Инфоурок Другое Другие методич. материалыБаяндама "Назарбаев Зияткерлік мектептерінде үш тілде оқытуды енгізудің тәжірибесі мен проблемалары"

Баяндама "Назарбаев Зияткерлік мектептерінде үш тілде оқытуды енгізудің тәжірибесі мен проблемалары"

Скачать материал

Маңғыстау облысының білім басқармасы

Маңғыстау облыстық жалпы орта білім берудің оқу-әдістемелік орталығы

 

 

 

 

Тақырыбы: Назарбаев Зияткерлік мектептерінде үш тілде оқытуды енгізудің тәжірибесі мен проблемалары

 

 

 

Секциясы: ««Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының озық тәжірибесін  таратуға арналған базалық орта білім беру ұйымының басшылары мен мұғалімдері» секциясы

 

 

 

 

Дайындаған: Исагалиева Нургул Утеуовна

жоғары санатты  музыка  пәні  мұғалімі,

педагог-ұйымдастырушы

Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын

дарынды балаларға арналған облыстық

мамандандырылған мектеп-интернаты

 

 

 

 

 

Ақтау-2012

                                                    Бекітемін

 

ОМИ директоры _____________М.Н.Утебаев

                                                              «____»____________2012 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде үш тілде оқытуды енгізудің тәжірибесі мен проблемалары

 

Елбасымыз «Қазақстан-2030» стратегиясында зияткер ұлт (білімді, жоғары білікті халық) қалыптастырудың аспектілеріне тоқталып, ғылыми техникалық мүмкіндіктерді нығайтуға, халық денсаулығына, білім берудің жаңа моделін іске асыруға назар аударды.

Еліміздің білімі мен ғылымының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейтін  «Назарбаев Университеті» мен «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» құрылуы бүгінде маңызды шаралар екеніне көз жеткізіп отыр. Өйткені  осы ұйымдар зияткер элитаны тәрбиелеудің негізі бола алады. Шет елдік білім беру мекемелерінің жетістіктерін және алдыңғы қатарлы ғылыми-әдістемелік тәжірибелерін  ендіру арқылы  оқушылардың әлемдік ақпараттық  және білім беру ресурстарына қол жетімділігін  қамтамассыз ету - Назарбаев Зияткерлік мектептерінің басты мақсаты.

2012 жылдың 14-15 маусым күндері Астана қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру Ұйымының Басқармасының ұйымдастыруымен  өткен  «Орта білім берудің мазмұны: дәстүрлері мен өзгерістері» тақырыбына арналған ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ашылуында сөз сөйлеген білім және ғылым министрінің орынбасары Махметқали Сарыбеков: «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» тәжірибелерін кеңінен тарату ісі жалпы орта білім жүйесін жаңғыртудың және білім мазмұнын жетілдірудің маңызды мәселесі болып табылады», - деген болатын.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстанда 33 мектепте үш тілде сабақ жүргізіледі екен. Аталған білім ошақтарында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер ағылшын тілінде оқытылады. «Жаңа оқу жылында мектепке дейінгі білім беру жүйесіне ағылшын тілін ерте үйрету жобасын енгізуді, ал 35 мектепте - мектеп бағдарламасына көптілді жүйені енгізудің ілкі жобасы мен 1 сыныптан бастап ағылшын тілін үйрету жобасын қолға алғалы отырмыз»,- деді шенеунік өз сөзінде.

«Назарбаев Зияткерлік мектебі осы бағдарламаларды нәтижелі іске асыруда негізгі роль атқаратын болады. Атап айтқанда, жалпы білім беретін мектептерге өз тәжірибесін тарату үшін көптілді оқытудың тәжірибелік бағдарламасын әзірлеуі, балалардың тек білімін ғана емес, дағдыларын да бағалау үшін оқу үдерісін бағалау жүйесін енгізуі, пәндердің мазмұнына тәрбие беру компоненттерін ықпалдастыруы керек екендігі сөз етілді. Көптілдік білім беру жүйесін құру үшін 2012 жылдан бастап педагогтардың біліктілігін жетілдірудің форматы мен мазмұны өзгертілді. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жандарынан Педагогикалық шеберлік мектептері және «Өрлеу» АҚ-ның Педагогикалық кадрларды қайта даярлау ұлттық орталығы құрылды.

 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының  басқарма төрайымы Күләш Шамшидинованың айтуынша:

– Бүгінгі таңда бірнеше тілді білудің қаншалықты қажет екені айтпаса да анық. Бірақ өзге тілді оқыту өз тілімізге зиянын тигізбеуі керек. Осы мәселе ескеріліп, мектептерде көптілді оқытуға қатысты әлемдік озық үлгілер зерделеніп жатыр. Бұл тұрғыдан алғанда, әр тілдің атқаратын функциясын да естен шығармауымыз қажет дейді басқарма төрайымы.

Қазақ тілі – бұл мемлекеттік тіл, еліміздің ұлттық бірлігінің тілі, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі – заман талабынан туындайтын ақпарат алу тілі, өйткені әлемдегі ғылымға қатысты барша жаңалық ең бірінші кезекте осы ағылшын тілінде жарық көреді немесе жеткізіледі. Ендеше, мұндай қағидатты мәселелерді ескере келе, балаларға тіл тек қана меңгеріп шығу үшін емес, керісінше, нақты көрсеткіштерге, алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажет екені бәрімізге белгілі.

Білім берудегі көптілді ортаны қалыптастыру үшін тілдік пәндердің мазмұнын, оқыту технологиясы, әдістері мен тәсілдерін толық қайта қарастырылды.. Мысалы, тілдік құзыреттіліктің барлық аспектілерін бағалауға негізделген ағылшын тілін деңгейлеп оқыту жүйесі оқушыларды алға қойған мақсаттарына жету үшін ынталандырады. Бұл ретте мамандар бағалаудың объективтілігі қамтамасыз етіліп, тілдерді меңгерудің деңгейлік жүйесі әзірленген жағдайда ағылшын тіліне пайдаланылған тәсілді қазақ және орыс тілдерінде де қолдануға болатындығын алға тартады. Осыған байланысты қазақ, орыс тілдерін деңгейлеп оқытудың эксперименталды бағдарламасы әзірленіп жатыр.

Елбасымыздың үштілділік бағдарламасын ұсынуы Қазақстанның жағдайында айырықша маңызға ие. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйретудің эксперименттік бағдарламалары жасалып, нәтижеге жеткізетін коммуникативтік әдістерге баса назар аударылып отыр. Әрбір бағдарлама бойынша барлық сыныптарға эксперимент күнделігі жүргізіліп, нәтижесі бойынша келесі оқу жылы бағдарламаларына түзетулер мен толықтырулар енгізіліп отырады.

Елбасының «Тілдердің үштұғырлылығы» саясатын қолдау мақсатында ұйымдастырылатын Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі  іс-шаралар үш тілде өтеді.  Аптаның әр күнінде өткізілетін  «Қазақ тілі», «Ағылшын тілі»,  «Орыс тілі»  күндері балалардың машықтығына сай жасанды тілдік орталар ұйымдастыруға бағытталған.  Көп тілді білу  оқушыларға мамандық таңдауда зор мүмкіндік береді, сол арқылы олар бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді.  Пікір алмасу қай тілде жүрсе де, оқушылар бір-бірімен  араласып, өз ойларын үш тілде толық жеткізуге тырысады.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы тарапынан  оқушылар мен ұстаздардың көптілді үйренуіне барлық жағдайлар жасалып жатыр. Білім беру жүйесі жалпы Еуропалық стандарттарға сай 12 жылдық сатын қамтиды. Мемлекетте муниципалдық мектептермен бірге жекеменшік мектептер де білім берумен  айналысады, бірақ мектептердің түпкі мақсаты біреу: сол елдің атын әлемдік кеңістікке шығаратын ұлы тұлғаны тәрбиелеп шығару.

Жеке тұлға қалыптастыруда оның көп тілді біліп меңгеруі, қарым-қатынас жасай алуы – заман талабы. Мектепте көптілділікке үйрету арқылы тұлға сол елдердегі халықтардың әдет-ғұрыптарымен, мәдениеті мен даму ерекшеліктерімен танысады, рухани дамиды. Көптілділікке үйрететін негізгі тұлға-кәсіби құзіреттілігі жоғары мұғалім.

Білім беру жүйесіндегі педагогтің кәсіби құзіреттілігінің теориялық негізін айқындап алу үшін, осы терминнің дербес анықтамасын келтірейік.  «Кәсіби құзыреттілік-жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті арттыруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі». Яғни, педагогтың құзыреттілігі - жеке тұлғаның білімі мен тәжірибесін нақты бір жағдайда қолдана білу іскерлігімен байланысты тұлға қасиетін білдіретін ұғым деуге болады.

Қазіргі уақытта  тұлға қоғам алдында қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі - бүкіл білім жүйесін түбегейлі  жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа заманның ұстаздарын дайындау бүгінгі білім жүйесінің алдына қойған басты міндеттердің бірі. «Мұғалім - мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі», - деп ұлы педагог А.Я.Коменский тұжырымдағанда, мұғалім - берекелі істің, ғылым мен ілімнің, заман ағымымен жарысып келе жатқан ұлы көштің иесі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқына жолдауы» 2010,2011 жыл

2.     Тілдерді дамытудың 2001-2009 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.-Алматы,2002 жыл.

3.     Қазақстан мектебі,2007 жыл.№2

4.      Қазақстан мектебі,2008 жыл.№1

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Назарбаев Зияткерлік мектептерінде үш тілде оқытуды енгізудің тәжірибесі мен проблемалары""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист архива

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 985 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.09.2016 2234
    • DOCX 21.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Исагалиева Нургул Утеуовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Исагалиева Нургул Утеуовна
    Исагалиева Нургул Утеуовна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 36474
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой