабылданды? /1995ж 30 тамыз/

Қорытынды.
Азамат құқығы

жеке басының бостандығына, еңбек етуге, демалуға, білім алу, ар - ожданды сақтау өмір сүру, жеке меншік иесі болуға, денсаулығын сақтауға, тұрғын үй иесі болу, ойды еркін айту
Азаматтың негізгі міндеттері:
Конституция мен заңдарды сақтау, адамдардың құқығын, бостандығын, қадір - қасиетін құрметтеу, ҚР - сын қорғау, рәміздерді құрметтеуге, салықтарды төлеуге, табиғатты сақтау,
Кері қайту



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама на казахском языке на тему"Қыз тәрбиесі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Менеджер по управлению сервисами ИТ

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 909 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.02.2016 778
    • DOCX 56.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Килыбаева Бактыгул Есболсыновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11939
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 846 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 473 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Социальные и правовые аспекты эпохи Просвещения: влияние на образование сегодня

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Налог на прибыль и учет доходов/расходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Культурное наследие России: язык и фольклор

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 16 человек