Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыБаяндама "Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы"

Баяндама "Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы"

Скачать материал

Тақырыбы: «Отбасы мен балабақша  ынтымақтастығы»

Баланы бұзуға, түзеуге  себеп  болатын  бір   шарт  - жас  күнде  көрген  өнеге.
Жүсіпбек   Аймауытов

 

Қоғам   үшін  әр  кезеңде, әр отбасында  өсіп  келе жатқан өрімдей ұл -қыздардың  дені  сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып  өсуі - ең жоғарғы  тілек, ең биік мақсат.       

Оның қуат алатын  қайнар бастауы отбасы. Отбасының аса құнды ықпалымен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.  Балаға ата-ана  тәрбиесінің орнын ешнәрсе  алмастыра алмайды.  Отбасы -өмірге сәби әкеліп,   оны тәрбиелеп,    қалыптастыруда   және   ұрпақ   жалғастыруда   теңдесі   жоқ   орын.  

Отбасының    балаға   тәрбие   берушілік   қызметтінің   мақсаты  -  балаланың   жасын,   жеке   ерекшелігін,   психологиялық   процестерін   ескере   отырып,   жарасымды   жетілген   ұрпақты   тәрбиелеу.     Көздеген    мақсатқа   жету   үшін   отбасындағы   тәрбие   төмендегі   міндеттерді  шешеді.

 Отбасында   баланың   өсуіне,   денсаулығына   қамқорлық   жасау,   тазалықты   қалыптастыру.

еңбексүйгіштікке   баулу,   тұрмыстағы,   үй   шаруасындағы   еңбекке   құлшынысын    арттыру,  өзіне  -  өзі   қызмет   етуге   үйрету.

Отбасы   мүшелерімен   тіл   табысып,   дұрыс  қарым  -  қатынас   жасауға,   үлкенге   құрмет,   кішіге   ізет   көрсетуге   үйрету .

Әдебиетке,   мәдениетке,   өнерге   тәрбиелеу.   Бұл  міндеттер   жүзеге   асу  үшін   бала   дүниеге   келген   күннен   бастап   отбасында,   қоғамдық   орындарда,   мектепте  тәлім  -  тәрбие  беріледі.

«Баланы жастан», « Ұяда  не   көрсең,   ұшқанда   соны  ілесің»   деген   даналық   сөздердің   мағынасы   өте   терең.   Себебі,   есейіп   кеткен   соң   баланың   теріс   мінезін,   қалыптасқан   қате   көзқарасын  өзгерту   өте   қиын.   Осы   кезде  « Балаңыздың   тәрбиесін   бастамас   бұрын,   өзіңіздің   мінез  -  құлқыңызды,  өмірге  көзқарасыңызды   ой   елегінен   өткізіп,   бақыладыңыз ба ? »   деген   сауал   туады.

Ұлы   педагог   А.С.Макаренко: «Балалардың   алдында   беделді   болуды  қаламайтын   ата – ана   жоқ.   Бірақ  қалай,  қай   бағытта   өнеге   беріп,  өсіріп   келе   жатқанын   ойламастан,   бала   санасын   рухани   өктемдік   жасап  тәрбиелейтін  ата – ана   баршылық.   Бұл   беделді   болудың   қандай   жолы?   Мұндай   жолмен   келген   адал   баланың   санасы   жетілгенде   өздігінен   жойылады»  деген.

Отбасы  -   барлығының   басы,   жан -  жақты   даумуының  негізі  болатын   тәрбие   институты.   Отбасындағы   ата -  ана  мен   баланың   қарым  -  қатынас    нәтижесінде,   адамгершілік,   эстетикалық,  дене   тәрбиесінің    алғашқы   үлгілері   қалыптасады.   Ал  әке  мен  шеше  -   баланың  алғашқы   тәрбиешілері.

Ата -  аналар   бала   бақытының   шынайы  бағбаны   болуы   тиіс .

Бала  бақыты  -  білімде.   «Білім   бір  құрал.  Білімі  көп   адам  құралы   сай  ұста   сықылды,   не   жасаса да   келістіріп   жасайды », -  дейді  А.Байтұрсынов.

Бүгінгі    таңда   болып  жатқан   өміріміздегі   өзгерістерге   байланысты   ұстаздар   мен   ата -   аналардың   бала   тәрбиелеудегі   жауапкершілігі   арта   түсуде.   Балаларды   оқыту   мен  тәрбиелеуде   отбасының   басым   ролін   мойындай   отырып  бірлесе   жұмыс   жасау   керек.   Әрбір   ұстаз    ата -  аналармен   қарым  -  қатынас   жасауда   түрлі   тәсілдерді,  қазіргі   жаңа  технологияларды  пайдалана   отырып,   ата -  ананың   қызығушылығын   арттыру   мақсатында   жұмыс   жасаса,   ата -   ананың   балабақшаға,   тәрбиешіге   деген   көзқарасы   өзгерер   еді.

 

ü Ата -  аналармен   жұмысты   ұйымдастырудың  негізгі   мақсаты:

ü Ата -  ананың   өмірге   деген  көзқарасын  өзгерту;

ü Баланың  бүгінгі  жасаған   қадамы   ертеңгі   тұлға   қалыптасуына  үлкен   әсер  ететінін   атап  өту;

ü Ата  – аналармен   жұмыс  жасаған   кезде   бірізділік   қағидасын  басшылыққа   алу;

Ал  міндеттері:

ü Бала  өміріне  қолдау  жасау,  келешекте  өз  жемісін   береді.

ü Қоғам  тарапынан  көрсетілген  қолдау,  ата -  ананың  өміріндегі  тұрақтылық  пен   болашаққа  деген  сенімін  нығайтады.

Қазіргі   уақытта  жұртшылықтың   балаларды   тәрбиелеуге  қатысы  кеңейе   түсіп,  тәрбие   жұмысы   еңбек  ұжымының   күнделікті   ісіне   айналуда   тәрбиешілердің   практикасында  ата -  аналармен  және   көпшілікпен   бірігіп   жұмыс   істеудің   әр  түрлі   формалары   қалыптасып,   жемісті   түрде   қолданылуда.   Олар   ата -  аналармен   жекелеп   және  ұжымдық  жұмыстар   жүргізді.

Отбасы   тәрбиесіндегі   кездесетін  сәтсіздіктер   ата -  аналардың   пеадгогикалық   сауатсыздығынан   және   оларда   тәрбие  жұмысын  жүргізуге   қажетті  тәржірибенің   жоқтығынан   болады.   Балаларды   тәрбиелеудің   дұрыс   жолын   табу  үшін   ата -  аналарға   көмектесу  тәрбиешілердің    міндеті .

Ата -  аналармен   жүргізілетін   жұмыс   түрлерін   қалай   ұйымдастыруға   болады?

Ол  үшін  біз  ата -  аналармен   жақынырақ   танысып,   отбасының   әлеуметтік   жағдайын,   отбасы   мүшелерінің   бала   тәрбиелеудегі   ролін   анықтау   үшін,   ата -  аналардың  ұсыныс  -  пікірлерін,   ойын   бөлісу   мақсатында   сауалнамалар,   анкеталық   сұрақтар   алуымызға   болады.   Сонымен   бірге   жыл  бойғы   жүргізілетін   жұмыс   түрлерін   ата   -   аналармен   бірлесе   отырып   жасаған   тиімді.   Себебі,  ата -  аналар   заман   талабына   сай   өзекті   мәселелерді,   отбасы   тәрбиесіне   байланысты   тақырыптарды   өздері   ұсына   алады.   Сонымен   қатар   ата -  аналардың   ұсыныс  -  пікірлермен  санаса   отырып   ата -   аналарға   арналған   әңгімелер  мен   лекциялар,    консультациялар,   сұрақ -   жауап   кештері,   тәрбие   жұмысын   алмасу   жөніндегі   конференциялар,   ата -  аналарды   педагогикалық   әдебиеттермен   таныстыру   әдіс  -  тәсілдері   қарастырылады.  М.Әуезов  « Қай   істің   болсын   өнуіне   үш  түрлі   шарт  бар.   Ең   алдымен   әуелі   ниет   керек,   одан   соң   күш  керек,   одан   соң   тәртіп   керек».  Өмірлік   тәжірибе  ұлы   жазушымыздың       сөзінің   құдіреттілігін   байқатады.

Отбасы  мен   балабақша   арасындағы   байланысты    күшейтіп,   бағытты   жұмыс   жүргізу,   ұйымдастырылатын  мерекелік   іс -  шараларға,  ата -  аналар  және   топ    жиналыстарына   ата -  аналарды  тартудың   қажеттілігі:

ü Балаларда  іс  -  әрекетті   таңдаудың   үлкен   мүмкіндігі  болады;

ü Балалар   маңызды   жетістіктерге  жете  алады;

ü Ұнайды;

ü Балалар   еліктеудің   жаңа   үлгісін   алады;

ü Ересектер   мұғалім   жұмысымен   жақын   танысып,   оны   бағалай   біледі;

ü Ата – аналар   және   басқа да ересектер   мектепке   оқыту   философиясымен   және   оқу   жоспарларымен   танысады;

ü Ата – аналар   және  отбасы   мүшелері   өздерінің   бала   тәрбиелеуге,   оқытуға   қатысы  бар   екендігін   сезінеді,

Тәрбиешілер   ата -  аналарға   ақыл  -  кеңес  беріп,   ұсынылатын   тыңдау   барысында   төмендегідей  қарым   -   қатынас   ережелерін   есте   сақтауы   керек:

 Бір – біріне  көңіл  бөлу

·       Тыңдау

·       Сыйлау

·       Көзбе – көз  қарау

·       Тиімді   орынды  таңдау

·       әзілді  сезіну

·       ұрыс – керістен  сақтану  сияқты

Сонымен   қатар   ата -  аналарға     тәрбиеші   сөзі   әсерлі,   отбасы  қажеттіліктеріне   байланысты  екендігін   түсіндіріп   толық  тыңдату  үшін;

·       Сиқырлы  сөздер   айту;

·       Баласының   жетістігін   айту

·       Сенімді   болу

·       Көңіл  -  күйіне   қарау

·       Намысына   тимеу

·       Материал   арқылы  сөйлесу  ( анкета,  тест,  т.б)

·       Қарапайымдылық

·       Пікірін  сыйлау

Ата -  аналармен   жұмыс  жүргізудің   негізгі   алғы   шарттары:

ü Әрбір   отбасының   мықты   жақтары   болады,   әр   адам   жақсы   ата  -  ана  болғысы   келеді;

ü Барлық   отбасы   көмекті   қажет   етеді,  көмек  түрі   отбасының   нақты   қажеттіліктеріне   байланысты   болады;

ü Ата – анамен   жұмысты   ұйымдастыру   барысында  ата -  ананы,   яғни   отбасын   тәуелді   ету   емес,   оның   қиыншылықтарды   жеңу   мүмкіндігін   нығайтуды   көздеу;

ü Баланың   дамуы  туралы   ақпарат  ата -   аналарға   бала  тәрбиелеуде  өз   ролін   жүзеге   асыруға    ықпал  етеді;

ü Әрбір   отбасы   көрсетілген   көмектің   тиімділігіне   көзі   жеткенде  ғана,   қоғамдық   жұмыстарға   белсене   араласады;

ü Тәрбиеші мен   баланың   оқуға   деген   қызығушылығын   арттыру   жолдарын   түсіндіреді;

ü Ата -  анамен  баланың   ортақ  қарым -  қатынастары   жөнінде   кеңес   беру.

 

Ата – аналар  клубы

«Балабақшадағы,  отбасындағы   топтағы  кездесетін  қайшылықты  жағдайларды  шешуге   арналады»

Тақырыптық  кеңес:

«ата – аналарды   психологиялық  педагогикалық  білім   және  тәжірибе  жаңалықтарымен  таныстыру,  кеңес  беру,  ой  қозғау, ой  қорыту »

Педагогикалық   семинар

«Отбасылық  тәрбиенің   әдіс -  тәсілдеріне   арналады.  Семинарға  тәрбиешілер де,  ата – аналар да  жан  жақты  дайындықпен  қатысуы  қажет»

Шығармашылық   кештер

«Балабақшаішілік  және   топішілік   болып,   озық   қабілетті,   танымал  ата -  аналарды   үлгі  тұту,  насихаттау   мақсатында   ұйымдастырылады»

Топқа  ата – аналарды   тартудың  қажеттілігі

ü Балаларда   іс  – әрекетті   таңдаудың   үлкен   мүмкіндігі   болады

ü балаларға   маңызды   жетістіктерге  жете  алады

ü балаларға   отбасы мен   балабақша   байланысын   сезіну   ұнайды

ü тәрбиешіге   балаларға   жетекшілік   жасау   жеңілірек  болады  жекелеп   оқыту   мүмкіндігі   туады

ü ата -  аналар   және  отбасы   мүшелері   өздерінің   балаларының    оқытуға   қатысы  бар   екендігін   сезінеді

ü ата – аналар   балабақшадағы   оқыту  -   тәрбие   жоспарларымен   танысады

 

Ата – анамен   жүргізілетін  жұмыс

Жұмыс түрлері :

 

·       топішілік  ата -  аналар  жиналысы

·       балабақшаішілік  ата – аналар   жиналысы

·       ата – аналармен  жеке  кездесу

·       ата – аналар  үшін  ашық  есік күн

·       мерекелік  кештерге  шақыру

·       ата – аналарды тренинг  ойындарға  қатыстыру

·       отбасылық  жарыстарға  қатыстыру

 

Негізгі   індеттері:

ü тәрбиешінің   топ  ата -  аналармен  құрамын   зерттеуі

ü ата – аналармен   тұрақты  байланыс   орнату

ü ата – аналар   ұжымын   құру

ü ата -  аналардың  педагогикалық  білім   дәрежесі   мен   мәдениетін   үнемі   арттырып   отыру

ü үштік  одақ  ( бала, ата – ана,  тәрбиеші )  жұмысын   жандандыру

 

 

 

Атқаратын   қызметі:

ü ата -  аналарды   топтағы   оқу  -  тәрбие   процесінің    мазмұны   және   әдістемесімен   таныстыру

ü ата – аналармен   педагогикалық   және   психологиялық  ағарту   жұмыстарын   ұйымдастыру

ü отбасы   тәрбиесі   туралы   ата -  аналарға   педагогикалық   және   психологиялық   кеңес   беру

ü ата -  аналар   белсенділерімен   жұмыс   жүргізу   және    әр   түрлі   қоғамдық   ұйымдармен,   жұртшылықпен   өзара   әрекеттесуін   қауымдастыру

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Семейный психолог

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 337 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.06.2016 3081
    • DOCX 25 кбайт
    • 29 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жариева Жайна Абылаиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жариева Жайна Абылаиевна
    Жариева Жайна Абылаиевна
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15561
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация развивающей образовательной среды в условиях реализации ФГОС ДО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 820 человек

Курс повышения квалификации

Развитие и воспитание детей дошкольного возраста в условиях реализации федерального государственного образовательного стандарта дошкольного образования (ФГОС ДО)

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 215 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация дополнительного образования детей в условиях дошкольной образовательной организации

Педагог дополнительного образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 104 человека из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 531 человек

Мини-курс

Психологические аспекты развития и состояния личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Маркетплейсы: организационные, правовые и экономические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация образовательного процесса в современном вузе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе