Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Баяндама "Оқытудың қазіргі заманғы технологиялары"

Баяндама "Оқытудың қазіргі заманғы технологиялары"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

"Приозерск қаласының № 2 МББК" КММ



















Баяндама тақырыбы:

Оқытудың қазіргі заманғы технологиялары





Дайындаған:

Ауесбаева А.С













2015-2016 оқу жылы





  1. Кіріспе



Оқыту технологиясы - мектепте жалпы білім беру бағдарына, оқытудың мақсаты мен мазмұнына негізделген, жақсы нәтижелерге жету кепілдігін беретін оқыту жүйесін құрастыру.

Білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялардың алатын орны, мектепте оқушылардың ауызекі сөйлесу әрекеттерін белсендіру мен қарқынды дамытудың, сапалы әрі тиімді жолы ретінде қазіргі заманғы оқыту технологияларын ағылшын тілі сабағында қолдану жолдары ғылыми-теориялық тұрғыдан баяндалған.

2. Мақсаты

- Менің мақсатым шет тілі сабақтарында, тиімді технологияларды қолдану арқылы, оқушылардың іскерлік белсенділігін, дербестік әрекетін және шығармашылық потенциалын нығайту үшін, жағдайлар жасау:

- Оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу:

- «Білім» заңына сәйкес басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жақсарту:

-Оқытудың қазіргі заманғы технологиясын жан-жақты меңгеру арқылы оқушының жеке тұлға ретінде дамуын қамтамасыз ету:

3.Міндеттері

-Талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу жолдарын қарастыру,оларды өсіру,әр оқушының қабілетін танып білу:


















Баяндаманың негізгі мазмұны



1.Кіріспе…………………………………………………………………..

2. Оқытудың қазіргі заманғы технологиялары

2.1 Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы

2.2 Модульді оқыту технологиясы

2.3 Қашықтықтан (дистанционды) оқыту.

2.4Кредиттік технология

2.5 Инновациялық технология

2.6 Ақпараттық технологиялар

3. Қорытынды

4 Әдебиеттер тізімі.

































Жай мұғалім –хабарлайды,

Жақсы мұғалім –түсіндіреді.

Керемет мұғалім- көрсетеді,

Ұлы мұғалім – шабыттандырады.

Уильям Вордсворт



Білім берудегі қазіргі заманғы технологиялар



Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы,оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу,бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан –жақты ойластырылған үлгісі –Академик В.М. Монахов.
Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізісімен, шет тілі де мемлекетаралық тіл мәртебесіне ие болды. Ендігі кезекте шет тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі болды. Осы орайда мектептерде ағылшын тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды. 
Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн? 

Білім берудегі қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен жаңа білім беру парадигмасы іске асатын құрал ретінде қарастырылады. Білім беру технологияларының даму тенденциялары тұлғаның өзін-өзі тануына және өзін-өзі дамуына мүмкіндік беретін гуманитарлық білім берумен тікелей байланысты. "Білім беру технологиялары", "педагогикалық технология" терминіменқатар ''оқытутехнологиялары” терминіқолданылады. Оныңбіріншісі көлемдіболыпкеледі. Өйткені, білім беру технологиясындаоқушының үйренушініңтұлғалықсапасындамытужәнеқұруменбайланыстыболатынтәрбиелікаспекті бар.

Оқыту технологиясы – белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, әдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұны жүзеге асырылады”, – деп С.Әбенбаев айта келіп, оның құрылымын төмендегідей етіп көрсетеді [1]:

-         оқытудың мақсаты;

-         білім берудің мазмұны;

-         педагогикалық өзара әрекеттестіктің құралы (оқыту және мотивация), оқыту процесін ұйымдастыру;

-         оқушы, оқытушы;

-         әрекеттің нәтижесі (сонымен бірге кәсіптік даярлықтың деңгейі).

Сонымен қатар, С.Әбенбаев нақтылы педагогикалық процесті талдап жүзеге асыруды “... оқыту технологиясын жобалау процесі деп атауға болады” деп айта келіп, оның құрылымын төмендегідей анықтайды:

-         оқу жоспары және бағдарламасына сай оқытудың мазмұнын таңдау;

-         оқытушы бағдарлай алатын оқытудың басымды мақсатын таңдау, яғни жобалау барысында білім алушыларда қандай кәсіптік және тұлғалық сапа қалыптасады, міне соны анықтау;

-         мақсаттарға немесе басымды бір мақсатқа негізделіп оқыту технологиясын таңдау;

-         оқыту технологиясын талдап жасау.

Педагогикалық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес білім берудің қазіргі заманғы технологиясының нұсқауы, төмендегі принциптердің қатысуымен жасалуы тиістігі анықталуда:

-дидактикалық жүйені көрсететін технологияның бүтіндік принципі;

-қойылған мақсатқа жету үшін нақты педагогикалық ортада технологияларды қайта өндіру принципі;

-сәйкес келетін педагогикалық жүйелердің өзін-өзі дайындау механизміне әсер ететін факторлардың приоритеті және педагогикалық құрылымдарының сызықтық емес принципі;

-оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына және оның танымдық қабілеттілігіне оқыту процесінің бейімделу принципі;

-біріктірілген білімдерді құру үшін оптимальді жағдай жасайтын оқу ақпараттарының потенциалды көп болу (артық болу) принципі.

Педагогикалық технологияның міндеттері:

-         әр түрлі қызмет саласындағы іскерлік пен дағдылардың шыңдау, білімнің тереңдігін, беріктігін арттыру;

-         мінез – құлықтағы әлеуметтік құнды әдеттер мен формаларды нығайту және арттыру;

-         технологиялыққұрал-саймандарменжұмысістеугеүйрету;

-         технологиялықойлаудағдыларындамыту;

-         оқуміндеттері мен қоғамдықпайдалы еңбек ұйымдастырудатехнологиялықтәртіпкесайнақтыәдеттердітәрбиелеу.

Педагогикалық технология әр түрлі жағдайлардағы нақты өзара іс-қимылдарды,  жүйеленген, бағдарланған, оқыту және тәрбиелеу стандарттарына сай тәсілдер негізінде компьютер мен техникалық құралдар қолдану арқылы да ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің құрылымдарында оқытудың айқындалған көптеген технологияларын пайдаланып жатқандығы белгілі. Болашақ маманға тәжірибе беруде ақпаратпен жұмыс істеу әдістеріне, жаңа білімдерді құру әдістеріне, ең маңыздысы - әлемнің дамуы туралы білімдердің қажетті деңгейін қалыптастыратын әдістерге үйрету. Сондықтан әрбір оқытушыға және оқушыға "оқыту" мен "үйрену" процестерін игеру үшін 3 тілді меңгеруі қажет: ана тілін, ғылым тілін және технология тілін. Сонымен технология көмегімен білімдерді, іскерлікті, дағдыларды игеру процесінде тұлғалық қасиеттің дамуында нәтижелі шешімге жету мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. "Педагогикалық технология" оның ішінде "оқыту технологиясы" ұғымын анықтауда, басым көпшілік мамандар оларды үш маңызды жағдайлармен біріктіреді:

- іс-әрекетінің жиынтығы түріндегі қажет ететін үлгіні дәл анықтау негізінде оқытуды жоспарлау;

- оқытуды талап ететін әрекетті  қалыптастыруды іріктеген  қатаң тізбекті әрекеті түріндегі оқытудың барлық процесін "бағдарламалау".

- алғашқы белгіленген эталонмен оқытудың нәтижесін салыстыру.  М.Чошанов оқыту технологиясы негізінен педагогикалық процестегі «Қалай нәтижелі етіп оқыту керек?» мәселесін шешуге бағытталатынын айтады. Оқыту технологиясы жөніндегі ой-пікірлерді саралай келе, біз оны: біріншіден, оқытудың мақсатқа сәйкес нәтижесіне қол жеткізудегі нақты қадамдарды және олардың үйлесімділігін зерделейтін ғылым саласы; екіншіден, оқытудың нақты жағдайда нәтижелі жүзеге асырылуын белгілейтін жобалау немесе модельдеу; нақты оқыту процесін нәтижелі етіп оқытудағы процес деп білеміз.

         Жалпы "технология" түсінігі қаншалықты қолданыста болғанымен, ол жөніндегі түсінік ұғыныңқы болмаған. Білім берудің қазіргі кездегі практикасында бұл ұғым стандартты емес ғылыми көріністерде ереже ретінде қолданылып, педагог жұмыстарының өндірілген әдіс-тәсілдерін, құралдарын білдіреді. В.П.Беспалько технологияны түсіну үшін ең алдымен педагогикалық іс-әрекеттің өндірушілік белгісіне көңіл аудару қажеттігіне зейін аударады, әлеуметтік тұрғыдан бұл белгі, технологияның басқа белгілерінен оның жалпылық сипатымен байланыстылығын сипаттайды. Қазіргі білім беру технологияларын Г.К. Селевко технологияның классификациялық параметрлері тұрғысынан: қолдану деңгейі, негізгі дамыту факторы, меңгеру тұжырымы, жеке тұлғаның құрылымына бағдарлау, мазмұн сипаты, басқару типі, ұйымдастыру формалары, балаға ықпал ету тәсілдері, әдістердің басымдылығы, жетілдіру бағыттары, оқушылар категориялары бойынша нақтылап көрсетеді [3].

Ш.Т.Таубаева оқытудың қазіргі технологияларының аттарын атап көрсетіп, олардың мақсаттарын, тұжырымының және мазмұны мен әдістерінің ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді. Жұмыста педагог-ғалымның зерттеулері басшылыққа алынған [4].

Сонымен педагогикалық технологиялардан төмендегілерін бөле жарып көрсетуге болады:

-             ойынарқылыоқытутехнологиясы;

-             проблемалықоқытутехнологиясы;

-             тірексигналдарыарқылыоқыту;

-             деңгейліксаралапоқыту;

-             міндеттінәтижелергенегізделгендеңгейлікоқытутехнологиясы;

-             бағдарламалапоқытутехнологиясы;

-             оқытудыңкомпьютерліктехнологиясы;

-             дидактикалықбірліктердіірілендірутехнологиясы;

-             дамытаоқытутехнологиясы;

-             модульдікоқыту.

Сондай-ақ Қазақстандық ғалымдардың  оқытутехнологияларыбелсендітүрдебілім беру жүйесінде қолданылуда. Бұлтехнологиялардыңөздерінетәнерекшеліктері бар. Мәселен, В.Ф.Шаталовтыңтірексигналдарыарқылыоқытутехнологиясыныңерекшелігі:

-         үнемі қайталау;

-         іріблокпеноқыту, тіректі қолдану;

-         жекебағдарлықарым-қатынас, ықпал;

-         ізгілік;

-         зорлықсыз, еркіменоқыту;

-         әр оқушының табысының жариялылығын түзетуге, өсуге, табысқажетугежағдайжасау;

-         оқыту мен тәрбиелеудібіріктіру.

Сондай-ақ әрбір педагогикалық технологияның өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың негізгі қарастыратыны оқытуды нәтижелі ету.

Педагогикалық жүйедегі негізгі өзекті мәселе - оқушылардың, студенттердің ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру болғандықтан сабақ барысында кеңінен деңгейлеп, дамыта оқытудың модульдік әдісін жиі пайдалану қолдау табуда.

 

Оқытудың қазіргізаманғы технологиялары

саралап   деңгейлел   оқыту   технологиясында   оқытудың   мазмұны  

мен   әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады.

Деңгейлік саралау-оқушылардың бір сыныпта бір бағдарлама және бір оқулықпен оқу материалын түрлі деңгейде меңгеруі.

  1. Оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай ,еркін өмір сүруге бағыттау.

  2. Білімі мен білігне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеге тәрбиелеу.

  3. Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.,дамыту.

  4. Аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.



Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік терең өзгерістер білім беруді әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалімге басымдылық рөл берілсе, ол қазір оқу үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпайды, ол өздігінен оқу керек. Ал мұғалімнің негізгі көңіл аударатын жағдайы әрбір жеке қызығуымен мүмкіндіктерін ашу болмақ.

Оқушылардың білім – білік дағдыларын жетілдіру үшін деңгейлеп саралап оқыту технологиясын өз тәжірибеме енгіземін. Саралаудың негізгі ұстанымы оқыту мазмұнын тарылту емес, ол мұғалім тарапынан оқушыларға берілетін көмек болуы тиіс. Негізінен тәжірибеде саралап оқытудың екі түрі кеңінен қолданылады:

1 . Деңгейлеп саралау

2 . Бағдарлық саралау



Модульдіоқытутехнологиясы

1. Инновацияжолындамодульдіктехнологияныңалатынорны

  • 2 . Модульдікоқытутехнологиясыныңқұрылымы

  • 3. Оқытумодулінәзірлеугеұсыныстар. Оқумодуліндаярлаутехнологиясы

  • модульдік технологиясы бойынша оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруда аймақтық компонентті пайдалана отырып, әр тақырыпты тірек-сызба арқылы түсіндіремін. Тірек-сызба мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді, әрі оқушыларды осы тірек-сызба арқылы өз ойларын жүйелі түрде жеткізуге көмектеседі, яғни сөйлеу дағдысын қалыптастырады.

  • Мысалы: 4 сыныпта «Біздің қала. Біздің ауыл» деген лексикалық тақырыпта тірек-сызба.



http://www.pushkinlibrary.kz/Marafon/modyl.files/image003.gif





http://www.pushkinlibrary.kz/Marafon/modyl.files/image019.gif

Қашықтықтан (дистанционды) оқыту.

  • 1. Дистанциондыоқытутүсінігі, мақсаты, міндеттері

  • 2. Дидактикалыққасиеттері мен функциялары. Дистанциондыоқытуаспектісіндекомпьютерлік коммуникация

  • 3. Дистанциондыбілім беру жүйесініңқұрылымдықерекшелігі

  • 4. Дистанциондыоқытудыңнегізгімоделдері

Қашықтықтанбілім беру технологиясыныңіскеасырылуы

Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру  туралы Масимов бекіткен № 112 қаулысы 19.01.2012 қабылдануына  байланысты жеке университеттерге бұл жүйеге көшу жеңілденді, бұрынғы жылдары лицензия алу қажет болатын және соның өзінде эксперимент түрінде ғана жүргізілген болатын.  

http://www.ydu.kz/media/images/sdo.jpg

Қашықтықтан оқыту технологиясына өту қоғамның ақпараттық дамуына байланысты креативті тенденция болып табылады.

Қашықтықтан оқу арқылы білімгерлер уақыттарын шектей алады.
Қашықтықтан оқыту- бұл, ең алдымен, қандай да бір оқу орнына белгіленген уақытта бармай-ақ, курстың бағдарламасын қажетті тәртіпте орындау.
ҚО қазіргі заман әлемінде Интернет, e-mail (электрондық почта), телефон және факс байланысы, бейнеконференция және қарапайым почта арқылы дәстүрлі оқу материалдарына алмастыру көмегімен дамиды.

Бұл технология білімгерлермен оқытушылардың арасындағы байланысты, мың километр қашықтықта бөлетін және күнделікті қарым-қатынас жасауды қамтамасыз етеді.

            Төменде көрсетілген адамдар Қашықтықтан білім беру технологиясын қолдана алады:

         - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім  және жоғары білім  базасындағы  қысқартылған білім бағдарламасы бойынша;

- барлық білім беру деңгейлерінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар, оның ішінде мүгедек балалар, І және ІІ топтығы мүгедектер болып  табылатын тұлғалар үшін;

           - «Болашақ» стипендиаттарын қоспағанда, жоғары білім деңгейінде білім алушылардың алмасу бағдарламасы бойынша мемлекет аумағынан тысқары шыққан  білім алушылар;

           - жоғары білім деңгейінде сырттай оқу түрі бойынша жедел әскери қызметке шақырылғандар.

           - жоғары білім деңгейінде ұзақ мерзімді (4 айдан астам) шетелдік іссапардағы тұлғалар;



ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ



http://www.ydu.kz/media/images/Virtual-Technology-in-School-Learning.pnghttp://www.ydu.kz/media/images/73e3e3e22850f1d5105b1e7ab9385599.jpg





Оқытудың кредиттік жүйесі бойынша оқыту үрдісін ұйымдастыру


  • 1. Кредиттік технология мәні, негізгі түсініктер

  • 2. Кредиттік технология бойыншаоқытупроцесінұйымдастыру

Халықаралықбілімкеңестігіндежоғарыбілімбойыншакредиттікоқытудыңіргелі төрт жүйесі бар. Олар: Еуропалықжүйе -ESTS, американдық жүйе - USCS, британдық жүйе- CATS, Азия мемлекеттерінде жене Тынықмұхиты кеңестігіндегі жүйе - UCTS. 

Қазақстаннныңбілім жүйесінегізіненеуропалықкредиттікжүйеге /ESTS/ енуде. 

Еуропалықкредиттікжүйебойыншаеуропадағы Ұлыбритания, Франция, Испания, Германия, Италия, т.б. ipгелімемлекеттердебілімбереді.

Республика білім беру жүйесініңкредиттіктехнологияғакешуіндегібастымақсат - Қазақстан білімжүйесінәлемдікбілімкеңістігіменкірігуболыптабылады. Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылымминистрлігіұсыныпотырғанкредиттікоқытутехнологиясыЕрежесі Болон декларациясыныңнегізгіұстанымдарынбасшылықкаалып жасалынған. 



Дәстүрлі классикалық оқыту және кредиттік оқыту технологиясын салыстырып көрелік:


Оқытудыңтехнологиялары

Оқытупроцесініңсубъектісініңбастыұстанымы

Оқытупроцесініңобъектісініңбастыұстанымы


Дәстүрлі классикалық


Ғылымиақпаратты беру, оны игерту, естесақтау, практи-калық қолданысын айқындау, бақылау.


Оқушылартанымдықбелсенділікпенбілімдіқабылдау, практикадапайдалану


Кредиттік


Білімдіигерудіңалгоритмінайқындау, оқушыныңбілімгедегенқызығушылығынқолдау,

білімдіғылымижаңалықтарментолықтыру, қолданбалымәнінашу, бақылау


Білімдіигерубағдарламасынқұрады, кәсібибілімбағдары, қолданысыайқындалады, әлемдіктәжірибеескеріледі.

Жоғарыдағыкестедегіақпараттар, оқытупроцесініңекіжақтылы процесс екендігін, онда субъект-объект, объект-субъект, субъект-субъект қарым-қатынасжүйесініңнақтыорнынаңғартады.



http://uadocs.exdat.com/pars_docs/tw_refs/412/411810/411810_html_m6a960b97.gif




 ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).

Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:

дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік,  адамгершілік  қасиеттерді  қалыптастыра отырып,  жеке  тұлғаның  әлеуметтік-психологиялық  жауапкершілін арттырады.

-  қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;

-  оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;

- ақпараттық  бағдарламалап   оқыту – оқытудың  мазмұнын  пәнаралық  байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;

- иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат” үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;

- ізгілендіру технологиясында  педагогика ғылымының  алдыңғы  қатарлы  ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде «бала –субъект»,  «бала-объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да,  ал  ғылыми   білімдер «оның  тұрмысының  әлеуметтік  жағдайы  мен  іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады;

Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге  бөлуге болады .

Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі жэне оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.

Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Сондықтай біз болашақ педагог-психологтардың жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды қолдануға даярлығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасадық. Болашақ мамандардың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға даярлықты қалыптастыру мына көрсеткіштерді қамтиды:

Шығармашылық өлшемдеріне шығармашылық  ептілікті,      шығармашылық белсенділікті болашақ маманның  шығармашылық-ізденушілік   дамыту   кіреді.  Оған болашақ маманның ғылыми – зерттеу жұмыстарына өзіндік талдау жасай алуы, өз білімін көтеруге, жетілдіруге талпыныстың болуы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануға өзіндік  жаңалықтар, өзгерістер енгізумен және жаңалықты шығармашылықпен қолдана алуымен сипатталады.

Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:

-  білім алушылардың білім, білік сапасын  арттырудағы    жаңа   инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау жэне одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;

- жаңа   инновациялык   технологияларды   енгізу   жүйелі  әрі   мақсатты  түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;

- жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.

Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір         шарты  -  оқу   орындарындағы   білім   беру   процесіне   жаңа инновациялық технологияларды  енгізу екендігі  сөзсіз  түсінікті. Сондықтан  ғылыми-техникалық  прогрестен   қалыспай,   жаңа  педагогикалық   инновацияларды  дер  кезінде қабылдап,   өңдеп,   нәтижелі   пайдалана  білу –  әрбір  ұстаздың   негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет.

Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:

- әрбір білім алушының білім  алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;

-  білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;

-  өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;

-  аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.


Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қай қайсы болмасын өз мазмұнынан грамматикалық жұмыс жүргізуді тыс қалдырмайды, белгілі бір грамматикалық құрылымның жұмыстарын қамтиды. 

Әрине, барлығын байланыстыру, жүйелеу оңай жұмыс емес, бірақ белгілі бір жетістікке жету үшін, «тілдердің үш тұғырлылығының» болуы үшін, нәтижесін көруге болатын сияқты. Үш тілді болу - қазіргі заман талабы. Өркениет көшінен қалмай, соған сәйкес қадам жасауға, толыққанды білім алуға қол жеткізуге үлесімізді қосуымыз керек. Экономикадағы табыстар мамандардың біліміне, біліктілігіне байланысты екендігін білеміз. Сондықтан біз тек Қазақстанның ішінде ғана емес, әлем деңгейінде бәсекеге қабілетті жаңа мамандарды дайындай білуіміз керек. Қазіргі заман сабағы мұғалімсіз болмайды.Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім - мектептің жүрегі» деген екен. Онда «мектептің жүрегі» болумен қатар, жаңа егемен еліміздің ұрпағын жаңа білім нәрін сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім беретін білімді, білікті ұстаз болайық.



Әдебиеттер

1. Әбенбаев С., Ахметова Г., Әбенбаева И. Дәстүрлі емес сабақ турасында //Мектептегі шетел тілі. 2003, №2, бб.11-16.

2. Қуанбаева Б. Оқытудың педагогикалық жүйесін технологиялық негізде жетілдірудің дидактикалық шарттары: дисс. Пед. ғыл.канд. – Алматы, 2005. –137 бет.

3. Селевко Г.К. Современные технологии в образовании. –М., 1998.

4. Таубаева Ш.Т. Оқытуың қазіргі технологиялары //Бастауыш мектеп. -1999. №4. бб-5-12.

5. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2006.

2. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А., 2004

6. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008

7. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007

8. Көшімбетова С. Инновациялықтехнологияныбілімсапасынкөтерудепайдаланумүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.











Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 07.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров1401
Номер материала ДВ-312818
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх