Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Конспекты / Баяндама "Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану - сапалы білім негізі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Директору, завучу

Баяндама "Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану - сапалы білім негізі"

библиотека
материалов

Оқытыудың жаңа технологиясын пайдалану-сапалы білім негізі

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп айтылған. Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы- білім жүйесі. Орта мектеп- білім жүйесінің ең басты буыны. Орта мектепте қаланған білім негізі оқушының болашағына жол ашады. Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында. Сонымен бірге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Қазіргі мектеп оқушыларының логикалық ойлау қабілеті, өздігінен іздену деңгейі төмен. Оқушылар тек қана тыңдаушының рөлін ғана емес, ізденушінің рөлін де атқару қажет. Оқушылардың білуге деген қызығуын арттыру үшін: оқушылардың өздерінің ізденістерін ұйымдастыру қажет; өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстырыпотыру қажет; оқушылардың білімі мен білігін тексергенде әр түрлі жұмыс формаларын пайдалану керек; сабақта жаңа әдістермен белсенді сабақ түрлерін пайдаланған жөн. Жалпыға жаппай орта білім беру кезеңінде мұғалім оқушылардың бәрін бірдей жақсы оқытуға міндетті. Сондықтан қазіргі кезде мектептерде жаңаша оқытуға көшу жүйесі жасалынды, пән мұғалімдерінің алдында тұрған жауапты міндет- оқушылардың білім деңгейлерін барынша жетілдіру. Оқушылардың білім деңгейлерін төмендігі- олардың қабілетінің жоқтығынан емес, өз беттерімен жүйелі түрде білім алуға дағдыланбаудан, жүйелі еңбектің жоқтығынан. Сондықтан әр мұғалімнің мақсаты - оқушылардың алған білімін қолдана білуге үйрету. Олардың жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасау, өз бетінше білімді меңгерту, оқушылардың біртұтас өмірге деген көзқарасын қалыптастыру және интеллектуалдық іс-әрекеттерге әзірлеуде, білім берудің инновациялық әдістерін қолданудың маңызы зор. Пәнаралақ байланыстар мектептегі оқылатын негізгі пәндерді оқушылардың жан-жақты және терең меңгеруіне көмектеседі. Қазіргі оқу үрдісінде дәстүрлі емес сабақтар, әртүрлі әдіс-тәсілдерін кеңінен қолданылап жүр. Сабақты әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, түрлендіріп өткізу оқушыларымыздың білімге, оқып-үйренуге құштарлығын арттыратыны анық. Ұстаз қандай әдіс-тәсіл қолданса да мақсаты біреу, ол оқушыларға тиянақты да сапалы білім беру. Оқушы белсенділігін, ізденушілік қабілетін дамытатын сабақтардың бірі- кіріктірілген сабақтар. Егер кіріктірілген сабақтарды рөлдік ойындар ретінде өткізсе, оқушылар сабақта белсенділікпен жұмыс жасап, өз бетінше ізденуге, қорытынды шығаруға, іскерлікке дағдыланады. Ондай сабақтарда оқушылар материалды игеріп қана қоймай, зерттеу, сынау, сараптау, өмірмен байланыстыру, білім мен білікті практикада пайдалану, өз пікірін қорғай білу арқылы белсенділік көрсетеді.Білімді меңгеру белгілі әрекет үстінде жүзеге асады. А. Науменко: «Ойын арқылы адам әлемді таниды, біліктілікті игереді, білім алады»- деп, өте орынды атап өткен. Тәжірибе көрсеткендей әдеттегі бірсарынды сабаққа үндемей отыратын оқушылар ойын кезінде өте белсенді болатын кездер жиі кездеседі.Өйткені ойын кезінде олар тең құқыққа ғана қолы жетіп қоймай, басқаларды өзіне қарататын мүмкіндікке ие болады. Олардың әрекеттері еркін және батыл болып, ойлаудың тереңдігін көрсете бастайды.

Басқа әрекеттер сияқты сабақтағы ойын әрекеті де белгілі бір мақсатқа негізделіп, оқушылар оның қажеттігін сезінулері керек. Ол үшін мұғалім оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, ойынның мақсаты, міндеті, мазмұны мен жүрісін анықтап алуы қажет. Оқу ойындарының мазмұны қызықты, балаларды тартатындай болуы және әрбір ойын әрекеті оқушылар үшін құнды, белгілі бір қорытынды алумен бітуі қажет. Оқыту үрдісі педагогикалық үрдістің басты құраушысы болып табылады. Оқыту үрдісі мұғалім және оқушының бірлескен әрекеті ретінде оқыту мен оқудың бірлігін көрсетеді. Қазіргі таңда оқыту:

екі жақты сипатта;

мұғалім мен оқушылардың бірлескен әрекеттері;

жоспарлы ұйымдастыру мен басқару;

тұтастығы және бірлігі;

балалардың жас ерекшелігіне сәйкестігі;

олардың даму мен тәрбиесін бақылау, басқару белгілеріне ие.

Мұғалім мен оқушының бірлескен әрекетінде мынадай кезеңдер айқындалады:

оқушының оқуға қызығушылығын ояту;

оқушының білім, білік, тәжірибесін айқындау;

жаңа тақырыпты меңгеруін ұйымдастыру

өткенді пысықтау;

оқытудың нәтижелілігін айқындау.

Әр кезеңде мұғалім мен оқушының өз міндеттері бар, бірақ екеуінің де мақсаты ортақ. Білім, білік, дағдыны меңгерудегі мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеттерінің негізгі кезеңдерін сызба түрінде төмендегідей көрсетсе болады: қабылдау (тапсырма, мәселе қою, өзектігі, ынталандыру) - түсіну (ұғыну логикалық, сезінушілік) - меңгеру (білім, білік, дағды) – бекіту (қайталау есте сақтау) – қолдану (теориялық, тәжірибелік, сөз арқылы) – қорыту (дәлелдер, теориялық ұғымдар, тәжірибелік әрекеттер, шығармашылық әрекеттер) – диагностикалау.

Оқыту үрдісі қызығушылық оятудан басталуы керек. Осы кезеңде балалардың айналадағы заттар, құбылыстар туралы түсініктері, ұғымдары қалыптаса бастайды. Мұғалім оқушыға сұрақтар қою, әңгімелесу арқылы өтілетін тақырып бойынша бала не біледі, қаншалықты осы білімді іске асыратындығын анықтайды. Мұғалім сабаққа дайындалу барысында мынадай мақсаттарды көздейді:

баланың қазіргі білімі мен білімді қабылдауға қаншалықта жеткілікті екенін анықтау;

олардың білгенін еске түсіру үшін қандай тәжірибелік материал, жаттығулар ұсыну; жаңа тақырыпқа қызығушылығын тудыру үшін балалардың сезімін ояту.

Жаңа тақырыпты айқындағаннан-ақ білімді қабылдау үрдісі басталады. Бұл кезеңде мұғалімнің оқушы алдындағы борышы - осы жаңа білімнің алдағы өміріне қажеттілігіне көзін жеткізу.

Жаңа тақырыпты түсіну- ол қабылдаудан дерексіз ойлауға, теориялық білімді меңгеруге жол ашады. Оқушы көп нәрсені түсінбей есте сақтауы да мүмкін, бірақ бұл жол дамуға жеткізбейді. Жалпы айтқанда, түсіну үрдісі белгілі бір әрекеттердің орындалуын қажет етеді: сараптау, жалпының ішінде маңыздыны табу, салыстыру, дерексіздендіру, нақтылау, дәйек, дәлел келтіру, қорыту. Бала тақырыпты жақсы түсінсе, білім білік дағдығаайналып жақсы меңгеріледі. Меңгеру нәтижесі болып- заттардың, құбылыстардың, үрдістердің мән мағынасы туралы оқушыларда ұғымдар туралы түсінік қалыптасуы табылады.

Осы меңгерілген ұғымдар, түсініктер бекіту кезеңінде өтілген материалды тәжірибеде қолдану барысында жетіледі. Мұғалім бұл кезеңде үнемі қайталаудың маңызын есте сақтағаны дұрыс

Қорыту кезеңінің мақсаты- білім, білік, дағдыны жалпы бір жүйеге келтіру. Ақпараттық технологиямен жүйелік кірігуді жобалаудың негізгі міндеті- оқушыларды білімге, ізденушілікке, баулу қызықтыру. Ол үшін оқушылар міндетті түрде ақпаратытқ технологиялардың, ресурстарын қолдана білуі керек. Оқушы өзінің жеткен жетістіктеріне қуанып, қанағаттана алуы керек. Пәндерді оқытуда ақпаратты технологияны пайдалану, оқушының ақпаратты тез қабылдап, тез түсінуіне, уақытын үнемдеуіне жол ашады. Оқушы жаңа нәрсеге қызығады, өзін-өзі бағалайды.

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында: «Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті. XXI ғасыр- бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім қоғам айнасы.

Білімділік аспект: оқушылардың оқу материалын қабылдауы, нысандардың байланысы мен қарым-қатынасын зерделеу.

Дамытушылық аспект: оқушылардың танымдық қызығушылығын, жүйелеу, сараптау, салыстыру дағдыларын дамыту, оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін арттыру

Тәрбиелік аспект: ғылыми көзқарастарын тәрбиелеу, өздігінен және топпен жұмыс істеуге дағдыландыру, жолдастық сезімге, өзара көмек беруге тәрбиелеу.

Қазіргі уақытта шетел және отандық мектептерде компьютерлік технологияны бастауыш мектептерде пайдалану ауқымының кеңейе түсу үрдісі байқалады. Жаңа бағдарламалық- педагогикалық жүйелер жасалуда, компьютермен жұмыс істеудің санитарлық-гигиеналық нормалары анықталып, үй және қашықтан оқу тәсілінде жаңа мүмкіндіктер ашылуда.

Қазіргі кездегі компьютерлік технологияның білім беру жүйесін дамыту ісіне берері ұшан теңіз. Кезінде К.Д.Ушинский: «Бала табиғаты көрнекілікті қажет етеді»,- деген болатын.hello_html_m6d053c68.jpg Мұғалім компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен тығыз байланыста болғандықтан, ол оқытуға тиянақты түрде көңіл бөліп, әрбір баланың жеке деңгейін анықтап, оларға жеке шаралар қолдануына да мүмкіндік болады.

Мультимедиялық технологиялар мұғалімдерге қалыпты оқыту жүйесінің бұрынғы тәсілдерінен бас тартып, еңбек етудің интеллектуалдық түрлерін пайдалануға мүмкіндік туғызып, оқу материалдарының басты көлемін бұрынғыша беруді азайтып, жаңа тәсілдің жақсы жақтарын кеңінен қолдануға итермелейді.

Ақпараттық технологиялаларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай:Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

Білімге бір-бірінен алыс ара қашықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады;

Оқыту жүйесінің көп деңгейлігі оқу материалының сапасын арттырады.

Компьютердің көмегімен оқушы өз бетінше, сондай-ақ өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оқу мекемесінде ақпараттық білім кеңістігін дамыту төмендегі жағдайды қамтамасыз етеді:

Педагогтардың сабақты ұйымдастырудың мазмұны, әдістері мен формаларын өзгертуіне көмектесу, ақпараттық қоғамда өмір сүре алатын адамдарды дайындау;

Оқушының оқу таным процесін тиімді басқару және баланың жақын уақыттағы дамуын айқындау;

Психологиялық мониторинг мәліметтері негізінде оқушының оқу процесін оңтайландыру және жекешелеу;

Баланың даму динамикасын көрсететін мониторинг және бақылау жүйесін жасау;

Оқушының білім алуына ұмтылысын қалыптастыруда жағымды мотивацияны жасау;

Мектептің ата-анасымен және қоршаған социуммен тығыз байланысын қамтамасыз ету.

Жаңа ақпараттық технологияны оқу итәрбие үрдісіне енгізу.

Жаңа ақпараттық технологияның білім беру жүйесі қоғам талаптарына жауап беруі.

Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын практикада меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Ал, жаңа технологияны меңгеру оқытушының интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, білімгер тұлғасын дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Компьютерлік технологияларды қолдану өздігінен сабаққа дайындалу деңгейін арттырады; оқу процесінжүргізудіқызықты етеді; шығармашылық жағынан бұрын болмаған кәсіби дағдыларды қалыптастыратын жаңа мүмкіндіктер туғызады; осыларға қоса, мемлекет мектептергеқойып отырған әлеуметтік тапсырыс деңгейіне де сейкес келеді.

Ақпараттық технологияларды білім беру жүйесіне енгізу оқу процесін ұйымдастырудың тиімді технологияларын таңдай мүмкіндігін береді.

Оларды таңдау кезінде технологияның оқушының жек игеру қабілеті мен нақтыпәннің ерекшеліктеріне сәйкес келуіне көңіл бөлінуі тиіс.

пәндік- информатиканы ғылым ретінде, ал компьютерді құрылғы ретінде тікелей оқып үйрену

құрал-жабдықтық жазуды, сурет салуды, есептеуді, ақпараттың жинақталуы мен ұйымдастырылуы сияқты іс-әрекеттерді компьютерді пайдалана отырып іске асыру;

еңбектік-есептеуіш құралдар мен ақпараттық технологияларды еңбек дағдыларымен кәсіптік бағыттауды қалыптастыруға пайдалану.

демалыстық- оқу процесінің сыртындағы жекелеген қызығушылықтарды жүзеге асыруда компьютердің барлық мүмкіндіктерін пайдалану;

дефектологиялық-даму кемістіктері бар балаларды оқытуда компьютерді пайдалану;

оқытушылық ЭЕМ-ді педагогикалық және әдістемелікіс-әрекеттің әртүрінде пайдалану;

ұйымдастырушылық-білім беру жүйесін басқару мақсатында пайдалану;

оқыту- компьютерді нақты бір оқу пәнін оқыту құралы ретінде пайдалану.

Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге , электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға. Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі –білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек.»- деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез-келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады.

Қорыта келгенде, қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі - бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп кұру болып отыр. Бұл мақсатты орындау орта білімнің 12 жылдық мерзімге өтуімен астасып жатыр.

Еліміз 12 жылдық орта білім беруге көшу мәселесін шешуде алыс-жақын шетелдердің іс-тәжірибелеріне және соңғы кездегі педагогика мен психология ғылымдарының алдыңғы қатарлы зерттеу нәтижелеріне сүйенуде. 12 жылдық орта білімге көшу аз уақыт ішінде, жеңіл түрде іске аса қоятын мәселе емес. Бұл білім беру орындарының үйлесімді дайындығын, әрбір мұғалімнің өз ісін қайта қарауды, білімінің теориялык және әдістемелік тұстарынан жетілдіруді талап ететін мәселе. Сонымен қатар, 12 жылдық орта білімге көшу осыған байланысты жарық көретін әрбір мемлекеттік құжаттар талаптарының өз кезінде орындалуын және мұғалімдер мен оқушылар қауымына ұсынылатын оқулықтардың, оқу құралдарының педагогикалық, әдістемелік, психологиялык, тұрғыдан негізделуін керек етеді.

Мұғалім ақпаратанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интелектуалды дамуын жобалаушы. 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу мұғалімнен жоғары құзырлықты, ұйымдастырушылықты қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағытын талап етеді.

12 жылдық білім беруге көшу мұғалімді «бұрыннан келе жатқан педагогикалық білім, білік, дағдылық жүйені,яғни шамадан тыс ақпарат беріп және нәтижеге сүйреп, соңында оқушылардың денсаулығының нашарлауына және уақытын жоғалтуына апарып соғатын жүйені өзгертіп», керісінше қалай оқу керек, қалай ойлау керек, кез –келген туындаған міндеттерді шешу үшін әр тұлға пайдалана алатын жаңа технологияларды үйрету айқындамасын қабылдауға бағдарлайды. (Қазақтан Республикасындағы12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдама жобасынан келтірілген дәйексөздер)

Қазіргі заманның талабы сол. Сондықтан ұстаздар үнемі ізденіп, шығармашалықпен жұмыс істеп білім деңгейін үнемі жоғарылатып отыруы қажет. Сонда ғана оқушылар әрбір пәннің мазмұнын жүйелі меңгеріп, олардың пәнге деген қызығушылығы арта түседі, өз бетінше оқып үйренуге дағдыланады.

«Алдына ұлы мақсат қойсаң ұлылыққа жетесің» деп данышпан ақындарымыз айтпақшы, барлығымыз бірге күш жұмсап, ел ертеңіне сеніммен қарасақ ғана алдымызда тұрған көптеген қиыншылықтардан қиналмай өтеміз деген ойдамын.











10 орта мектеп







Баяндама

Оқытыудың жаңа технологиясын пайдалану-сапалы білім негізі

















Дайындаған:З.Азбергенова



















2015/2016 оқу жылы

Автор
Дата добавления 05.04.2016
Раздел Директору, завучу
Подраздел Конспекты
Просмотров490
Номер материала ДБ-011166
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх