Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Баяндама "Нәтижеге бағытталған білім берудегі тиімді педагогикалық технологиялар"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Баяндама "Нәтижеге бағытталған білім берудегі тиімді педагогикалық технологиялар"

библиотека
материалов

«№2 Қашар орта мектебі» КММ









Педагогикалық оқу



Педагогикалық кеңес



Баяндама



«Нәтижеге бағытталған білім берудегі тиімді педагогикалық технологиялар»



Мұғалім:Алтынбаева Ж.Е.

















2016-2017 оқу жылы

Баяндама

Тақырыбы: Нәтижеге бағытталған білім берудегі тиімді

педагогикалық технологиялар

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз», - деген сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдердің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжиірбелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Сонымен қатар халыққа Жолдауында ел дамуының негізгі кепілі - білім саласын ешуақытта назардан тыс қалдырған емес. Білім сапасын көтеріп, мұғалім беделін арттыру, жаңа мектеп, балабақша салу сынды жұмыстар елбасының тікелей тапсырмасымен кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Алдағы үш жылда мектеп жетіспеушілігін жойып, білім ордаларын мүмкіндігінше екі ауысымға ауыстыру керектігін алға тартты.Сондай-ақ, үлгерімі жоғары студентер мен оқушылардың қолдау көрсетудің тиімді жүйесін құру қажеттігін айтып өтті. «Мәңгілік Ел» стратегиясын қолдаушы да, жалғаушы да осы ұстаздар қауымы болмақ. Өйткені,мұғалімдер оқушыларға дұрыс бағыт –бағдар бере отырып еліміздің болашағын қалауға атсалушы. Елбасы Жолдауын жүзеге асыруда ұстаздарға артылар міндет зор.

Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда. Білім саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін, мектеп ұжымында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді сабақтарында енгізіп отырады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келді. Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесімен әр баланың үрдісінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра алады. Оқытудың негізгі міндеті – баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілетін анықтау мен дамыту, білімдерін ашу, дұрыс түсінік қалыптастыру.

Білім берудің кешенді міндеттерін және мұғалімдердің әртүрлі жағдайларда жұмыс істейтіндігін ескерсек, тиімділік деген сөзге аса мән беріп курста оқыған модуль туралы қысқаша тоқталайық.

1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер

Білім беру – жекелеген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің бір тұтас кешені деп айқындалған. Бағдарламаны жалпы алғанда әлемдік дәрежеге жету мақсатын көздей отырып, жаңаша қырда қолданылатын технологияларды тиімді пайдалану.

2.Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту.

Сыни тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп, шығармашылық жұмыс жасау.

3.Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау

Бағалау – одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсаты мен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа жететіндерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады.

4.Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану

Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану – қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой-өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді.

5.Талантты және дарынды балаларды оқыту

Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі.

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу

Белгілі бір шарттық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психиологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктігінде ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді.

7. Білім беруді басқару және көшбасшылық

Аталған модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алу керек деген тұжырымға сияды. Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді.


Оқытудың ақпараттық технологиясын оқу үрдісінде тиімді қолдану үшін мүмкіндігі шектеулі оқушыларының оқу іс-әрекеті, психологиялық тұлғалық әлеуметтік және физиологиялық даму ерекшеліктерін есепке алу керек. Арнаулы мектеп бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның өзіндік оқу-танымдық әрекетін дамытуға бағытталған. Оқушыларының өз мүмкіндігін көрсете білу үшін, ақпаратты өзіндік іздеу, жоспарлау, біріктіру, суреттеу, жалғастыру және тиімді пайдалану. Өз іс-әрекетінің дұрыстығын тексеріп, бақылау икемділігін бойына сіңіру әлде қайда маңызды.

Шығармашылық ойлау мен өз ойын еркін жеткізе білу икемділіктерінің дамуы негізінде оқушыларының дүниетанымы мен дарындылығы жетіле түседі. Мәселен, басқа пәндермен ұштастыра отырып оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білуге құштарлығы басым екендігі айқын көрінеді.

Жаңа технологияларды енгізу барысында мұғалімнің даярлығы мен жаңаша оқыту мазмұны жайында білген жөн.

Мұғалім нені білу керек?

Мұғалім не істей алуы керек?

Мұғалім қандай іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыру керек?

1.Жаңа технология көмегімен шешілетін мәселелерді ;

2.Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәттижелерді;

3. Жаңа технология мәнін,алынатын нәтижелердің теориялық негізін;

4.Жаңа технологияда мұғалім қолданылатын әдіс –тәсілдерді;

5. Оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін;

1.Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру ;

Дамыта оқыту бағытында;

Модульдік курс үшін;

Әлеуметтендіру бағытында;

Ұжымдық жүйеде оқыту;

Басқа технологиялар үшін;

2.Күнтізбелік- тақырыптық жоспарлау.

3. Әр сабақты жоспарлау

4.Жаңа технология бойынша жүргізілетін әртүрлі типтегі сабақ жоспарларын жасау.

5. Оқу модулін құрастыру.

6. Оқу жобаларының мазмұның анықтау.

1. Жаңа технологияда пайдаланылатын жекелеген әдістер мен тәсілдерді қолдану.

2. Әртүрлі типтегі сабақтарды өткізу.

3. Өткізілген сабақтарға талдау жасау.

4.Жаңа технологияда қолданылатын оқу әрекеттерінің әдістерін оқушыларға үйрету.

Жалпы оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, сабақтың тиімділігін арттыру. «Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген  пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен  байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, тұрпаттары  мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әрбір құрамның  басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды»

Жаңа технология түрлерін сабақ үрдісінде пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.

Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:

І кезең: оқып-үйрену;

ІІ кезең: меңгеру;

ІІІ кезең: өмірге ендіру;

IV кезең: дамыту.

1. Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп.

2. Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.

3. Проблемалы оқыту технологиясы. Проблемалы оқыту – мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.

4Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады:

- ассоциация;

- бірлестік қызмет;

- көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау. Бұл технология бойынша:

- оқу үрдісінде қызығушылық артады;

- оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады;

- оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі.

5Деңгейлік саралау технологиясы. Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;

2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.

6. Жекелеп оқыту технологиясы. Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады.

- мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;

- оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады. Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.

7. Топтық технология. Бұл сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.

8. Кезеңдеп оқыту технологиясы

1. Мәдени кезек сөз – оқу процесінің екі негізгі бөлігі арасында кезексөз түрінде құрылады.

Оқу-негізгі «таңдану нүктесі» айналасына орналасқан ішкі кезексөзге негізделіп құрылады.

2. Дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ) Әдістемелік құрылымның түзгіші негізіне мұғалім мен оқушы қызметін байланыстырушы ретінде математикалық жаттығу ұғымы алынған, әрі тұра, кері ұғымдары мен қағидалары бір кезде оқытылады.

ДБІ технологиясының ашушы түзгіші – жаттығу – үшен сабақтардың бірінде қаралады:

- қазіргі тапсырма;- кімге арналғандығы;

- жинақтау. Технология мазмұнының басты ерекшелігі пән оқу материалдарының дәстүрлі дидактикалық құрылымын қайта құру.

3. Ойлау қызметін кезеңдер бойынша қалыптастыру, мақсаттың бағытталу технологиясы – бағдарлық білім, шеберлік және дағдыны әсерлі меңгеру. Бұл технология әрбір оқушының жұмыстарды, әрбір қадамын мұғалімнің бақылауын қажет етеді. Сабақ меңгерудің барлық кезеңдерінде бақылап отыру – технологияның ең маңызды құраушыларының бірі болады. Ол оқушыны қателесуден сақтандыруға бағытталады.

9. Жеке пәндік педагогикалық технология.

1. Ерте және ыждағатты сауаттылыққа оқыту технологиясы. Технология мазмұны оқу процесі бала миының танымдық қуатын жан-жақты жандандыра отыра, қызметі мен қатынастары арқылы баланың табиғи ойлауына негізделген.

2. Әсерлі сабақтар жүйесіне негізделген технология.

Мақсаттық бағыттары:

- қалыпты білім, шеберлік дағдыны меңгеру;

- ойлау қызметіне математикалық тәсілдерді меңгеру;

- қабілетті балаларды дамыту;

10. Өзіндік дамыту технологиясы (М. Монтессори) Мақсаттық бағыты:

- жан-жақты дамыту;

- жекелікті тәрбиелеу;

- бала санасында ойлау қызметі мен пәндер түзгіштерін біріктіру.

Басты мақсаты – оқыту дағдысы: қолдағы ұсақ моторлар, есті дамыту.

11. Дамыта оқыту технологиялары.

1. Л.В. Занковтың дамыта оқу жүйесі. Оқыту қызметінің негізгі мотивациясы танымдық қызығушылық. Занков әдісі әртүрлі қызметтерге тарту, дискуссия, дидактикалық ойындарда оқытуда, пайдалану, сол сияқты есті, ойлауды, елестетуді, сөйлеуді байыту бағытындағы оқыту әдісі.

2. Д.Элькони – В.Давыдовтардың дамыта оқыту технологиясы. Элькони – Давыдов техноло-гияларындағы дамыта оқыту ең алдымен оның мазмұны, теориялық білімге негізделе отырақұрылған. Білімнің теориялық негізі терең түрдегі жинақтаудан тұрады. Дәстүрлі технологиялардан өзгешелігі дамыта оқыту оқу қызметін басқаша бағалайды. Оқушының орындаған жұмыстары мен сапасы оқушыға білімнің жетімділігі мен қабілетінің жететіндігін мұғалімнің көзқарасы бойынша бағаланбай, оқушының өз мүмкіндігі тұрғысынан қаралады.

3. Жеке бас шығармашылығын дамытуға бағытталған дамыта оқыту жүйесі. Іздену, ойлап табу қызметтері процестері оқытудың негізгі мазмүны болады.

Дамыту мазмұны жақыннан орташаға, сонан кейін қашықтағы мақсаттық келешекке көшуден тұрады.

Бұл технологияда ұжымдық жұмыс әдісі кеңінен қолданылады; ойға шабуыл, ұйымдастыру – қызмет ойыны, еркін шығармашылық пікірталасы.

12. Модульдік оқыту технологиясы. Модуль дегеніміз – қандайда бір жүйенің, ұғымның нақтылатын, біршама дербес бөлігі.

Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады. кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқушы оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына  немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты.


Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:

Оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды;

Жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады;

Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;


Ал өзімнің іс-тәжірибеме келер болсам, 7 модулі аясында жаңа әдіс-тәсілдерді үйрету  технологиясын қолдану арқылы мақсатты түрде күткен нәтижеге жетуге болатындығын, тиімділігін әрекетті зерттеу барысында көз жеткіздім. Ал соның ішіндегі сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды көздейді. Бұл нұсқаулықтағы ғылыми тұжырымдамаға сүйене отырып, нәтижелі сабақта оқушы жауаптарынан ойындағы айтар сөзін жүйелеп жеткізуге тырысуынан, өзгелердің жауабынан ой түйіп, басқаша қырынан танылуынан, әрбір ситуациялық мәселелерді жан-жақты қарастыруға белсенділік танытуынан көрінді.

Сабағымның бірінші күнінен бастап парталарымды топтарға бөліп орналастырып қойдым. Оқушыларым сабаққа келген кезде парталардың өзгергенін көріп таңқалды. Сол күннен бастап сабақтарым қызғылықты өте бастады. Әсіресе топпен жұмыстанғанда жаңа әдіс-тәсілдерді басшылыққа ала отыра көптеген жұмыс түрлерін ұйымдастырдым.


Менің  пікірімше сабақтың тиімділігі: оқушы шығармашылық деңгейге мұғалім арқылы емес, өз іс-әрекеті арқылы жетті. Жаңа әдіс-тәсілдердің ұтымдылығы да осында. Технологияны пайдалану шығармашылық тұлға қалыптастыруға алып келеді. Біз сабақтың басында мақсат қойғанда да осындай нәтиже күткен едік. Дәстүрлі өткізіп  жүрген сабақтарды салыстыра отырып, жаңаша тәсілде өткен сабақтан мынадай  айырмашылықтарды таптым.

Дәстүрлі сабақ  үрдісінде -  өзімнің әдістерім, яғни, мұғалім әрекеті.

1.Тақырыпты түсіндіремін.
2. Кейіпкерлер туралы мінездеме бере отырып меңгертемін.
3. Шығарманың идеясын анықтап беремін, талдаймын.
4. Шығарма жазуды тапсырамын

Оқушының әрекеті :

1.Мазмұнын айтып береді.
2. Кейіпкерлерге мінездеме береді.
3.Тақырып  бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады.
4. Тақырып бойынша шығарма жазады.

Жаңа оқыту технологиясы негізінде өткізілген сабақ үрдісінде    өзімнің іс-әрекетім.

1.Топқа бөліп, ой қозғадым.
2. Тақырыпқа қызықтырып бағыттадым.

3.Шығармаға қатысты мақал-мәтелдер жинақтауды ұсындым. 
4.Шығарманы талдауға пікірталас ұйымдастырдым.

5.Оқиғадағы өзекті мәселелерге оқушы көзқарасын анықтадым.
6.Шынайы өмірмен байланыстыру арқылы баға беруге бағыттадым.

Оқушы белсенділігі:

1.Топтарда жұмыс жасады.
2. Мәтінмен өздері танысты.
3. Әр түрлі әдістер арқылы шығарманы саралады. 
4. Жеке кейіпкерлерді талдады, олардың іс-әрекетін зерттеді.
5. Ой қорытып, оны қағаз бетіне түсірді.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор. Осы технологияларды тиімді пайдалану арқылы әр мұғалім өз тәжірибесін жетілдіре түспек.

К.Д.Ушинскийдің “Мұғалім — өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады” – деген. Бұл “Ұстаз” атты ұлы сүрлеуге соқпағын салып жол тартқан көкірегі ояу, көзі ашық әрбір адамға берілген елеулі ескерту. Сабақты тартымды өткізіп, оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін әр сабағымызды түрлендіріп отыру шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай, әртүрлі технологияның элементтерін пайдалану қажет.


























Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. 2007 ж.

2. Еркебаева Г.Ғ.Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің міндеттері, бағыттары мен мазмұны.Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Шымкент, 2011. – Б.6-9.

3. Смирнова С.А. Педагогика: теории, системы, технологии. –М., 2006.

4. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М., 1989.

5. Халықова К.З., Абдулкәрімова Г.А. Педагогикалық информатика /білім беруді ақпараттандыру. –Алматы, 2007.




Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді. Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. 

бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру. Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге бет алуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады.

мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.


«Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»
Н.Ә.Назарбаев.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 – бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» – деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Ал білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру.
Жаңаша оқытудың «Кембридждік» жүйесі бойынша балаларға білім дайын күйінде берілмейді, керісінше оқушылардың өздерін еркін ұстауға, ойлануға мүмкіндік жасалады. Олар өз беттерімен және өзара әрекеттесе оқып-үйреніп, ортақ бір шешімге келуге бағытталады. Сондықтан да қазіргі таңдағы әрбір ұстаздың да, оқушының да іс-әрекеті ерекше шығармашылық сипатта болуы керек.
Бағдарламаның мақсаты – оқушылар өздерінің қалай оқу керектігіне назар аудара отырып, олардың өз ойлары мен дәлелдемелерін нақты жеткізе алатын, яғни ойға жүйрік, тілге шешен, әрі жазбаша түрде еркін, көркем бейнелеп жазуға төселген, бірнеше тілді қатар меңгерген бәсекеге қабілетті жан-жақты жетілген жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.
Ондай «тұлға» болашаққа сенімді, ынталы, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, қазіргі сандық технологияларды, өмірде өз білімін қалыптан тыс жағдайда да еркін әрі терең пайдалана білетін жан болуы тиіс.
Әлеуметтік –сыдарлылық тұрғыдан оқытуды түсну /Выготский, 1978; Вуд, 1998 / мұғалімдерге арналған нұсқаулығында айтылғандай «Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер» негізінде жатыр. Балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байанысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады.
Осы орайда «Кембридждік» әдіс-тәсілдер мен заманауи педагогикалық технологияларды тиімді қолдану жолында әріптестерім де атсалысуда. Әр сабақтың тиімді әрі нәтижелі өту үшін әр ұстаз өз шығармашылығын дамыту мен ізденіс үстінде.
Мотивация тудыру немесе қызығушылық ояту
Үйренушінің оқуға, үйренуге деген ықылас- ынтасы, ниеті мен зауқы болмаса, оқу нәтижксінің мардымды болуы екіталай. Француз жазушысы Анатоль Франц кезінде «тамақ тек зор тәбетпен ішкенде ғана сіңеді» деген екен. Оқу мотивациясы дегеніміз деп осы осы сияқты білімге, білуге, үйренуге деген «тәбет».
Топтық жұмыс, біріншіден, оқушыларға бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырады. Екіншіден, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Үшіншіден, бірін-бірі оқытуға, бірінен-бірі үйренуге жағдай жасайды. Бұл әдіс сонымен қатар топ болып ынтымақтастықпен бірігіп жұмыс жасауға,ойын еркін ортаға салуға, бірінен- бірі үйренуге септігін тигізді. Яғни, топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу, проблемаларды шешу және топ ішінде шығарманы жан-жақты талдауға көмектеседі.

Топтық жұмыстың тиімділігі:

Оқушылар өзара достық қатынаста болады;

Бір-бірінен сұрай отырып білімдерін жетілдіреді

Өзгелерге ойын жеткізу үшін өз шешімін дәлелдеп үйренеді;

Менен сұрап қалады-ау деп қорықпайды,топ болып жауап береді;

Оқушылардың мектепке деген көзқарасы өзгереді. Уақыттары қызықты әрі тиімді өтеді.

Топтық жұмыста бос отыратын оқушы болмайды.

Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар,олар:
-Әңгіме-дебат барысында;
-Топтық әңгіме барысында;
-Зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде байқалады екен.
«Диалогті оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың білім деңгейін көтеру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат» деп К.Д.Ушинский айтқандай баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасап, сабақ барысында оқудың белсенді әдістері, диалогтік оқыту және оқу әдісін қолдануда білім сапасын арттыруға көп көмегін тигізеді деп ойлаймын. Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып, білімді бірлесіп құру, талқылау, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Әр сабағымда оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын ашық, еркін айтуға мүмкіндік бердім. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетсе, сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысты. Бұл оқушылардың қандай деңгейде екенін түсінуге көмектеседі. Біз көбінесе диалогтік оқытуды сұрақ – жауап ретінде қолданамыз. Яғни, бала теорияны меңгерумен қатар тәжірибе жүзінде де қалай жасау қажеттігін ұғынуы керек. Тәжірибелік жұмыс жасау барысында көптеген сұрақтар туындайды. Оқушылар өзара пікірлер мен болжамдар айта отырып, бірлесе жұмыс жасайды. Жұмыс жасау барысында оқушыларға көптеген сұрақтарды қоюға болады. Мысалы, кез келген сабақтың басталуы сұрақ – жауаптан тұрады. Сұрақтардың берілуіне байланысты оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады. Оқушы мен мұғалім арасында жақсы қарым-қатынас орнайды. Диалогтік оқыту оқушы мен оқушы арасында да туындауы мүмкін. Мұнда оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды. Бір-бірінің жауабына қанағаттанбаса, қосымша да сұрақтар беруі мүмкін.

Оқу процесінде қолдануға тиімді ойындардың маңызды түрлерінің бірі:
1. Рөлдік ойындар
2. Іскерлік ойындар
3. Имитациялық ойындар
Рөлдік ойындар –тиімді интербелсенді әдістердің бірі. Педагогика саласында зерттеу жүргізетін ғалымдардың басым көпшілігі оқу/оқутудың ойын әдістердің кәсіби дамыуды қамтамассыздандырудағы ең тиімді әрі болашағы зор тәсілдер деп есептеледі. Өйткені іс-әрекет арқылы үйрену/үйрету –танымның тиімді тәсілі екендігі баршаға аян; адамның жадында бірінші мезетте өзінің жасағаны мен бастан кешкен әсерлері қалады. Ал рөлдік ойындар оқушылардың өздерін басқа адамдардың орнына қойып, мәселе немесе проблеманы солардың тұрғысынан қарастырып, шешімді өз «қолдарымен» жасауды меңзейді. «Ойын» сөзі сабақта инсценировканың орын алып, әрекеттердің спектакль түрінде көрсетілетіндігін меңзейді.
Іскерлік оқу ойындарында қандайда бір сценарий ауқымында рөлдерді өзара бөлісіп зерттеу жұмыстарын жүргізу және деректерді талдау арқылы нақты практикалық мәселелерді бірлесе отырып шешеді. Оқу ойындарының сценарийлері тақырып ауқымында болып, күрделі мәселеерді ойын тұрғысынан «ойнап» шешуге ағытталады.
Имитациялық ойындар дегеніміз адамдардын қалыптан тыс /экстремалды/ жағдайлардағы әрекетерін анықтайтын өмір сүру ортасынан үлгісін /модель/ құру. Мұндай жағдайлар қатарына «жан-жал», «әуе апаты», «жер сілкінісі» «жау тылында», «робинзон»секілді оқиғаларды жатқызуға болады.

«Алдын ала берілген атаулар» – сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау /терминдер/ жазып қойып, оқушыларға олардың мағынасы, мақмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануы керек. Бұл жұмысты оқушылар жеке, жұппен нмесе шағын топ ішінде ауызша яки жазбаша /соңғысы тиімдірек/ орвндауы иқтимал. Содан кейін бірнеше оқушының ойы мен пікірі тыңдалады.
«Үш қадамды сұқбат»-тақырып бойынша оқушылардың бір-бірінен кезектесіп интервью алу тәсілі. Бұл тәсіл «Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою»
Тәсіліне ұқсас, алайда мұнда басты назарды жауапқа аудару керек.

«Төрт сөйлем тәсілі» – сабақ соңында оқушылар өздерінің түсінік және жұмыс жасау деңгейлерін бағалау үшін мынадай тапсырмаларды орындайды:
1 пікір.
Мәтін бойынша туындаған өзіндік пікірін /негізгі идеясын/ бір сөйлеммен келтіру керек.
2. дәлел.
Келтірілген өзіндік пікірі бар сөйлеммен дәлелдеп шығу керек. Дәлел дегеніміз ұстанған көзқарасты логикалық тұрғыдан дәйектеу, негіздеу.
3.Мысал.
Енді келтірілген өзіндік пікірді тағыда бір негізден кету үшін бір сөйлеммен мысал келтіру қажет. Мысал, өмірден, практикадан алынуы керек; ақпарат көздеріне немесе көп тараған пікірлерге сілтеме жасау, практикада орын алған үрдіс, басқа адамдардың пікірі;
4.Қорытынды .
Өзіндік пікірді тағы бір рет пысықтап, қрытынды шешімді бір сөйлеммен келтіру керек.

мұғалімдерге арналған нұсқаулықтың алтыншы бетінде көрсетілгендей, заман өзгерісіне сай мұғалімдерде өзгеріп, биік шыңдардан көріне беру керек деген ойдамын. Осы әдіс-тәсілдерді қазақстандық мұғаімдер толық игеріп, тәжірибеге енгізілген жағдайда неге үздік жетістікке жетпеске деген ой түйдім. Болашақта теориялық және практикалық білімімді ары қарай жалғастырып әлі де білімнің биік шыңдарына жетемін деп ойлаймын.









Оқытудың жаңа технология түрлері және өзімнің іс-тәжірибемнен


ІІ деңгейді серттификатталған, бастауыш сынып бірлестік жетекшісі, жоғары санатты ұстаз

Орал қаласы №44 ОЖББМ

«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз»,-деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.

В.Кларин технология сөзінен қандайда болсын істегі шеберлікті, оқыту-үйретудегі амалдардың жиынтығы, ал педагогикалық технология (тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, оқыту технологиясы) «педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығымен жұмыс істеудің реті» – деп түсінік берді. Педагогикалық жаңа технология – іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ол дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс-тәсілдер. Ендеше педагогикалық технология – оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі, технология – ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі. Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор.

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын өмірге енгізуге ұмтылуы. «Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген  пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен  байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, тұрпаттары  мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әрбір құрамның  басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды»

Жаңа технология түрлерін сабақ үрдісінде пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.

Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:

І кезең: оқып-үйрену;

ІІ кезең: меңгеру;

ІІІ кезең: өмірге ендіру;

IV кезең: дамыту.

1. Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп.

2. Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.

3. Проблемалы оқыту технологиясы. Проблемалы оқыту – мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.

4Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады:

- ассоциация;

- бірлестік қызмет;

- көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау. Бұл технология бойынша:

- оқу үрдісінде қызығушылық артады;

- оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады;

- оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі.

5Деңгейлік саралау технологиясы. Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;

2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.

6. Жекелеп оқыту технологиясы. Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады.

- мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;

- оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады. Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.

7. Топтық технология. Бұл сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.

8. Кезеңдеп оқыту технологиясы

1. Мәдени кезек сөз – оқу процесінің екі негізгі бөлігі арасында кезексөз түрінде құрылады.

Оқу-негізгі «таңдану нүктесі» айналасына орналасқан ішкі кезексөзге негізделіп құрылады.

2. Дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ) Әдістемелік құрылымның түзгіші негізіне мұғалім мен оқушы қызметін байланыстырушы ретінде математикалық жаттығу ұғымы алынған, әрі тұра, кері ұғымдары мен қағидалары бір кезде оқытылады.

ДБІ технологиясының ашушы түзгіші – жаттығу – үшен сабақтардың бірінде қаралады:

- қазіргі тапсырма;- кімге арналғандығы;

- жинақтау. Технология мазмұнының басты ерекшелігі пән оқу материалдарының дәстүрлі дидактикалық құрылымын қайта құру.

3. Ойлау қызметін кезеңдер бойынша қалыптастыру, мақсаттың бағытталу технологиясы – бағдарлық білім, шеберлік және дағдыны әсерлі меңгеру. Бұл технология әрбір оқушының жұмыстарды, әрбір қадамын мұғалімнің бақылауын қажет етеді. Сабақ меңгерудің барлық кезеңдерінде бақылап отыру – технологияның ең маңызды құраушыларының бірі болады. Ол оқушыны қателесуден сақтандыруға бағытталады.

9. Жеке пәндік педагогикалық технология.

1. Ерте және ыждағатты сауаттылыққа оқыту технологиясы. Технология мазмұны оқу процесі бала миының танымдық қуатын жан-жақты жандандыра отыра, қызметі мен қатынастары арқылы баланың табиғи ойлауына негізделген.

2. Әсерлі сабақтар жүйесіне негізделген технология.

Мақсаттық бағыттары:

- қалыпты білім, шеберлік дағдыны меңгеру;

- ойлау қызметіне математикалық тәсілдерді меңгеру;

- қабілетті балаларды дамыту;

10. Өзіндік дамыту технологиясы (М. Монтессори) Мақсаттық бағыты:

- жан-жақты дамыту;

- жекелікті тәрбиелеу;

- бала санасында ойлау қызметі мен пәндер түзгіштерін біріктіру.

Басты мақсаты – оқыту дағдысы: қолдағы ұсақ моторлар, есті дамыту.

11. Дамыта оқыту технологиялары.

1. Л.В. Занковтың дамыта оқу жүйесі. Оқыту қызметінің негізгі мотивациясы танымдық қызығушылық. Занков әдісі әртүрлі қызметтерге тарту, дискуссия, дидактикалық ойындарда оқытуда, пайдалану, сол сияқты есті, ойлауды, елестетуді, сөйлеуді байыту бағытындағы оқыту әдісі.

2. Д.Элькони – В.Давыдовтардың дамыта оқыту технологиясы. Элькони – Давыдов техноло-гияларындағы дамыта оқыту ең алдымен оның мазмұны, теориялық білімге негізделе отырақұрылған. Білімнің теориялық негізі терең түрдегі жинақтаудан тұрады. Дәстүрлі технологиялардан өзгешелігі дамыта оқыту оқу қызметін басқаша бағалайды. Оқушының орындаған жұмыстары мен сапасы оқушыға білімнің жетімділігі мен қабілетінің жететіндігін мұғалімнің көзқарасы бойынша бағаланбай, оқушының өз мүмкіндігі тұрғысынан қаралады.

3. Жеке бас шығармашылығын дамытуға бағытталған дамыта оқыту жүйесі. Іздену, ойлап табу қызметтері процестері оқытудың негізгі мазмүны болады.

Дамыту мазмұны жақыннан орташаға, сонан кейін қашықтағы мақсаттық келешекке көшуден тұрады.

Бұл технологияда ұжымдық жұмыс әдісі кеңінен қолданылады; ойға шабуыл, ұйымдастыру – қызмет ойыны, еркін шығармашылық пікірталасы.

12. Модульдік оқыту технологиясы. Модуль дегеніміз – қандайда бір жүйенің, ұғымның нақтылатын, біршама дербес бөлігі.

Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады. кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқушы оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына  немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты.

Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:

Оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды;

Жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады;

Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;

Ал өзімнің іс-тәжірибеме келер болсам, қазіргі таңда жаңа технологияны тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп отырған бұл Кембридж бағдарламасы. Осы курстың ІІ деңгейін Алматы қаласына барып оқып келген болатынмын. Кембридж бағдарламасының 7 модулі аясында жаңа әдіс-тәсілдерді үйрету  технологиясын қолдану арқылы мақсатты түрде күткен нәтижеге жетуге болатындығын, тиімділігін әрекетті зерттеу барысында көз жеткіздім. Ал соның ішіндегі сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды көздейді. Бұл нұсқаулықтағы ғылыми тұжырымдамаға сүйене отырып, нәтижелі сабақта оқушы жауаптарынан ойындағы айтар сөзін жүйелеп жеткізуге тырысуынан, өзгелердің жауабынан ой түйіп, басқаша қырынан танылуынан, әрбір ситуациялық мәселелерді жан-жақты қарастыруға белсенділік танытуынан көрінді.

Сабағымның бірінші күнінен бастап парталарымды топтарға бөліп орналастырып қойдым. Оқушыларым сабаққа келген кезде парталардың өзгергенін көріп таңқалды. Сол күннен бастап сабақтарым қызғылықты өте бастады. Әсіресе топпен жұмыстанғанда жаңа әдіс-тәсілдерді басшылыққа ала отыра көптеген жұмыс түрлерін ұйымдастырдым.

Менің  пікірімше сабақтың тиімділігі: оқушы шығармашылық деңгейге мұғалім арқылы емес, өз іс-әрекеті арқылы жетті. Жаңа әдіс-тәсілдердің ұтымдылығы да осында. Технологияны пайдалану шығармашылық тұлға қалыптастыруға алып келеді. Біз сабақтың басында мақсат қойғанда да осындай нәтиже күткен едік. Дәстүрлі өткізіп  жүрген сабақтарды салыстыра отырып, жаңаша тәсілде өткен сабақтан мынадай  айырмашылықтарды таптым.

Дәстүрлі сабақ  үрдісінде -  өзімнің әдістерім, яғни, мұғалім әрекеті.

1.Тақырыпты түсіндіремін.
2. Кейіпкерлер туралы мінездеме бере отырып меңгертемін.
3. Шығарманың идеясын анықтап беремін, талдаймын.
4. Шығарма жазуды тапсырамын

Оқушының әрекеті :

1.Мазмұнын айтып береді.
2. Кейіпкерлерге мінездеме береді.
3.Тақырып  бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады.
4. Тақырып бойынша шығарма жазады.

Жаңа оқыту технологиясы негізінде өткізілген сабақ үрдісінде    өзімнің іс-әрекетім.

1.Топқа бөліп, ой қозғадым.
2. Тақырыпқа қызықтырып бағыттадым.

3.Шығармаға қатысты мақал-мәтелдер жинақтауды ұсындым. 
4.Шығарманы талдауға пікірталас ұйымдастырдым.

5.Оқиғадағы өзекті мәселелерге оқушы көзқарасын анықтадым.
6.Шынайы өмірмен байланыстыру арқылы баға беруге бағыттадым.

hello_html_3c772310.jpg

Оқушы белсенділігі:

1.Топтарда жұмыс жасады.
2. Мәтінмен өздері танысты.
3. Әр түрлі әдістер арқылы шығарманы саралады. 
4. Жеке кейіпкерлерді талдады, олардың іс-әрекетін зерттеді.
5. Ой қорытып, оны қағаз бетіне түсірді.

Қолыма сертификатымды алғаннан бастап, осы бағытта жұмыстанып келемін. Сол жұмыстарымның бірі мектепшілік бірлестік отырыстарында және мектебімізде өткізілген қалалық, облыстық семинарларда  «Озат тәжірибелі ұстаздар» мектебіне, облыстық «Әдістеме бірлестік жетекшілеріне» осы жаңа технологияларды тиімді қолдану әдістерін көрсетіп,  коучинг сабақтар өткіздім. Сонымен қатар Халықаралық, республикалық, облыстық интернет конференцияларға жиі қатысып қатысушы куәліктерінде алып жүрмін.

Осындай жаңа технологияларды тиімді қолданып құрылған жаңа форматтағы сабақтарым облыстық «Ұстаз» , республикалық  «Бастауыш сынып», «Бастауыш білім», «Педагогика мәселелері», «Бастауыш сыныпта барлық пәндер бойынша оқыту», «Бастауыш мектеп», «Бастауыш сыныпта оқыту» атты журналдарға сегіз сабағым екі  баяндамам жарық көрді.

Осындай жаңа әдіс-тәсілдерді жаңа форматта жоспарлап, жаңа технологияларын тиімді пайдаланып, сабақ беріп, ұстаздар арасында  іс-тәжірибені бөлісіп жүрген, жаңашылға бет бұрған, ұстаздардың бірімін деп ойлаймын.

ӘДЕБИЕТТЕР

1.Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде информатика пәнін оқыту. І том. Алматы, 2006.

2.Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде информатика пәнін оқыту. ІІ том. Алматы, 2006.

3.С.Елубаев. Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі. Жалпы бөлім. А., 2006.


1.Жаңа педагогикалық технология 

2. Ойын технологиясы.

3. Проблемалы оқыту технологиясы.

4Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

5Деңгейлік саралау технологиясы.

6. Жекелеп оқыту технологиясы.

7. Топтық технология.

8. Кезеңдеп оқыту технологиясы

9. Жеке пәндік педагогикалық технология.

10. Өзіндік дамыту технологиясы 

11. Дамыта оқыту технологиялары.

12. Модульдік оқыту технологиясы.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 08.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров780
Номер материала ДБ-333823
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх