Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыБаяндама "Оқыту процесінде баланың тілін дамыту"

Баяндама "Оқыту процесінде баланың тілін дамыту"

Скачать материал

Оқыту  процесінде  баланың  тілін  дамыту

 

Қазақ  тілі- қазақ  халқының  ана  тілі.   Адам  баласы  дүниеге  келіп,  есі  кіре  бастағаннан –ақ  адамдық  қасиеттерді  қалыптастыратын  әдептілікті  ізгілік  пен  ізеттілікке  толы  халықтың  нұрлы  асыл  сөздерін , жан  тербетер  әсер  күшін  ана  тілінде  ұғып  жатыр.

Ана тілі- халықтың  өткен  ұрпағын,  қазіргі  келешек  ұрпағын,  тарихи бір  тұтастық,  мызғымас  бірлік,  ажырамас  туыстық  жағдайда  мәңгілік  біріктіретін  ең  сенімді  құралы.

Ана  тіліміз арқылы  ғана  біз  халқымызды,  Отанымызды  танып  білеміз. Халық  рухының сарқылмас  бастауы  да  сонда  жатыр.  Ел  жұртымызды,  туған  жерімізді  оның  өзен  көлдерін, оның  бораны  мен  табиғат  көріністерін  ана  тіліміз  арқылы  ғана қабылдап  соларға деген  перзенттік  махаббатымызды,  батамызды  ана  тіліміз  арқылы жеткіземіз.Тілдің  көмегімен өнер-  білімге,  мәдениет-ғылымға  қол  жеткізіп, өткен-кеткенімізді  әлемге  танытамыз,  сөйлейміз, оқимыз,жазамыз,қоғамды,  мемлекетті  меңгереміз.

Халықтың тарихта  қалуы тіліне  байланысты. Қазақ  тілін  алғаш  зерттеу он  тоғызыншы ғасырда  басталған.  Қазақ  тілін зерттегендер-орыстың  алдыңғы  қатарлы  ойшыл  ғалымдары.  Олар  қазақ  тарихын,  әдет-ғұрпы  мен  салт-санасын,  тұрмыс-жағдайын,  тілі мен  мәдени  мұраларын  зерттеуге  көп  көңіл  бөлінген.

Қазақ  тілінің  алғашқы  грамматикаларын  жазған, сөздіктерін  шығарған,  қазақтың  көне  мәдениет  үлгілерінің  сырын  ашуға  тырысқан. Бұл  жөнінде  халқымыздың  ұлы  перзенттері Абай Құнанбаев, Ыбырай  Алтынсарин, Шоқан  Уәлихановтардың  сіңірген  еңбектері  де  айтарлықтай   Дегенмен  Қазан  төңкерісінен  бұрын  қазақ  тілі  туралы  ғылым  қалыптаса  қойған  жоқ  еді.  

Қазақ  тілін  зерттеген  еңбектер  нағыз  ғылым  деп  айтарлықтай  дәрежеге  жете  алмады.  Өйткені  патшалық  Ресей – халықтар  түрмесі  болды.  Қазақ  халқы «бұратана» деп  аталды.

Қазақ  халқының  бас  бостандығы  болмады.

Қазіргі  таңда  тілдердің  қолданылуы  мен  дамуына  жағдай  жасалынуда. Өз  ана  тіліне  немқұрайлы  қарау-өз  халқының  өткеніне

Бүгініне,  болашағына  немқұрайлы   қару  деген  сөз  бекер  айтылмаса  керек.  Республика  көлемін  айтпағанда  өз  облысымызда  да  ауқымды  шаралар  жүзеге  асырылды.  Айталық,  мемлекеттік  тіл  мен  өзге  ұлт  өкілдерін  дамытуға  арналған  бағдарлама  республикада  бірінші  болып,  біздің  облысымызда  қабылданды.

Сонымен  бірге  жарнамаларды  реттеу  жөніндегі  комиссия  да  Қызылорда  облысында ғана  құрылды.

2001  жылы  қыркүйек  айында  облысымыздағы   «мемлекеттік  органдарда  іс-қағаздарын  мемлекеттік  тілге  көшіру  туралы»

Облыс   әкімінің  қаулысы қабылданғанға  дейін  осы  игілікті  істі  жүзеге  асырудың  айтарлықтай  алғышарттары  жасалды.

Бұған  облыс   халқының 94 ,2%қазақ  ұлтынан  болуы  және  көптеген

Өзге  ұлт  өкілдерінің  қазақ  тілін  еркін  меңгеруге  де  үлкен   септігін

 Тигізгені  рас.Ұлттың  тілі  кеңи  бастауы  ұлттың  құри  бастағанын  көрсетеді. Ұлттқа  тілінен басқа  қымбат  нәрсе болмасқа  тиісті.

Мәселен  өткен  замандарда  бір  патшалық бір  патшалық  бір  патшалыққа  мақтану  үшін  оның  негізгі  үш  белгісі  болу  керек  деген екен.  Ең  біріншісі- тілі , содан кейін мәдениеті   және  өнері  мен  әдебиеті.  Міне  бұның  өзі  де  тілдің  бұрынғы  уақыттан-ақ  құдіреттілігін  әрі  алғашқы  орныдарда  болғандығын  айғақтайды.

Сондай-ақ  қасыбір  шетел  тілші  ғалымдарын   алсақ  та  барлығы  бір  ауыздан  қазақ  тілінің  түркі  тілдерінің  ішіндегі  ең  тазасы  екендігін

  Мойындағаны  белгілі.  Осындай  ең  таза  бай ана  тілімізге тәуелсіздікке  қол  жеткізбей  тұрып  екі  жыл  бұрын  тұңғыш  рет

Мемлекеттік  мәртебе  берілді  және  сол  жылы  алғышқы тіл  туралы  заңымыздың  қабылдануы  туған  тілімізге  деген  құрметтің  нышаны  болып  республика  тарихында  ерекше  оқиға  болып  қалды.

Содан  бері  ана  тіліміздің  деңгейі  жоғарылады.

Қазіргі  қазақ  тілі – жете  дамыған  әдеби  тілдің  бірі.  Ұлы  Абай  мен  Жамбыл,  халқымыздың  кемеңгер  де  ұлы  жазушысы  Мұхтар  Әуезов  өз  тілінде  сөлеп  өз  шығармаларын   осы  тілде  жазды.

Олардың  шығармалары  қазақ әдебиетін  дамытты,  еліміздің  барша  халқының  игілігіне  айналды.  Бүкіл  дүниежүзі  әдебиетінің  алтын  қорына  қосылып,  халқымыз  бен  тілімізді  әлемге  әйгілі  етті.

Туған  тіліміздің  тағдыры  туған  еліміздің  тағдыры  екендігі  бүгінгі  ұрпаққа  етене  таныс  жағдай.

Қоғамда  бір  мемлекет  болғаны ең алдымен  өзінің  мемлекеттік  тілін  қалыптастырып,  содан  кейін  ғана  сол  тілде  өз  заңдарын  шығарады.  Өйткені  тіл  жоғалса, ұлт  жоғалады.  Дәл  осындай  пікірді  Мағжан  да  ұсынды. «Тілсіз  ұлт тілінен  айырылған ұлт  дүниеде  ұлт  болып  жасай  алмақ  емес,  ондай  ұлт  құрымақ.  Ұлтының  ұлт  болуы  үшін  бірінші  шарт-  тілі  болуы.»

Бір  қуаныштысы  облысымыздың  республика  тарихында  тұңғыш  болып  мемлекеттік  тілге  көшіп,  алғашқы  саяси  қадам  жасауы  бүкілҚызылордылықтар  үшін  едәуір  зор  жетістік  екені  даусыз.

Біздің  мақсатымыз -  ана  тіліміздің  қадір-қасиетін  ұғынып,  оның  қолданыс  аясын  кеңейтіп,  мемлекеттік  тіл  ретінде  мәртебесінің

Баянды  болуына  ықпал  ету  болып  саналады
    Бастауыш мектеп бағдарламасында балалардың жас ерекшелігіне тапсырмалар, жаттығу жұмыстары берілген. Сол сияқты тіл жұмыстары мәтіндерді оқу, оны мазмұндап айту, сұрақтаға жауап беру және шығарма,мазмұндама жазу арқылы жүзеге асырылады. Жас ұрпақты өзінің ана тілінде еркін, мүдірмей сөйлетіп үйрету үшін оқыту әдістемесін жетілдіре түсу − бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі. Бүгінгі күннің тілек – талабы тұрғысынан білім мазмұнын жаңғырту, өмір талабына орай дамыта оқыту,оқытудың жаңаша әдіс – тәсілдерін қолданып заман ағымына жауап беруі мұғалімдерге жауапты істерді жүктейді. Оқыту күрделі жаңа мазмұнда жүргізілсе, оқушылар ана тілінің қыр – сырын, ауызша сөйлеу тілін игерсе, тілі дамиды. Оқушыға әдеби сөйлесу дағдыларын меңгертуде өлең, әндер жаттау, көркем сөзді тыңдау, сөз шеберлеріне ерекше мән беру, оларды нақышына келтіріп, аса шеберлікпен оқылған поэзия мен көркем сөзді баурап алатын күш ерекше. Сабақ үрдісінде оқушының шығармашылық белсенділігін арттыру жағын ойластыру қажет. Халық даналығында әдеп, нақыл сөздер өте көп. Мысалы: «Бұлақ көрсең - көзін аш», «Оқу өрге тартады, надандық жерге тартады», «Тіл ақылдың өлшемі», «Тіл жеткенше сөйлеген шешен, қол жеткенше нұсқаған көсем» деген этикалық ережеге айналған даналық сөздерді аша отырып оқыту бастауыш сынып оқушыларын тілге, ғылымға құрметпен қарауға үйретеді. Бала тілін дамытатын өзінің қоршаған ортасы. Атап айтсақ, айналасындағы түрлі оқиғалар, жанұясы, оқыған кітабы, көрген спектакільдері мен киносы баланың ойлау әрекетін дамытады және қорытынды жасай білуге бейімдейді. Ой дамыту – тіл дамытумен ұштасады. Оқушы ойын жүйелі айта білуге, бір –бірімен тікелей қарым – қатынас жасуға дағдыландыруда ана тілі, қазақ тілі пәндерінің рөлі айрықша. Оқушының көбірек сөйлейтін сабақтары да осы аталған пәндер. Баланың сөйлеген сөзі, берген жауаптары осы арқылы байқалып отырады. Бала тілін дамытып қалыптастыруда өз ұлтымыздың ауызекі шығармашылығының тигізер ықпалы зор. Халқымыздың ертегі, аңыз-әңгімелері, мақал–мәтелдері, жұмбақ, жаңылтпаштары,ойнақы, жеңіл тілімен беріледі. Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмей, бұзып айтатын дыбыстарды анық айтуға жаттықтырады. Ал жұмбақ айтқызу баланы тапқырлыққа үйретіп, ойлау қабілеті мен тілін ұштайды. Мақал–мәтелдерді пайдаланудың әдіс–тәсілдері көп. Оларды сыныпта, сыныптан тыс оқуда белгілі бір тақырыпты оқытумен бірге сәйкестендіріп алған ыңғайлы. Шешендік сөздерді оқыту – тілді дамыту. Шешендік өткен өмірден сыр шертіп, тарих тынысын, сөз зергерлерінің өрнекті де өткір тілін үйретеді.
Жасөспірімдердің тілінің дамуына отбасының ықпалы да көп тиеді. Сондықтан балаға шыр етіп жерге түскен сәтінен бастап бесік жырын айтып, ән тыңдату, яғни ана әлдиін құлағына сіңіру, өсе келе жаңылтпаш, жұмбақ, шағын өлеңдерді жатқа айтқызып, сөз ұйқастарын танытып, үнемі осы сияқты игі істерді отбасынан бастап құлағына құйып отырса, оның ойы да, тілі де дамиды.
Тіл дамытуда ертегілердің атқаратын рөлі зор. Ертегі тілінің көркемдігі және оқиғаларының қызықтылығы баяндалуы баланы еріксіз өзіне тартып, баурап алады. Ертегілерді баланың оқуы не тыңдауы, мазмұнын қайталап айтып беруі сөздік қорын молайтады, байланыстырып сөйлеу тілін дамытып, қиялдауға мүмкіндіктер туғызады.
Оқушыларға сюжетті суретті көрсете отырып, соған бірнеше сөйлемдер құратып, тілдік қорларын дамытамын. Баланың  тілін дамыту  мақсатында мынадай жұмыстар жүргізуге болады.
«Ы» дыбысын өткенде
Мына жұмбақты шеш:
Кесе,шыны, пиала
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейміз,
Бәрінің атын не дейміз? (ыдыстар)
− Ал енді осы сөзді буынға бөлейікші!
− Ы – дыс – тар
− Ы дыбысы қай буында
Ы дыбысы 1 – ші, 2 – ші буында.
− Буын дегеніміз не?
Сөзде неше дауысты болса, сонша
буын болады.
Дыбысты естиміз айтамыз.
Әріпті көреміз жазамыз.
− Кәне осы дыбысқа өлең құрастырайықшы.
Ыз – ыз – ыз –Жанар жақсы қыз.
Ыр – ыр – ыр – ырылдайды қасқыр.
Ыс – ыс – ыс – келіп қапты қыс.
Ойынның да тигізетін пайдасы өте көп.

Ұйқасын  тап!

Балағымды  түремін

...кешіп ....

... тойға  барды,

Көптеп  кәмпит ... .

Қарама-қарсы  қызық  сөздер.

Ыстықта туып  та

Шыдаймыз ...

Ащы  терім  ақты,

Жеміс  өсті ....

  Тамақ, киім,

   Аяқ  киім,

   журнал

Кітап , үй,

Телевизор.

Артық  сөзді  алып  таста  және  дәлелде

 

Мұғалім, дәрігер

Ағаш  шебері,

кітаптар

 

 

 

 

 

 

Пәтер,  киімдер,

Азық-түлік, от

    

 Жылы, жарық,

 Су,  күн.

 

 

 

 

 

 

Ертегіні  жалғастыр

Ертеде  бірінен –бірі  өткен  ағайынды  үш  жалқау  болыпты.....

Осындай  жұмыстарды  ұйымдастыру  арқылы
ойлау және тілдік қорын дамытады.

Бастауыш кластың қай пәнінде болсын оқушылардың тілдік қорын дамыту, сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойын ынтасын дамыта түседі.
Мұғалім сабақты түсіндіру барысында баламен қарым – қатынас жасағанда әсерлі сөйлеп, тыңдаушысын өзіне қаратып баурап алуы, яғни тіл мәдениетінің өте жоғары болуы шарт.
Баланың тілін дамыту үшін өзі қажет деген әдісті пайдаланса.Жеңіл түрде сөйлемдер құрату, және ауызекі сөзде қолдана білу керек.
Баланы әдеби тілде ауызша сөйлетуге және жазбаша сауатты жазуға үйрету  қажет.
Оқушыға арналған материалдар аса түсінікті  болған  жағдайда  біз баланың  тілін  дамыта  аламыз.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Оқыту процесінде баланың тілін дамыту""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Интернет-маркетолог

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 188 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.12.2015 774
    • DOCX 24.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абилдаева Гаукар Абжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абилдаева Гаукар Абжановна
    Абилдаева Гаукар Абжановна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20581
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 412 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Мини-курс

Социальные и правовые аспекты эпохи Просвещения: влияние на образование сегодня

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методика поддержки физкультурно-спортивной деятельности для людей с ограниченными возможностями здоровья

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, психология

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек